Дебиторлық борыштардың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 17:23, курсовая работа

Описание работы

Дебиторлық борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін біріктіреді. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңі есебі; басқада дебиторлық борыштардың есебі;болашақ кезеңдердің есебі; күдікті борыштар бойынша резервтердің есебі;
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есеп сатылған өнімнің ,тауарлардың істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына байланысты жүргізіледі.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің 301, 302, 303-ші шоттарында жүргізіледі. Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №426 бұйрығына сәйкес 1210 сатып алушылармен тапсырушылармен қысқа мерзімді дебиторлық берешегі және 2110 сатып алушылармен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі бойынша есепке алынады.

Содержание работы

Кіріспе
I Дебиторлық борыштардың есебі.
1.1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың есебі.
1.2. Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі.
1.3. Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі.
II Дебиторлық борыштардың аудиті.
2.1. Дебиторлық борыштарды жіктеу, талдау және түгендеудің есебінің
аудиті.
2.2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың аудиті.
1.3. Басқадай дебиторлық борыштармен берілген аванс бойынша есеп
айырысудың аудиті.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Тіркемелер

Файлы: 1 файл

Дип.-Дебиторлық-борыштардың-есеб.doc

— 450.50 Кб (Скачать файл)

2-Кесте

«3 –Энергоорталық» АҚ 2002 жылдың басындағы және аяғындағы дебиторлық борыштарының құрамы және құрылымы.

 

р/с

Дебитор-лық борыштар баптары

Жылдың басындағы

Жылдың аяғындағы

Жылдық өзгеріс

Құрылымының өзгеруі

Сомасы 

1000 тг.

Үлес  салмағы 

%

Сомасы 

1000 тг.

Үлес  салмағы 

%

Сомасы 

1000 тг.

Үлес  салмағы 

%

1

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

 

4

Алынуға тиісті шоттар

Алынған векселдер

Басқа да дебиторлық борыштар

Аванстық өлшемдер

708

 

 

-

 

 

 

 

506

 

 

 

230

 

43,4

 

 

-

 

 

 

 

34.6

 

 

 

22.0

703

 

 

42

 

 

 

 

111

 

 

 

-

37,9

 

 

2,3

 

 

 

 

59,8

 

 

 

-

-5

 

 

42

 

 

 

 

+605

 

 

 

250

0,7

 

 

-

 

 

 

 

+11

 

 

 

100,0

-5,5

 

 

+2,3

 

 

 

 

+25,2

 

 

 

-22,0

 

Жиынтығы

1464

100,0

1856

100,0

392

+26,8

-


 

Кестеден  көріп отырғандай, «3 - Энергоорталық» АҚ-ның 2002 ж. қарызы 392 мың теңге (1856-1464) немесе 26,8%-ке артқан. Дебиторлық борыштардың құрамы елеулі өзгерістерге ұшыраған. Сатылған өнімдер жұмыстар және қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айрысудың үлес салмағы 1 жылдың ішінде 43,4 пайыздан 37,9 пайызға немесе 5,5 пунктке қысқарса, ал жылдың соңында басқа да дебиторлық борыштар 59,8 пайызды құрап, жылдың басымен салыстырғанда 25,2 пунктке артқан.

«3 - Энергоорталық» АҚ –да дебиторлық боырштардың сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебінде мына мәселелер қарастырылады.

 1. Кіріс сатылу құндылығы бойынша бағаланады, бірақ нақты қалыптасқан шығындардан төмен болмауы тиіс.

2.  Сатылу құндылығы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігімен бекітілген тарифтер /нарық көрсеткіші/ арқылы анықталады. ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің тарифтері бекітілмейтін басқа рұқсат етілген тауар, қызмет, жұмыстар түрлері бойынша сатылу қүндылығы «3-Энергоорталық», АҚ және сатып алушы немесе актив пайдаланушысы арасындағы келісіммен анықталады, бұл жағдайда шығындарды жеке есепке алып жүргізу қамсыздандырылады.

3.  Келісім бойынша ұқсас тауар және қызметтерді алмастыруда мойындалмайды.

4. Кіріс аралық төлемдер негізінде және сатып алушыдан алынған несие /аванс/ негізінде мойындалмайды.

5.  Қызмет көрсету бойынша келісім нәтижесін сенімділіктің басым деңгейімен салыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, кіріс кейіннен өндірілетін жағдайда шығындар мөлшерінде мойындалады.

6.  Келісім нәтижесін сенімділіктің басым деңгейімен салыстыру мүмкіндігі болмаған және жасалған шығындар өндірілмейтін жағдайда, кіріс мойындалмайды.

7.  Акционерлік қоғамның есеп беру кезеңіндегі /жылындағы/ таза табыс бөлігі үлесақы болып табылады. Үлесақы қорын қалыптастыру үшін 50% кем табылмайтын таза табыс жолданады. Үлесақы мөлшері жыл қорытындылары бойынша акционерлер жиналысымен бекітіледі. Үлесақы есеп-қисап есебінде акционерлердің жалпы жиналасымен бекітілгеннен кейін мойындалады.

 

3 - Кесте

«3 - Энергоорталық» АҚ  -да  БЕС –да қарастырылмайтын жеке операциялар бойынша дебиторлық борыштардың сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің есебі төмендегіше жүргізіледі.

Операция түрі

1. НҚ қайта бағалау сомасы

 

 

 

 

2. НҚ іске асыру

 

 

 

3. Оңтайлы бағыт айырмашылығы

 

 

 

 

 

 

Кірістерді мойындау тәртібі  

НҚ  пайдалану   барысы   бойынша бірқалыпты үлестірілмеген кіріске ауыстырылады.

Қайта бағалаудың барлық сомасы тек шағарылу кезеңінде ғана ауыстырылуы мүмкін /6 БЕС, 20 пункт/.                 

 

Сатылу құндылығы және теңгерім /баланс/ құндылығы араларындағы оңтайлы айырмашылық, және сатылу шығысы шығарылу кезеңінде  кіріс  болып  мойындалады

 


1.2  Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі  және  болашақ

кезеңнің  есебі.

Басқадай  дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 33 "Басқалай дебиторлық карыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:

  • 331 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы";
  • 332 "Есептелінген проценттер";
  • 333 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары",
  • 334 "Басқа да қарыздар".

Дебиторлық рыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың жайын қарастырып көрейік.

"Өтелуі  тиісті қосылган құн салығы" (331-шот). Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 331 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" шоты қодцанылады.

331-шотының дебеті бойынша 671"Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 687 «Басқа да шоттарының» кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, аткарылған жұмыстарды және керсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС керсетеді.

Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:

  • тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылса;
  • жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады 
    сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.

Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады, егер де:

  • тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса;
  • теленген салық сомасы кеден зандылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендей болса;
  • төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін куаттайтын болса;
  • темір жол және авиа билетінде керсетілген салық сомасы салық заңына  сәйкес сомада болса;
  • тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;

- бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық 
сомасымен сәйкес келсе.

Алумен байланысты телеуге жататын ҚҚС болса  олар, зачетк» жатпайды, егерде:

  • тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса; 
  • тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақ үй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы; 

Есептелінген проценттер 332 "Есептелінген проценттер" шотында есепке    алынады. Бұл шотта есептелінген процентгер бойынша дебиторлық қарыздар женіндегі ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі құралды жалға алу және т.б.).

Алынуға тиісті проценттік үстеме телем 332 "Есептелінген проценттер" шотының дебеті және 724 "Акциялар бойынша дивидентгер және процент түріндегі табыстар" шотының кредитінде көрсетіледі.

"Есептелінген  процентгер" шоты бойынша аналитикалық  есеп - қарыз (займ) алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосында немесе соған ұқсас машинограммасында жүргізіледі

333 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары" шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу  бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылган заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша.

       Өкілділік шығыстарының есебі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысыңда өкілділік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Өкілділік шығыстарды әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде, мыналар саналуы мүмкін:

- басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін, басқарма қатысушыларын, 
директорлар кеңесін, бақылау комиссиясын қабылдау бойынша жүргізілетін  шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы;

- келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жүмысты жүргізудің бағдарламасы, күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін мәселелердің тізімі.

- шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс 
сметасы, осы құжаттар бойынша бұйрық жасалып, кәсіпорын басшысы кол қойғаннан соң, ол бухгалтерияға беріледі, содан кейін жауапты тұлғаға, яғни есеп беруге тиісті адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша бөлінеді.

- Материалдық зиян шегудің орнын толтыру 334 шотында мынадай есеп айырысулар есепке алынады:

- шаруашылық ішінен бөлінген бөлімшелердің негізгі құралдары бойынша; тауарлы-материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша;

- өнімдерді өткізу бойынша; басқа да ағымдағы операциялар 
бойынша.  334 шоты бойынша ішкі шаруашылық есептері бөлігінде шоттардың келесі корреспонденциясы жасалады. 334 шоттың дебеті бойынша бас кәсіпорынның ішкі шаруашылық есептері бөлігіндегі қалдығы, құрылымдық бөлімшелерінің оған деген берешегі, ал құрылымдық бөлімшелерде — бас кәсіпорынның қарыздары көрсетіледі.

Бас кәсіпорынның біріктіріліп жинақталған балансында 334 (дебиторлық) және 687 (кредиторлық) шоттарда есепке алынған ішкі шаруашылық есептері бойынша қарыздар өзара өтеледі де, есепте көрсетілмейді. Баланс жасалғанға, сонда да алған акшасына есеп беруі дейін 334 және 687 шоттары бойынша қарыздар сомасы салыстырмалы тексеруден өткен соң, ондағы дәлсіздік жазбалары ретке келтіріледі.

Материалдық зиян шегудің  орнын толтыру бойынша есебі (есептеуі). 333 шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы-материалдық құндылықтары т.б.) орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады.

Кем шығудың нәтижесіңде  кәсіпорын шеккек зияны немесе құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.

Кінәлі тұлғадан өндіріп  алуға жататын сомасына 333 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 333 дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 333 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредиттеледі.

Келтірілген материалдық  зияндар еңбеккерлердің жалақысынан  ұсталуы мүмкін, ол кезде 681 дебеттеледі  де, 333 шоты кредиттеледі; ал егер де олар ез кінәсін мойындап, нақты қолма-қол ақшамен төлейтін болса, онда 451 шоты дебеттеледі де, 333 шоты кредиттеледі.

Талдамалы (аналитикалық) есеп әрбір еңбеккер бойынша жүреді.

Басқадай дебиторлық қарыздар (334 шоты). Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке архық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.                 

Шагым-талап (претезия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп - кредитордың өзінің мүліктік кұқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты карыздарды өз еркімен реттеу женіндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын ала тікелей қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек.   .   .                             і

Кәсіпорын шағым-талап  бойынша қарыздарды уақытында және толығымен ендіріп алудың қажетті  шараларын қолдануға міндетті. Шағым-талапта: шағым-талап қоюшы кәсіпорынның атауы, шағым-талаптың нөмірі және түскен күні; тиісті (нормативтік) актілерге сілтемесі; мәлімдеушініңталабы; шағым-талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген кұжаттардың тізімі; кәсіпорын басшысының қолы керсетілуге тиісті.

Информация о работе Дебиторлық борыштардың аудиті