Инфляцияның теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты проблемасына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание работы

Кіріспе

І - тарау. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары
ІІ - тарау. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты проблемасы
2.1 Жұмыссыздықпен күрес
2.2 Жұмысқа орналастыру іс-шаралары
2.3 Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері.
ІІІ - тарау. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары
3.2 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

общее измененное.docx

— 112.77 Кб (Скачать файл)

Қаржы қатынастары  мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді үқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

Инфляцияны  бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі. (6, 500 б)

Қазақстан Республикасының  инфляция деңгейінің әр жылдағы көрсеткіштері: 2008 жыл желтоқсан-9,5%, 2009 жыл қаңтар-желтоқсан 7,3%, 2010 жыл - желтоқсан- 7,1%, 2011 жыл – 7,0 %, 2012 жылдың қазаңында -5% -ды құрады.  (7)

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

гиперинфляция — баға жүздеген пайызға ескенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

теңдестірілген  және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:

- күтілген, болжалды және күтілмеген;

- шығу немесе пайда болу орнына қарай:

- импортталынған жене экспортталынған;

- сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен  инфляцияның өзара байланысын инфляцияның  екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші  жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык шиыршық деп  аталынатын факторды  тудырады.

Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құраca, Ал, республикалық бюджеттің түсімі 4854,1 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. «2012 жылы ЖІӨ өсімі 5,4% деңгейінде болады деп жоспарлануда. Бұл жыл басындағы болжамнан 0,6 %-ға төмен. ЖІӨ нақты көрсеткіші бұрын болжанған саннан 146 млрд теңгеге артады деп күтілуде. Бұл өткен жылдың есептік базасының артуы мен болжанған мұнай бағасының бареліне 90 доллардан 100 долларға дейін өсуіне байланысты. Өнеркәсіптік өнім көлемін бағалау нақтыланып, 2,7%-ға өсуі күтілуде. Бұл болжанған көрсеткіштен 0,9%-ға төмен», - деді Үкімет отырысы барысында ҚР экономикалық даму және және сауда министрі Ерболат Досаев. (7)

Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған инфляция алдын ала тағайындалған еңбекақы алатындардың, кредиторлардың және жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді. Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып шара қолдану, бағаның өсуін ескеріп номиналды индексация жасау.

 

 

ІІ. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты проблемасы

2.1 Жұмыссыздықпен күрес

 

Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте  күрделі құбылыс және қоғамның дамуы  барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі  болған.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория»  өзі туралы барынша айқын көрсете  білуде. Осы теорияны жақтайшылар  жұмыссыздық себебін мемлекеттің  ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде  екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс  процесін реттеуге болады. Олардың  ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады  және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен  Филлипс осы тәуелділікті математикалық  тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп  аталды. 3- сурет:


 

Р

 

      И

      Н

      Ф        Рн                   N  

      Л

      Я                                              W

      Ц 

      И                            Uн

      Я          жұмыссыздық  деңгейі, %

      %                                                                             U

 

                          Филлипс қисығы

     

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс  пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс  күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.

Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар  санының пайызбен өлшенген үлесі.

Шетелдік  мамандар жұмыссыздың себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын  нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары  болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.

Батыс елдерінің  мамандары жұмыссыздықды екі  топқа бөледі:

    • Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
    • Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.

Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған  проблема жұмыс кадрларының  қажеттігіне  ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:

    1. кадр дефициті
    2. жұмыссыздық.

Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс  орындарының тіл табысуы бұл  мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста  мемлекетке осы секторды басқару  үшін белгілі бір стратегия қажет.

    1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
    2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
    3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.

Жоғарыда  аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы  басқа жұмыссыздыққа әсері бар  факторлар:

    1. Білім беру
    2. Жұмыс табуға көмек т.б.

Бұл факторларды  қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп  келушілер мәселесін де еске алған  жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Жұмысқа орналастыру іс-шаралары

«Бәрін  айт та, бірін айт, жұмыссыздың  жырын айт». Бас қалада орын алған  жұмыссыздықпен күресу мақсатында әкімдік  тарапынан шара қабылданып та жатыр. Астанада бүгінгі күні ресми тіркелген 22 200 жұмыссыз бар. Биылғы жылы «екі қолға  – бір күрек» іздегендердің қатарын  қалай азайтуға болады? 

Мамандар қайта даярланады

     Астана қалалық әкімдігінде өткізілген «Астанадағы жұмыссыздық: шешу жолдары» атты дөңгелек үстел басына жиналған ғалымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері «жұмыссыздықты қайтсек азайтамыз?» деген сауал төңірегінде бас қатырды. Елімізде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы тұсау кескені белгілі. Егер ол ойдағыдай нәтиже берсе, 2016 жылы бұл бағдарлама 1,5 млн. адамды қамтымақ. Жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендейді. Кедейлік 8,2 пайыздан 6 пайызға дейін азаймақ. 
         Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаеваның айтуынша, жұмыссыздықты азайту — әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі. Іс-қимыл жоспары бекітілді. Бұрын әкімдік тарапынан бос орындар жәрмеңкесі бір рет өткізілсе, өткен жылы қатарынан үш рет өткізілген. Ал Алма Қуандыққызы бос орындарды ұйымдастыру жастардың жұмыс тауып алуына айтарлықтай көмегі болатынына сенімді. Білім беру және ішкі саясат басқармасы ЖОО, колледж, лицей түлектері арасында мониторинг жүргізген. Бүгінде ЖОО-лардағы, колледждердегі мамандықтар бойынша мәліметтердің толық базасы мен динамикасы және алдағы жылдарға арналған болжамды мәліметтер жинақталған.

    «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 1680 адам қайта даярлау бойынша үш айлық курстарды бітіріп шықты. Ал 372 адам біліктілігін көтерді. Осы бағдарламаның арқасында былтыр елордада 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. 
Бүгінгі күні Халықаралық еңбек ұйымы тарапынан астаналықтарға жұмыссыздықты азайтудың тиімді бір жолы ұсынылды. Ол – жұмыссыздарды шағын және орта кәсіпкерлікке баулу. 2012 жылы қазақстандықтарды кәсіпкерлік негіздеріне үйрете отырып, олардың бизнес жүргізуіне шағын несиелер ұсынылатын болады.

Елордада сантехник жетіспейді

Жақында Астана қаласының еңбек нарығындағы  ең жоғары және ең төмен сұранысқа  ие мамандықтардың рейтингісі жасалды. Нарыққа енген уақытта «модный» саналған экономист пен заңгерді шектен тыс даярлаудың арқасында, шамадан  тыс көп маман жұмыс таба алмай  далада қалды. Еңбек нарығы оларды есіркей  қоймаса да, заңгерліктен «көңілі  қалмағандар» бүгінде де жетіп артылады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының мамандықтар туралы мәліметтер базасына үңілсек, бүгінде  Астана қаласындағы жұмыссыздар  армиясының қатарын осы екі мамандық иелері толтырып отырғанына көз жеткіземіз. Биыл Астана қаласындағы ЖОО-ны 9 мың 360 бала бітірсе, осылардың көбі – экономикалық және заңгерлік мамандық иелері. Демек, жыл аяғында 4 мың 600-ден астам адам жұмыссыздар қатарын толықтырады деген сөз. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Білім және ғылым министрліктеріне әкімдік атынан нарықта сұранысқа ие кадр даярлау қажеттігі туралы хат жолданды. 
Ал байланыс, энергиямен қамтамасыз ету, құрылыс, қызмет көрсету саласы мамандарын жұмыс берушілер «қағып әкетуде». Инженер, жұмысшы мамандығы мәртебелі мамандық саналады. Бетоншы, электрик, сантехник, міне, дәл бүгінгі күнгі Астана қаласындағы қажетті еңбек қолы осылар! 
Өткен жылы 14 мың 855 адам жұмыспен қамту орталығына бас сұғып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. 4 мың 200 адам тұрақты жұмысқа тұрса, 9 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға, «жастар тәжірибесіне» бағытталды, әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылды. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы Астана қаласындағы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайыз болса, бүгінгі күні ол 5,8 пайызға төмендеді.

Мамандықты дұрыс таңдай біл!

Бүгінде Астанада екі еңбекпен қамту орталығы жұмыс істеуде. Оның бірі өткен жылдың тамызында ашылған «Жұмыспен  қамту-2020» бағдарламасы аясында  жұмыс істесе, тағы бірі жастарды жұмысқа  орналастыру мақсатында кәсіптік бейімдеуді қолға алған. Мәселен, өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздық Астана қаласында 11,2 пайыз болса, қабылданған іс-шаралардың арқасында оны 9 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. Жастарды кәсіптік бейімдеу орталықтары 7-11-сынып оқушыларымен байланысты қолға алған. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі маман. Қаламызда қай мамандық иесіне жол ашық, кім қолындағы дипломы бойынша жұмысқа орналаса алады деген мәселелер оқушылардың құлағына осы бастан сіңірілгені құба-құп, әрине! Бұл тектес әдіс-тәсілдер жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға сеп болса, кәнеки! 
   Өткен жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген кеңесте Президент Астана қаласының әкімдігіне Астанада жастардың көп бөлігі жұмыспен қамтылмай отырғандығына назар аудару қажеттігін ескертті. Бүгінде әкімдік екі қолын қайда сыйғызарын білмеген жастарымызға нақты жәрдем беру үшін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және қабілеттілігін арттыруды 57 мамандық бойынша қолға алған. 
«SYSLAB international» норвегиялық компаниясы жастарымызға көмекке келуде. Әкімдікпен арадағы бірлескен жоба аясында кәсіпкерлік негізіне жұмыссыздарды оқыту жалғасуда. Өткен жылы 40-тан астам жұмыссыз шағын бизнес ашудың қыр-сырына қанықты. Бүгінде жастар көбірек жүретін сауда орталығында осындай орталықтар жұмыс істеп жатыр. «Шаралар қабылданып жатыр, бірақ әлі де жұмыссыздық деңгейін азайтуда жеткіліксіз», дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева.(8)

 

 

2.3. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен  күресетін кейбір аспектілері.

 

Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып  саналады. Елдің тұрақты дамуы  – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде  қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің  алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы  секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің  әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің  бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау  болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі  ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде  қолданыла бастаған болатын.

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспектілері