Инфляцияның теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты проблемасына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание работы

Кіріспе

І - тарау. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары
ІІ - тарау. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты проблемасы
2.1 Жұмыссыздықпен күрес
2.2 Жұмысқа орналастыру іс-шаралары
2.3 Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері.
ІІІ - тарау. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары
3.2 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

общее измененное.docx

— 112.77 Кб (Скачать файл)

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді. (12)

Бюджет  шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а)  тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;

б)  қолда  бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік  бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.

Мыналардың  нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын  шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:

1)  жалақыны  көбейту;

2)  үйымдық  сипаттағы себептер бойынша шаруашылық  механизмінің бұзылуына байланысты  еңбек өнімінің төмендеуі;

3) шикізат  жөне энергетикалық ресурстар  иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің  бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді. (6, 508б.)

Инфляцияны  жеңіп шығу жөніндегі шаралар  жүйесіндегі қажетті элемент  нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің  барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші  субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке  механизмін жасау монополияға қарсы  шараларды жүргізумен, меншіктің  түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық- қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға  ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады.  Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шекте - шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны  реттеу бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден  еңбек өнімділігінің нақты артуына  қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің  еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына  тең өсімі өзінің сипаты бойынша  инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы  экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тендікке жетуге қатысты болады.

Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы  импортталатын тауарлар мен қызметтерге  ішкі сүранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда  экспорттық өндірістің икемділігін  арттыру есебінен жету керек. Бұған  реалистік деңгейде валюта бағамын  белгілеу саясатын жүргізу, инфляция-лық  серпіліс кезеңінде сауда және валюталық  шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру  арқылы жетеді.

Инфляцияны  басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде  қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың түрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидатарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге кешуді болжайды.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның  мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен  қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады. (6, 511б.)

Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді  еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай  шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2006 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2006 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді. (6, 512б.)

Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:

- ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;

- өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

- бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;

- трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

- инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін өзірлеу және т.б.

Жоғарыда  жазылған мәселелерді қортындылай  келе қазіргі таңда біздің экономикамызда жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді жолы – инфляциялық таргеттеуді  қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей  бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған  іс-қимыл жоспары

 

2008 жылы 10 қарашада бұрынғы  Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Үкіметте болып өткен селекторлық кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының үш маңызды факторына нақты да толымды сипаттама берілген болатын.

10 қарашадағы  жағдай бойынша еліміздегі инфляция  деңгейі 8,8% пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 4,6% пайызға төмен.  Инфляцияның болжамды мөлшері  үстіміздегі жылдың аяғына дейін  10 пайыздық межеден аспайды. Бұл  ТМД мемлекеттерінің ішіндегі  ең төменгі көрсеткіш. Саралап  айтар болсақ, үстіміздегі жылғы  қазан айындағы мәлімет бойынша,  инфляция деңгейі Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте 9,4%, Украинада 16,1% пайыз болған. Сондықтан  еліміздегі бұл саладағы жағдай  басқалардан әлдеқайда тәуір  болады деп айтуға толық негіз  бар.

Үкімет  еліміздегі жанар-жағармайдың бағасын  едәуір төмендетуге қол жеткізді. 1 қарашадан бастап 1 литр А-80 маркалы бензиннің бағасы – 60 теңгеге; АИ - 92\93 – 87 теңгеге; АИ - 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды. Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге дейін төмендетілетін болады.

Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік бағасы 9,5 пайызға көтеріліп, еліміздегі инфляцияның  жалпы өсуіне 3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар 6,5 пайызға  артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз әсер еткен. Солай бола тұрса  да 4 қарашадағы мәлімет бойынша  бірқатар тауарлардың бағасы атап айтқанда, картоп - 4,5 пайызға ( 64 теңге ), сиыр еті - 8,5 ( 573 теңге ), қой еті - 5,6 (594 теңге), күнбағыс майы - 3,9 ( 318теңге), қант - 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты - 1,2 пайызға ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат - 4,3 пайызға, жұмыртқа - 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.(12)

Тұтыну  тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ең қымбат баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көрініс тапқан. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті.

Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы 34,9 тонна болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын 210 АҚШ долларынан 139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын 130 доллардан 95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.(14)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер  қарастырылды:

- Инфляция  түсінігі, пайда болу себептері;

- Инфляция  түрлері мен факторлары;

- Инфляция  әлеуметтік - экономикалық салдарлары.

          Инфляция – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік  бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның  қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан  және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы  Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр.

Курстық жұмыстың  ІІ – бөлімі «Инфляция  мен жұмыссыздықтың өзара байланысты проблемасы» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

-   Жұмыссыздықпен күрес;

-   Жұмысқа орналастыру іс- шаралары;

- Жұмыспен  қамтудың және жұмыссыздықпен  күресетін кейбір аспектілері;

Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады. Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда  болуына ықпал етуші басты  фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының  Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын  көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс  алуын сипаттайды. Әрине базардағы  саудагерлер өзінің өнімін сатып  отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол  себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.

Жұмысқа орналастыру іс-шараларында Астана қаласындағы жұмыссыздық мәселесі жайлы мәліметтерді қолдандым, себебі өзім тұрып, осында білім алып жатырмын және ол еліміздің бас қаласы.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей  мәселелер келтірілді:

-ҚР-да  инфляцияға қарсы күресінің болашаққа  арналған бағыттары;

- Инфляцияға  қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

- Қазақстан  Республикасының инфляцияға қарсы  2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл  жоспары;

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың  29 қаңтарда Халыққа жолдауында: «Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.  Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын.  Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады, ал 2010 жылғы жолдауында:  «2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз. Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады. Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды. Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады. Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді» деген еді. (15)

Сонымен қатар, Елбасымыз Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек  Қоғамына 20 қадам бағдарламасында: «Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртуды күн тәртібіне бес негізгі  басымдықтар бойынша енгізу қажет, солардың бірі - Жұмыспен қамту саласын дамыту. Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті. Халықтың елеулі бөлігі 90-шы жылдары «мәжбүрлі жұмыссыздық мектебінен өтті». Көптеген адамдар еңбекті өз бетімен ұйымдастыруға, еңбек біліктілігін өз бетімен алмастыруға қабілеттілік көрсетіп, бизнесмендерге айналды. Әрине, олардың арасында мемлекет тарапынан мақсатты түрдегі қолдау құралдарын пайдалана білушілер де болды. Бүгінгі күні біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл – ел болашағы үшін нөмірі бірінші мәселе»- деп атап кетті.(16, 13 б)

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспектілері