Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 21:37, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкескелуін қамтамасыз етеді.

Содержание работы

Кіріспе
3
1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
5
1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі
5
1.2 Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
10
1.3 Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
14
2. Ұйымдарда аудит өткізуді ұйымдастыру
16
2.1 Аудит туралы түсінік
16
2.2 Аудиттің негізгі құрамдары.
19
2.3 Аудиттің негізгі принціптері
20
2.4 Аудит және тексеру
22
Қорытынды
25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27

Файлы: 1 файл

Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит.doc

— 201.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

Кіріспе

3

1.Бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру

5

  1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі

5

  1.2 Бастапқы  құжаттарды  ұйымдастыру

10

  1.3 Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу

14

2. Ұйымдарда аудит  өткізуді ұйымдастыру

16

  2.1 Аудит туралы түсінік

16

  2.2  Аудиттің негізгі  құрамдары. 

19

  2.3  Аудиттің  негізгі  принціптері 

20

  2.4 Аудит және  тексеру

22

Қорытынды

25

Қолданылған әдебиеттер тізімі

27


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді  қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі  бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында  бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне  есептің сәйкескелуін қамтамасыз етеді.

Қоғамымызды  даму  кездерінің  қай  сатыларында  болмасын  дамудың  обьективті  экономикалық  заңдылықтарын  анықтау  және  ол заңдылықтарды  пайдалану  шараларын  дұрыс  белгілеу  үшін  есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық  даму  нәтижесінде  бухгалтерлік  есептің ұйымдастырылуына  талаптардың  өсіп,  міндеттердің  артып отырғандығы  бухгалтерлік  есептің  тарихынан  белгілі.

 Қазіргі  нарықтық  экономикаға   түбегейлі  көшу  кезеңінде  бухгалтерлік  есепке  жүктелетін  міндеттер  қай  кездегіден  болмасын күрделі, ауқымды болып  отыр. Өйткені қазіргі  қоғам-дық   дамудың жаңа  кезеңінде  өндіріс  құралы – жабдықтарының  мемлекеттік меншіктен ұжымдық және  меншіктерге кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет,  ұйым  және  жеке  тұлғалар арасындағы  экономикалық  және  қоғамдық  қарым-қатынастар  саясаты жаңа  сипат алып  отыр.

Бухгалтерлік  есеп  беру  мәліметтері  шаруашылық  жүргі-зуші  ұйымдардың  және  олардың  құрлымдық бөлімшелерінің  қызметін  жедел  басқару үшін,  экономикалық  жоспарлар  жасап,  оның  орындалуын бақылау  үшін,  экономикалық  жоспарлар  жасап,  оның орындалуын  бақылау  үшін  қолданылады. 

Қаржылық  есептілік,  аудиттің  маңызды  обьектісі болып  табылды,  ол  оның  мәліметтерінің   дұрыстығын анықтау  үшін  арналған.  Аудит  ғылымының  жаңа  саласы ретінде   пайда-ланылып,  оның  теориялық  және  практикалық  бағыттарын  дамыту  қажет  етеді.

Соңғы  кездерде  аудитке  арналған  шетелдік  және отандық  жазбалар  жарық  көруде.  Аудиттің  әр  түрлі аспектілері  бойынша  шығармалардың  қаржылық  есептілікті  тексеру  бойынша  аудит  методикаларына.  Елімізде  халық-аралық  стандартқа  сәйкес  жаңа  бухгалтерлік  есеп  стандарты-ның енгізілуі ел экономикасының  дамуына оң  әсерін  тигі-зуде.  Бұл еліміздің қазіргі даму  кезеңінде,  оның  шетел инвес-торларымен  қарым – қатынастарының   нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен  материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндірі қалдақтарын азайтуға, ысырапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын  төмендетуге,қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.Бұл орайда, шаруа қырсыздыққа,кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Курстық жұмыстың негізгі  мақсаты – бұл белгілі бір  тұлғаның,басқа бір тұлғаға міндеті, яғни мүлкін беру, немесе қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б.,ал егерде  бұл  іс әрекеттерден бас тартсақ онда борышкерден оның міндеттерін орындауын  талап етуге құқығы болады. Міндеттеме арқылы жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.Міндеттеме  арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының  маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өз уақытында техникамен материалмен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру,несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі.  Төлем  қабілеттілік  баланс жасау  мерзімімен  анықталады. Төлем  құралдарының ағымдағы  міндеттемелерінен  асуы  кәсіпорынның  төлемге қабілеті  екінші  білдіреді.  Банкте  есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банке  қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп  кетуі,  қаржы  оргындарына  қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар  мерзімінің  сақталмауы  төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.  Төлем қабілеттілігі оның  қысқа мерзім  ішінде  (апта,  жарты ай)  талдау  кезінде анығырақ  көрсетілген.

Есепті  кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі  төлемдік күндізбе көмегімен есептелуі мүмкін,оның негізіндегі  ағымдағы  жедел  төлем  қабілетілігінің коэфеценті анықталды, кредиторлармен, банкпен, қаржылық  және басқа да  органдармен  өз уақытында  есеп айырысуды  қамтамасыз  ететін  шаралар  жасалады.

Міндеті. Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін,экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу мен зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Экономиканың саласындағы  мамандар, оның ішінде,бірінші кезекте,бухгалтерия  қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы  білулері,оларды оңайлатуды қарастыру  қажет,субъект қызметін бухгалтнрлік және салықтық есепке алудың ұйымдастыруыдың ережелерін, нұсқауларын және басқа да нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

 

 

 

 

 

 

 

1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

 

1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі

 

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жалпы кәсіпорындағы  атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы  орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып,олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы  шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа  түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында  алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге  жататындар:

- құжаттың аты,нысанының коды;

- құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);

- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

-   шаруашылық операцияның мазмұны;

-   шаруашылық операцияның  өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

-   шаруашылық операцияның  жүргізілуіне және соған сәйкес  құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;

-    жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі,ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі,шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.

Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  1. ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
  2. еңбек жіне еңбекақы;
  3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  4. материалдар;
  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  7. құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
  8. автокөліктегі жұмыс;
  9. түгендеу нәтижелері;

10) кассалық операциялар;

11) сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте  толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі  мүмкін.

Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компъютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша  толтырылатын құжаттар және есеп айырысу  құжаттары,сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз)болып саналып,оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді  келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні,айы,жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктік  құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың  басқадай түрлеріне түзету енгізу тек  қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні,айы,жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:мақсаты бойынша(назначению),қарастырылған орнына байланысты(месту составления),көрсету тәсілі(способу отражения) және операция мазмұнының көлемі(объему содержания) бойынша.

Мақсаты бойынша құжаттар: үкімдік (распорядительные), атқарушылық (оправдательные, исполнительные), бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления) және құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлінеді.

Үкім құжаттарына- шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы,жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық,тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек.Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді,себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.

Атқарушылық (растайтын) құжаттар – шаруашылық операцияларының  орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат,кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

Информация о работе Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит