Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 21:37, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкескелуін қамтамасыз етеді.
Кіріспе
3
1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
5
1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі
5
1.2 Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
10
1.3 Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
14
2. Ұйымдарда аудит өткізуді ұйымдастыру
16
2.1 Аудит туралы түсінік
16
2.2 Аудиттің негізгі құрамдары.
19
2.3 Аудиттің негізгі принціптері
20
2.4 Аудит және тексеру
22
Қорытынды
25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27
Бастапқы құжаттар төмендегі нышандарға (признаки) қарай классификацияланады:
Атқаратын міндетіне қарай құжаттар ұйымдастыру мен әміршілік растаушы, бухгалтерлік рәсіндеуші және қиыстырушы болып бөлінеді.
Ұйымдастыру мен әміршілік құжаттары ұйымдар қызметін жалпы басқару жұмыстарын іске асыруға арналған. Мұндай құжаттарға белгілі бір шаруашылық әрекеттерді орындау жөнінде берілген бұйрық, сондай - ақ материалдықұндылықтар алуға берілген сенім хат, банктерден ақша алуға берілген чектер, төлем-тапсырма құжаты жатады.
Растаушы құжаттарды шаруашылық фактілерінің орындалуы мен рәсімделінуіне жауапты адамдар жасап, қолдарын кояды. Жауапты адамдар шаруашылық фактілерінің орындалғандығын растайды. Бұлар материалды құндылықтырдың алынғандығы мен өз орнымен дұрыс жұмсалғандығына әрқашанда жауапты болады.
Бухгалтерлік рәсімдеуші құжаттар есеп жазуларын жүйелеу мен счеттар корреспонденциясын анықтау үшін ұйымдастыру мен әміршілік және растаушы құжаттар негізінде рәсімделеді. Мұндай құжаттар әміршілік етуші және растаушы құжаттардың қосымшасы түрінде танылып, мұндай құжаттардың қосымшасы түрінде танылып, мұндай құжаттардың жеке мағынасы болмайды.
Қиыстырушы құжаттар әртүрлі құжаттар нышанынан құралады. Мысалы: 1) әміршілік және растаушы (еңбек ақы төлеудің есептесу-төлеу ведомостысынан), растаушы және бухгалтерлік рәсімдеуші (аванстық есеп), әміршілік, және бухгалтерлік рәсімдеуші (кассаның шығыс ордері); 2)кассаның шығыс ордерінде ақшаның төленуі жөніндегі әмірлік (әмірлік етушінің қойған қолы), ақшаның төленгендігі жөніндегі кассирдің және ақшаны алғандығы жөніндегі алушының қойған қолдары, сондай-ақ операцияның мазмұнын тиісті счеттарға жазу жөніндегі счеттар корреспонденциясы көрсетіледі.
Жинақтау дәрежесіне (жасау тәртібіне) қарай құжаттар бастапқыдағы бірінші кезеңдегі рәсімдеу және екінші кезеңдегі жинастырушы құжаттарға бөлінеді. Бастапқы рәсімдеу құжаттары шаруашылық фактілерінің орындалған сәтінде (қабылдау актілері, счет-фактуралар, тауар тасымалдау накладнойлар, шығыс накладнойлар, кассалық ордерлер т.б.) рәсімделеді. Екінші (жинастырушы). Мысалы, кіріс және шығыс құжаттарының негізінде қойма меңгерушісінің жасаған материалдық есебі (отчеты); жол жүру белеті, қонақ үйге төлеген ақшаның түбіртегі т.б. негізінде тапсырған жауапты адамның аванстық есебі (отчеты) екінші жинастырушы құжаттарға жатады.
Шаруашылық фактілерін тіркеу әдісіне қарай құжаттар бір реттік және жинақтаушы құжаттар болып бөлінеді.
Бір ретті құжаттар шаруашылық фактісінің бір –ақ рет орындалғандығына (кіріс және шығыс ордерлер, материалдардың берілуіне қойылған талап және басқалар) арналған.
Жинақтаушы құжаттар
біртектес бірнеше операциялар
мен әр екзеңде (апта, онкүндікте, ай
ішінде)бірнеше рет мазмұны
Жасалған орындарына қарай құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі құжаттар ұйымның өзінде рәсімделіп, осы ұйымның әшәнде қолданылады. Ал сырты құжаттар басқа заңды және жеке тұлғаларда жасалынады.
Шаруашылық фактілерінің сипатына қарай құжаттар кассалық,банктік, материалдық, есеп айырысу болып сипатталады. Сонымен қатар, құжаттар авторлық, қызметтік, жеке, стандартық және стандартық емес,түп нұсқалық, көшірме құжаттар болып та сипатталады.
1.3 Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
Ұйымдар қызметінде іске асқан шаруашылық фактілерінің мазмұны рәсімделген барлық құжаттар ұйым бухгалтериясына тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылатын құжаттардың толықтығы мен сапасына мұны орындаған материалды жауапты адамдар жауап береді.Ұйымдар бухгалтериясына тапсырылатын барлық бастапқы құжаттар тиісті счеттарға жазылғанға дейін алдын-ала өңделеді. Бастапқы құжаттарды өңдеу төмендегі кезеңдерден өтуі керек:
1. Құжаттардың мазмұнын тексеру:
- үлгі пішім мен ревизиттердің сақталуын;
- орындалған операциялардың заңдылығын;
- арифметикалық тексеру.
2.Бағаға айналдыру (таксировка) (натуралды өлшемдерді ақшалай өлшемге айналдыру);
3. Өшіру;
4. Құжаттарды біртектес нышандарына қарай топтастыру (касса, есеп айырысу т.с.с. бойынша);
5. Құжаттар мазмұны көрсеткіштерін есеп регистрларына ауыстыру;
6. Топтастырылған құжаттарды
Құжаттар мазмұнын бастапқыда тексеру үрдісіне барлық жауапты адамдар айрықша назар аударуы керек. Құжаттарды тиісті жауапты адамдардан ұйым бухгалтериясына қабылдаған кезде міндет атқарушы бухгалтер құжаттарға жазылған жазулардың толықтығын, мазмұнын, арихметикалық амалдардың дұрыс қолданылғандығын және логикалық санаға маңызын мұқият тексеруі қажет. Яғни құжаттарды толтыруда барлық реквизиттердің дұрыс жазылғандығы, растаушылардың қойған қолының анықтығы, өшіріліп қайта қойылған цифрларды, дәлелденбеген түзетулерді жан-жақты тексеру қажеттігі туындайды.
Арифметикалық тексеру кезінде натуралды өлшемдегі құндылықтарды ақша өлшеміне келтіріп бағалау нәтижесінің дұрыстығы анықталады. Мұндай тексеру барысында құжаттар рәсімдеуде жіберілген қателер, мысалға, қойылмай қалған цифрлар,цифрлар жанына жазылмай кеткен немесе артық жазылған нөл, бір цифрдық орнына басқа цифрдың (67 цифрының орнына 76 цифрының) жазылып кеткендігі анықталады. Арифметикалық тексеру барысында жауапты адамның еренсіздігінен, мұқиятсыздығынан, шаршағандығынан жіберілген қателер түзетіледі. Құжаттар уәсімдеуге жіберілген қателерді түзету үшін қате жасалған құжаттар жауапты адамға қайтарылады.
Құжаттарды орындалған фактілердің мәні мен маңынасына қарай тексеруде шаруашылық фактілерінің заңдылығы, қатысушы жақтарға түсініктілігі, мысалға, шын мәнінде осындай көлемдегі фактілер болды ма, болмады ма деген күдікті сұрақтар анықталуы керек.
Өшіру деп-құжаттарды пайдаланғандығы жөнінде қойылған белгілерді («алынды», «төленді», «өшірілді» қызыл сиямен қойылған штампты) айтуға болады. Бастапқы құжаттарға мұндай белгілердің қойылуы негізінен ақша қаражаты т.б. материалды құндылықтарға тән бір құжаттың екінші рет қолданылып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жпуап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операцияларына сәйкес келу: қарапайым және айқын есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ пайдаланушыларға (салық инспекциясының, банктердің қызметкерлеріне, менеджерлерге, кәсіпкерлерге, құрылтайшыларға және т.б.) түсінік болуы керек. Мерзімінде рәсімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға,яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуға тиіс.
2. Ұйымдарда аудит өткізуді ұйымдастыру
2.1 Аудит туралы түсінік
Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.
СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары: Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Бір береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қортынды туралы. Седеді, қандай бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көреткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге қуқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.
Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын көо келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.
Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордын ойын корытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көосетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.
Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” – деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит түрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәліметпайдаланушылардың кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік” – деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “ кәсіпкерлік күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару ” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден – аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.
Біздің ойымызша, «аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Информация о работе Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит