Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 21:58, дипломная работа

Описание работы

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 65

Файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 782.50 Кб (Скачать файл)

Өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған   кезде жаңа тауар шығару емес, өндірістен моральдық ескірген тауарды         шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім    қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Тауардың модификациясы     туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше     қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында  қабылданады. Сонымен     қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану     мен өткізумен байланысты  комплексті қызметті көрсету, олардың    жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни   сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті     ұйымда өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін    жоғарлатудың шешуші     факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде  таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан   жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл     салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары   тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін   күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік           циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде      сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне   кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші,     салықтың төмен деңгейі, және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған    байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек [18].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:

    • Қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
    • өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
    • өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің өзгеруі;
    • өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
    • нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
    • өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;
    • жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
    • импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі.

Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:

    1. тауардың сапасын жоғарылату;
    2. тауардың бағасын арзандату;
    3. тауардың өткізуін өрістету.

Соңғысына біз ашып қарастырайық.

Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама компаниясына тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.

Сатуды ынталандыру көп мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы ықпал объектісіне байланысты таңдалады. Мақсаттық аудиториялардың бірнеше типтері бар:

    1. Тұтынушы: оның мағынасы өте үлкен және барлық маркетингтік саясат сол тұтынушыға бағытталады. Сатуды ынталандырудың    кең спектр тәсілдері бір ғана мақсатпен жасалған ─ тұтынушыны   ең тиімді әдіспен тарту және оның сұранысын қанағаттандыру. Тұтынушыға арналған ынталандыру жолдары келесідей:
    • сатып алушылардың санын көбейту;
    • бір сатып алушымен сатып алынған тауарлар көлемін ұлғайту.
    1. Сатушы: сатушының тауарды сату қабілеттілігі мен шеберлігі өндіруші назарынан тыс қалмауы керек. Фирманың мақсаты сол қасиеттерді ынталандырып көтермелеу. Сатушыға арналған ынталандыру мақсаттары:
    • тауарға қызығушылығы жоқ тұтынушыны қызықтыру.
    1. Сауда делдалы: өндіруші мен тұтынушының арасында негізгі буын болып, реттейтін қызметін атқаратын өзіндік объектісі болып табылады. Ынталандыру мақсаттары келесідей болуы мүмкін:
    • тез танымалды болатындай тауардың белгілі бір имиджін қалыптастыру;
    • сауда желісіне келіп түсетін тауар көлемін ұлғайту;
    • бір немесе басқа марканың белсенді өтуінде делдалдың қызығушылын көтеру, т.б.

 

Ынталандыру шаралары қойылған мақсатқа байланысты таңдалып алынады. Оларды 3 ірі топқа біріктіруге болады:

    • баға ұсынысы (төмен бағамен сату, жеңілдік купондары мен талондары);
    • натуралды формадағы ұсыныс (премиялар, тауар үлгілері);
    • белсенді ұсыныс (сатып алушылар конкурсы, ойындар мен лотереялар) [21].

Сүт саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру  біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық  көрінісі ретінде   оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом жұмысымда  өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:

бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау (4-сурет).

Әлемдік нарықтың  қатаң  талаптары  мен  бәсекелік  шарты отандық сүт  өнімін  өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын  қалайды.  Өйтпеген  жағдайда  әлемдік  нарықта  осы  өнім  түрлері бойынша  негізгі  өндірушілер  саналатын  АҚШ,  Израиль,  Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің  нарықтарын  игеріп  алуы  қиын  емес.

Сондықтан да ішкі нарықтағы сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен,  олардың  сапасына  байланысты.

 

 

 

 


 

 

Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру тетіктері


Өнімнің тартымдылығын арттыру

- өнімнің сапалық және  бағалық тиімділіктерін жарнамалау;

- кәсіпорынның сауда белгісін  нығайту және танымалдылығын  кеңейту;

- өнімнің сыртқы келбеті  мен жағымдылық қасиет-терін арттыру;

-маркетинг жүйенің страте-гиясы, тактикасын дайындау




 

Өнімнің сапасын арттыру

- халықаралық сапа стандарттарын  енгізу;

- өнімнің органолептика-лық  қасиеттерін жақсарту;

- ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктер-ді енгізу;

- өндірісті диверсифика-циялау;

- өнімді дифференциация-лау;

- еңбек күшінің ықпалы.




Баға саясатын реттеу

- нарықта баға стратегиясын  айқындау;

- өнімнің өзіндік құнын  төмендету мүмкіндіктерін іздестіру;

- бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау;

- нарықтық бәсеке жағдай-ында  байланысты өнімнің бағасын белгілеу.




Өндірісті мемлекеттік қолдау

- БСҰ кіру қарсаңында  өндірушілерді заңдылық тұрғыдан  қорғау;

- инвестициялық саясат  ұстану;

- экономикалық қолдау  шараларын енгізу;

- өзара байланысты сала-ларды  кешенді дамыту;

-бәсекелік ортаны дамыту.




 

 

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру  және оларды шешу жолдарын анықтау






 

Ескертпе - Әмірбекұлы Ержан         Автореферат

 Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру

 

4-сурет - Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

 

Сүт өнімдерінің сапалық деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу     қадамдары саналады, сонымен қатар, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу саясатын да негізгі назарда ұстанған жөн деп      санаймыз [3].

Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалануға, сонымен қатар, оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін арттыруға да серпін береді.

Бүгінгі жағдайда, өңдеуші өнеркәсіптердің, соның ішінде сүт өнімі кәсіпорындарының инвесторлар үшін тартымдылығы төмен екендігін ескере отырып, бұл кемшілікті жою мақсатында сол кәсіпорындардың    өздері нақты ұсыныстарды алға тартуы тиіс. өйткені, ғылыми-       техникалық жетістіктерді өндіріске тарту ірі көлемдегі қаржының    көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұндай ұсыныстардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- қосылған құн тізбегі  бойынша өнім шығаруды дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына  дейінгі  өндірістік   процесті   ұйымдастыруды   қамтамасыз ету;

- сүт өнімдері тамақ  өнімдерінің басқа да түрлері  сияқты белгілі бір мөлшерде  құнарлылық, энергетикалық құндылылық  көрсеткіштеріне, пайдалану уақытына сай жарамдылық, сақталу мерзімі, дәмдік сипаттарына тәуелді. Осыған орай, дамыған елдерде қолданылып жүрген, өнімнің осы қасиеттерін жетілдіруге немесе жақсартуға мүикіндік беретін, инновациялық сипаттағы технологияларды пайдалану жолдарын      қарастыру [6].

Инновациялық процестерді жетілдірудің жолы ретінде аймақтық ғылыми-өндірістік жүйені құруды ұсынуға болады. Бұл жүйе белгілі бір өңірдің (мәселен, Алматы облысының) сүт өндіретін кәсіпорындары     мен осы салаға қатысы бар ғылыми зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің өзара тығыз жұмысы әлемдік сүт өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін, өнімдерінің дайындалу ерекшеліктерін зерттеуге, жаңа жетістіктерді айқындауға және мүмкіндігінше сол пайымдаулардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Аталған жағдай саланың өндірістік, экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға итермелейді. Сүт өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен ғылыми мекемелер өз зерттеулерін жүргізе отырып, маңызды ұсыныстарын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.

Сонымен, сүт өнімдерінің сапасын арттыру осы сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шешімін табуы тиіс деп санаймын:

    • Отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
    • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және                  олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін негізге   алу;
    • Тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
    • Сүт саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;
    • Құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;
    • Отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну  ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;
    • өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру;
    • өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында қажетті табиғи қоспаларды пайдалану;
    • өнімнің сапасын көтеруде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
    • өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
    • тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне  сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
    • инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту [27].

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру