Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 21:58, дипломная работа

Описание работы

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 65

Файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 782.50 Кб (Скачать файл)

“ФудМастер –  НС Астана” ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет – Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген “ФудМастер” сүт тағамдарымен қамтамасыз ету болды. Негізінен Астананың қалалық      сүт  зауытының бұрынғы жұмысшыларынан құралған мамандар тобы    тез арада “ФудМастер”өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны         өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру        арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші азық – түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.

Кәсіпорын өнімдері: тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка, сүзбе, “Пеппи” йогурттық сусыны.

Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО – С, “БИО” – айран, А+Д сүті.

1998 жылы “ФудМастер ”  Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы Көк Саек аулында орналасқан май – ірімшік жасауға маманданған  зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, “ФудМастер” Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін   шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс” технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің  алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның үнемі   өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.

 Кәсіпорын өнімі:

- Жұмсақ тұзды  ірімшіктер: “Ленгерский”, “Моцарелла”.

- Балқыған ірімшік: “Ленгерский”, сыраға арналған кептірілген ірімшік “Чечил”.

- Cүзбе: “Чудо - завтрак”, “Чудо - сырок”.

Қырғызстанмен  Жамбыл облысының шекарасында Қордай атты табиғаты тамаша жерде “ФудМастер” Компаниясының ірімшік жасау зауыты орналасқан. Ірімшік жасау шеберлердің ірімшіктері жоғары бағаланған. 1978 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық ірімшік жасаушылар конкурсында костромдық ірімшік ( “Қордай” ірімшігі ) бірінші орынға   ие болып, ал қазақстандық ірімшік шеберлеріне “Жоғарғы сынып Шеберлері” және “Алтын қол Шебері” атақтары берілді. “ФудМастер” Компаниясы қатты ірімшіктің ерекше дайындау жолын сақтап қана қоймай, ірімшік жасаушы  атақты шеберлерді жұмыс орындарында қалдыра алды. Қордай шеберлерінің өнімін FOODEXPO – 98 көрмесінде білікті мамандар жоғары бағалады және “ФудМастер” – дің “Гауда” ірімшігіне халықаралық танымның белгісі болған Алтын медаль, “Астана Фуд - 2000” көрмесінде “Қордай”, “Росийский” ірімшігіне Алтын медаль берілді және май мен ірімшік жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының үздік бағалауына ие болды.

1998 жылы “ФудМастер –  Қордай” дәстүрлі рецептуралы  қатты ірімшіктерді (костромдық, ресейлік, пошехондық) және “Элит” сыныпының  гауда, голландық ірімшіктерін шығарады.

Зауытта капиталды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді.  Жаңа техниалық жабдықтар сақтау мерзімі ұзағырақ, әрі сапалы ірімшіктерді жасауға мүмкіндік береді.

Өнімдері: “Қордай”, “Аухатты”, “Голландық”, “Гауда”.

1998 жылы “ФудМастер” Компаниясы сақтау мерзімі ұзақ натуралды шырын мен сүт өндіретін зауыт ашады. Бұл зауыт        жаңадан салынды. Өндірістік тізбек қазіргі заманғы ең озық Tetra Pak құрал – жабдығынан тұрады. Шикізат пен дайын өнімге деген сапа стандарттары Қазақстан Республикасында қойылатын талаптардан жоғары болып келеді. Өнім өндіру барысының барлық сатыларында 7 дәрежелік тексеруден өтеді. “ФудМастер –  Асептик” ұжымы қайратты да, жас мамандардан құралған. Батыл, алуан сарынды шешімдер қабылдануы, өнімнің  Қазақстан мен көршілес елдерде тез кең тарауы      Қазақстандағы шырын ендірушілердің арасында озық орынды ұстануға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өнімі:

ЖТТ (жоғары температуралық технология) сүті: “Заилийское ”,

“Деревенское”сүттері, “МУ - У” хош иісті сүт, “БИО - сүт”.

2000 жылдың қаңтар айында  “ФудМастер” Компаниясы Алматы  облысы, Іле районы, Междуреченское аулында сүт – товарлық ферманы жеке меншігіне сатып алды. Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:

    •  Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;
    •  Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары  бөлінді;
    •  Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;

 Компания АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Қазақстанның   мал асырау тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ – тың Ауыл шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің даму Орталығы), Эколинкс (USAID бағдарламасы), ПСО – центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы) және т.б.оқыту бағдарламаларына унемі қатысып отырады. Ресейлік, американдық және израильдік шаруашылықтың тәжірибесі  жем беру мен малды ұстау негіздерін түбірінен өзгертті. “ФудМастер –  Агро” сүт – товарлық фермасы орташа сауымында бір сиырдан 4800 литр сүт сауғанда күніне 78 тонна сүт өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді, сонымен қатар голштино – фризлік мал түрі де бар.малды рационалды, дұрыс қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған шағын комби жемдік зауытты сатып алды. Миксерлік техника фосфор, молибден, темір, кальций сияқты микроэлементтер    мен дақылдардың қатынасы 100000 бөлікке  дейін ұстанылады.  

Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің бағдарламалық жабдықтары (ГАВИШ) қолданылады. Программалық жабдықтардың көмегімен әр сиыр басының тарихы,  шығу тегі,       дамуы және т.б. маңызды ерекшеліктері бақыланатын көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған қоса ферма мамандары жануарларға  жем берудің жеке есебін жүргізе алады.

 Іске деген заман  талабына сай көзқарастың арқасында  “ФудМастер –  Агро” сауымды  көбейтудің бірден – бір көрсеткіштеріне жетіп отыр. Бүгінгі таңда фермадағы сауым Республикадағы ең жоғарғы болып есептеледі, атап айтқанда, орташа есеппен жылына сиыр басына 4800 литр сүт алынады. Ұжым сауым көрсеткішін жақын арада 7000 литрге дейін өсіруді көздеп отыр.

Сертификациялау бойынша халықаралық орган TUV CERT анықтап, дәлелдеуі бойынша ААҚ «ФудМастер» Есік қаласындағы кәсіпорында сүт өнімін өңдеу және өндіру саласына сапаны(ң) басқару (менеджмент) жүйесін енгізіп, қолдануда.Бұл сертификат сала лидері - «ФудМастер» Компаниясына бүкіл Орталық Азия регионындағы кәсіпорындардың ішіндегі  берілген бірінші болып келеді.

Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды. ISO 9001 стандартының негізгі принціпіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT «Мерседес» автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті бола алмайды. «ФудМастер» мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады.    

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Компания «ФудМастер-Айс Крим» 2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару юстициясында тіркелген, РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС «ФудМастер-Айс Крим» дербесзаңды тұлға болып табылады өз атына келісім-шарт жасайды, әр түрлі келісімдер істейді мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер болалады.

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі 482.

Меншік түрі – жеке.

ЖШС «Компания «ФудМастер-АйсКрим» құрушысы болып АҚ Компания «ФудМастер» табылады, РН 4776-1907-АҚ.

Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.

ЖШС «ФудМастер-Айс Кримнің» негізгі қызметі болып балмұздақ өндіру және сату.

Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:

  • Серіктестік Қатысушысы – жоғарғы басқару органы;
  • Серіктестіктің Бас директоры – орындаушы орган.

Серіктестік шектелмеген қызмет мерзіміне құрылды.

Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы өнімді өндіру.

«ФудМастер – Айс Крим» ЖШС-нің өнімінің сипаттамасы келесідей болып келеді. Балмұздақтың негізгі төрт түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және миуалы.

Сүтті өнімдерсіз миуалы балмұздақ – калориясы төмен және құрамында майлар жоқ және түрлері бойынша жеміс-жидекті және хош иісті болып бөлінеді.

Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Оның құрамында жеміс, жидек, карамель және жаңғақ болуы мүмкін және құрамы бойынша күрделі, бірақ оның негізгі құраушысы – сүт өнімдері: қоспасыз, құрғақ немесе қоюлаған сүт, кілегей, май, қант және стабилизаторлар.

Балмұздақ өндірісінде екі компоненттен артық қолданылатынын ескерген жөн.

Балмұздақта майлар келесі себептерге байланысты қосылады:

  • кремді консистенция;
  • керемет құрылым;
  • тоңазытқыштан алғанда құрғақ күйде болуы;
  • еруге ең жақсы қарсы тұру;
  • ауаны біртекті тарату.

Майдың физикалық қасиеттері балмұздақтық қату кезіндегі және оның құрылымының қалыптасу кезіндегі мінез-құлқына маңызды         әсер етеді. Сондықтан балмұздақ өндіруге арналған өсімдік майлары нақты анық қасиеттерге ие болуы керек, әсіресе келесі шарттар маңызды:

    • балауыз татымының болмауы;
    • майлы фазасының белгілі бір бөлігі суыту кезінде, ұсталым кезінде және мұдатқыш камераға енгізу кезінде сұйық болып қалуы керек;
    • қоспа балмұздақтың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін кристализациялық қасиеттерге ие болуы қажет.

Шоколад балмұздақта әшекей немесе ішкі кірістіру ретінде пайдаланылады. Ең дәстүрлі тіркесім – қара шоколадты әшекей қосылған ванильді балмұздақ. Жабынның мақсаты – функционалды қасиеттерін, сырт келбетін және дәмін жақсарту.

Әшекейге қатысты маңызды шарттары мыналар:

    • нағыз шоколад дәмі;
    • ауызда тез еруі;
    • балауыз татымының болмауы;
    • бату кезінде тез қатуы;
    • жүргізуден кейін минималды ағу;
    • балмұздаққа жақсы жабысу;
    • жұқа және бірқалыпты қабат;
    • жарылуға қарсы тұру.

Әшекейдің қарапайым құрамы: лайықты өсімдік майы (60%), какао (13%), қант (25%), лецитин (0,7%) және ароматизаторлар.

Эмульгаторлар – балмұздақ компоненттерінің майлы және сулы фракцияларын тұрақтандыратын зат. Олар мұз кристалдарының болмауын қамтамасыз етеді. Балмұздақ өндірісінде пайдаланлатын эмульгаторлар табиғи өнім болып табылады. Оларды «гауһар мүк» атты теңіз балдырларынан алады.

Тұрақтандырғыштар балмұздақтың тез еруіне кедергі жасайды. Желатин, агароид, картоп және жүгері крахмалдарының орнына қазір мүлтіксіз импортты тұрақтандырғыштар қолданылады.

Тұрақтандырғыштарды қолдану мыналарға кепілдік береді:

    • қоспаны салқындатқаннан кейінгі сәтте балұздақтық максималды жабысқақтығына;
    • балмұздақтың оңай пайдаланылатын көпіршіктігіне;
    • дайын өнімді органолептикалық бағалау кезінде суды толық араластыру,    мұз     кристалдарының     түйіршіктілік      түйсігін  

қақпайлау;

    • пайдаланылған ароматизаторлардың закладкасын төмендетуге мүмкіндік беретін иіс бөлімін үлкейтіп, кілегей дәмін толықтыратын дайын өнімнің ауа ұяшығының құрылымына;
    • жылуға жоғары қарсыласушылық.

«ФудМастер-Айс Крим» балмұздақтың келесі ассортиментін (сәйкес шикізаттар көрсетілген) ұсынады (1-кесте):  

 

1-кесте. Компоненттер тізімі   (1 тоннаға есептелген)

 

Шикізат

Өлшем бірлік

Саны

«Фруктовый лед» балмұздағы

Ас суы

кг

810

Қант

кг

150

Тұрақтандырғыш

кг

2

Дикстрозды сироп

кг

         32,5

Дәмдік сироп

кг

1,5

Лимон қышқылы

кг

4

Таяқшалар

шт

      13500

Орама

кг

18

Гофрокартон

шт

    665

Барлығы

кг

        1000

«Вафельный стаканчик» балмұздағы

Сүт (майлылығы 3,5%)

кг

662

Кілегей майы 82,5%

кг

93

Қант

кг

140

Ванилин

кг

0,1

СОМ

кг

100

Тұрақтандырғыш

кг

5

Вафельді стакан

шт

      10500

Орама

кг

17

Гофрокартон

шт

208

Барлығы

кг

     1000,1

«Страдивари» балмұздағы

Сүт (майлылығы 3,5%)

кг

662

Кілегей майы 82,5%

кг

93

Қант

кг

140

Ванилин

кг

0,1

СОМ

кг

100

Тұрақтандырғыш

кг

5

Ароматизатор

кг

0,8

Орама

шт

       1860

Гофрокартон

шт

154

Барлығы

кг

     1000,9

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру