Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеті аталады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу, оларды мақсаттылы пайдалану, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық өзара қатынастары, төлем қабілеті және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………………............3
1. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА..............................................................................5
1.1 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылу тарихы және атқаратын қызметі......................................................................................................................5
1.2 «Алматыэнергосбыт» ЖШС-нің техника- экономикалық
көрсеткіштерін талдау.............................................................................................7
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.................................................................................................................10
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігі...........................10
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................20

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау.docx

— 53.97 Кб (Скачать файл)

                                                        МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………............3

 

1.   «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА..............................................................................5

1.1  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылу тарихы және атқаратын қызметі......................................................................................................................5

1.2  «Алматыэнергосбыт» ЖШС-нің техника- экономикалық

көрсеткіштерін талдау.............................................................................................7

 

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.................................................................................................................10

2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігі...........................10

2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы  мен іскерлік белсенділігін арттыру...................................................................................................................17

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      КІРІСПЕ

 

 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі- нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың басшыларының алдында көптеген сұрақтар туындайды:

      -  кәсіпорынды  әрі қарай дамыту мақсатында, оның қаржылық қызметін ұтымды  орналастыру;

      -   қаржы ресурстарын  басқару тиімділігін арттыру;

      - кәсіпорын нақты  кезең ағымында қаржы ресурстарын  қаншалықты тиімді басқарды .

      Осы және де  басқа маңызды сұрақтарға  объективті  қаржылық талдау жауап береді, өйткені оның нәтижелері кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сипаттайды.

      Қаржылық жағдай  деп кәсіпорынның өз қызметін  қаржыландыру қабілеті аталады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет  етуіне қажетті қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етілу, оларды мақсаттылы  пайдалану, басқа заңды және жеке  түлғалармен қаржылық өзара қатынастары, төлем қабілеті және қаржылық  тұрақтылықпен сипатталады.

       Нарық жағдайында  кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі  мен жай-күйінің ор-нықтылығының  негізі оның қаржы тұрақтылығы  болып табылады. Ол ақша қа-ражатын  еркін орын алмастыра отырып  қолданып, тиімді пайдалану жолымен  өнімді өндіру мен сатудың  үздіксіз процесін қамтамасыз  ете алатын өзінің қар-жы ресурстары  жағдайын көрсетеді.                                          

      Кәсіпорынның қаржы  тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның  қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау  негізінде ғана оның қызметін  объективті бағалап, кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын нығайту  немесе жақсарту және оның  іскерлік белсеңділігін арт-тыруға  бағытталған басқару шешімдерін  қабылдау үшін, басшылыққа нақты  ұсыныстар беруге болады.                                                                                            

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді

      Мақсаты мен міндеттері: кәсіпорынның ресурс жағдайын, оның  пайдасы мен шығындарын, актив  және пассив құрылымын-дағы, дебитор  және кредиторлармен есептесулердегі  өзгерістерді  объективті және  дәлірек сипаттайтын ақпараттық  параметрлер алу.  Талдауды дұрыс  өткізуден және де кәсіпорын  қызметінің жағымды және жағымсыз  жақтарын  дұрыс анықтаудан кәсіпорынның  болашақтағы қызметі тәуелді. Талдау  нәтижелерін кәсіпорын иелерінен  басқа оның серіктестіктері және  контрагенттері пайдаланады, өйткені  оларға өндірістік, коммерциялық  және қаржылық қызметінің нәтижелерін  білу қажет.

      Тақырыптың зерттеу  дәрежесі. Талдауда  есептің деректерін  пайдаланып, кәсіпорынның жұмысындағы  жетістіктер мен  кемшіліктердің  себептерін табуға, кәсіпорынның  қызметін жетілдіру жолдарын  белгілеуге болады. Инвестициялық  саясат және  кәсіпорынның  несиелендіру, келешек ақша қаражат ағының  бағалау, кәсіпорынның ресурстарын  және міндеттемелерін, басқару органдарының  қызметін бағалау  саласындағы  саясатын әзірлеуге қажетті ақпарат  алуға болады.

      Зерттелу объектісі: «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы. Алматы  қаласы мен Алматы облысына  электр қуатын жеткізу, келісім  шарттар жасасу және электр  энергиясын тұтынушыларға сату.

Шағын жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.

      Жұмыстың бірінші  бөлімі «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының  қаржылық жағдайын талдауға және  оның нәтижелері бойынша қорытынды  жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның  қаржылық жағдайын жақсарту бойынша  іс-шаралар ұсынуға негізделген.

      Жұмыстың екінші  бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың  түсінігін ашуға негізделген. Бұл  бөлім өзіне қаржылық тұрақтылығының мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін,өтімділігін, табыстылығын талдау әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

      Жұмыстың теориялық  базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-тың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның  еңбектері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

    1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайындағы түсінік

 

 

      «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы 2006 жылы АПК АҚ-ын қайта құрудың нәтижесінде құрылған. 2004 жылғы Электр энергетикасы жөніндегі Заңның 25 бабына сәйкес өткізілген реформаның мәні электрмен жабдықтаудан электр қуатын беру жөніндегі қызметтерді бөлуге негізделеді. Мұндай реформалаудың артықшылығы ретінде Алматы мен Алматы облысының тұтынушылары мен субъектілерінің арасындағы нарықтық қатынастар болып табылады. Нарықтық құрылым бәсекелес орта құрады және, нәтижесінде, қуат көзімен жабдықтау сенімділігін арттыруға әсер етеді.  
2004 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша электрмен жабдықтайтын ұйымдар құрылған, ал Алматы қаласы мен Алматы облысында «Алматыэнергосбыт» компаниясы тек 2007 жылдың басынан ғана жұмыс істей бастады.

    «Алматыэнергосбыт» компаниясы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша энергия кешенінің бөлігі болып табылады. Аталған ұйымның міндетіне әртүрлі өндірушілерден Алматы қаласы мен Алматы облысына электр қуатын жеткізу, келісім шарттар жасасу және электр энергиясын тұтынушыларға сату... кіреді  
      Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысының энергия кешеніне энергия жабдықтау кәсіпорны ретіндегі «Алматыэнергосбыт» компаниясынан басқа шығарушы әрі ұсынушы компания кіреді:

Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін жылу және электр энергиясын өндіретін АлЭС «Алматы Электр Станциялары». Қазіргі таңда өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен облысының қажеттілігінің шамамен 60%-ын құрайды. «АлЭС» өз құрамына ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС, Алматы СЭС Сарқырамасы, «Энергоремонт» Өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ЦПВТ қамтиды.

«АЖК»  – 220-110-35-10-0,4кВ кернеуге ие өңірлік мәнге ие желісі бойынша электр энергиясын беретін әрі тарататын энергия беруші компания.  Бұл тұрғындар үшін электр энергиясын тасымалдау және тарату жөніндегі республикамыздың оңтүстігіндегі ірі энергетикалық жүйе, сонымен бірге Алматы қаласы мен Алматы облысында өз қызметінің аймағындағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ірі жүйесі. Қазіргі таңда «АЖК» электр энергиясымен Алматы облысының 8 ауданын қоса алғанда, Алматы өңірінің 2.3 миллион тұрғынын қамтамасыз етеді.

     Алматы Энергия Кешенінің барлық кәсіпорындары құрылымы мен мақсатына «Самұрық» Холдингке кіретін энергетикалық активтерді шоғырландыру, бірлестіктік басқаруды оңтайландыру, Қазақстандағы өндіруші қуаттардың бағдарламасын өңдеу мен жүзеге асыру кіретін «Самұрық Энерго» АҚ-ының басқаруында.       «Самұрық-Энерго» АҚ-ы 2007 жылдың мамыр айында қолдағы өндіруші қуаттарды жаңарту мен жаңа өндіруші қуаттарды ендіру жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асыру мақсатында құрылған.  
    «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" – Қазақстанның БЭЖ-сінің қарқынды қызмет етуін қамтамасыз ету мен Ұлттық электр желісін сенімді басқаруды жүзеге асыру негізгі мақсаты болып табылатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы.

       Қазіргі таңда  «Алматыэнергосбыт» компаниясы  – Алматы қаласы мен Алматы  облысының 2.3 миллион тұрғынына және 21 мың кәсіпорнына электр энергиясын  жеткізетін және 400-ден астам маманды  жұмыс орындарымен қамтамасыз  етіп отырған табысты компания  болып табылады. 2008 жылы компания 500 мың облигациясын орналастырып, «Тұтынушыларға қызмет көрсету  орталығының» жүйесін құру мен  дамытуға 476,9 миллион теңге мөлшеріндегі  қаражатты тартты. 2008-2009 жылдың ішінде 11 ТҚО ашылып, оның жетеуі Алматы  облысының өңірінің аудандық  орталықтарында құрылған.

     «Алматыэнергосбыт» компаниясы қазіргі таңда өңірдің энергия кешенінің қаржылық күре жолы және энергия көзімен жабдықтаудың негізгі кепілдемелерінің бірі болып табылады. 

    1. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ң экономикалық жағдайын талдау

 

 

      Нарықтық экономика жағдайында төлем қабілеттілігі және қаржылық

тұрақтылығы кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлемдерді уақытылы өткізсе, ол басқа кәсіпорындармен салыстырғанда инвестициялар тарту, несие алу, жеткізіп берушілер мен білімді кадрлар таңдауда басым болады.  Ол  мемлекет   және қоғаммен жанжалға түспейді, өйткені бюджетке салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбек ақы, акционерлерге дивидент, ал банктерге несие мен пайыздарды уақытылы төлейді.

     Нарықтық қатынасың қалыптасуы шаруашылық  қызметін біртұтас кешенді  талдауды  ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп білуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсының өзінің негізгі ақпараттық көздері болады.

      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдары кәсіпорынның  жүмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есептік кезендегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін  қаржылық газетер мен бюлетеньдерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезендегі жағдайы болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметерің жарйалайды.  Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері тұралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа  тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің  ішіндегі жауапкершілік орталықтар мен пайда болу  орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипатайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу денгейін анықтау шығындары мен салыстыру, кім қалай жүмыс істейтін көруге мүмкіндік береді және еңбекке  ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есепті, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

     Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі    

ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп 

қарастыруға болады:көлденең талдау;  тікелей талдау;  трендтік талдау;  салыстырмалы талдау ;  факторлық талдау;   қаржылық коэффициенттер әдісі.

     Көлденең талдау – есеп берудің әр бабын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік салыстырмалы ауытқуын анықтауға болады.

     Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін анықтайды.

     Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді.

   Салыстырмалы талдау – фирманың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау.

   Факторлық талдау – жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.

 

1-кесте  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қорытынды қаржылық есебі

 

                Көрсеткіштер

2012  жыл

2013  жыл

 Өзгерісі  (+; -)

1.Сатудан түскен табыс, мың тг

25133368

10450654

-14682804

2.Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың тг

24723671

9720251

-15003420

3.Жалпы табыс, мың тг

409697

730403

320706

4.Кезең шығындары, мың тг

396787

167097

-229690

5.Дебиторлық қарыздар, мың  тг

2640344

2654398

14054

6.Кредиторлық қарыздар, мың тг

2834074

3167954

333880

7.Негізгі құралдардың жылдық  құны , мың  тг

1088802

1085372

-3430

8. Еңбек ақы қоры, мың тг

73689100

84152600

10463500

9.Еңбек ресурсы, адам

150

161

11

10.Орташа айлық еңбекақы, тг

40938

43557

2619

11.Қор қайтарымдылығы , мың тг

23,1

9,6

-13,5

12. Қор сыйымдылығы,

мың тг

0,04

0,1

0,06

13. Еңбек өнімділігі, мың тг

167556

64911

-102645

14.Пайда, тг

12910

563306

550396

15.Рентабельділік, %

0,05

5,8

5,75

Информация о работе Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау