Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеті аталады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу, оларды мақсаттылы пайдалану, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық өзара қатынастары, төлем қабілеті және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………………............3
1. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА..............................................................................5
1.1 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылу тарихы және атқаратын қызметі......................................................................................................................5
1.2 «Алматыэнергосбыт» ЖШС-нің техника- экономикалық
көрсеткіштерін талдау.............................................................................................7
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.................................................................................................................10
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігі...........................10
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................20

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау.docx

— 53.97 Кб (Скачать файл)

 

      «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ң 2012 және 2013 жылдар аралығындағы қаржылық тұрақтылық қызметіне талдау жүргіземіз.

     Осыған орай 2012 жылды шаруашылығын 2013 жылмен салыстырғанда сатудан түскен табыс көлемі -14682804 мың теңгеге кемісе, сәйкесінше жұмсалған шығын мөлшері  -15003420 мың теңгеге азайған. Мұның негізі себебі кәсіпорында өнім өндірісі мен қызмет көрсету аясының азайғаны. Жұмсалған шығынның төмендеуіне орай жалпы табыс шамасы 320706 мың теңгеге өсті. Дебиторлық қарыздар 14054 мың теңгеге өскені және де соңғы жылы кредиторлық қарыз шамасының  333880 мың теңгеге өскенін көруге болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбекақы қоры 10463500 мың теңгеге артып, еңбек ресурсының 11 адамға көбеюі салдарынан орташа айлық еңбекақы мөлшері 2619 мың теңгеге артқан. Кәсіпорында табыс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер еңбек өнімділігі мен қор қайтарымдылығы.  Қор қайтарымдылығы 13,5 мың теңгеге төмендесе, қор сыйымдылығы 0,06 мың теңгеге өскен. Кәсіпорын соңғы 2 жылы табыспен аяқтады.

    Активтердің артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан,  ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

 Алайда, кәсіпорын мүлік құнының  өсу себептерін талдағанда, жоғары  деңгей баланстық есептің номиналды  көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден  айтарлықтай ауытқуына әкеліп  соқтыратын инфляция әсерін ескеру  қажет.         Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі. Отандық есептік- аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

 

2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  мен баланс өтімділігі

 

 

 
       Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.  
        Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі: “кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған”, - деп жазады. “Фирманың қызметін қаржылық талдау” кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.  
       “Төлем қабілеттілігін, – деп жазады олар, – компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды”. 

       Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау  әдістері  
1) көлденең талдау;  
2) тікелей талдау;  
3) трендтік талдау;  
4) салыстырмалы талдау;  
5) факторлық талдау;  
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.  
       Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді.Осылай, “Шаруашылық қызметті талдау” оқулығының авторлары “Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н.Крейнина толығырақ баяндайды. “Төлем қабілеттілігі, – деп жазады, ол – бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы”. Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.  
       Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерін көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.  
        Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.  
     Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқы мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.  
   Төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.)қысқа мерзімді(Ағымдағы   өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.)жұмыс, қызмет( төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бәрі өнімді )ұзақ мерзімді – бір жылдан аса(Кәсіпорынның перспективті   
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.Ақша қаражатының жетіспеушілік коэффициентіі кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивидеттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. .


  Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатын айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.  
     Үш көрсеткіш жиі қолданылады: 
       Абсолютті өтімділік коэффициенті  ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы)жеделдік коэффициенті( қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынас ретінде есептеледі. 
      Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтем коэффициенті, өтімділіктің дәл(  ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына)коэффициенті дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінің сипаттайды.  
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді. 
      Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

      Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жыӨтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

    Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

      Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.     

 А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма — қол ақшаға тез айналады.      

 А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.

      А3 Баяу өткізілетін активтер . Баланс активтерінің екінші бөлімнің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” (жарғылық қорға кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайталған) бабы.

Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді..       

 А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға еңгіз.лген баптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияар” бабы бойынша соманың бір ғана бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

      П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың  алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктіңмақсатты қарыздарын  өз мақсаты бойынша пайдаланбаған дығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

     П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

     П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

     П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бірінші бөлімнің “Меншікті капитал”баптары. Активы пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1 > П1

А2  > П2                                              

А3 > П3

А4 < П4

     Егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

     Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің баланс мәліметі негізінде кәсіпорынның өтімділігін талдаймыз кесте .

     Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, екінші бөлігі де осындай.

Актив пен пассив баптарының бірінші тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

    Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру  жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің  (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

                                                                                                              Кесте 2.1.

 

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің мәліметтері негізінде баланс активтерінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

 

Актив

 

Сомасы тг

 

 

 

 

 

Пассив

 

Сомасы  тг

төлеу артықшылығы (+),жетіспеушілігі(-)

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

1 Ең өтімді активтер

 

 

 

 

 

15021,98

 

 

 

 

 

10654293

1 Тез арада теленуге тиісті міндет-лер

 

 

 

 

 

4769248,9

 

 

 

 

 

73051013

 

 

 

 

 

-4618927

 

 

 

 

 

-62396720

2 Тез өткізілетін активтер

 

 

 

7569543,4

 

 

 

63584739

2 Қысқа мерзімді міндет-лер

 

—-

 

—-

 

 

 

7569543,4

 

 

 

63584739

3 Баяу өткізілетін активтер

 

 

 

 

 

6965439,3

 

 

 

 

 

21277952

3 Ұзақ мерзімді міндет-лер 

 

 

 

 

 

 

 

9930000

 

 

 

 

 

23408436

 

 

 

 

 

-2964506,7

 

 

 

 

 

-2126484

4 Қиын өткізілетін активтер

 

 

 

55344,2

 

 

 

1363986

4 Тұрақты міндет-лер

 

 

 

41399,98

 

 

 

433842,88

 

 

 

1394,22

 

 

 

930143,6

Жиынтығы

14740648

96880972

Жиынтығы

14740648

96880972

 —-

 —-


 

    Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі бар деуге болады. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердін сомасы жыл басында 7719865,3 теңге (153021,98+7569543,41) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер –4769248,9 теңге, бұл – 2950616,4 теңге (4769248,9-7719865,3) немесе (4618927+7569543,4) төлем қаражатынан аз.Жыл соңындағы төлем қаражаты 1188019,15 теңгені (10654293,49+63584739,56)-(73051013,9+0) құрады.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер жыл басында оның мөлшері –296456,7 теңге болған болса, жыл аяғында –2130484 теңгені құрады, немесе есепті жылы 0,7 есеге өсті.

      Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдыңдағы міндеттемелерін жаба алу мүкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс:  А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

     Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 13944,22 теңге және 930143,6 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағжайының нашарлағанын көрсетеді. Себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.

   Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді:

Информация о работе Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау