Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеті аталады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу, оларды мақсаттылы пайдалану, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық өзара қатынастары, төлем қабілеті және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………………............3
1. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА..............................................................................5
1.1 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылу тарихы және атқаратын қызметі......................................................................................................................5
1.2 «Алматыэнергосбыт» ЖШС-нің техника- экономикалық
көрсеткіштерін талдау.............................................................................................7
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.................................................................................................................10
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігі...........................10
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................20

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау.docx

— 53.97 Кб (Скачать файл)

     Кжө = а1А1+а2А2+а3А3 / а1П1+а2П2+а3П3  

Мұндағы :   Кжө — жалпы өтімділік коэффиценті.

а1,а2,а3 – салмақтық коэффиценттер.

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының   жиындары.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффиценттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффиценттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

а1 > а2 + а3;

а2  > а3;    (3)

а3 < 0.

Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.

      «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің көлемі жыл басында 0,7, ал жыл соңында 0,6 құрады, яғни 0,1 пунктке төмендеген, бұл көрсеткіш теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейді, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.

      Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады.

 

    2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру.

 

 

     Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді . Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

      Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.  Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

    Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                          Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.                                                                                  

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, соны-мен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. 

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                             

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                                          

•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                           

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;                                                                                                           

•қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

     Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.   

     Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мы-найдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.

Қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім сапасын арттыру, аз шығын жұмсай оты-рып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рен-табельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

     Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады .

     Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс.

     Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау  оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

     Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолда-рын атап көрсетеді:

1. Айналымдағы табыстың үлесін  арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды  азайтуға бағытталады. Осы мақсатта  шығындардың қалыптасуына үнемі  бақы-лау жасалынып отырады.

2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын  арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің  рентабельділігін арттыру болып  табылады.

 

 

 

 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Осы жұмысты қорытындылай келе, негізгі жақтарды ашып сипаттаған аспектілерді атап кеткен жөн. Жұмыс басында қойылған барлық мақсаттар орындалып, ашылды. Сондай-ақ, осы жұмыстың басты мақсатына қол жеткізілді. Яғни, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ң есептілігі нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалауға қажетті теориялық жақтары тәжірибе жүзінде қарастырылды.

Сонымен, жұмыстың бірінші бөлімінен мынандай тұжырымдама шығаруға болады: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеттілігі деп айтуға болады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуне қажетті қаржы ресурстардың қамсыздандыруымен, оларды дұрыс орналастырып, тиімді пайдалануымен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржы қатынастарын, төлемқабілеттілімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс жағдайында болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы бағалау жұмысты қай бағытта жүргізу керектігін көрсетеді, кәсіпорынның қаржылық жағдайының әлсіз жақтарын анықтап, оларды жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың басты мақсаты қаржылы қызметтегі жетіспеушіліктерді анықтап, оларды тез арада жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайынжәне төлем қабілеттілігін жақсартудың резервтерін табу болып табылады.

Міне, осы және басқа да себептерге байланысты көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде  экономикалық  дағдарысты  ұзартуға  әкеліп соқтырды.

Сонымен қорыта келе,  төмендегі ұсынымдрды ұсынамын :

•     кәсіпорындар   бірте-бірте   нарыққа   бейімделіп,   шынында    сатып    алушылардың    мұқтажын    қанағаттандыра   алатын  өнімдерді  өндіре  бастаса;

•     нарықта   тауарлармен   толықтырылып,   кейбір   экономикалық салаларда  таза бәсекелестік пайда болуына.

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану  болып  табылады.

Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернееін орындаса алдына қойган мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың  негізгі  міндеттеріне  жататындар:

•   жоғары    сапалы    өнімдер    өндіру,    оларды    жүйелі түрде   жаңалау   және   қолда   бар   өндірістік    мүмкіншіліктеріне,  сұраныстарына  сай  қызмет  көрсету;

•  өзара алмасушыларын ескере отырып өндірістік ресурстарды    пайдалану;

•  кәсіпорынның   бет   алысының  стратегиясы   мен   тактикасын     әзірлеу     және     жағдайлардың     өзгеруіне байланысты  оларды  өзгертіп  отыру;                           

• гылыми-техникалық   жетістіктер   мен   озық   тәжірибені,   еңбекті   ұйымдастыру   және   басқаларды   өндіріске  кеңінен  енгізу;

• өздерінің   қызметкерлеріне   жағдай   жасау,   олардың сыныптамаларының   өсуін   және   еңбектерін бағалау;

• маңыздылығы,   олардың   тіршілік   деңгейлерін   арттыру,    еңбек    ұжымдарында    қолайлы    саяси-психологиялық  ахуалды  жақсарту;

• кәсіпорынның   шығарған   өнімінің   бәсекеге   жарамдылығын    қамтамасыз    ету,    кәсіпорынның    жақсы      атағын  қолдау;

 

                           ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.

3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.

4. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -

Москва, Финансы и статистика, 2006.

5. Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4.

6.Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004.

7. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.

8. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса».// Финансовый директор.-2005. -№3.

9. Румянцева Е.Е «Новая экономическая энциклопедия».-Москва, Инфра-М, 2006.

10. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». - Москва, Инфра-М, 2006.

11. Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2004. - №1.

12. Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой Е.С. - М.: Перспектива, 2006.

Информация о работе Кәсіпорын төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау