Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 07:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
Ұйымдастырылуы
1.1 Кәсіпорынның есеп....................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
Ұйымдастырылуы....................................................................................10
2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты.......33
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері..37
Қорытынды......................................................................................................44 .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................46

Файлы: 1 файл

Дип.-Бухгалтерлік-есеп-ұйымның-қаржылық-ақпаратын-белгілі-бір-әдістері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

Өндірістік технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен  сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс;
  • өндірістік өңдеу сатысы;
  • тасырыстық әдіс.

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.

Жанама шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге байланысты тікелей шығындар;
  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;
  • материалдық шығындардың сомасы;
  • сметалық мөлшерлеме;
  • өткізілген өнім көлемі.

 

Аяқталмаған өндірістің бағалануы

Жаппай және сериялы  өндірісте аяқталмаған өндіріс  былайша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

 

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан  Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.

Кәсіпорынның есеп саясаты  осы ұйымның құрылған уақытында  дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында  есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған  барлық пунктерінің мазмұны толық  ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы крсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынынң есеп саясатына  енгізілген өзгертулер осы ұйымның  басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделунуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
  • Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
  • Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.

 

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның  есеп саясатының дайындалған кезінде  таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала  қамтамасыз етуі қажет.

 

1.2. Кәсіпорынның  бухгалтерлік есеп және аудит  жұмысының ұйымдастырылуы

 

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалетрілк есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жалпы кәсіпорындағы  атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қоланың қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалетрлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы  орандалған шарушалық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашық көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат  – кәсіпорындағы шарушалық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны  орындауға заңды түрде құқық  беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шарушалық  операцияларын бастапқы құжатқа  түсірду бухгалетрлік есеп териясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорында жүргізілетін шарушалық құбылыстарының әр түрлі  болсы себебінен бастапқы құжаттардың  нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа  орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемлер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалетрлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:

  • құжаттың аты, нысанның қоды;
  • құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);
  • құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
  • шарушалық операциясының мазмұны;
  • шаруашылық оперциясының өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
  • шаруашылық оперцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
  • жауапты атқарушының қолы.

 

Қосымша деректемелер шаруашылқ операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әртүрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келісілгендей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырсу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негізі болатын құжаттар және тағы басқалар.

Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  1. ауылшарушалық өнімі мен шикізаты
  2. еңбек және еңбекақы;
  3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  4. материалдар;
  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  7. құрылыс машианалары мен механизмдердің жұмысы;
  8. автокөліктегі жұмыс;
  9. түгендеу нәтижелері;
  10. кассалық операциялар;
  11. сауда операциялары.

 

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның  орындалу барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикты қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және де басқа олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетулі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша  толтырылатын құжаттар және есеп айырсу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысанда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалаған қателерді  келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тесті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілген жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың  басқадай түрлеріне түзету енгізу тек  қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

Есептеу үрдісінде ыңғайлы  және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша

Мақсаты бойыша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалетрлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді.

Үкім құжатында –  шарушалық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шарушалық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.

Атқарушылық құжаттар –  шарушалық операциялардың орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтті толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған оперцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

Бухгалтерлік толтырылған  құжаттар – ұйымның бухгалтериясы  жасаған әртүрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.

Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергенен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.

Толтыратын  орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі құжаттар дегеніміз – белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың мұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауар-материалдық құндылықтардың ішкі қозғалыс барысында толтырылатын жүкқұжаттарды, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін, есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.

Сырттық құжаттарға – кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды, сенімхаттарды және де тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.

Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы құжаттар және жиынтық құжаттар деп бөліп қарастырылады.

Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.

Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысал: Акционерлік қоғамнан бір күнде бостылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.

Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпараты-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шарушалық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруын байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегенміз – кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы, немесе басқаша түрде олардың жасалуынан, яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.

Информация о работе Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы