Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 07:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
Ұйымдастырылуы
1.1 Кәсіпорынның есеп....................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
Ұйымдастырылуы....................................................................................10
2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты.......33
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері..37
Қорытынды......................................................................................................44 .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................46

Файлы: 1 файл

Дип.-Бухгалтерлік-есеп-ұйымның-қаржылық-ақпаратын-белгілі-бір-әдістері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

Рентабельділік (немістің – rentabel – табыстылық деп аталатын сөзінен шыққан) – салыстырмалы көрсеткіш. Ол ұйымның белгілі бір  уақыт аралығындағы (есепті кезеңіндегі) атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.

Өндірісте рентабельділік табыстың абсолютті сомасының негізгі және айналым капиатылының жалпы сомаларын қатынасын айқындайды. Бұл көрсеткіш негізгі және айналым капиталы сомасының бір тегесіне келетін табыстың экономикалық нәтижесін сипаттайды.

Өндірісте, ауыл шарушылығында, құрылыста және басқа да халық  шарушалығы салаларында өнімнің  өзіндік құны деген сапалық көрсеткіш  маңызды орын алады. Бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсаған шығындарымен сипатталады. Өнімнің өзіндік құнының төмендеу (орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің) ұйымның табыстылығының жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.

Сапалық көрсеткіштерді бақылау, нақтылы орындалған жұмыс  пен жоспардың мөлшерін салыстыру шарушылықты қызметінің эконмоикалық тиімділілгінің динамикалық дамуына аса маңызды рөл атқарады. Бұл еңбек өнімділігінің жоғалыуына, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және капиталды ұтымды пайдалануға кәсіпорынның рентабельділігінің жоғарылауына ықпалын тигізеді.

Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есепшоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарыдағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, тізімдемелер мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есептік тіркелімдер қоладнылады.

Бухгалтерлік есеп жұмысын  жүргізуге арналған карточкаларды қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орын бойынша талдамалық есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-жәшіктерде сақталады.

Кітаптар - өз алдына белгілі  бір пішінде жазылған қағаз беттері болып табылады. Оларды маңызды, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелетін бөлімдерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген, себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәліметпен екі немесе одан да көп адамдар жұмыс істейтін жағдайда оны бухгалтерия қызметкерлері арасында бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ (әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек). Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы – жеке беттерді жаңаға ауыстырудың мүмкін болмауы, яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау мүмкіндігі төмендейді.

Жеке беттер – үлкен  пішіндегі есеп тіркелімдері болып  табылады және карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын қамтиды. Олар біріктірілген тіркелімдер рөлін атқарады, яғни синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық есепті жүргізуге арналған. Сонымен қатар, бұлар, яғни әртүріл тізімдемелер мен журнал-ордерлер бухгелтерия қызметкерлері арасында міндеттерді ұтымды бөлуге мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы болып табылады.

Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және біріктірілген болып  бөлінеді.

Хронологиялық тіркелімдер  шарушалық операцияларын жұмыстардың  орындалу мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қолданылады. Мұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын, шарушалық операцияларды есептеу кітабын және тағы да басқаларды жатқызуға болады.

Жүйелік тіркелімдер  шаруашылық операцияларын мазмұны  бойынша топтап және бірыңғайлығын  анықтау үшін қолданады. Бұларды  бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Жүйлеік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.

Біріктірілген тіркелімдерде  хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: Бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронолгиялық ретпен жүргізіледі.

Мазмұны бойынша (ақпаратты  бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер  синтетикалық, аналитиклаық және біріктеліген болып бөлінеді.

Синтетикалық тіркелімдерде  жазба тек ақшалық нысанда  құжат нөмірі мен толтырылған уақыты көрсетіліп жүргізіледі. Бірақ әдетте оларда түсініктемелік мәтін болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журанл-ордерлердің барлығын дерлік жатқызуға болады.

Аналитикалық тіркелімдерді  аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үші қолданады. Оның шінде құжаттың нөмірі, толтырылған уақыты, шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натуралдық өлем көрсеткшітері қолданады. Бухгалтерлік есепте қолданылатын талдамалық тіркелімдерге карточкалр, кітаптар және тізімдемелер жатқызылады.

Синтетикиалық және аналитикалық есепте қатар қолданыла беретін тіркелімдер – біріктірілген тіркелімдер болып табылады.

Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде тіркелімдер өз алдына карточкалар, тізімдемлер, журанал-ордерлер және тағы басқадай форма түрінде алына алатын машиограммалар болып табылады.

Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай немесе көшірмелі әдістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір ғана дана етіліп жасалытн болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен бір уақытта бірнеше дана етіліп жасалады.

Есеп тіркелімдерінде  жазбалар өзгертусіз және таза жазылып толтырылуы керек. Тіркелімдерді толтыру барысында немесе басқа да жіберілген қателіктерді түзету үшін есеп тіркелімдерінде келесі әдістер: түзетпелі, қосымша жазу және қызыл түзетпе қолданылады.

Егер қате баланс құрылғанға дейін анықталса және шоттар корреспонденциясына өзгеріс енгізу қажет болмаса түзетпелі әдіс қолданылады.

Осы жерде қате жазбаны (соманы немесе мәтінді) кейіннен оқылуға мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген және бухгалтердің қолтаңбасымен бекітілген болуы керек.

Егер шоттар корреспонденциясы  дұрыс, бірақ шарушалық операциясының  сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл  қате есеп тіркелімінде қорытынды жасалғаннан кейін анықталса, онда қатені түзету қосымша жазу әдісі арқылы жүргізіледі.

Мысалы: кәсіпорынға басқалардан  келіп түскен  130 000 теңге материалдарға мына түрдегі екі жақты жазу жазылған делік.

Д-т: Материалдар шоты                                                                    100 000тг.

К-т: Жабдықтаушы – мердігерлер шоты                                         100 000тг.

Бұл қатені түзету үшін айырма сомаға (130 000-10000)= қосымша жазу жазылады.

Д-т: Материалдар шоты                                                                     30 000 тг.

К-т: Жабдықтаушы мердігерлер шоты                                             30 000тг.

Егер қате бухгалтерлік балансты жасағананн және оны тиісті органға тапсырғаннан кейін белгілі болса, ондай қате «қызыл түзетпе» әдісі арқылы түзетіледі.

Мысалы: кәсіпорынның кассасына жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан 500000 теңге келіп түсті делік. Осы операцияға мына түрде жазу азылған.

Д-т: «Валюталық» шоты                                                                      500 000тг.

К-т: «Есеп айырысу» шоты                                                                  500 000тг.

Қатені түзету үшін осындай жазу арқылы, бірақ қызыл бояумен, яғни сторно етіліп жазылады.

Д-т: «Валюталық» шоты                                                                       50 000тг.

К-т: «Есеп айырысу» шоты                                                                  50 000тг.

Одан кейін мына түрде дұрыс  жазу жазылады:

Д-т: «Касса» шоты                                                                                 500 000тг.

К-т: «Есеп айырысу» шоты                                                                  500 000тг.

Мұндағы қызыл түзетпе мәні бұрыс  жазу теріс санмен алынып тасталаып, оның орнына дұрыс сома жазылады.

Бухгалтерлік есеп нысандары деп – белгілі бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып, бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп тіркелімін айтады.

Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу  технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді.

Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей түрлері қолданылады: мемориалдық-ордерлі, бас-журнал, журнал-ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).

Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі  нысандары қазіргі кезде қолданылатын ескі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдер жүргізіледі. Синтетикалық есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық есеп үшін көбінее карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есеппте екі жақты жазу жазылып және ол мемориалдық-ордерлі нысан түрінде ресімделеді.

Мысалы: қоймадан материалдарды  босату туралы әрбір жүк құжаттың есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қорытынды мәліметтері негізінде  мемориалдық-ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе  құжатқа сілтеме жасалады, шот корресподенциясы және сомасы көрсетіледі. Мемориалдық-ордерге солардың негізінде жазбалар жасалған басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалдық-ордерлер жасалғаннан кейін арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалдық-ордерге реттік нөмір беріледі. Тіркемелі журналдағы жазбадан кейін мемориалдық-ордер мәліметтері ай сайын синтетикалық есептің тіркелімі болып табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады. Әрбір синтетикалық есептің дебит және кредит айналымдары корреспонденциялары шоты бойынша сәйкес кестелерге бөлек жазылады.

Айдың соңында бас  кітаптың қорытындысы негізінде  синтетикалық есептің шоттары бойынша  жай немесе шахматты нысандағы айналым  тізімдемесі құрылады. Бас кітаптың мәліметтер синтетикалық және аналитикалық есептің айналым тізімдемелерін, бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру үшін қолданылады.

Мемориалдық-ордер формасы  аналитикалық есептік кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық есеп тіркелімдеріндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге қоса берілген құжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер – сәйкес синтетикалық шотпен біріктірілген аналитикалық шот тобына бір ведомость (тізімдеме) құралады. Бұл тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық шоттармен біріктірілген аналитикалық шоттардың сальдосы мен айналымдарының қорытындыларын салыстыру үшін қажет. Мемориалдық-ордер есеп жазбаларының сызбасы 1-суретте көрсетілген.

Есептің мемориалдық-ордерлі  нысаны есептік тіркелімдерінің  жеңілдігімен және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанның кемшілігі ретінде – құжаттардағы бір ғана ақпараттық мәліметтердің тізімдемелерге, мемориалдық-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық және аналитикалық есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дұрыс.

Басқа нысандарға қарағанада мемориалдық-ордер нысанын жүргізіу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас журнал нысаны. Мұнда негізгі есеп тіркелімі карточкалар мен бос беттер емесе, бас журнал деп аталады. ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.

 

 

6-тарау. Бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру.

 

Күні

Проводка нөмірі

Мәтіні

Айналым сомасы

Касса

шоты

Есеп айырысу шоты

Дебиторлық борыш шоты

       

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

   

1 қаңтардағы қалдық

 

25000

 

50 000

 

7000

 

3.01

1

1 кіріс ордері

10 000

           

5.01

2

5 төлем тапсырмасы

5000

   

5000

   

5000

   

Қаңтар айындағы айналым

15 000

1000

 

5000

   

 

5000

   

1-ақпанға қалдық

 

35000

 

45000

 

2000

 

Информация о работе Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы