Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 07:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
Ұйымдастырылуы
1.1 Кәсіпорынның есеп....................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының
Ұйымдастырылуы....................................................................................10
2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты.......33
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері..37
Қорытынды......................................................................................................44 .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................46

Файлы: 1 файл

Дип.-Бухгалтерлік-есеп-ұйымның-қаржылық-ақпаратын-белгілі-бір-әдістері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

8) Клиенттің меншігін  бекітіп беруге, оның бизнесінің  тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Аудиттің ең нақты  міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпаратық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруне қарай артады.

Осылайша, аудит –  бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу  және әртүрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.

Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру»  термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.

Отандық оқулықтар мен  ғылыми әдебиеттерде, ТМД елдерінде  әдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т.Белухинде «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында іріктемес құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру – бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әртүрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі, материалды жауапты тұлғаның түсінктемесі).

Аудит ұғымы тексеру  және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда  терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігін бойынша ерекшеленеді.

Аудит қаржылық көрсеткіштердің  анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшілкітерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір сараптамасы ретінде баяндалады.

Кәсіби аудиттің осы  заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.

Аудиторлық қызмет бұған  қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әртүрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әртүрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.

Аудитор, адвокат, дәрігер, музыкант, суретші және шығармашылықтың адамдары сияқты еркін кәсіптің өкілі болып табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде дамыған елдерде беделі жоғары. Шетелдік сарапшы ұйымдар жиі өткізетін қоғамдық сұрау салудың қорытындысы бойынша бухгалтер-аудитор кәсібі адвокат және дәрігер кәсіптерімен тең бәсекелесіп, алғашқы үш орыннын бірін тұрақты иеленеді екен. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында біздің елімізде пайда болған аудиторлық кәсіп бухгалтерлік есеп, қаржы, бақылау, құқық, мендежмент, стратегиялық және ағымдық жоспарлау, ұлттық экономиканың әртүрлі салаларын басқаруды ұйымдастыру салаларындағы жоғары білікті мамандар үшін келешегі зор әрі абыройлы қызмет түріне айналып үлгірді.

Аудит және оның рәсімі эволюцияның үш сатысынан өтті: растаушы аудит, жүйелі-бағдарламалы аудит, тәуекелге негізделген аудит. Бастапқы аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берулерде көрініс тапқан операциялардың шындыққа жанасымдылығын тексеру және растаушы түрінде болды.

Растаушы аудитте негізінен  бухгалтерлік тіркелімдер мен есеп берудің формаларын дұрыс жасау  мәселелері қарастырылады, сол себепті де бұл кезең «кітапты аудиттеу» деп аталады.

Аудитке жүйелі-бағдарламалы тәсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады әрі аудиторлар сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді. Бұл операцияны бақылайтын жүйені қадағалауға мүмкіндік берді. Егер іштей бақылау жүйесі тиімді жұмыс істейтін болса, онда егжей-тегжейлі тексерудің қажет болмайды, өйткені нормалардың бұзылуы мен қателерді анықтау ісінде іштей бақылау жүйесіне белгілі бір деңгейде сенім білдіруге болады. Аудиторлық фирмалар кеңес беру қызметіне, аудиторлық рәсімді нысандауды жүзеге асыруға және болатын тексерулердің сапасын арттыра түсуге көп көңіл бөлетін болды.

Аудиттің жүйелі – бағдарламалы тәсілін жетілдіруге қарамастан, оның өз кемшіліктері бар. Мысалы, жүйелі-бағдарламалы аудит әкімшілікті ішкі бақыламайтын жағдайда қызметкерлердің үстінен бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бұл арада аудиттің рәсімі басқарушы – инвесторларды емес, керісінше персонал-менеджерді алдап тұр ма, жоқ па, соны анықтауға бағдарланған.

Тәуекелге негізделген  аудит – бұл кәсіпорынынң жұмыс  жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар әрі қиын межелеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін тәуекелдікті есерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудитінің айырықша маңызы – аудитордың немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жоғалту және клиенттен айырылып қалудың ықтималдығында ғана емес, сонымен бірге, аудиторлық компаниялардың арасындағы қатаң бәскелестікте, ірі айыппұл мен моралдық зиянда, осы аталған қатерлерге ұрынып қалудың ықтималдығында болып тұр. Мәселен, мұндай жағдай үшінші бір тұлғаға немесе клиентке елеулі материалдық зиян шектіруге себеп болатын аудитордың ықылассыз және бұрыс қорытынды шығарушысынан болады. Кәсіби беделден айырылу қаупі нақты аудитордың немесе аудиторлық компанияның толық күйреуімен бірдей десе де болады. Сондықтан да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жан-жақты кешенді тексеруді жүргізуге мұқият дайындалып, басты назарды кадрларды іріктеуге бағдарламаларды жасауға алдағы жұмысты жоспарлауға және т.б. аудару қажет.

Осыған орай аудиторлар клиент бизнесін жүйелі зерделеумен  жоспарлау кезеңдеріне көп уақыт  бөлетін болды. Қауіп-қатері көп салаларға аудиторлық жұмыстарды шоғырландыру арқылы тәуекелі төмен салаларды тексеруге кететін уақытты үнемдеуге болады. Осылармен уақыт және клиентке қызмет көрсетудің шығындарын үнемдеу тұрғысынан әлдеқайда тиімділікті қамтамасыз етуге қол жеткізеді.

Бақылаушы-талдамалы  қызметтің осы заманғы даму кезеңінде тәуекелге негізделген аудиттің маңызы зор. Оның технологиясы кәсіпорындар қызметіндегі болжаулы кемшілктер мен қиындықтарға белгілі бір жағдайларға қарай іріктеп алынған тексеруді жүргізуге негізделген.

Бұл арада мынан ескеру керек, кәсіби аудит саласындағы бинеске мына негізгі факторлар әсерін тигізеді:

а) бақылау ортасы;

ә) кірістерге айла-әрекет істеу мақсатымен басқарушыларға әлеуетті қысым жасау;

б) қатысушы тараптардың  мүдделері;

в) саладағы және экономикалық ортадағы клиенттің ұстанымы.

Осылайша, растаушы аудитте  қаржылық құжаттар мен бухгалтерік  есеп тіркелімі тексеріледі. Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тәсілдемесі операцияны бақылайтын тұтас жүйе ретінде шаруашалық жүргізуші  кәсіпорындардың қызметін қадағалауға мүмкіндік тудырады. Тәуекелге негізделген аудитте осы жүйені бақылайтын адамдардың қызметі қарастырылады. Соңғы екі кезең аудиторлардан кітаптан бастарын көтеріп, барлық назарын бизнестің өзіне аударуды талап етті. Бизнес саласындағы аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақылаушының, сараптаушылық, басқарушылық, кеңес берушілік, өндірістік және ақпараттық.

Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш.Дүйсембаевтың  еңбегінде келтірілген фунциялар  мен қосалқы фунциялар тізбесі қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік фунциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.

Аудит ауытқудың, артық  шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақытылы анықтауы қажет. Бұл кәсіпорындар қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шартталған. Тәулесіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және әлеуметтік функцияларды орындайды.

Оған қоса, нарықтық қатынастардың  даму жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және ұлттық экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеудің маңызды құралына айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері

 

2.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты

 

Нарықтық қатынастары  жағдайдында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциляқ серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегенміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

В.М. Радионова мен  М.А.Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы  «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады.

М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев  және В.П.Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық  жағдай – бұл қаржы ресурстарының  қолда барын, үлестіріліп таратылуы  және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Профессор И.Т.Балабанов  «Шаруашылық  кәсіпорынының қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен қапиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық кәсіпорындарының алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық кәсіпорынының қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады.

Жоғарыда берілген анықтамалар  қарастырылып отырған ұғым мәнін  жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ  олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндыруі тиіс.

Біздің кафедра мамандарының көзқарасы бойынша, сенімділік кәсіпорын  жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілетіттілігін көрсетеді  – деп жазады.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай  анықтауды ұсынады:

Кәсіпорын қаржы жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шарушалық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер «өз  қаражаттары есебінен активтерге (негізгі  қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық кәсіпорындары қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.

В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир  бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық  тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізігі бөлігі болып табылады». Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қылуы қажет.

Айта кету керек, біздің кафедра мамандары қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек  қарастырды, әйткенмен олардың кейінгі  шешімдерімен келісе алмайды. «Қаржылық  тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.

Информация о работе Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы