Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 14:36, реферат
Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пайдаланылған шикізат пен материалдар шығыны |
|
|
Еңбек ақы |
|
|
Тозу мен амортизацияға кеткен шығын |
|
|
Басқа да операциялық шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
Уақыт аралығындағы дайын өнімдегі және
аяқталмаған өндірістегі өзгерістер дегеніміз
- өндіріс запастарының деңгейін көбейткенін
көрсететін өндіріс шығындарына түзету
немесе өндірістен асып тұрған сату запастарының
көлемін азайтқанын көрсетеді. Кейбір
жағдайларда уақыт аралығындағы дайын
өнімнің және аяқталмаған өндірістің
көбеюі түсімнен артық екенін көрсетеді.
Бірақ қолданылған әдісті немесе тәсілді
ұсыну мұндай салалардың табыс болып есептелінетінін
көрсетпейді.
Талдаудың екінші әдісі шығындар функциясы
немесе сатылған өнімнің өзіндік құны
деп аталынады және шығындарды олардың
функцияларына сәйкес сатылған өнімнің
өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе
әкімшілік қызмет түрінде жіктейді. Бұл
әдісті ұсыну қолданушыларға шығындарды
сипатына қарай жіктеуден неғұрлым нақты
ақпарат береді. Бірақ функцияларына қарай
шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін және
субьективті елеулі үлесті болжайды. Мысалға,
шығындар функциясы әдісі көмегімен жіктеу
келесі түрде болады (кесте 2):
2 кесте
Шығындар функциясы әдісі көмегімен жіктеу
Сатудан түскен табыс |
|
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
|
Жалпы табыс (шығын) |
|
Басқа да операциялық табыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұл жағдайда функцияларына қарай шығындарды
жіктейтін ұйымдар, шығындардың сипаты
жайлы қосымша ақпараттарды ашып көрсету
керек.
Шығындардың сипатына қарай және өзіндік
құны әдістерін таңдау мен талдау ұйымның
сипатына, салалық факторларына және құрылу
уақытына байланысты.
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру
үшін шаруашылық операциялардың жіктелімі
Есепте операциялық, инвестициялық және
қаржылық қызметтерді бөлек түрде ақша
қаражаттарының қозғалысы ақпараттары
көрсетіледі.
Осыған байланысты ақша қозғалысы есебі
ақша құрылымдарын қызмет түрлеріне қарай
шектеуге көмектеседі.
Ақша қаражаттарына ақшалар және талап
етілген салымдар кіреді.
Ақша қаражаттарының эквивалентіне ақша
қаражаттарына тез арада айналатын жоғары
өтімді және қысқы мерзімді салымдар кіреді.
Кәсіпорынға түсім әкелетін операциялық
қызмет дегеніміз негізгі қызмет.
Инвестициялық қызмет дегеніміз ұзақ
мерзімді активтерді сату және сатып алу
бойынша қызмет.
Қаржылық қызмет - меншікті капитал құрамын
және қарыз қаражаттарын тарту бойынша
міндеттемелерді өзгеріске әкелетін қызмет.
Операциялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының
қозғалысы тауар сатудан, қызмет көрсетуден
немесе орындалған жұмыстан ақша қаражаттарының
түсуіне және жеткізушілерге кредиторлық
борыштарды жабуға жасалған төлемдер
нәтижесінен, жұмыскерлерге еңбек ақы
төлеудің кредиторлық борыштары, бюджетке
салық төлеу және басқа да төлемдер жасау
нәтижесінен ақша қаражаттарының жылыстауына
алып келеді.
Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының
қозғалысы ақпараты ұзақ мерзімді активтерді
сатып алуға жасалатын төлемнің бағыттылығын
анықтауға көмектеседі. Инвестициялық
қызмет бойынша ақша құйылымдарына: негізгі
құралдарды сатып алу бойынша ақша төлемдері,
материалдық емес активтерді сатып алу
бойынша төлемдер, негізгі құралдар мен
материалдық емес активтерді сатудан
түскен ақша түсімдері, басқа кәсіпорындардан
түскен ақша қаражаттарының аванстық
түсулері және т.б.
Ақша қаражаттарының
қаржылық құйылымдары кәсіпорындардың
қызметін қаржыландыру көздерін анықтауға
көмектеседі. Қаржылық қызмет бойынша
ақша құйылымдарына:
- акция эмиссиясынан түскен немесе басқа
да үлесті құралдардан түскен түсулер;
- облигация шығарудан түскен түсімдер;
- несиелерді тарту;
- несие бойынша борыштарды жабу төлемдері;
- қаржы лизингтері бойынша қарыздарды
қайтару төлемдері кіреді.
Операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттары
қозғалысы ақпараттары екі әдістің біреуін
қолданумен көрсетіледі:
Тікелей әдісті қолданғанда ақпарат екі
варианттың біреуімен көрсетіледі:
Есеп берудегі мәліметтерді түзету жолдарымен
өнімді өткізуден түскен табыс, өткізілген
өнімнің өзіндік құны, шығындар және басқа
да баптар.
Бухгалтерлік баланстағы өзгерістерді
есепке ала отырып, ТМҚ құрамында, операциялық
дебиторлық және кредиторлық борыштар,
инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша
ақша құйылымдарының пайда болуына әкелетін
ақшалай емес баптары мен басқа баптардың
құрамында.
Жанама әдісті қолданғанда ақша қаражаттарының
құйылымы ТМҚ құрамында, дебиторлық және
кредиторлық борыштар, ақшалай емес және
басқа да баптар құрамында (инвестициялық
және қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарының
пайда болуына әкелетін) өзгерістерді
есепке ала отырып, таза пайдаға түзету
жолдарымен анықталынады.
3 кесте
Ақша қозғалысы есебі – тікелей әдіс
|
Сатып алынған тауарларға ақшалай төлем = сатылған өнімнің өзіндік құны+ ТМҚ көбеюі + саудалық кредиторлық борыштардың азаюы – ТМҚ азаюы + саудалық кредиторлық борыштардың көбеюі |
Ағымдағы шығындар бойынша ақшалай төлемдер = ағымдағы шығындар + болашақ кезеңдегі шығындырдың көбеюі + есептелген кредиторлық борыштардың азаюы + болашақ кезеңдегі шығындырдың азаюы + есептелген кредиторлық борыштардың көбеюі – амортизациялар және басқа ақщалай емес шығындар |
Табысқа салық бойынша ақшалай төлемдер (корпоративті табыс салығы) = табысқа салық – табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың азаюы + табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың көбеюі |
4 кесте
Ақша қозғалысы есебі – жанама әдіс
|
|
|
|
Шығындар (инвестициялық және қаржылық қызметтен) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.4 Меншікті капиталдағы
өзгерісі есебі
Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына
компанияның қаржылық жағдайына, жиынтық
табыстар мен шығындардың барлық елеулі
өзгерістері жайлы нақты ақпарат беруге
міндетті.
Кіріс пен шығыс есебін құрастырған кезде
табыстар мен шығындар (мысалға, негізгі
құралдарды қайта бағалаудан түсімнің
өсуі немесе азаюы) ескерген жөн. Бұл баптар
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес
меншікті капиталдағы өзгерістерде кәсіпорынның
иелерімен байланысты операциялармен
бірге көрсетіледі.
Екі есеп беру уақыты аралығында ұйымның
қаржылық жағдайын бағалауда барлық табыстар
мен шығындарды есепке алу керек. Қаржылық
есептеменің халықаралық стандарттары
қаржылық есептеменің жеке формасы ретінде
ұйымның жиынтық табыстары мен шығындарын
көрсететін, оның ішінде меншікті капиталға
тікелей танылатынды кіргізетін есеп
беруді талап етеді.
Мұндай есеп беру «Меншікті капиталдағы
өзгеріс есебі» деп аталынады, және ол
келесілерді сипаттайды:
Бұдан басқа ұйым
есеп беруде немесе осығын ескертуде келеселерді
жүзеге асырады:
А) ұйымның иелерімен байлынысты операциялар
және олармен бөлу;
Б) жыл басында және есеп беру күніне жинақталған
таза табыс немесе шығын сальдосы, уақыт
аралығындағы өзгерістер;
В) жыл басындағы және жыл соңындағы меншікті
капиталдың әрбір бабының баланстық құнын
салыстыру және әрбір өзгерістерді жеке
ашып көрсету.
Мұндай есеп беруді әртүрлі тәсілдермен
құрастыруға болады. Бірінші жол бағаналар
түрінде пішінді болжайды, мұнда меншікті
капиталдың әрбір элементінің бастапқы
және соңғы сальдосы арасында салыстыру
жасалынады, және 1-ден 3-ке дейінгі және
а-дан в-ға дейінгі баптар кіреді.
Қаржылық есептеменің жеке бөлігін (компонентін)
көрсететін баламалы тәсілі тек 1-ден 3-ке
дейінгі баптарды көрсетеді. Мұндай жолда
а-дан в-ға дейінгі пунктерде көрсетілген
баптар қаржылық есептеменің ескертулерінде
көрсетіледі.
II Бөлім Қаржылық есептеме
– ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың
ақпараттық базасы
Нарықтық қатынастары жағдайында басқару
шешімдерін қабылдау барысында компаниялардың
қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы
өте зор.
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың
шығыннан артуының өзіне тән айнасы- қаржылық
тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын
еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану
арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ
кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға
қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы- бұл
тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде
төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін
сақтай отырып, табысты өсіру негізінде
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурстарының
жағдайы.
Кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы,
ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан
артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында
ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін
табыстың тұрақтылығын талап етеді және
онйың мөлшері мемлекетпен, жабықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және
тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
одан ары дамуы үшін бары\лық есеп айырысулар
мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын
талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп беру түрлеріне жоғарыда
айтылғандай мыналар жатады:
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады,
сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген
немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар
солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта,
берілген субъектінің есеп және есеп берудің
қандай саясатын ұстап отырғандығы және
қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына
сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.
Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел
мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте
жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді
жазуға болады. Нарықтағы географиялық
сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет
түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің
әсері туралы мәлімдемелер және басқалары
қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік
есеп стандартында анықталған жеңілдетілген
түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі.
Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың
кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы
2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады;
«Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік
есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және
қаржылық есептегі негізгі ашушылар»
деген стандартында көрсетілгендей, -
бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық
жағдайы және оның қызметінің нәтижелері
мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында
болған өзгеірстер туралы пайдалы, маңызды
әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық
есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі
жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген
бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқтықтық
нысандардағы шаруашылық субъектілерінің
өзара негізгі байланысына және басқару
шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда
негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік
баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және
соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын
сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық
субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді,
материалдық құралдардың сандық және
сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын
арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін
ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден,
басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар
жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық
бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиімділігінің салыстырмалы
сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша
әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау
туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты
сыртқы қолданушыларға да пайдалануға
мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар
жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау
үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда,
сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі
есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі
жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер
аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін
көмек алады, ал талдаушылар қаржылық
талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы
қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің
серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа
сәйкестігі және оның шарттары туралы
шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының
мүмкін болатын тәуекелдіктерін және
берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.
Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда
қаржылық жағдайды талдауды баланстық
талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің
негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі
кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын,
ағымдағы активтердің айналымдылығы мен
өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің
қолда барын, дебиторлық және кредиторлық
борыштың динамикасы мен жағдайын және
кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен
төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік
береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын
орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы
және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке
жетуі, қарыз көздернің көлемі мен құралымын,
сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділгін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша,
бухгалтерлік балансты талдау үшін және
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда
ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік
іске кіріспе»деген оқу құралында былай
жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге
кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен
оның борыштарын анықтайтын пассивтердің
тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі
бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы
жағдайының бейнесі болып табылады. Актив
пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске
ие болады және де активтер сомасы әрқашан
пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
«Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе
ол пайдаланатын бағалы нәрсе.
Пассивтер – басқа біреуге тиісті нәрсе.
«Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым
болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы
дегенді білдіреді.
Капитал – пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте
қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік
иесінің бизнестегі үлесі болып табылады».
Капитал – бұл пассивтерді активтерден
алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік
қаражаты.
Баланс активі мен пассивін құру принциптері
бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер
олардың өтімділік деңгейіне байланысты,
өтімділігі төмен активтерден өтімділігі
жоғары активтерге қарай пассивтер принцип
бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне
байланысты мерзімінің жеделдігі азынан
көбіне қарай.