Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 14:36, реферат
Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен
қатар қаржылық есеп берудің басқа да
нысандарының көрсеткіштерін қолдану
қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы
барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның
өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған
барлық шығындар сомасымен салыстырудан
тұратын кіріс пен шығыс есебін қолдану
керек, оның баланстан айырмашылығы ол
кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып
қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал
қозғалысы, есепті кезеңдегі ұйымның қаржылық
нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның
балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы
адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттықұ
болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс
немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін
табыстар мен шығындар туралы жеткілікті
мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің
көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның
қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс
тәжірибесінде, балансты есеп берудің
басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын
біздің елге қарағанда, табыс және зиян
туралы есепке біршама басымдылық берілуі
кездейсоқ емес. Дәл осы үлгі американдық
және жаңазеландиялық компаниялардың
жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі.
Табыстар мен шығындар баптарының
арасын ажырату ұйымның жұмысының нәтижесін
көрсетуге мүмкіндік береді.
Осылайша кәсіпорынның кіріс
пен шығыс есебі қаржылық есептің қалған
екі элементі туралы- яғни табыс пен шығындар
туралы мәліметтерден тұрады. Табыстар
активтердің көюеюін немесе міндеттемелердің
азаюын көрсетеді, ал шығындар- активтердің
азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің
көбеюін көрсетеді.
Ақша қозғалысы есебінде
кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша
қаражаттарының көздері анықталады және
оларды пайдалану жолдары көрсетіледі.
Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған
ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен
алынған қаражаттары жеткілікті ме, соны
көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды
кәсіпорынның операциялық, инвестициялық
және қаржылыққызметінің белгілі бір
бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының
келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның
қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға
мүмкіндік береді.