Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:03, реферат

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының

Содержание работы

Кіріспе.

1 тарау. Өндіріске кеткен шығындар есебі

1.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу
1.4 Үстеме шығыстардың есебі

2 тарау. Онімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі.
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың тапсырыстық
әдісі.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

+++Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.docx

— 121.21 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым Министрлігі

Ш.Есенов атындағы Капсий мемлекеттік  технологиялар және

инжиниринг университеті

«Экономика және құқық» институты

«Есеп және аудит» кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Пән: Басқару есебі.

 

Тақырыбы: Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің

өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі.

 

 

 

 

 

 

                                                                           Орындаған: Куатова. Ж. К

                                                                                                     УА 10-7

                                                                           Тексерген:   Карашаев. Д. Ә

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

АКТАУ 2013 жыл

 

                                                    

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.

 

1 тарау. Өндіріске кеткен шығындар есебі

 

1.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі

1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі

1.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу

1.4 Үстеме шығыстардың есебі

 

2 тарау. Онімнің өзіндік құнын  калькуляциялау әдісінің түсінігі.

2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу  және есептеудің түрлері

 2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың

       қарапайым әдісі

2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын  есепке алудың тапсырыстық            

       әдісі.

 

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару  жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс  процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есебі  бухгалтерлік есеп Стандарттарында  және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы  қағидалары мен ережелерінің негізінде  құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің  құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша  ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі  жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің  күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару  жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру  мүмкін емес.

Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін  өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын  көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл  орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға  қарсы күресте бухгалтерлік есептің  маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға  болмайды.

Менің бұл  курстық жұмысты таңдау себебім  өндірістік шығындар кәсіпорын және мекемелерде болып жатқан өзгерістерді толығымен қарастыру дұрыс деп  шештім. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды дұрыс есептеу кәсіпорынның әрі  қарай өркендеуіне жалпы экономиканың өркендеуіне көп ықпал етеді. Сонымен қатар өндіріске жұмсалатын шығындардың дұрыс ұйымдастырылуы өнімдердің өзіндік құнын нақты  есептелуіне және оны төмендетуге  мүмкіндік береді. Сондықтан аталған  тақырып аса өзектілікке ие болды. Курстық жұмыстың мақсаты болып: кәсіпорындағы өндірістік шығындардың  құрылымын бухгалтерлік есепте шығындарды есепке алынудың теориясы мен тәжірибесін  зерттеу және өндірістік бухгалтерияның өзара байланысын қарастыру болып  табылады. Осы қойылған мақсаттардың орындалуы келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • өндірістік шығындардың құрамын қарастыру
  • өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыруды қарастыру
  • өндірістегі ақаулардың есебін қарастыру
  • қарым-қатынастарын зерттеу.

Курстық жұмыстың обьектісі болып кәсіпорынның негізгі және көмекші өндіріс  шығындары табылады. Осы курстық  жұмысты орындау барысында: заңдар оқып жұмыста қолдандым.

 

                                1 тарау. ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ

                                                1.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі

 

            Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 8010-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 8011 - "Материалдар", 8012 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек  ақысы", 8013 - "Еңбек ақыдан аударылатын  аударымдар", 8014 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл сонында 8010 "Негізгі өндіріс" шотында  қорытындыланады.

8010 "Негізгі  өндіріс" шоты бойынша өндірістін  шығындар есебі төмендегі номенклатура  баптары бойынша топтастырылып,  әдетте, олар элементтерінің кескіні  бойынша есепке алынады.

Материалдар. Шикі заттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

Лимиттік-алу  карталары және талап-накладнойы жұмсалған  шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды  өндірісте есептен шығару үшін негіз  болып табылады. Осы құжаттардың  деректері цехтар (өндірістер), калькуляция  немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.

Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.

Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір  өнімнің өзіндік құнына, тауарлы  өнімге және аяқталмаған өндіріске  сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды  түрде таратылады.

Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.

 

                      4. Сызба. өндірісте жұмсалған шығындардың есебін ұйымдастыру

 

211 «Негізгі өндіріс» шоты     900 « Негізгі өндіріс» шоты         221 «Дайын өнім» шоты

  дебет              кредит                   дебет              кредит                           дебет               кредит


                  Есепті кезеңнің басындағы

                  Аяқталмаған өндіріс қалдығы

                                                                                 Қоймаға тапсырылған өнім


                   901 шоты


     201-206, 208        Өндіріске  өндірістік                                        950 «Өндірістегі ақау»

     шотттарының      сипатындағы жұмсал-                                             шоты


       кредиті              ған материалдар, жұ-              Жөнделмейтін ақау есептен шығарылды

                                  мыстар және қызметтер


                                                                                         

               902 шоты                                                               201-206 «Материалдар» шоты


688 шотының        Негізгі  өндіріс жұмыс-               Пайдаланбайтын қалдықтар мен

   кредиті               шыларының жалақысы              материалдар қайтарылды


 

         

                 903 шоты

634 шотының         Негізгі  өндіріс жұмыс-


кредиті («Әлеу-    шыларының  жалақы-

меттік салық»,      сынан  аударылған                         910 «Өндірістің өзінде өндірілген

субшоты)              әлеуметтік салықтар                                фабрикаттар» шоты


  904 шоты                                                Өндірістің өзінде шығарылған

930 шотының        Негізгі  өндіріске тиесі-            шалафабрикаттар


   кредиті               лі, үстеме шығыстары  


 

«Транзиттік шоттары» бойынша

       шығындардың  жиыны

 

910 шотының       Өндірістің  өзінде шы-                   211 «Негізгі өндіріс» шоты


  кредиті                ғарған шалафабрикат-    


                               тар, өндіріс қажеттілігі-          Есептік кезеңнің аяғында аяқталмаған

                               не босатылды                         өндіріс қалдығы                                      

920 шотының       Көмекші  өндірістің


  кредиті                көрсеткен қызметі


950 шотының       Ақаудан  болған

   кредиті               жоғалтулар


 

Өндіріске жұмсалған шығындардың                    Есептен шығарылған шығындардың  баулығы


баулығы


 

Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық  ресурстарының шығыстарына қайтарылған  өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.

Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын  материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары  бойынша пайдаланбауы мүмкін.

Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа  түрін өндіру үшін толық, құнды материал ретінде берілген материалдық ресурстар  қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың  тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен  шығару әдістерінде белгіленген.

Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:

- егер  де қалдықтарды негізгі өндіріс  мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып  шығарылса немесе қосалқы өндіріс  мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен  тұтынатын тауарларды дайындау  үшін пайдаланса, онда шикізат  пен материалдардың бастапқы  құнының төмендетілген бағасы  бойынша;

-  қалдықтар  қайта өңдеуге немесе сыртқа  сатуға кетсе, олардың жинау  мен өңдеуге жұмсалған шығындарын  шегере отырып, қалдықтарға белгіленген  бағасы бойынша;

- егер  де қалдықтар шартка сәйкес  шикізат немесе толыққанды материалдар  ретінде пайдалану үшін сатылса,  онда шикізаттар немесе материалдар  бастапқы толық бағасы бойынша  бағаланады.

Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға  жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды  нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға  тиісінше бақылау жасауды жолға  қою керек. Қайтымды қалдықтарды  қоймаларға тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың  құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кіріске  алынуын 1315-шоттың дебеті және 8010-шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 8010-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.

Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар  және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өткізіліп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сактау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.

Информация о работе Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі