Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:03, реферат

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының

Содержание работы

Кіріспе.

1 тарау. Өндіріске кеткен шығындар есебі

1.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу
1.4 Үстеме шығыстардың есебі

2 тарау. Онімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі.
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың тапсырыстық
әдісі.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

+++Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.docx

— 121.21 Кб (Скачать файл)

Субъектінің өз транспортымен жөне өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған  бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары  да өндіріс шығындарының тиесілі  элементтеріне қосылады (еңбек ақы  төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын  аударымдарға және т.б.).

Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері  жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына теленетін  үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектің  қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау  шығыстары; материалдарды тікелей  дайындаумен байланысты іс-сапар  шығыстары т.б.

Технологиялық мақсатқа арналған энергия  мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.

Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отыңдардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа  цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын жүргізу үшін т.б.

Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған  энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік  және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны  тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық  шығындардан қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың  тұтыну сапасын (химиялық немесе физикалық  қасиеттерін) толық немесе ішінара  жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім щығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық, әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.

Еңбек ақы. "Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:

-  кәсіпорында  қабылданған еңбек ақы төлеу  жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ  жеке еңбек келісім шартына  сәйкес лауазымды айлық ақысы  және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке  кесімді ақы төлеу бағасы (расценкасы) арқылы нақты орындалған жұмысқа  есептелінген жалақысы;

- ынталандыру  сипатындағы төлемдер: өндірістік  нәтижелер үшін берілетін сыйлықақылар (заттай сыйлықақылардың құнын  қоса алғанда), кәсіптік шеберлігі,  еңбектегі жоғары табыстары және  т.б. көрсеткіштері үшін төленетін  тарифтік ставкалары мен айлықақыларға  қосылатын үстемақылары;

- жұмыс  режимімен және еңбек жағдайларымен  байланысты өтемдік сипаттағы  төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы  жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс,  көп ауысымды режимдегі жұмыс,  демалыс және мереке күндеріндегі  жұмыс үшін, мамандықты (кәсіпті)  қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;

- қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес жекелеген  салалардағы қызметкерлеріне тегін  көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны, қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге  берілетін тегін тұрғын үйге  ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б. тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);

-  қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес тегін  берілетін, тұрақты әрі жеке  пайдалануында қалатын заттардың  (арнайы киім-кешекті қоса алғанда)  құны немесе олардың арзан  бағаға сатылуына байланысты  жеңілдіктер сомасы);

- қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес кезекті  және қосымша демалыстарға ақы  төлеу (пайдаланылмаған демалысқа  өтем ақы төлеу), сондай-ақ мемлекеттік  міндеттерді орындаумен, медициналық  тексерулерден өтумен байланысты  уақыттар;

-  заңдарда  белгіленген жағдайларда кәсіпорындар  мен ұйымдардың қайта құрылуына,  қызметкерлер мен штаттағылардың  қысқаруына байланысты жұмыстан  босаған қызметкерлерге төлемдер  төлеу;

-  қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес еңбек  сіңірген жылдары үшін бір  мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы  мамандығы бойынша жұмыс стажы  бойынша үстемақылар) төлеу;

- қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэффициенттер бойынша  шөлейтті, сусыз және биік таулы  жерлердегі жұмысы үшін белгіленген  коэффициенттер бойынша төлем  төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары  бар аудандардағы үздіксіз жұмыс  стажы үшін жалақыға заңдарда  көзделген үстемақыларды төлеу;

-  кәсіптік-техникалық  училищені  бітірген түлектерге  және жоғары немесе арнаулы  орта оқу орындарын бітіріп  шыққан жас мамандарға жұмыс  басталар алдында демалысқа ақы  төлеу;

- кешкі  және сырттай жоғары және арнаулы  орта оқу орындарында, сырттай  аспирантура, кешкі (ауысымды) оқу  орындарында, кешкі (ауысымды) кәсіптік-техникалық  және сырттай жалпы білім беретін  мектептерде ойдағыдай білім  алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға  түскен жұмысшылар мен қызметшілерге  берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;

-  заңдарда  көзделген жағдайларға сәйкес  еңбек ақысы темен жұмыстарды  атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша  еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда  іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне  дейін заңдарда белгіленген қосымша  ақылар төлеу;

- бұрынғы  жұмыс орнындағы қызметтік айлық  ақысының мөлшерін белгілі бір  мерзім ішінде сақтай отырып (заңдарға  сәйкес) баска кәсіпорындар мен  ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын  атқарған қызметкерлерге төленетін  айлықақылардағы айырмашылық;

-  вахталық  жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның  орналасқан жерінен (жиналу пунктінен)  жұмыс орнына дейін және кері  қарай жолда жүрген күндері  үшін, сондай-ақ ауа райының жағдайына  қарай және көлік ұйымдарының  кінәсінен жолда кідіріп қалған  күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);

- жұмысшы-донорға  тексеруден өткен, қан тапсырған  және әрбір қан тапсырған күннен  кейін демалыс алған күндері  үшін ақы төлеу;

- егер  атқарылған жұмыс үшін есеп  айырысуды тікелей кәсіпорынның  өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның  штатында тұрмайтын қызметкерлерге  олардың азаматтық-құқықтық сипатта  жасасқан  шарттары бойынша атқарған  жұмыстарына акы төлеу. Бұл  орайда, мердігерлік шарт бойынша  жұмыс атқарғаны үшін қызметкерлердің  еңбегіне акы төлеуге жұмсалатын  қаржының мөлшері осы жұмыстардың  (көрсетілген қызметтердің) және  төлем құжаттарының сметалары  негізге алына отырып белгіленеді.

Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан  Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын  аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (16% мөлшерлемесі бойынша) көрініс  табады. Әлеуметтік салықтың салық  салу объекті болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.

Үстеме  шығыстар. Үстеме шығыстар - бұл өндірісті  басқарумен және қызмет керсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары  көрініс табады.

Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық  шығыс баптары бойынша 8040 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған  өнімге үстеме шығыстар қосылады.

Үстеме  шығыстар ай соңында белгіленген  әдістеме бойынша. Негізгі өндіріс  шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8014 шоты дебеттеліп және 8040 шоты кредиттеледі.

Шаруашылық  жүргізуші субъекттер өзінің есептік  саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.

Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті  дайындау және игеру шығыстары" деген  бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығына және басқа  да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті шығын  деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.

Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда  шығыстың жалпы сомасынан алынған  өнім бірлігіне белгіленген норма  бойынша өтеледі.

Егер  де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті  игеру шығындары олардың арасына  таратылады, ал тарату процесі, әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және кұрал-жабдықтарды  пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына  пара-пар (пропорционалды) етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде өндірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен жатқызылады.

Өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары  бойынша топтастырылады, онда әрбір  цех үшін жеке парақтар ашылады.

8010 - "Негізгі  өндіріс" шотының дебеттен  кредиті бойынша шоттар корреспонденциясын  қарастыру үшін жоғарыда келтірілген  мысалға қайтып ораламыз. Шағын  аяқ киім тігетін кәсіпорын  төрт негізгі өндіріс цехтары  бар болсын делік: кесу, пішу, дайындау.  Ол кәсіпорын төрт түрлі өнім  ассортиментін шығарады делік:

- ерлер  ботинкасын;

- ерлер  туфлиін;

- жеңіл  әйелдер туфлиін;

- үйге  киетін әйелдер туфлиін.

Ағымдағы  айда аталған өнімнің өндіріс  көлемі мынадай болған:

10 мың  жұп — ерлер ботинкасы;

7 мың  жұп — ерлер туфлиі;

5 мың  жұп — әйелдер туфлиі;

12 мың  жұп - әйелдердің үйге киетін  туфлиі.

Кәсіпорынның  жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші өндірістер құрылған: жөндеу-механикалық; қазандық; автотранспорттық; олардың шығыны дайын  өнімнің өзіндік құнын келесі тәртіпте енгізіледі: жөндеу-механикалық  цехының шығыны - жөндеу жұмысының  түрлері бойынша; бу қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары — тұтынылған қызмет көлеміне сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.

Кәсіпорынның  есептік саясатында үстеме шығыстар құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау  шығыстарына қатысты (осы шығындардың  деңгейшен алынған құрал-жабдықтың  бір сағаттағы жұмысынан есептелген) бөліміне және тиесілі өнім бірлігін әзірлеу кезіндегі жұмыстың ұзақтығына қарап таратылуы мүмкін. Жалпы үстеме шығысын тарату негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап жасалынады.

Ағымдағы кезеңде 400 жұп аяқ киім сапа бөлімінің бақылауынан өтпеген, демек олар ақау болып табылған. 52 жұп әйелдердің үйге киетін туфлиі жөнделмейтін ақау болып танылған, олар" 12000 теңге сомасын құраған. Жөнделмейтін ақау бойынша жасалган шығыстан 2000 теңге сомасын өзіндік құнға жатқызған. Ерлердің 348 жұп туфлиі бойынша 24683 теңге деңгейінде ақаулар табылған, бірақ ол ақауды жөндеуге болатындығы дәлелденген. Ақаулар бойынша орын алған шығындардың бір бөлігі өтелген, оның сомасы 17100 теңге құраған, ал оның бір бөлігі өндіріс шығыны ретінде есептен шығарылган. Ағымдағы айда аяқ киімді дайындау кезінде келесі шығыстар жасалғаны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладная) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі және 8010-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шот дебеттеледі де, 8010 шот кредиттеледі.

                                       

                                        1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі

Информация о работе Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі