Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:03, реферат

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының

Содержание работы

Кіріспе.

1 тарау. Өндіріске кеткен шығындар есебі

1.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу
1.4 Үстеме шығыстардың есебі

2 тарау. Онімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі.
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың тапсырыстық
әдісі.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

+++Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.docx

— 121.21 Кб (Скачать файл)

910 - "Өзіне  меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар"  шотының кредитінен шалафабрикаттардың  дайын нақты өзіндік құны мен  аяқталмаған өндіріс құны мына  шоттардың дебетіне есептен шығарылады:

900 - "Негізгі  өндіріс", 920 - "Көмекші өндіріс" - одан әрі өңдеу үшін негізгі  немесе көмекші өндірістерге  берілген шалафабрикаттардың бір  бөлігі;

221 - "Дайын  өнім" - сатуға жататын шалафабрикаттардың  дайын бөлігі;

212 - "Өзіне  меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" - шалафабрикат өндірісіндегі аяқталмаған  бөлігі.

Шалафабрикаттардың  талдамалық есебі олардың сақталатын жерлері және жекелеген атаулары (түрлері, сорттары, мөлшерлері және т.б.) бойынша жүргізіледі. Шалафабрикаттардың қайда жұмсалынып жатқаны туралы деректерді жинақтау үшін "Цехтардағы материалдарды есепке алу ведомосы" қолданылады, ол, әдетте, цехтардың, учаскелердің берген есептері негізінде жасалады. Ведомоста айдың басындағы және сонындағы шалафабрикаттардың қалдықтары; жалпызауыттық қоймадан, цехтардан дербес қоймаларынан түскен түсімдері, баска да түсімдері; жалпызауыттық қоймаларға қайтарылғаны, цехтардың дербес қоймаларына берілгендері; баска да босатулар және есептен шығарылғандар (оның ішінде кем шығу) көрсетіледі.

Өндірістегі шалафабрикаттар қозғалысын, яғни жедел  есебін кәсіпорынның басқару бухгалтериясы, не өндірістік-диспетчерлік қызметі  жүргізеді.

                                                     1.4 Үстеме шығыстардың есебі

 

Үстеме  шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың  жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей  дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға  болмайды.

Үстеме  шығыстар, әдетте, біршама жалпы  сипатқа ие болады:

- кешендік  сипаты – шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;

- екі  және одан да көп бұйымдар  шығарған кезде бұл шығыстарды  тікелей белгілі бір бұйымға  жатқызу қиынға түседі, демек  олар дайын өнімнің арасына  таратылады және аяқталмаған  өндіріске де жатқызылады.

Үстеме  шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына  тәуелді болып келеді. Негізінен  ол шаруашылықтың есеп саясатына  сәйкес көрініс табады:

- өндіріс  жұмысшыларының еңбек ақысына  пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

- тікелей  материал шығыстарына пapa-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

-  өндірілген  өнім санына немесе өнделген  шикізаттың салмағына пара-пар  етіп (пропорционалды) таратылады;

- цех  құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, кара металлургияда)  немесе шикізат құны шегерілген  цехтың өзіндік құнына пара-пар  етіп (пропорционалды) (мысалға, жеңіл  өнеркәсібі) таратылады;

- алдын-ала  белгіленген шығындардың тұрақты  коэффициенттері бойынша таратылады;

-  басқа  да тарату базалары бойынша  таратылады (құрал-жабдықгың жұмыс  сағатына және т.б.).

8040 – «Үстеме шығындар» бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

8040 – «Үстеме шығындар», онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

8041 – «Материалдар» — үстеме шығындардағы материалдардың барлықтүрлерін есепке алу үшін арналған;

8042 – «Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу» — жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

8043 – «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» — 8042-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;

8044  - «Негізгі құралды жөндеу» – өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

8045  - «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» — өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

8046 – «Тұрғын-үй қызметі» — тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да керсетілуі мүмкін;

8047 – «Жал ақысы» — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

8048 – «Басқа да» — әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

Үстеме  шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі  келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді:

Мысал. Аяқ  киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны  төрт өнім түрін шығарады делік:

теріден тігілген ерлер аяқ киімі – 100 мың жұп айына;

теріден тігілген ерлер туфлиі — 7 мың жұп  айына;

жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың  жұп айына;

үйде  киетін әйелдер туфлиі – 12 мың жұп айына.

Үстеме  шығыстарын тарату кезінде мыналар  қабылданды:

- алдымен  құрал-жабдықты пайдалану мен  күтіп-ұстау шығыстары бойынша  таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың  жұмыс сағатына кеткен осы  шығыстын деңгейі және тиесілі  өнім түрін әзірлеген кездегі  құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы  ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың  жұмыс істеу машина / сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;

— содан  соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс  жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.

Сметалық  нормативтік мөлшерлеме есептеу  үшін мына формуланы пайдаланады:

Н=СР,

Мұнда,

Н – сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;

С — құрал-жабдықтың  бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;

Р – құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.

Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін  әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі  топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын  түзету коэффициентіне көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау  үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды:

- цех  құрал-жабдықтарының шығындарын  олардың күрделілігіне, қуаттылығына  және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың  бірлігіне келетін шығыстың мөлшері  бойынша да 4 топқа бөлінеді: А,  Б, В, Г;

- құрал-жабдықтың  әрбір топтары бойынша жылдық  сметалық шығыс жасалған, оның  жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;

- әрбір  топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу  мерзімі белгіленген, осыдан барып  өндіріс құрал-жабдығының бір  нормативтік сағатының сметалық  мөлшерлемесі анықталады.

Жоғарыда  келтірілген мысалда теріден  тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге  арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға  кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін  есептеу жолы көрсетілген. Енді біз  басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.

Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің  конструкциясы, технологиясы және басқа  параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін  алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып  келеді. Олардың шығыс нормасы  типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бұл арада  атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды  пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары  оның калькуляцияланатын объектілеріне  істелген машина сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін  пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.

Көмекші өндірісте біртектес өнімдер  әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары  негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

Есептелген  сметалық мөлшерлеменің негізінде  құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау  шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін тарату үшін келесі есептеулер жасалады.

 

1 тару. Өнімнің өзіндік құнын  калкуляциялау әдісінің түсінігі.

2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу   және калькуляциялаудың түрлері.

        Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Есептеу - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік  құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын  оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер  уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік  беріп, оны өнімнің өзіндік құнын  төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны  өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға  және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы  сұранысын ескеретін негізгі  бағасын белгілеуде пайдаланады.

Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде  қорытындыланады.

Калькуляцияның  мына түрлері болуы мүмкін:

  • жоспарлы - еңбек нарығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстын жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
  • есеп берушілік (нақты) калъкуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
  • нормативті калькуляциялар - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдығы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
  • жоболық калькуляциялар - келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений), жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
  • алдын ала жүргізілетін калькуляция - нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезенінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.

Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын  есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы  объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі  бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін  өндірісінде шығын есебінің объектісі  мен калькуляциялау объектісіне  бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

Калькуляциялау  объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын  өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі - ірі қара мал, ал калькуляциялану  объектісі - сүт, төл, көң).

Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық  процесте шикізаттың бір түрінен  әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп  таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен  анықталады.

Шығынды шығары тастау әдісі - мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, аи қалғаны ілеспе (попутные) ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойьшша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады..

Құрамдастырылған (комбинированный) әдіс - негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін  өндірегін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда  алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан  ілеспе өнімнің құнын шығарып  тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген  коэффициенттерге сәйкес негізгі өнімдерге  бөлінеді.

Кезеңдер:

•кешенді  шығынның жаллы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;

•шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей  көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;

•шығынның қалдығы белгіленген коэффициенттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;

•тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы  шамасы анықталады.

Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық  калькуляцияның процестік әдісі  бөліп көрсетіледі.

Тапсырыстық әдіс - технологиялық мақсаттарға  арналған материалдар шығынын, өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысын  және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтай алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір тұрпатты (тип) өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету саласында қолданылады.

Информация о работе Өндіріске кеткен шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің түсінігі