Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының аудиті мен ревизиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 16:45, курсовая работа

Описание работы

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................3
І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны........................................5
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.......................................6

ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.....................................................17
2.2Негізі құралдарды құнды, бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21
ІIІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ МЕН РЕВИЗИСЫ
...................................26

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................35

Файлы: 1 файл

Курсовой Айгерим.doc

— 258.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің  3 бухгалтер «А» тобының студенті

 

 

Курстық жұмыс

   Тақырыбы: «Негізгі құралдардың

амортизациясы және тозуының аудиті мен ревизиясы»

 

                                                   

 

                                                            Орындаған:   Абишева  А.   

                                                                             Тексерген: Тленова А.

 

 

 

 

 

Талғар 2013ж

М А З М  Ұ Н Ы

 

Кіріспе.................................................................................................3

І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ  ЕСЕБІ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық  мазмұны........................................5

1.2 Негізгі құралдардың  амортизациясының есебі.......................................6

 

  ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ  ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың тозуының  есебі.....................................................17

2.2Негізі құралдарды  құнды, бірқалыпты және  жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21

ІIІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ МЕН РЕВИЗИСЫ

                                                                               ...................................26

 

 ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33

 Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі.................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың  амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде негізгі құралдардың  экономикалық мәні және жалпы жіктемесі  жайына тоқталамын.

Ең  алдымен жалпы  негізгі құралдарға  қысқаша атап өтетін болсам -негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдык, өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың, мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құнды-лықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.

Негізгі құралдар  өндіріс  үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға  тура келеді.

Негізгі құралдардың  тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың  сапалық тозу олардың толық табиғи тозуы жетпейақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің  ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Жоғарыда айтылғандарды  осы «курыстық жұмыстың»  екінші бөлімінде, негізгі құралдардың  тозуын, олардың табиғи және сапалық  сипаттарын, жоғалту себебтерін ашып көрсетеміз. Яғни негізгі құралдардың амортизациясының есебін, құнды бірқалыпты және  жылдамдатып шығару әдісін анықтаймыз,негізгі құралдардың тозу есебін шығарамыз.

Сонымен бірге «курыстық  жұмыс» барысында мен «Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебін» шығарылуының  ерекшеліктерін мысал ету ретінде  «Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасының» бағытын ашып көрсетемін.

 

 

 

І . НЕГІЗГІ  ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Негізгі  құралдардың экономикалық мазмұны.

Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық құралдары негізгі және айналым  құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы  өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.

Кәсіпорындарда негізгі  құралдардың бірыңғай типтік жіктелуі қолданылады. Сол жіктеуге байланысты оларды төмендегідей белгілермен топтастырады:

  • а) өндіріске қатысуына байланысты: өндірістік және өндірістік емес. Өндірістік негізгі құралдарға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда т.б. қызмет түрлерінің құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық шаруашылық қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет тағы басқа қызмет түрлерінің негізгі құралдары жатады.
  • б) тиістілігіне қарай негізгі құралдар: меншікті және арендалық болып екіге бөлінеді. Меншікті бұл кәсіпорынның меншігіндегі және оның балансында көрсетілетін негізгі құралдар. Арендаланған бұл басқа кәсіпорыннан аренда шарты негізінде белгіленген мерзімге алынған негізгі құралдар. Арендаланған негізгі құралдардың қатарына мерзімі өткенге дейін немесе өткесін шартта көрсетілген бағаны төлегеннен кейін арендатордың меншігіне көшетін, ұзақ мерзімге арендаланған негізгі құралдар жатады.
  • в)пайдалануына қарай негізгі құралдар пайдаланудағы, запастағы және консервациядағы болып бөлінеді. Запастағы негізгі құралдарға пайдаланудағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін алып қалынған негізгі құралдар жатады. Консервацияға қойылған негізгі құралдар уақытша қолданылмайтын негізгі құралдар.
  • г) атқаратын қызметіне, түрлеріне байланысты: жер, ғимараттр мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, беріліс құралдары, көлік құралдары, басқалары. Әрбір көрсетілген негізгі құралдар тобына келесі объектілер кіреді:

Ғимараттар: мақсаты халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету. Тұрғын үй, еңбек жағдайын туғызу болып табылатын архитектуралық құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрғын инвентарлық объекті болып есептеледі.

Құрылыс жағдайлары: еңбек  затын өзгертпей, қандай да болмасын қызметті атқару жолымен өндіріс процесін іске асыруға арналған инженерлік құрылыс объектілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Негізгі  құралдардың амортизациясының есебі

 

Амортизация сөзі латын  тілінен аударғанда «өтеу» деген  мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген  бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз - бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар  мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.

Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.

Ұйымдарда негізгі құралдардағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым  сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны қосылып отырады.

Кәсіпорындарға жаңадан  келіп түскен, кіріске алынған  негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан  бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер  бойынша жүргізіледі:

  1. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі.
  2. Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне  тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі.
  3. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

а) қалдық құнының кему әдісі;

ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі.

Амортизациялық аударым  есептеудің таңдап алынған әдісі  кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады.  Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.

Амортизация- бұл тозудың құнды белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Амортизациялық құн  дегеніміз бастапқы құн мен жою  құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша  жасалады. Амортиация нормасы - бұл  амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың  жылдық орташа құнына қатынасы.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне  орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негігі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы  мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдардың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшрін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімнің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға  берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация есептеу енгізіген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және негізгі құралдар консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі  қорлар бойынша амортизация есептеуді  жалдау шартының нысанына және шарттың  талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға  беруші жүргізеді.

Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметінің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

Алты БЕС пен 16 ҚЕБХС  «негізгі құралдар» сәйкес амортизацияны  есептеу үшін мынадай тәсілдер ұсынылады.

Құнды бір келкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі- объект құны ай сайын тең сомамен  есептен шығарылады.

Мысалы: 95760 компьютері алынды, қызмет мерзімі бес жыл, болжанатын жойылу құны 1850.

1-кесте

Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортизация-ланатын құн

Қызмет мерзімі

Аморт нормасы

Жылдық аморт.

1999

95760

1850

93910

5

20

18782

2000

95760

1850

93910

5

20

18782

2001

95760

1850

93910

5

20

18782

2002

95760

1850

93910

5

20

18782

2003

95760

1850

93910

5

20

18782

Информация о работе Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының аудиті мен ревизиясы