Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 16:45, курсовая работа
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Кіріспе.................................................................................................3
І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны........................................5
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.......................................6
ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.....................................................17
2.2Негізі құралдарды құнды, бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21
ІIІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ МЕН РЕВИЗИСЫ
...................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................35
Тозуды есептегенде 8410 - «Қосымша шығындар» бөлікшесіне өндірістік шоттары, 2420 - «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» қолданылады.
Тозуды есетегенде:
8410 - «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық активтер амортизациясы» дебеті. 2420 - кредиті.
Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 7210 - «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі.
Тозуды есептегенде:
7210 - дебеті, 2420 – кредиті.
Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 7110 - «Тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.
Тозуды есептегенде:
7110 – дебеті, 2420 - кредиті.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Тозу – бұл физикалық және моралдық сипаттамаларын жоғалту процесі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын ( физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктерінің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерінің жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдард одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын фактор:
1.Өндірістегі жабдықтар
мен жабдықтардың жаңаруы (
2.Технологиялық процестің
жетілуі (жаңа технология
3.Шығарылатын өнім
номенклатурасының жаңаруы мен
өзгеруі (бұл орайда ескі
4. Тауар өндіуге арналған
машиналар мен жабдықтардың
5. Жұмыс күшінің, блікті
қызметкерлердің еңбекпен
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;
6.Өнеркәсіптің өңдеуші
салаларындағы шикізат
2.2 Құнды бірқалыпты
және жылдамдатып есептен
Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бірқалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құнмен қалдық құнның айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Мысалы: станоктың бастапқы құны 1000000 теңге ал қалдық құны 100000 теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес жыл деп аталып осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол 180000 теңгені құрайды. Яғни
1000000-100000=900000
900000/5=180000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге ((1000000-100000), яғни бастапқы құнымен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл стоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20 пайыз деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.
Төмендегі кестеден үш жағдайды көруге болады:
Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген.
Станокқа амортизациялық аударым сомасының
бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады.
-кесте
Станоктың бастапқы құны (теңге) |
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге) |
Жинақталған тозу сомасы (теңге) |
Станоктың қалдық құны (теңге) | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
------------------ |
---------------- |
1000000 |
1-жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
820000 |
2-жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
360000 |
640000 |
3-жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
540000 |
460000 |
4-жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
720000 |
280000 |
5-жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
900000 |
100000 |
Егер жоғарыда, яғни алдыңғы
әдісте қарастырылған станок өзінің
5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты
аралығында 10 миллион дана өнімді жасауға
негізделген болса, онда ол станокқа
жыл сайын есептелетін
Бастапқы құны-қалдық құны Х әр жылдағы өндірілген =
______________________________
жалпы өндірілуге тиісті өнім саны өнім саны
1000000-100000 Х әр жылдағы өндірілген өнім саны = 0,09 теңге х
___________________________
10000000
әр жылдағы өндірілген өнім саны.
Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын.
Егер станок
бірінші жылы 3 миллион
екінші жылы 3 миллион
үшінші жылы 2 миллион
төртінші жылы 1 миллион
бесінші жылы 1 миллион
өнім өндірсе, онда оған
әр жылда есептелетін
бірінші жылы 270000тг = 3 миллион х 0,09= 270000
екінші жылы 270000 тг = 3 миллион х 0,09 = 270000
үшінші жылы 180000 тг = 2 миллион х 0,09 = 180000
төртінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0,09 = 90000
бесінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0,09 = 90000 сомаларына тең болады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі
-кесте
Станоктың бастапқы құны (теңге) |
Өндірілген өнім көлемі (дана) |
Бір жылдық аморт-лық аударым сомасы (теңге) |
Жинақталған тозу сомасы (теңге) |
Станоктың қалдық құны (теңге) | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
----------------- |
---------------- |
--------------- |
1000000 |
1-жылдың соңында |
1000000 |
3000000 |
270000 |
270000 |
730000 |
2-жылдың соңында |
1000000 |
3000000 |
270000 |
540000 |
4600001 |
3-жылдың соңында |
1000000 |
2000000 |
180000 |
720000 |
280000 |
4-жылдың соңында |
1000000 |
1000000 |
90000 |
810000 |
190000 |
5-жылдың соңында |
1000000 |
1000000 |
90000 |
900000 |
100000 |
Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының расында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қодану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Құнды жылдамдатып есептен шығару әдісі - жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құраларды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұ әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым (едәуір) асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабіеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізі құрадарды жаңа өнімділігі жоғары басқа д жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелнген жағдай негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Олар яғни жөндеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негігі құралдарға жылдадатып есептен шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі құралдардың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл, яғни ұзақ уақыт бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың өздерінің пайдаланылуы барысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде, яғни бірдей шамада болып қалады.
Қорытынды
Сонымен, «Негігі құралдардың амартизациясынның есебі» деген тақырыпқа арналған курыстық жұмысымды қортындылау үшін ең алдымен тағыда амартизация сөзіне анықтама берейін.
Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз - бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.
Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.
Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметінің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.
Есепке алу практикасында
кейде амортизация есептеу
Сонымен бірге «Негізі құралдардың амартизациясынның есебінің» кестелерін негізге алдым. Атап айтсам «Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелу кестесі», «Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі», «Әр түрлі тәсілмен есептелген амортизация қорытындыларын салыстыру» кестелері.
Сонымен осы курыстық жұмыстың үшінші бөлімде тәжірибе жүзінде «Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу» проблемасына тоқталдым. Есепке алу практикасында кейде амортизация есептеу нәтижесінде негігі құралдардың баланстық құны нөлге тең болатын, соның өзінде негігі құралдары өздерінің техникалық және пайдалану сапалары бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінде одан әрі пайдаланылатын жағдайлар кез болады. Бұл бөлімде сондай жағдайлардың салдарлары қаралды және ондай жағдайлардың пайда болуына жол бермеу әдістері келтірілді.
Информация о работе Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының аудиті мен ревизиясы