Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді. Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады.

Файлы: 1 файл

аудит.doc

— 190.00 Кб (Скачать файл)

әдеп термині ретінде біз  мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық  тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір  философия саласын ұғамыз. Бұл  анықтамада үш шешүші элемент бар:

    • шешімді таңдау проблемасы;
    • жаман мен жақсы туралы түсінік;
    • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп  кең мағынасында  өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.

Әдептің негізгі мақсаттарының  біріне шешім қабылдауда басшылық жасау  жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың  өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің  жаңа нұсқасы қабылданды, оның  ішінде олардың кәсіби тәртібін  көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін  орындауда жоғары кәсіби және  моральдық сапаларын танытуы  керек, өз қызметінің барлық  түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған  өз пікірін қалыптастыруы қажет.

2.  Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

3. Адалдық. Қоғамның сеніміне  ие болуы үшін аудиторлар өзінің  кәсіби міндеттерін адал әрі  мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай  отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын  аулақ салғаны жөн. Аудиторлық  жұмыстарды жүзеге асыруда олар  мәні бойынша және көрер көзге  де тәуелсіз болғаны абзал.

5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түоін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау  мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздылары:

Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық  кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.

Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дауөжанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмалауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептілік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті екжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.

Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды  адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп  өткізуге немесе алаяқтық жасамауға  тиіс.

 

Қателер мен алаяқтық, олардың елеулігін бағалау

Елеулік баптардың немесе қателіктердің  шамасына байланысты болады әрі соған  орай белгілі бір жағдайларда  олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір  қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор  сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған  ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты  есепшоттардың  сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін  арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын  аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).

 

Аудиторлық тәуекелділік

Бухгалтерлік стандарттар бойынша  комитет әзірлеген «Қаржылық  есеп беруді дайындау мен ұсынудың негіздерінде» « елеулік» ұғымына  былайша анықтама берілген: «Егер  ақпаратқа рұқсатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының қаржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін болса немесе ақпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалық шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор  сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған  ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты  есепшоттардың  сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін  арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын  аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі  соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).

Қаржылық есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелдік аспекетілері тікелей байланысты. Тәуекелдіктің негізгі екі түрі болады: аудиторлық тәуекелдік және бизнес (аудитордың немесе оның фирмасының) тәуекелділігі.

Аудиторлық тәуекелдіктің мағынасын  былай түсіндіруге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады.

Бизнес тәуекелдігінің мағынасы мынаған саяды: клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен арадағы өзара қарым-қатынасында сәтсіздікке ұрынады. Бизнес тәуекелділігін бақылаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі:

а) бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);

ә) сандық.

Арнайы әдебиеттерде сипатталған  аудиторлық тәуекелдіктің үлгісі (моделі) SAS 47 (ол SAS 39 ( аудиттің іріктеу әдісі туралы) ережесіне және тәуекелдіктің елеулігіне негізделеді). Аудиторлық тәуекелдіктің алдын ала үлгісі мындай формада болуы ықтималы:

 

 

DAR = IR · CR ·DR, 

 

мұнда DAR – қолайлы аудиторлық тәуекелдік (Desired audit risk);

IR – шаруашылық ішіндег ітәуекелдік  (Internet risk);

CR – бақылау тәуекелдігі (Control risk);

DR – табылмау тәуекелдігі, яғни  байқамай қалу қатері (Detektion risk).

Осы келтірілген үлгіге кіретін  аудиторлық тәекелдік түрлерінің ерекшеліктерін қарастырайық.

1. Қолайлы аудиторлық тәуекелділік (DAR)- аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторолық пікір-ескертпесіз (пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік шарасы.

2. Шаруашылық ішіндегі тәуекелділік (IR) – сегментте қателіктің барын және бұл қателіктің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі шаманы тыс (артық) екенің аудитордың болжау шарасы.

3. Бақылау тәуекелдігі (CR) – сегменттегі шамадан тыс қателік клиенттің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндетабылмайтын және жойылмайтыны аудитордың болжау шарасы.

Аудиторлық дәлелдеулер   

Әдіс кең мағынада нақты өмір шындығын, табиғи және қоғамдық құбылыстарды немесе шындықты белгілеу мен ғылыми таным жолын зерделеудің тәсілдемелік әдістерін білдіреді. әдетте жиі қолданатын ғылыми таным әдістері баршаға ортақ жалпы ғылыми және нақты ғылыми деп бөлінеді.

Маңыздырақ болып табылатын  таным тәсілінің барлық ғылым  салаларына әмбебап пен зерттеудің түрлі кезкңдерінде қолданылатын материалистік диалектика әдісі жатқызылып жүр. Әр білім саласындағы диалектикалық әдіс жиынтығында ғылымның әдістік негізін қалыптастырылған зерттеудің бірқатар жеке әдістері арқылы көрінеді.

Аудиттің жалпы және ерекше әдіснамасы бөліп көрсетіледі.

Аудиттің жалпы әдіснамасы табитғаттың, қоғамның және қоршағае ортаның  даму заңдылықтарын зерттейтін диалектиканың  және жалпы ғылыми таным теориясының  принциптер жиынтығын білдіреді.

Аудиттің ерекше әдіснамасы экономикалық ғылымның заңдарына негізделіп, бір жағынан, теориялық қорытындылар мен принциптерден, ал екінші жағынан – оны зерттеудің қолданбалы әдістерінен көрінеді.

Аудиттің ерекше әдіснамасы – бұл  талдамалы-бақылау, экономикалық және заң ғылымдарының теориясы мен практикасының жетістіктері негізінде әзірленген нақты құбылыстар мен процестерді зерттейдің әдістері мен тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелері. Олар аудиттің белгілі бір нәтижелерінің жетістіктеріне, зерделеу көлеміне, мақсатты функцияларына және ғылым мен практика салаларына сәйкес қолданылатын знрттеудің жалпы ғылыми әдістерімен олардың өзара байланысына қарай қалыптасты.

Тексеруге бел бұған, яғни тексеруге  шешім қабылдаған аудитор зерттеу  объектісі туралы шындыққа жанасымды айғақтарды алудың әр түрлі әдістерін таңдай алады. Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізу барысында тексеруді жүргізудің мынадай арнайы әдістердің, тәсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолдана алады:

  1. Нақты бақылау тәсілдері: тексеру, зерттеу, түгендеу, бақылап жіберу, лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты объектілерді тексеру және т.б.
  2. Айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның ішінде, деректемелерді формалдық тексеру, құжаттарда көрініс тапқан операциялар мен фактілердің мәні бойынша бағалауларын тексеру.
  3. Қадағалау тәсілдері: жаппай , тұтастай, іріктемелі, визуальды және тікелей.
  4. Жауап алу тәсілдері: ауызша, анкеталық, корреспонденттік, өзін-өзі тіркеу және т.б.
  5. Операциялармен міндеттемелердің шынайылығын тексеру тәсілдері: құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру, бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу және т.б.
  6. Сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері: өлшеу, салмақтау, қайта есептеу, салыстырып тексеру және т.б.
  7. Талдамалы процедуралары: іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі, перспективалық, оперативті, ағымдық, диалностикалық және т.б.

Аудитте және қаржылық-экономикалық талдауда қолданылатын әдістерді жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосалқы  жүйелерде топтастыруға мүмкіндік  береді: техникалық, талдамалы-есептік, құжаттық, қорытындылаушы және нақты бақылау. Олардың әрбіреуінің өз ерекшкліктері мен пайдаланатын салалары бар. Атап айтқанда:

Информация о работе Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы