Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Салық – Қазақстан республиканың бюджеттік стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық - бюджеттік аяны реформалдаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламалау тәсілдерін өндіру кіреді.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................
3
1
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық мәні..........................................................................

5
1.1
Қазақстан Республикасының салық жүйесі...................................
5
1.2
Акциз салығының экономикалық мәні..........................................
10
1.3
Акциз салығын салуда шетел тәжірибесі......................................
11
2
Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі................................................................................................

14
2.1
Акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу..................................
14
2.2
Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу әдісі.......
18
2.3
Астана қаласы бойынша акциздер түсімін талдау........................
20
3
Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары.............................................................................................

24
3.1
Акциз салығының мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы алатын орны......................................................................................

24
3.2
Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары.............................................................................................

27

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................
29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................

Файлы: 1 файл

АКЦИЗ САЛЫҒЫ.doc

— 229.50 Кб (Скачать файл)

АҚШ-тың саясаткер және қоғам қайраткері Бенжамин Франклин айтқандай: "Өмірде екі қағида даусыз ол өлім мен салық". Ал акциз салықтың бір түрі болғандықтан, оның болуы өмір талабы.

Еуропа елдерінің акциз салығы бойынша ұқсастықтарын еліміздегі салық жүйесімен іздеп көрейік. Бұны мен келесі тарауда ашып көрсетуге тырысамын.

Кесте – 1. Жоғарыда айтылып кеткенді схема түрінде көрсететін болсақ.

 

Елдер

Акцизделетін тауарлар тізімі

Ұлыбритания

Германия

Италия

Испания

Франция

1. Алкоголь өнімі

2.Жанар май

3.Темекі бұйымдары

4.Автомобиль құралдары

1.Алкоголь өнімі

2.Темкі бұйымдары

3.Кофе

4.Бензин

5.Мазут

1.Алкоголь өнімі

2.Темекі 

3.Бензин

4.Сыра

5.Сіріңке

6.Банан

7.Құрылыс материалдары

8.Электр энергиясы

1.Аклоголь өнімі

2.Темекі

3.Бензин

4.Автомобиль

1.Алкоголь өнімі

2.Темекі бұйымдары

3.Сіріңке

4.Бағалы металдан жасалған бұйымдар

5.Қант

6.Шоколад

7.Сыра

8.Минерал суы

9.Автомобиль 


 

Бұл елдерді салыстыратын болсақ, ұқсастықтарымен айырмашылықтарды көреміз. Салыстырған 5 елдің ішінде Италия мен Францияның акцизделетін тауарлар түрлерінің көп екенін көріп отырмыз. Әдеттегі тауарлар түрімен қатар, сіріңке, банан, шоколад, минерал суы секілді спецификалық тауар түрлері қосылған. Бұған әртүрлі себеп болуы мүмкін. Егерде Франция мен Италияда ол сіріңке, банан секілді тауарлар болса, Германия мен Испанияда ол алкоголь өнімі, бензин. Қалай дегенменде акциз салығы бұл елдердің салық жүйелеріндегі алатын орны ерекше. Өйткені акциз жоғары рентабельді тауарлар қызмет түрлеріне салынады, ал бұл дегеніміз әрқашан бюджетке бірқалыпты түсімдерінің түсімі.

 

2 Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі

2.1 Акцизделетін қызмет  түрлеріне салық салу 

 

Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салық салудың айқындылығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарына белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Бұл жерде салық салу объектілерін айту жөн.

Салық салу объектісі мыналар:

  1. Акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
  • Акцизделетін тауарларды өткізуі;
  • Акцизделетін тауарларды алыс-беріс шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
  • Жарғылық капиталға жарнасы;
  • Заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
  • Тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
  • Тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы.
  1. Бензинді және дизель отынын көтерме саудада өткізу;
  1. Бензинді және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
  2. Тәркіленген және иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
  3. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;
  4. Лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуі;
  5. Акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.

Мыналарға:

  1. Егер осы Кодекстің 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;
  2. Этил спирттің өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетін мемлекеттік орган белгілейтін коталар шегіндегі этил спирті: тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін, мемлекеттік медицина мекемелерін босатылса;
  3. Тұтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрілік құрал ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімге акциз салынбауға тиіс.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.

Тауар өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

Салық базасы.

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.

Адваторлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркелген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

Түрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне салық салу ерекшеліктері.

Салық Кодексінің 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне әр түрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуі тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.

Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.

Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин, дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

Осы баптың мақсаты үшін акцизделетін өнімнің бүлінуі, жоғалуы болып осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.

Акциз алымы маркаларының бүлінуі, жоғалуы.

Осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерлерінде төленеді.

Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі.

Маркада сауыттың көлемі белгіленбеген жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішімде құю жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:

  1. Акциз аламы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
  2. Акциз алымының бүлінген маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылданса, акциз төленбейді.

Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері.

Егер сатып алу – сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу – сату шарты бойынша:

Көтерге өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады. Бензин мен дизель отынын өндіруші:

  1. Бензин мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші өнім берушілер болып табылған жағдайда, бензинді және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Бензин мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай:

  1. Бензин мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерге олардың өндірістік қажеттері үшін өткізу;
  2. Бензин мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
  3. Өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану операциялары жатады.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:

  • Экспортталған акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім-шарт);
  • Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді.

Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден рәсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.

Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі.

Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарында акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде рәсімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу Салық Кодексінде 1 және 2 тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін тауарды белгіленген тәртіппен акциз салынуға тиіс.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңінде салық салынатын объектілердің саны өзгерсе, енгізілген объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.

Информация о работе Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары