Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 16:55, реферат

Описание работы

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Құқықтың пайда болуы
2.Құқық туралы негізгі түсініктер
3.Құқық туралы негізгі теориялар
4. Құқықтың дамуы
5. Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы
7.Мемлекет және құқық.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 51.33 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе

1.Құқықтың пайда болуы

2.Құқық туралы негізгі түсініктер

3.Құқық туралы негізгі теориялар

4. Құқықтың дамуы

5. Құқықтың эволюциялық  және революциялық дамуы 

7.Мемлекет және құқық.

 

Қорытынды

Қолданылған  әдебиеттер тізімі

.                    

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызды. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс, бірақ жеткіліксіз.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.

«Құқық» деген – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.

. «Құқық» деген – құқық  нормаларының жүйеге келтірілген  жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы  құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге  асырылуы диалектикалық процесс  арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда  мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабында былай делінген: «Қазақстан  Республикасында қолданылатын құқық  Конституциясының, соған сай келетін  заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық  актілері» болып табылады. «Құқық»  термині оқу пәнін білдіретін  ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық , әкімшілк  құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы  т.б.

. «Құқық» термині субъективтік  құқық пен объективтік құқықтың  жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық  жүйе.

Сонымен, «құқық» терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді.

Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.                      

 

Менің бұл тақырыпты тандау себебім: Қазақстанда мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады. Яғни ;  Құқықтың дамуын – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарын зерттеу.               

Мақсаты:қоғамның жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау, қарым-қатынастарды реттеп, басқару,қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси - әлеуметтік, мәдениеттілік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

Зертелгендігі:Бұл тақырыпта өзіміздің ғалымдарымыз  А.Б.  Венгеров , Г.С. Сапарғалиев ,  А.С. Ибраева ,А Бейсенова , К Біржановтың негізгі еңбектерінде қарастырылған . 

Нормативтік заңы:Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995

Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996 ж.

Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті                              Жарғы, 1997.

Құрылысы:Менің курстық жұмысым кіріспе негізгі бөлім қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.                

 

 

                               

1.  Құқықтың пайда болуы.

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды.  Әдет – ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет – ғұрып жазылмаған  нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тархи – құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өміріді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді3. Қазақтың  мемлекеті тарихына, әдет – ғұрып заңдарын зерттеуге, билер институтының демократиялық халықтық жақтарын ашып көрсетуге арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. Ең алғашқы соққыны қазақ халқының құқығы, әдет – ғұрып  заң – қағидалары патшалық Ресейден алды. Қазақ құқықғы туралы талай еңбектер жазылды, жазылады да. Көшпелі қазақ қоғамы және әдет – ғұрып заңдарының қалыптасуын сөз еткенде, қазақ қоғамының өткен тарихы жазба  деректерге кеміс болғанымен ауыз әдебиетіне өте бай.  Соның бір көрінісі – шежіре. Қазақ халқының ежелгі замандағы озық, ойлы да білікті азаматтары  ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан ата – бабалар шежіресін, өзінің ұлттық генеалогия тарихын жазып қалдырып отырған. Халық арасында бүкіл қазақтың жетпіс жеті атасын тарататын шежірешілері де болған.Адам мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі – нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп – басқару өте қажет. Американың ірі этнографы  Л. Морган 1877 жылы өзінің  «Ежелгі қоғам » деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы  қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ олардың пікірлері қазіргі тарихи – құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынады бағалануда. Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды.        

 

 

                            

2.  Құқық туралы негізгі түсініктер.           

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады; біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі -  құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардын байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

1.Норма мемлекеттік органнын  қабылдаған, бекіткен актісі, оның  заңды күші бар. Мұндай нормалар  қоғамдағы тәртіптің   үлгісіне   айналады,   өйткені   ол   нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2.Нормада субъектілердің  құқығы мен міндеттері, орындалу  жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер  өз еркімен іс-әрекет етуге, тек  заңға нұқсан келтірмеулері керек.

3.    Норма    ерікті    түрде    орындалмаса,    мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4.    Құқықтық    нормалардың    жүзеге    асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5 .Құқықтық  норма  адамдардың,  қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді;

Қоғамның  әр  саласына  қарай  өндірістік,  ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.

Құқықтың    әр    саласына    қарай    мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық- процессуалдык, т.б. саладағы нормалар.

.     Атқаратын   жұмысына   қарай   нормалар   екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

. Мазмұнына    қарай    нормалар    үшке    бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

.Мамандандырылған құқықтық  нормалар - қоғамның мамандық салаларының  қарым-қатынасын реттеп, басқаратын  нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер  бағытындағы нормалар және т.б.

Құқықтьқ нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

.Құқықтық  әдет-ғұрып.   Бұл  құқықтың  негізгі қоғам   тарихында   мемлекеттің   қалыптасу   кезеңінде өмірге  келген  құқық  нысаны.  Әдет-ғұрып  нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған,   өмірде   жан-жақты   тәжірибе   арқылы   қалыптасқан.  Мысалы, Maнy заңы, орыс правдасы,  "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның   "Жеті   жарғысы"   т.б.   айтуға   болады.   Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін    дамытқан.    Қиыннан    қиыстырып    тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғұрып    нормалары   арқылы    қазіргі    кезеңде   де дамушы    елдерде    біраз   қарым-қатынастар    реттеліп,басқарылып жатады.

.  Референдумда қабылданған  нормативтік кесімдер  -  заңның   бір  түрі.   Сондықтан   бұл   кесімдер құқықтың   ең   күрделі,   ең басым   негізі.    Референдум жалпы  мемлекеттік  түрде  және  жергілікті   мақсатпен өткізіледі.

. Нормативтік-құқықтық кесім  мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың  басым көпшілігі осы нормативтік  кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.

Заңдық, күшіне қарай нормативтік кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент, парламент, үкімет т.б.).

Мазмұнына қарай нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, қылмыстық т.б. Сонымен қатар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери, сауда, теңіздік, табиғат т.б. жүйедегі актілер.

Көлеміне қарай нормативтік кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, шектеулі, төтенше актілер.

Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.

Заң - мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді. Заңның белгі  нышандары:

1.  Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекіткен кесімі.

2.  Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған кесім.

3.  Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады:  заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды жариялау.

4.Заңды  ешкім  өзгертпейді,  толықтырмайды.   Тек қана қабылдаған орган ғана өзгерте алады, толықтырады.

5.     Заң - барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның үстемдігі қалыптасу керек.

Заңның үш түрі қалыптасқан: Конституциялык заңдар, жай заңдар, төтенше заңдар, Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік кесімдер арқылы қалыптасады. Құқықтың нәр алатын бастауы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

Заңның күші төрт "өлшемде" жүзеге асырылады: мерзімде, кеңістікте, тәнінде, тұлғаларға байланысты.

Заңның қолданылуы екі бағытта жүзеге асырылады:

1.       Заң колма-қол, басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

2.       Егер    заңда    бұрын    пайда    болған    құқықтық қатынастарға қолданылады деген қағида болса, заңның кері күші болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Жауапкершілік белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері  күші  болмайды.  Егер  іс-әрекет жасалғанда  оған жауапкершілік заңда белгіленбеген болса, онда ешкім ол жауапқа тартылмайды.

Заң шығарған орган, әдетте заңмен бірге заңды күшіне еңгізу туралы қаулы қабылдайды, Заңның жүзеге асырылуы тоқтатылса, ол күшін жойған болып есептеледі. Ол мынадай жағдайларда күшін жояды: көрсетілген мерзімі өтсе; күші жойылғаны туралы кесім қабылданса; іс жүзінде күшіндегі заңның орнына басқа заң қабылданса.

Заңның кеңістіктегі күшінің шет мемлекеттің аумағымен және егемендігімен байланысты. Мысалы, Қазақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі сулардан, теңіздерден, оның жоғарғы ауа кеңістігінен тұрады.

Информация о работе Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы