Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 16:55, реферат

Описание работы

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Құқықтың пайда болуы
2.Құқық туралы негізгі түсініктер
3.Құқық туралы негізгі теориялар
4. Құқықтың дамуы
5. Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы
7.Мемлекет және құқық.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 51.33 Кб (Скачать файл)

Заңға тәуелді нормативтік кесімдер - бұлар заңға қайшы келмеуі керек және заңды орындау үшін өмірге келеді. Заңның уакытында әрі дұрыс, орындалуын камтамасыз етеді. Заңға сәйкес жергілікті ерекшеліктерді, жағдайды ескере отырып кесім қабылданады.      Мазмұнына   қарай   заңға   тәуелді   нормативтік кесімдер бірнеше түрлерге бөлінеді.       

1.1.Жалпылама заңға тәуелді нормативтік кесімдер - мемлекеттің барлық аумағында күші бар экономикалық, әлеуметтік т. б. салалардағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар. (Елбасының жарлықтары, үкіметтің қаулылары).

2. Жергілікті заңға тәуелді  нормативтік кесімдер - жергілікті  басқарушы аппараттардың қабылдаған  кұжаттары. Бұл кесімдер Президенттің  жарлығын, үкіметтің қаулысын орындау  негізінде қабылданып және өздерінің  құзырында әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік т. б. мәселелерді шешу  үшін негізгі бағыттарды белгілейді, шешімдер бекітеді.

Мекемелік нормативтік кесімдер - бұйрықтар, нұсқаулар   арқылы   өз  құзырындағы   мәселелерді   іске асырудың   жолдарын,   бағыттарын   анықтап,   жұмысқа кіріседі.  

 Бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың т. б. ұжымдардын заңға  тәуелді нормативтік кесімдері.

Com билігінің актілері. Сот жүйесінің көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, қорытынды ұсыныстар жасалады. Оның маңызы өте зор. Нормативтік кесімдердің кемшіліктерін, қателіктерін толықтырады, жетіспейтін жерлерін жетілдіреді.

Жоғарғы сот мемлекеттің көп жылғы тәжрибесіне сүйене отырып жаңа нормативтік кесім жасайды және оны сот жүйесі қолдануға міндетті. Сөйтіп сот саласының жұмысын жақсартуға тиісті мүмкіншілік жасайды.

Қоғамның диалектикалық процесіне сәйкес құқықтың актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі молаяды. Сондықтан мемлекет қабылдаған барлық нормативтік кесімдерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп отырады. Оның үш түрі бар: кодификация (мазмұны өзгерген кодекстер, жарғылар, жарнамалар, әскери заңдар, салық заңы т.б.), инкорпорация (мазмұнын өзгертпей сала-салаға, алфавит, шықкан уақытына сәйкес жүйеге келтіру), консолидация (бір саладағы кесімдерді мазмұнын өзгертпей жүйелеу).

Құқық шығармашылығы - мемлекеттің жұмысының ең   күрделі,   өте   жауапкершілігі   зор   түрі.   Құқықтық шығармашылық тікелей мемлекеттік органның нормативтік кесімдерді, өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды және нормаларды референдум арқылы бекіту арқылы жүзеге асырылады.

- мәслихаттар   және   жергілікті   атқарушы   органдар   өз өкілеттіктерінің ауқымында нормативтік-құқықтық кесімдер жасауға құқылы.

Құқық - қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жүзеге асырудыц ерекше тәсілдері бар:

-        құқықты сақтау (мәні: тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту);

-        құқықты   орындау   (мәні:   жүктелген   міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау);

Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:

-  істің нақтылы мән жайларын анықтау;

-  істің заңды негізін анықтау;

-  құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;

-  шешімді жүзеге асыру.

Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін, және де басқа себептермен бір-бірімен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.

Осылардың ішіндегі құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір-бірімен байланысты үш негіз болуы керек:

1) құқық нормасы; 2) субъективтік  құқықтар мен міндеттер; 3) заңға  негізделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жігіт  достасып жүреді. Екеуінің арасындағы  қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негізінде жүріп  жатады. Ал, екеуі заңды некеге  тұрғаннан кейін, қарым-қатынастары  құқықтық қатынастарға, мемлекеттік  органға барып тіркелуі, заңға  негізделген айғаққа айналады.

Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады. субъект, объект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.

1. Құқықтық қатынастардың  субъектісі - жеке адам және заңды  тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары сондай-ак азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып үғынылады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.

Құқықтық қабілет - құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.

Әрекеттілік - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат -мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.

2.       Құқықтық   қатынастың   объектісі   (заты)   -қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық,әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылыктың өнімдері,жеке   мүліктік   емес   игіліктер,   құқық   субьектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері -құқық қатынастарының обьектілері.

3.    Субьективтік құқық - құқықтық қатынастардағы субьектілердің      екі      жақты      мүдде-максаттарының орындалуы. Субьективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау;   үшінші   -   көрсетілген   міндеттердің   дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субьектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.

4. Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субьектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субьектілердің міндеттері бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.                  

 

3.Құқық туралы  негізгі  теориялар.

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.

Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әр түрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.

Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды-деп түсіндірген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес – деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарды.

Тарихи теория – бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері: Густав Гуго, Карл Савиньи, Фридрих Пухта, Штиль т.б.

Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.

Әлеуметтік теория – 20 ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері: Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.

Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде—мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың  әлеуметтік мазмұнын зерттеуге жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылуды ұсынады. Бұл теорияның өкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.

Психологиялық теория – 20 ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды (позитивтік). Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

Материалистік теория – құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.

Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – Марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы маңызы; екінші кезең – құқықтың болашағына марксизмнің көзқарасы; үшінші кезең – марксистік көзқарасты бұрмалау.

Бірінші кезеңде марксизмнің  құқықтың мазмұнын түсінуі дұрыс еді – құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы. Екінші кезеңде – буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының мазмұнын бір жақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезеңде одағының басшылары марксизмнің мазмұнын сорақы түрде бұрмалап, өздерінің әкімшілік-әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.

Марксизм жай теория қалпында қалмай, оны социалистік мемлекеттердің басшылары субъективтік жолмен ондаған жылдар социализм моделіне   айналдыруға тырысып бақты. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмады.

Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде, бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:  

  1. құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болашақ емес; 
  2. құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын негізгі құрал;  
  3. құқық жеке адамның меншігін қорғайтын негізгі күш; 
  4. құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.

Сонымен құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік

т.б.бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара-қатынасын реттейтін негізгі күш-құрал.                                                          

 

 

   4.   Құқықтың дамуы.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: — деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп – басқаруға өте қажет.Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым – қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі -  нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде – мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады — деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең – құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші кезең – құқықтың болашағына көз – қарасы; үшінші кезең – марксистік көз – қарасты бұрмалау.Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді – құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші кезеңде – буржуазиялық мемлекетпен құқық теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Ушінші кезеңде кейбір елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік – әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.

Информация о работе Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы