Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 16:55, реферат
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызды.
Кіріспе
1.Құқықтың пайда болуы
2.Құқық туралы негізгі түсініктер
3.Құқық туралы негізгі теориялар
4. Құқықтың дамуы
5. Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы
7.Мемлекет және құқық.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
- Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болшақ емес;
- Құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде – мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
- Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі куш;
- Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.
Сонымен, құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т.б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара – қатынасын зерттейтін негізгі күш – құрал.Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндерген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес – деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір – біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана – сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормаларды өзгертіге болады.Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл Савинын,Фридрих Пухта, Штиль т.б.Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс – әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана – сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс – әректінің байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды.Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ). Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
5.Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы.
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық – экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:
Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет – ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік – құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет – ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары пайда болады.
Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылады.
Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым – қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында Заң ғылымында « құқық » термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіде, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу құқығы.
Екіншіден, «құқық» деген – құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4 – бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік – құқықтық актілері » болып табылады.
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, Конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқғы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т.б.
Төртіншіден, «құқық» термині субьективтік құқық пен обьективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықытық жүйе.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Сонымен, құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.
Құқықтың мазмұнының негізгі элименттері:
Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс – жүзінде қатынастардың субьектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықтың өзіне тән мынадай нышандары бар:
Мемлекеттік құқық арқылы өзінің жоғары және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым – қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес.Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады.
Сонымен, құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді. Құқықтың тірегі, оның күш – қуаты, абыройы мемле
6.Мемлекет және құқық.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Әскери демократияның
дамуы қоғамда саяси ұйымның
– мемлекеттің пайда болуына
әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери
демократияның жаңа негізде
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды
басқаратын өкімет билігінің
белгілі бір дәрежеде дамыған
жүйесі болады. Оларда адамдардың
өзгеше бір тобы – шен иелері
немесе мемлекеттік
4. Қоғамның өмір сүріп,
тіршілік етуі үшін мемлекет
заңдар, нормативтік актілер шығарып,
солар арқылы қоғамдық
Марксизм мемлекетті
тек бір ғана топтың – байлар
тобының мүддесін қорғау үшін
жаратылған саяси ұйым ретінде
сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде
мемлекет құл иелерінің
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы
маркстік ілімінің осал
Марксизм-лининизм
Құқық дегеніміз
Заңдар адамның құқықтық
дәрежесін анықтайды. Құқық тек
заңдардан ғана тұрмайды. Құқық
дегеніміз – белгілі бір
Сөйтіп құқық туралы
сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі
қолданылып жүрген нормативтік
актілердің барлығы еске
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Информация о работе Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы