Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 12:32, реферат
Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру - дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.
Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер.
Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады.
Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402).
Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология.
Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар.
Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сәйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады.
Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
1.4. Стандарттау, метрология және сәйкестікті
растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын
техникалық заңнамалар
Техникалық заңнама – техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Реепубликасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуі қүқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып табы-лады.Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Осы заң бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалың реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді:
- өнімнің ерікті стандарттарын
міндетті техникалың
- ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру;
- сәйкестікті растау
жүйесін ымырашылдандыру жөне
әрбір мүмкін жағдайда
- тәуелсіз және
алаламайтын аккредиттеу
құру;
- Қазаңстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу.
Практика тұрғысынан Қазаңстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер үйытқы болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар:
- бірінші жағдай - елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады.
- екінші жағдай - кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.
Осы жағдайдан туындайтын
мәселелерді шешудің басты
Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжірибені ескере отырып құрылған.
1.4.1. Техникалық реттеу туралы түсініктеме
Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құра алады.
Техникалың кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шығарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін жағдайларды айтады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.
Техникадық кедергілерді жиюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу - санитарлың және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті жөне ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.
Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.). Техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжат түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалың регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелдеу негізі ретінде қарастырылады.
Техникалың регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75 пайызы қамтылған.
Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім білдіреді. Еркін нарық жағдайында
оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды.
Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады.
Техникалық реттеу объектілері - өнім, көрсетілетін қызмет, үдерістер (процестер). Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің басты элементтері:
- өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау.
- өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.
- сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу. Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады.
1.4.2. Техникалыкрегламенттер туралы тцсініктеме
Техникалық реттеудің басты мақсаты - техникалық регламенттерді қабылдау.
Техникалық регламент - өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Тех-никалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік қүқықтық акт.
Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:
- адам өмірі мен денсаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау;
- қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;
- өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою;
- отандық енімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек:
- техникалың регламенттердің талаптары қолданылатын өнімдердің, осы өнімдердің процестерінің толық қамтылған тізбесі;
- техникалың регламентті қабылда
- техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау);
- зиян келтіру қауіп қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар.
Техникалық регламенттердің екі түрі бар:
- жалпы техникалық регламенттер;
- арнайы техникалық регламенттер.
Жалпы техникалық регламенттердің талаптары кез келген өнім түрі мен өмірлік цикл процестеріне міндетті түрде қолданылуы және сақталуы керек.
Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабылданады:
- үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде;
- өрт қауіпсіздігіне байланысты;
- биологиялық қауіпсіздікке байланысты;
- электромагниттік үлесімділікке байланысты;
- ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қатысты;
- өнеркәсіптік және
өндірістік қауіпсіздікке
- экологиялық қауіпсіздікке байланысты;
- химиялық қауіпсіздікке байланысты;
- электр қауіпсіздігіне қатысты;
- ақпарат қауіпсіздігіне байланысты;
- уыттылық қауіпсіздігіне қатысты;
- өлшемдердің бірлігі бойынша;
- тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты;
- балалар тағамының қауіпсіздігіне қатысты;
- механикалық қауіпсіздікке қатысты.
Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің технологиялық және басқа да ерекшеліктерін, олардың өмірлік циклінің ерекшеліктерін ескереді.
Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейі жалпы техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл процестеріне ғана белгіленеді.
1.4.3. Техникалық регламенттердің құрылымы
Техникалық регламенттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдық элементтерді енгізу ұсынылады:
- техникалық реттеу объектілерін;
- терминдерді;
- нарықта орналастырудың жалпы жағдайын;
- қауіпсіздік талаптарын;
- ерікті ауысып отыру мәселелерін;
- сөйкестікті растауды;
- сәйкестікті бағалауды;
- стандарттар тізбегін басқару;
- нарықта бақылау мен қадағалау;
Информация о работе Стандарттау, метрология және сертификаттау