Стандарттау, метрология және сертификаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 12:32, реферат

Описание работы

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру - дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.

Файлы: 1 файл

СМиС. АКИШЕВ, Дарибаева.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

4. Стандарттау туралы  ақпарат. ДСҰ мүше болу олардың арасындағы сауда қатынастарында кедергі болуы мүмкін деген стандарттау жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы ескертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты ДСҰ әрбір мүшесі бір немесе бірнеше ақпараттық орын ашады. Бұл орындарда ешбір қиындықсыз елде қолданыльш жүрген және дайындалып жатқан стандарттар, регламенттер ж.б. жөнінде ақпарат алуға болады.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты туындайтын негізгі мәселелер 3-суретте көрсетілген.

 

5.6. Қазақстан Республикасыыда халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдану

Еліміздің халықаралық  стандарттау жұмыстарына тиімді араласуының басты бағыты ол халықаралық стандарттарды мүмкіндігінше толық пайдалану.

Қазақстанда халықаралың, өңірлік және басқа елдердің ұлттық стандарттарын қолданудың үш түрі бар.

1.  Халықаралық құжаттарды өзгеріссіз мемлекеттік стандарт түрінде қабылдау. Бұл әдіс тікелей әдіс немесе «мұқаба әдісі» деп аталады. Өйткені бұл әдісте халықаралық құжаттардың мәтіні өзгермей, тек қана мұқабасы өзгертіледі.

2.  Халықаралық құжаттар ел ерекшелігін ескеретін талаптар енгізу арқылы өзгертіледі. Бұл әдісте ҚР СТ мазмұны шетелдік аналогтардан өзгеше болады.

 

Белгілеу мысалы - ҚР СТ, МЕМСТ ИСО 9001 – 2001


 


 

 

 

 

 




 

 

 

 




 

 

 

 

 

 


 



 


 

 


 

 

 

 

 

3-сурет. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байлаиысты туындайтын негізгі мәселелер

 

Белгілеу мысалы - ҚР СТ 3.8. - 2000 (ИСО 10011 - 2)

Мемлекеттік стандарт мәтінінде халықаралық, құжаттарға сілтемелер жасау немесе олардың жекелеген талаптары мен нормаларын енгізу.

 

VI тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АҚПАРАТТЫ СЫНЫПТАУ

ЖӘНЕ КОДТАУДЫҢ  БІРТҰТАС ЖҮЙЕСІ -

СТАНДАРТТАУ ОБЪЕКТІСІ  РЕТІНДЕ

6.1. Техникалық-экономикалық  және әлеуметтік ақпаратты сыныптау, кодтау

Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты сыныптау және кодтау жұмыстары статистика, қаржы, құқық қорғау салаларында, банк жұмыстарын-да, бухгалтерлік есепте, стандарттауда, өнім шығару мен қызмет көрсетуде, кеден жұмысында, сыртқы экономикалық жұмыстарда қажет. Бұл жұмыстар шаруашылық процестерін ақпараттық қамтамасыз етуді сәйкестендіру және стандарттау үшін жүргізіледі. Мысалы, тауарлардың ішкі және сыртқы саудадағы қозғалысын автоматты түрде есепке алу және сауда мекемелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тауарларды штрих кодтау талабы. Халықаралық құжаттар ел ерекшелігін ескеретін талаптар енгізу арқылы өзгертіледі. Бұл әдісте ҚР СТ мазмүны шетелдік аналогтардан өзгеше болады.

Белгілеу мысалы - ҚР СТ 3.8. - 2000 (ИСО 10011-2)

Мемлекеттік стандарт мәтінінде халықаралық құжаттарға сілтемелер жасау немесе олардың жекелеген талаптары мен нормаларын енгізу.

Белгілеу мысалы - ҚР СТ 7.2. - 2000

Бұл жағдайда халықаралық стандарттардың нормаларына сілтемелер стандарттағы «Алғы сөзде» немесе «Кіріспесінде» келтіріледі.

Бұл саладағы жұмыстардың басты нәтижесі - ТЭЭА сыныптауыштарын жасау. Сыныптау объектілері болып табылады: өнімдер, процестер, жұмыс және табиғи ресурстар, халық шаруашылығының құрылымы, экономикалық ақпараттар, т.б.

Өнімдер туралы деректерді автоматтандырылған жүйеде өңдеу үшін мемлекеттік деңгейде ақпараттық негіз болуы керек. Осындай негіз ретінде КСРО кезінде қалыптастырылған өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін сыныптаушысы (КП) қолданылды. Бұл сыныптауыш қазіргі кезде біздің елімізде де қолданылады.

Сыныптауышта өнімдер 100 класқа, әрбір класс -10 бөлімге, әрбір класс бөлімі - 10 топқа, әрбір топ -10 бөлімге, әрбір топ бөлімі - 10 түрге бөлінеді. Әрбір өнім түрі 9999 дейін нақтылы өнім атауларын қамтиды,

Қазіргі кезде КП сыныптауышы сыртқы сауда сыныптауышымен қатар қолданылады. Сауда сыныптауышы елімізде кедендік тарифтің негізі ретінде енгізілін сыртқы экономикалық жұмыстарда қолданылатын тауар атауларының тізімі (ТНВЭД түрінде белгіленді).

КП және ТНВЭД топтамаларын байланыстыру мақсатында стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда әрбір өнім атауымен қатар осы сыныптауыш кодтары келтіріледі.

 

6.2. Қызмет көрсетуді  стандарттау

Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:

-  өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады;

- елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 30%-дан астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады, т.б.

1995 жылы Дүниежүзілік  сауда ұйымының ақылы қызмет көрсету саласындағы басты келісімі іске асырылды.

Келісімнің мақсаты  халықаралық нарықта барлық ақылы қызмет көрсету түрлерін ынталандыру және құқықтық қамтамасыз ету.

Қызмет көрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:

1.  Тұрмыстық радиоэлектронды  аппараттарды, электр машиналары мен приборларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

2.  Авто-мото транспортқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

3.  Сұйық отынмен және газбен жанатын аспаптарды жөндеу.

4.  Химиялық тазалау  және бояу, кір жуу қызметі.

5.  Тұрмыстық-экскурсиялық және қонақ үй қызметі.

6.  Жолаушыларға көрсетілетін  көлік қызметі.

7.  Жиһаз жасау және жөндеу.

8.  Байланыс қызметі.

9.  Киімді тігу және  жөндеу.

10. Аяқ киімді жөндеу, бояу және тігу. Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Оның жаңа түрлері, яғни, аудиторлык, кеме кіресі, жарнамалық, т.б. түрлері дамып келеді.

Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 жылы басталды. Оған себеп - Қазақстан Республикасында қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттілігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді.

Қызмет көрсету саласында  қолданылып келе жатқан ережелер, нұсқаулар, т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандыңтан міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.

Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комитеттер құрылды. Қызмет керсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жататын қызмет түрлері анықталды (шаштараз қызметі, бөлшек сауда қызметі, т.б.)

 

6.3. Салааралық  стандарттардың жүйелері

Салааралық жүйелер мемлекеттік (ұлттық) және мемлекетаралық стандарттар түрінде қалыптасады. Келешекте жалпытехникалық жүйе ролін атқаратын сала-аралық стандарттардың жүйелері техникалық реттеудің жалпытехникдлық жүйесіне айналады. Өйткені олардың құрамына ұлттық стандарттар ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер де кіреді.

Барлық салааралық стандарттарды  шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

1)  өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар;

2) басқару және ақпараттық  стандарттар;

3) өлеуметтік саланың  стандарттары;

Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар ретінде мыналарды келтіруге болады.

1)  өндірісті техникалық  дайындау стандарттары;

2)  өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар;

3)  сапа жүйелерінің  стандарттары;

4)  өнімнің кейбір қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарттар;

5)  сертификаттау жүйесінің  стандарттары;

6)  аккредиттеу жүйесінің стандарттары.

1. Машинаның және прибордың  бөлшектерін өндіруде оны техникалық дайындаудың негізін конструкторлық және технологиялық дайындау құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қосыла отырып бұлар бөлшекті өндіру және оның сапасын қалыптастыру сатысын құрайды. Бұл деңгейде өтініш берушінің, жобалаушының, дайындаушының және тұтынушының мүдделері тоғысады. Осыған байланысты қарастырылып отырған сатыдағы басты мақсат, ол жоғары техникалық деңгейдегі бұйым жасау, жобалаудың және жаңа техниканы игерудің мерзімі мен еңбек сыйымдылығы азайту болып табылады.

Тиімділігі жоғары өнім шығаруға мына салааралық стандарттар  жинағы бағытталған:

- жобалау және өнімді  өндіріске енгізу жүйесі;

- конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі;

- технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі;

- автоматтық түрде  жобалау жүйесі.

Аталған стандарттар жинақтарының ішінде техникалық құжаттарды стандарттауға көп көңіл бөлінеді. Стандарттаудың тиімділігі құжаттарды басқа мекемелерге бергенде, оларды қайтадан жасаудың қажет еместігінде, құжат-тардың мазмұны оңтайландырылғандықтан құжаттың мәтінін және сызбасын дайындау және жасау шығыны азаяды, жобалауда үйлестіруді кеңінен қолдануға болады. Мысалы, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жинағын қолдана отырып жобалау жұмысының еңбек сыйымдылығын 25-30% кемітуге болатындығы анықталған.

Өнім сапасын қамтамасыз етудегі автоматты түрде жобалаудың ролін еуропалық сапа мекемесінің деректерінен көруге болады: техника жұмысында болып түратын тоқтап қалу себептерін бағалағанда «70-20-10» ережесі анықталған, яғни тоқтап қалу 70% деңгейінде жобалау жұмыстарындағы жіберілген кемістіктерге, ал 20% деңгейінде жасау кезінде жіберілген кемістіктерге, 10% деңгейінде пайдалану кезінде жіберілген кемістіктерге байланысты.

Өнімнің сапасын оны  пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар - ол пайдалану құжаттарына қатысты стандарттар жинағы, пайдалануда басшылыққа алынатын стандарттар, паспорттар, этикеткалар (тауарға жабысты-рылатын қағаз), т.б. Сапалы жасалған пайдалану құжаттары техниканы, әсіресе күрделі техниканы, дұрыс пайдаланудың, яғни пайдалану ережелерін бұзбаудың кепілі.

6.4. Стандарттау  жұмыстарының тиімділігі

Стандарттау жұмыстарының тиімділігі одан қоғам көлемінде (халық шаруашылығында) алынған пайда мөлшерінің осы пайдаға қол жеткізуге жұмсалған қаржыға қатынасы түрінде анықталады.

Стандарттау жұмыстарының тиімділігі мына мақсаттарда анықталады:

-  нақтылы стандарттау  жұмыстарын мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарының жоспарларына қосудың орынды екенін дәлелдеу үшін;

- стандарттарға енгізілуі  мүмкін шешімдердің ішінен оңтайлысын  таңдап алу үшін;

- стандарттау саласындағы  жұмыстың нәтижелілігін бағалау үшін.

Стандарттау жұмыстарының тиімділігі оның мынандай негізгі түрлерімен сипатталады.

1)  экономикалық;

2)  техникалық және  ақпараттық;

3)  әлеуметтік.

1. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері ретінде қолданылады:

- пайда (э). - нақтылы стандартты (стандарттар топтарын) халық шаруашылығында қолданғанда оған сәйкес жекелеген өнімге жұмсалатын жалпы шығын мөлшерінің азаюы;

- шығын (з) - нақтылы стандартты (стандарттар топтарын);

- халық шаруашылығында қолданғанда оған сәйкес жекелеген өнімге жұмсалатын жалпы шығын мөлшері;

- жекелеген өнімге (қызметке) шаққандағы экономикалық тиімділік - стандартталатын өнімді өндіру, сату, қолдану және жою кезеңдерінде жекелеген өнімнен алынатын пайда (э) мен жұмсалған шығын (з) айырымы түрінде анықталатын көрсеткіш;

- стандарттау жұмыстарының экономикалық тиімділігі нақтылы стандартты (стандарттар топтарын) қолданудан халың шаруашылығында алынған экономикалық пайданың жұмсалған шығынға қатынасы түрінде анықталады.

Экономикалық тиімділік стандарттардың мына түрлерін әзірлегенде және қолданғанда анықталуы тиіс:

А) өнімге (қызметке) техникалық талаптар немесе шарттар тағайындалатын стандарттарды;

Б) процеске (жұмысқа) арналған стандарттарды;

С) бақылау әдістеріне арналған стандарттарды.

Стандарттардың экономикалық тиімділігіне қатысты бірер мысал. Ресейде тоңазытқыштарға қатысты стандартты енгізгенде олардың әрқайсысынан жылына 200 кВт қа дейін өнім түсіп отырады. Тоңазытқыштар әр үйде қолда-нылатынын ескерсек үнемделетін электр энергиясының мөлшері жаңа электр станциясын салғанмен пара-пар.

Материалдарды тот басудан (коррозиядан), тозудан жене биологиялық  бүлінуден қорғауға арналған стандарттарды әзірлеу және қолдану жылына 600-800 млн. теңге шамасында пайда түсіреді.

2.  Техникалық тиімділік негізге алынатын (ұйымдық-техникалық, жалпы техникалық) стандарттарға қатысты анықтау ұсынылады.

Стандарттау жұмыстарының техникалық тиімділігі

Стандартты қолданудан алынатын техникалық пайданың салыстырмалы корсеткіштері түрінде анықталуы мүмкін.

Информация о работе Стандарттау, метрология және сертификаттау