Стандарттау, метрология және сертификаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 12:32, реферат

Описание работы

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру - дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.

Файлы: 1 файл

СМиС. АКИШЕВ, Дарибаева.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

Мысалы, қауіпсіздік деңгейінің артуы, материалдық және энергиялық сыйымдылықтардың азаюы, т.б.

Стандарттау жұмыстарының ақпараттық тиімділігі қоғамға қажетті өзара түсіністікке, ақпаратты түсіну біркелкілігіне қол жеткізеді және осы жағдайларға шаруашылық субъектілерінің бір-бірімен келісімдік-құқықтық қатынастарында және халықаралық ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық қатынастарын мемлекеттік басқаруда да жету.

3.  Әлеуметтік тиімділік негізгі тәжірибеде қолданылатын өнімге (қызметке, процеске) қойылатын міндетті талаптардың көпшіліктің денсаулығына, тұрмыс деңгейіне және басқа да әлеуметтік маңызы бар жағдайларда оң өзгерістер әкелуінде. Мысалы, өндірісте жарақаттану, ауырып қалу деңгейлерінің төмендеуі, т.б.

Әлеуметтік тиімділікті  тікелей есептеп шығару көп жағдайда қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, балалар тағамдарына қатысты стандарттар тобын әзірлеу және қолдану көп мөлшерде шығын шығаруға байланысты. Бірақ та стандарттау жұмыстары негізінде қол жеткізіп отырған балалардың денсаулығының жақсаруы - үлкен әлеуметтік жетістік.

 

VII тарау. ҚАЗАҢСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

СТАНДАРТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Стандарттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудағы уақыт талабына сай ерекшеліктер мен басты бағыттар мына жағдайларға байланысты:

- Қазақстан Республикасының  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне  байланысты саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімді орындау қажеттілігіне.

-  Мемлекеттік стандарттау  жұмыстарын тек қана мемлекеттік  бюджеттен ғана емес басқа да бюджеттен тыс қаржы көздерінен (шаруашылық субъектілерінің қаржысынан) қаржыландыру, т.б.

Алдағы уақытта мына мәселелерді шешу қажет:

1)  Стандарттау жұмыстарын басты бағыттарда қарқынды дамыту (4-сурет).

Басты бағыттар ретінде  саналады:

- экология және қауіпсіздік  (бірінші кезекте балалар тағамдарын, адамдарға токсикологиялық әсер ету мүмкіндігі зор тамақ өнімдерін, аса қауіпті техника түрлерін стандарттау мәселелері шешілуі қажет);

- аңпараттық технологиялар;

- ресурстарды үнемдеу;

-  тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында өнім сапасын нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді жетілдіру;

- бухгалтерлік есеп пен банк жұмыстарын стандарттау;

- мүліктерді бағалау  қызметін стандарттау.

2)  Стандарттау саласында техникалық заңдылыңтарды қалыптастыру.

Техникалық заңдылықтарды (техникалық регламенттерді) дамыту мына бағыттарда жүргізілуі тиісті:

-  нақтылы өнім топтары  мен түрлеріне немесе іс-қимылдарға стандарттау, метрологиялық жабдықтау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін айқындап беретін заңдылық актілерін жасау;

-  заңдылық актілеріне - заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын, т.б. (ДСҰ қолданылатын техникалық регламенттердегідей), яғни нақтылы талалтарды (нормативтерді) енгізу.

3)  Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін қажетті жағдайларды орындау. Бұл үшін стандарттау саласында жасалуға тиісті:

- отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру;

- ДСҰ мүше мемлекеттерімен тығыз ақпараттық байланыс орнату;

- қолданыстағы мемлекеттік  стандарттар қорын жаңарту.

Мемлекеттік стандарттар қоры ескіріп отырады. Мысалы, Ресейде 60% -дан астам мемлекеттік стандарттар (олардың көбі біздің елде де қолданыста) 1986 жылға дейін қабылданған. Оңтайлы жаңарту деңгейі шамамен 10 -12% (ЕО, АҚШ, Жапония) болуы керек.

4) Еркін стандарттардың  рөлін арттыру.

Ұсыныс түріндегі талаптарға негізделген еркін стандарттар өнімнің (қызметтің) бәсекелесу мүмкіндігін көтеру үшін қолайлы. Елімізде еркін стандарттарға жаппай өту (шетел тәжірибелеріне сәйкес) біртіндеп жүргізілуі керек. Өйткені ол үшін: өнімнің қауіпсіздігін және сапасын заңдылық негізде реттеу көлемін кеңейту қажет, шаруашылық субъектілерінің келісімшарттарында, басқа да коммерциялық құжаттарында стандарттарға сілтемелер кеңінен қолданылуы керек.

5. Жаңа стандарттарды дайындауды қаржыландыру үшін бұл жұмысқа шаруашылық субьектілерін және шетел инвесторларын кеңінен қатыстыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Стандарттау, метрология және сертификаттау