Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 18:10, творческая работа
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Кіріспе
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
Негізгі бөлім
Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайтудағы ролі
Қорытынды
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектебі
Педагогикалық оқу
Тақырыбы:
Дене тәрбиесі сабақтары арқылы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру.
Дайындаған: дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі Муратов С.
Қантар 2013 жыл
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Муратов С «Дене тәрбиесі
сабақтары арқылы оқушыларға
салауатты өмір салтын ұстануды
қалыптастыру» атты тақырыбына
Пікір
Жазылған жұмыс барысында жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауды, денсаулықтарын сақтау және нығайтуды, салауатты өмір сүру көзқарасын қалыптастырудың қажеттілігін, осы мәселеге айрықша мән беру керектігін толық ашып, оқушылардың физиологиялық жағынан сау болуына, дене қимыл әрекеттерінің жетілуіне жағдай жасай білді.
Оқушыларға белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, денсаулығын сақтау, нығайту, өзіне-өзі қызмет ету, мәдени-гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етті. Оқушының білім деңгейін кеңейтіп, таным әрекетін арттыра отырып, жан-жақты жетілуіне жағдай жасай білді.
Мектепішілік педагогикалық оқудың қорытындысы бойынша Муратов Сабыржананың жұмысы «жақсы» деп талданып, аудандық педагогикалық оқуға ұсынылды.
Пікір жазған
Дене тәрбиесі
Жоспары:
Кіріспе
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
Негізгі бөлім
Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайтудағы ролі
Қорытынды
Кіріспе.
Жұмысымның көкейкестілігі. Балалардың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендеген. Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе.
Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір
салты – ол денсаулықтың
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: оқушылардың психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
олардың мінез-құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени-гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Адамның әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым-қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.
«Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой – пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардын 50-60% өмір тіршілігіне, 20% - тұқым қулаушылыққа, 20% – сыртқы ортаның жағдайына, 8-10% -дәрігерлік көмектің денгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.
Негізгі бөлім.
Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайтудағы ролі.
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланысты. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.
Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.
Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.;
Дене бітімі дамуы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.
Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорттық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", "таэквондо", "ушу" және т.б.
Дене тәрбиесі өркениетті қоғамда дене табиғатын қалыптастыруға бағытталған адамның мақсатты қызметі мен оның нәтижесі ретінде қарастырылады.
Дене мәдениеті – адамдардың денсаулығын нығайтуға, дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс әдемілігін, үйлесімділігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Өмірге қажетті қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Қимыл – қозғалыс қаблеті дегеніміз – бұл адамның қозғалыс мүмкіндігі деңгейін анықтайтын жекелеген ерекшеліктері.
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Сондықтан адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әуес болып табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына басты назар аударуда.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
- Экологияландыру адам
организміне қоршаған орта
- Ұлттық аймақтық
- Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.