Дене тәрбиесі сабақтары арқылы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 18:10, творческая работа

Описание работы

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Содержание работы

Кіріспе
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
Негізгі бөлім
Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайтудағы ролі
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Педагогикалық оқу.doc

— 459.00 Кб (Скачать файл)

Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.

Тәні саудың – жаны сау! Дене еңбегі денсаулықты нығайтады. Қазіргі заманғы адам аз қозғалады. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығында механикаландырылмаған еңбектің үлесі үнемі кеміп, көлік құралдары жетілген, адамның ойын-сауыққа қажеттілігін теледидар айтарлықтай қанағаттандыруда. Соңғы онжылдықта ғылыми әдебиеттер мен мерзімді баспасөзде гиподинамия деген сөз айтарлықтай кең таралуда. Ол гректің «гипо» - астында, төменде және «динамис» - күш жиынтығы деген сөздерінен шыққан. Демек, гиподинамия – бұл жеткіліксіз дене (күш) жұмысы дегенді білдіреді. Бұл жағдай көптеген адамдардың өміріне тән ерекшелікке айналып отыр. Қазіргі кезде негізінен жүрек-тамыр аурулары дене еңбегін қажет етпейтін жұмыспен айналысатын, аз қимылдайтын адамдар арасында аса көп тараған.

  Гиподинамия кезінде жүрек қызметі әлсірейді, дене салмағы артады, бұлшық ет бөліктері әлсірейді. Бұлшық ет пен психологиялық әрекет арасындағы қалыпты арақатынастың бұзылуы орталық жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуына әкеліп соғады, оның ауруларға төзімділігі кеміп, жұмыс қабілеті төмендеп, қартаю кезеңі тездейді. Үнемі шамаға лайықты дене еңбегін атқару - ағзаны қажытпайтынын былай қойғанда, оның ауруларға төзімділігі мен шыдамдылығын арттырады.

  Үнемі табиғат аясында, таза ауа, су, күн көзінде болу, адамға денсаулықты нығайтып, дертті жеңуге көмектеседі. Таза ауада ағзаға жеткілікті мөлшердегі оттегі болады және ол ширақ та ойнақы көңіл-күй, жоғары жұмыс қабілеті болуына жәрдемдеседі. Қауырт жұмыстан, адамдармен белсенді қарым-қатынастан соң: көлге, орманға барып демалу, жидек теру, шаңғы тебу, шомылу немесе саяхатқа шығу өте пайдалы. Демалыстың мұндай әдістері адам жүйкесіне игі әсер етеді.

  Дене тәрбиесі - денсаулықты нығайтуға, тіршілік үшін маңызды дағдылар мен ептіліктерді игеруге, жоғарғы жұмыс қабілетіне жетуге бағытталған. Оның еңбекке даярлауда зор маңызы бар. Мұнда адамның жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік секілді дене қасиеттерінен басқа: табандылық, ерік, мақсаттылық, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу секілді бағалы психологиялық қасиеттері де дамиды. Алуан түрлі дене жаттығулары, қимылды ойындар, спорт, дене тәрбиесінің құралдары болып табылады. Олармен үйде, мектепте, спорт және туристік үйірмелерде, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде айналысады.

  Әр түрлі бұлшық ет топтарын, буындар мен сіңірлерді ұдайы жаттықтыру - олардың атқаратын қызметі мен үйлесімділігін күшті дамытады. Дене еңбегі ағзаның мүшелерін жаттықтырады, қимыл мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін, зат алмасу бөліктерін қамтамасыз етеді. Белгілі мөлшерде әр түрлі жаттығуларды күн сайын орындап отыру, оларды алдын-ала белгіленген көлемде, өзіңді ешбір босаңсытпай, дұрыс істеуге тырысу - белгілі әдетті, одан соң бұлжытпай орындау мұқтаждығын қалыптастырады. Осының арқасында оқушының тәртіптілігі артып, оның еркі нығаяды.

  Әр жастағы дене тәрбиесінің міндеттері әр түрлі болады. І-ІV сыныптағы мектеп оқушылары бұлшық ет сезімін - қимылдың қарқыны мен ауқымын, бұлшық еттің жиырылуы және босаңсу дәрежесін айыра білу қабілетін жетілдіреді. Оқушылар дұрыс қимылдау әдісін игереді, яғни жаттығуларды бұлшық еттің тиісті жиырылуына сәйкес келетін бағытта, ырғақта және қарқынды орындауға үйренеді. Егер мектеп оқушылары негізгі қимыл бөліктерін (секіру, лақтыру, гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар және т.б.) дұрыс орындауға үйренбесе, қимылды аяғына дейін жетуге тырыспаса, олар біріншіден - спортта ешқандай нәтижеге жетпейді, екіншіден - оқушыларда тәртіптілік пен өзін-өзі бақылау қабілеті жетілмейді.

V-IX сыныптың оқушылары бұрынғы  үйренгендерін бекітумен бірге, күрделенуіне қарай әр түрлі жағдайларда орындалатын негізгі қимыл түрлерін және спорттық әдістерді (шаңғы, коньки тебу, суда жүзу, жеңіл атлетика, спорттық ойындар) игереді. Бұл жаста үнемі дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану әдеті қалыптасып, нығая түседі. Тұтас алғанда, бастауыш сынып оқушыларына қарағанда, жасөспірім шақтағы мектеп оқушылары дене еңбегін көп атқарады, бірақ денеге күш түсіретін жаттығулар шектелуге тиіс, өйткені бұл жаста денеге көп күш түсіретін жұмыс атқару - ағзаның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы: бастапқы спорттық дайындық топтарында спорттық гимнастика, суда жүзу, мәнерлеп сырғанау, теннис сабақтарына балалар - 7 жастан, футбол, хоккей, күреске - 10 жастан, боксқа - 12 жастан кірісетіні кездейсоқ емес. Негізгі сынып оқушылары өздерінің дене мүмкіндіктерін асыра бағалауға бейім келеді. Міне, осындай жағдайдағы сәтсіздіктер, кемшіліктер, дене шынықтыру жаттығуларының алуан түрінде төмен нәтижеге жету - олардың өздеріне сенімсіздігін жойып, осымен қоса, дене шынықтыру жаттығулары сабақтарына теріс көзқарас туғызуы мүмкін.

  Дене тәрбиесі ағзаға дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы түрінде әсер етеді. Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуларының жәрдемімен көкірек қабысыңқылығы, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады. Сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығулары адамның психикалық күйін, сыртқы көрінісі мен көңіл-күйін жақсартып, жалпы тіршілік әрекетін арттырады.

  «Денсаулық белгісі – толық болу» деп білетін адамдар «бала көп қозғалып, арықтап кетеді» деп қарсы болады. Ал, шындығында адамға, әсіресе мектеп оқушысына артық семіздік емес, күшті, қатты созылғыш, мықты бұлшық еттері қажет. Бала неғұрлым көп қозғалса, оның бұлшық еттері соғұрлым қызу жұмыс істейді де, қан оларға оттегі мен қоректік заттарды соншалықты мол жеткізеді. Бұлшық еттермен бірге оларда бекітілген сүйектер өсіп қатаяды. Сондай-ақ бүкіл дененің бұлшық еттері неғұрлым көп, әрі жақсы жұмыс істесе, жүрек бұлшық еттері соғұрлым күшті жиырылады, қанды көп шығарады. Бұл өкпенің көлемін ұлғайтып, оны шынықтырады, әрі жүректің өзін күштірек, төзімді етеді.

  Дененің жетіліп, мүсіннің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білгені абзал. Ұйқыдан оянғаннан кейін, тіршіліктің бастамасы – таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау. Ертемен алғашқы рет бой жазғанда: демді ішке алу, демді сыртқа шығару кезінде-ақ өкпе кеңейіп, оттегімен толады да, көмір қышқылы сыртқа шығарылады. Жүрек соғуы жиілеп, барлық мүшелерге, олардың ішінде дене шынықтыру кезінде біртіндеп қызу жұмысқа араласа бастаған бұлшық еттерге де қан жүгіре бастайды. Кеудеге, аяққа, қолға, мойынға арналған әр түрлі дене жаттығулары барлық бұлшық еттерді созылғыш, буындарды икемді етеді. Міне, сондықтан да ертеңгі дене шынықтыру жаттығуларынан кейін, бүкіл дене икемді, қозғалғыш келеді. Ертеңгі дене шынықтыру - міндетті түрде салқын суға жуынумен аяқталуы керек.

  Демек, дене тәрбиесі, дене шынықтыру жаттығулары баланың ағзасын тұтас қатайтады. Тек қана олар баланың жасына, күш-қуатының шамасына, денсаулығына сәйкес болуы және демалыспен алмасып отыруы жөн.

2. Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-тәжірибеле-рімнен көрініс.

Шынығу-салауатты өмір салтының негізі. Жас ұрпаққа тәрбие және білім беру бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық өзерістер қатарында адам санасындағы күрделі жаңғыру үрдісімен астаса жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының тұжырымдамасында: «Қоғамды  ізгілендіру-ХХІ ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы», мұның өзі әлеуметтік қатынастарды  ұйымдастырудың  тиімді нысандарына қол жеткізуге байланысты болып отыр.

Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс денгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстын да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық тендесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл -қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезендеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл-қозғалыстың аздығы (гипокинезия) денсаулықты бұзатын себептердің бірі.

Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.

Өзімнің 8-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет.

Олар мыналар:

- Әр оқушының білім  деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;

- Оқушының бойындағы жетістіктері  мен кемшіліктерін қабылдау;

- Оқушыларға қиындықтарды  жеңуге, кемшіліктерден арылуға  көмектесу;

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.

Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру.

Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.

Оқушылардың дене шынықтыру пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.

Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.

Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.

 

 

Өзімнің 5 сыныпқа өткізген сабағымды ұсынамын:

 Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық  жүгірулер 

 Мақсаты: а) Жүгіру элементтері  бар эстафета ойындарын оқушыларға  орындату. Жүгіру кезінде қосымша  жаттығулар орындауға үйрету.

 ә) Қауіпсіздік ережесін  мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 б) Күш пен ептіліктің  дамуын арттыру. Қимыл қозғалысының  жалпы үйлесімділігін жақсарту.

 Сабақтың түрі: Жаңа  сабақ 

 Сабақтың өтетін орны: Спорт зал

 Сабаққа керек құралдар: Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе,

 кедергілер, үлкен доп, асық, қоржын.

 Сабақтың барысы: жаттығудың  орындалу уақыты 

 Ұйымдастыру, әдістемелік  нұсқау 

 І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Сыныпты сапқа тұрғызу.

Информация о работе Дене тәрбиесі сабақтары арқылы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру