Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 12:10, реферат
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).
Балалардың бұлшық ет тканьдарында
су көп те, белоктық заттар аз болып
келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық
ет тканьдары олардың жалпы
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметті 1-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
1-кесте - Бала жүрегінің
соғу жиілігі мен қанның
Жасы |
Жүрегінің соғу жиілігі, |
Қанның систоликалық көлемі, мл |
Жаңа туған |
120-168 |
2,5 |
1-2 ай |
132-171 |
- |
6 ай |
120-150 |
- |
1 жас |
103-150 |
10,0 |
2 жас |
96-135 |
10,2 |
5-6 жас |
83-119 |
20,6 |
Ер балалар | ||
8 жас |
50-93 |
25,0 |
10-12 жас |
53-86 |
33,4 |
15-16 |
50-77 |
41,4 |
Ересек |
55-75 |
60 ж/е одан көп |
| ||
8 жас |
67-99 |
27,0 |
10-12 жас |
60-89 |
31,6 |
15-16 |
55-85 |
38,5 |
Ересек |
60-75 |
55-65 |
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс.
1.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз,
өздерін тоқтата алмайды, зейіні
тұрақты емес. Бірте-бірте оларға
жаттығуларды кеңістікте
Бастауыш сынып оқушыларына
денені дамыту жаттығуларын бергенде,
ұл балалар мен қыз балалардың
дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері
кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары
болады. Бұлшық ет күштері қыздарға
қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа,
биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті,
әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап
ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа,
жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда
көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені
1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың
дене тәрбиесі жаттығулары амалдары
бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші
сыныпта ұлдарға қарағанда
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына
негізгі үйрететін жаттығулар
тобы табиғи қимыл-әрекеттерді
жетілдіру түрінде болып
2. Бір сабақ кезінде
оқу материалын меңгеру және
жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін
ғана орындаса жеткілікті
3. Сынып төмен болған
сайын табан бұлшық еттерін
нығайту және түзу тұлға
4. Әрбір сабақта міндетті
түрде қозғалмалы ойындар
5. Оқушыларға негізгі
жаттығулардың техникасын
Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізуіне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының оқу жоспарын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
- бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;
- дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын
жұмыста пайдалану;
- сабақ өткізу кезінде
санитарлық-гигиеналық жағдай
- оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
- сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
- ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
- оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
- балаларды дене тәрбиесі
мен спортпен тұрақты
- жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
2. Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі
2.1. Орта сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені жан-жақты, үйлесімді
дамыту, дұрыс дене түзулігі мен
сыртқы ортаның жағымсыз
- негізгі базалық спорт
түрлері жеңіл атлетика, гимнастика,
спорттық ойындар, шаңғы
- дене қасиеттерін,
кеңістікте үйлесімді, епті
- жеке бас гигиенасы,
дене тәрбиесі жаттығуларының
ағзаның негізгі жүйелеріне
- негізгі спорт түрлері,
жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар,
- таңдап алған спорт
түрлерінің жаттығуларымен өз
бетімен күнделікті дене
- сабақ бөлімдерін, жарыстар,
әр түрлі жаттықтыру
- өзінің дене мүмкіншіліктерін
бағалау біліктілігін
- тәртіптілікті,
- психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
2.2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың
және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа
сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің
омыртқалары өте жылжымалы
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста - қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады. Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).