Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 12:10, реферат

Описание работы

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Содержание работы

1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).

Файлы: 1 файл

Дене тәрбиесі.docx

— 43.81 Кб (Скачать файл)

 

 Жаңа буын математика  оқулығының  басты ерекшеліктерінің  бірі – оның әрбір сабаққа   лайықталған  материалы, негізінен  алғанда, төрт текті жаттығулардың  тобынан  тұрады.  Солардың  бірі — балалардың шығарамашылық  іс-әрекетке бейімдеу мақсатын  көздейтін, оқулықта жасыл түсті  қоршауға алынған шығарамашылық  жаттығулар. Бұрынғы оқулықтардың  ешқайсысында жаттығулардың осындай  тобы қарастырылмағандықтан, қазіргі  мектеп тәжірибесінде шығармашылық  жаттығуларды орындаумен байланысты  оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда  үлкен қиындықтар туындап отыр. Оқушылардың шығарамашылық жаттығуларды  орындау икемділігін бағдарлама  талаптары деңгейінде қалыптастыруда  айтарлықтай кемшіліктер мен  олқылықтар орын алуда.

 Математиканы оқыту  процесінде жаттығулардың алатын  орны ерекше. Жаттығу дегеніміз  не? Жалпы алғанда, ғылым мен  тұрмыстың  әр алуан салаларында,  «жаттығу» термині әр түрлі  мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық  әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың  әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен  іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу  дегеніміз білімді бекітудің  және білік пен дағдыларды  қалыптастырудың, сондай –ақ  оқушылардың ойлау қабілетін  дамытудың негігі әдістерінің  бірі дегенге әкеп саяды. [ 3,277].

 Математикалық білімді  жаттығулар орындау негізінде  игеру мәселесіне ғылым тарихында  ұлы жаңалықтар ашқан атақты  ғалымдар да жоғары баға берген.Мәселен,  ұлы ағылшын ғалымы И.Ньютон  жаттығулардың теорияға қарағанда,  көп нәрсеге үйрететіндігіне  назар аударған.

 Жаттығулар алуан түрлі  болады және олар, ең алдымен,  оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты  ажыратылады.

 Кең мағынада алғанда,  математикалық жаттығу деп кез  келген математикалық мазмұндағы  тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша  айтқанда, математикалық жаттығуларды  құрылысы жағынан мысалдар, есептер,  логикалық жаттығулар, есеп құрастырумен  байланысты жаттығулар, т.с.с. деп  бөлуге болады.

 Қазақстан Республикасы  бастауыш білімнің мемлекеттік  стандартына сәйкес, математикалық  білімнің жаңа мазмұны  біртекті  емес және әр түрлі екі деңгейді  қамтиды. Олар міндетті және  мүмкін деңгейлер.

 

 «Міндетті  деңгейге  бастауыш мектеп көлеміндегі  берік игерілуі тиісті  материалдар  жатады. …

 Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны  тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен  үйлесетін, алайда оқушының  математикалық   ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес   түрде ұсынылатын  және де оны орындау шығармашылық  іс-әрекетпен  ұштасатын  және  де оны орындау шығармашылық  іс-әрекетпен ұштасатын материалдар  жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің  материалымен кеңейте және тереңдете  түсуге қызмет етеді, математиканың  жүйелі курстарының аса маңызды  тарауларын ілгеріде  оқытып –  үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ  балалардың дамуына әсерін тгізеді  және негізгі материалды терең  меңгеріп  алуға көмектеседі».

 Жаңа буын оқулықтарында  бастауыш математикалық білім  мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз  ету мақсатында ұсынылып отырған   жаттығулар ерекше назар аудартады.  Олар бір сарынды іс-әрекеттер  орындаудан бас тарта отырып, өзгермелі әр түрлі бағыттағы  ізденістер тудыру арқылы оқушыны   шығармашылық әрекет жағдайына   енгізуге мүмкіндік  жасайды.  Шығарамашылық  жаттығулар ұсынылғанда,  оқушының алдында  мақсатқа  өзіне мәлім әрекет тәсілімен  жете  алмайтын  проблемалық   жағдаят пайда болып, ол оқушының  интеллектуалдық қиналуын туғызуы  мүмкін. Осының барысында  оқушы  жаңа әрекет тәсілін іздестіру  бағытындағы шығармашылық сипаттағы  іс -әрекеттер  орындауға талпынады.Осы  тұрғыдан алғанда  математикалық  жаттығуларды, біздің пікірімізше,  шығармашылық жаттығулар деп  атаған орынды сияқты. [ 5, 8 ].

 Шығармашылық жаттығу  – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық  заңдылықтар арқылы орындау.

 Шығармашылық тапсырмалар  оқушылардың  жаңа бір нәрсені  ашуы, яғни оқушы өзін белгілі  бір жаңалықтардың авторы ретінде  сезінеді. Бұл оған белгілі бір  пән төңірегіндегі қызығушылығын  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули  түседі.

 Оқушылардың логикалық  ойлау қабілетін дамытуға бағытталған  стандартты емес тапсырмаларды  шығармашылық жаттығулар деп  атаймыз. Сондықтан шығармашылық  жаттығуды ұдайы жүргізе отырып  біз оқушылардың тек пәнге  деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта  аламыз.

 

 Мектеп тәжірибесінде  шығармашылық жаттығулар үздіксіз  орындалмай жатқандығы белгілі.  Кейбір мұғалімдер шығармашылық  жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан  оны орындамайды,  орындағанымен  сабақ соңында асығыс шешуін  оқушыларға жалпылама айтқыза  салады, яғни талдау жүргізілмейді.  Балаларда ой операиялары толық  жүргізілмегендіктен  логикалық  ойлаудың даму деңгейі төмен  болады. Ал оқушылардың логикалық  ойлауын дамытудың  бір жолы  — шығармашылық жаттығуды жүйелі  орындату.

 Сыныптағы  оқушылардың  білім деңгейі бірдей емес. Олардың  ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар  да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай  жаттығулар орындау жалықтырады.  Сондықтан мұғалім  оқушыларға  міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс.

 Оқушылардың логикалық  ойлауын  дамыту үшін:

 есепті, жаттығуларды  талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;

 сызба графиктік модель  бойынша есеп объектілерінің  арасындағы байланыстарды түсіндіру;

 Есептегі нақты затта


Информация о работе Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері