Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 22:09, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған.
Кіріспе.................................................................................................3-4
Негізгі бөлім.......................................................................................5-10
І тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері......................................................5-7
1.2 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі.............................7-10
ІІ тарау
2.1 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы......................11-15
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру....................................................................................11-13
2.3 Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері...................................................................................13-15
Практикалық бөлім..............................................................................16-23
Қосымша...........................................................................................24-26
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................27
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім.........................
І тарау
1.2 Қазақтың
ұлттық қозғалмалы ойындары
ІІ тарау
2.1 Дене тәрбиесіндегі
қозғалмалы ойындардың маңызы..
2.2 Бастауыш
сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру...................
2.3 Қозғалмалы
ойын алдындағы гимнастиканы
ұйымдастыру ерекшеліктері.....
Практикалық бөлім.........................
Қосымша.......................
Әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында қозғалмалы ойындардың қолданылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тэрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ.
Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі
Зерттеу заты: Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындар
Ғылыми болжам: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор.
Әдіс-тәсілдер: Психодиагоностикалық, жаттығулар, дене тәрбиесіндегі әр түрлі ойын түрлерін қолдану
Зерттеу базасы: 3 сынып, Қарағаш орта мектебі
Зерттеу жаңалығы:
I тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында 2001- 2006 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Жарлығында және Қазақстан Республикасының дене тәрбиесінің тұжырымдамасында оқушылардың дене мәдениетініңүрдісі көрсетілген.
Л. Матвеевтің пікірінше, жеке тұлғалармен және жалпы қоғаммен дене шынықтыруды толықіске асырудың негізі «дене жетілдірудің» көрсеткіштері болып табылады. Қазіргі кездекөзқарас жергілікті климаттық және экологиялық жағдайларына бейімделу; ұлттык салт-дәстүрлерді ескеру; аймақтағы жоғары жұмыс қабілетінқамтамасыз етуге бағытталған.
Т. Усманходжаев «дене жетілдіруі» ұғымының негізгі параметрлерін нақтылап берген. Онын пікіріне сүйенсек,«дене жетілдіруі»... өсіп келе жатқан жастар тәрбиесінің мақсаты ретінде келесі бөліктермен анықталады: бір қалыпты дене дамуы мен қозғалтқыш қабілеттердің оңтайлы іске асырылуы, жергілікті климаттық және экологиялық жағдайларға функционалдық бейімделуі және ұлттық дәстүрлерді ескеру. Дене жетілдірудің негізгі белгілері: дене дайындығы, дене дамуы, қозғалтқыш белсенділік, денсаулық.
«Дене дайындығы» деген тусініккке организмнің вегетативтіқалпы, қозғалыс әсерлерініңәр түрлілігі және денелер сапалығының даму деңгейікіреді. Ал дене дамуының кең және бір жақтылы мәнділігі болады.
Қозғалыс белсенділігінің дәрежесін анықтайтын факторларға биологиялык, әлеуметтік, елдегі дене шынықтыру мен спорт деңгейі және қолайсыз ауа райы жағдайлары жатады. Мұнда негізгі мәселе оптималды қозғалтқыш белсендігінің талдауы болып қала береді.
Дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін жетілдіру жолдарының арасында оқушылармен өтетін оқу материалдарын дұрыс жоспарлау - негізгіқағидаларының бірі. Басқа пәндерге қарағанда дене тәрбиесі пәнін жоспарлаудыңөзіндік ерекшеліктері бар.
Оқушылардың дене дайындығы мен дене даму дәрежесін арттыруға әсерін тигізетін жағдайлар: а) әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлығы; ә) ауыл мектеп оқушыларының дене дайындылығының төмендігі; б) ауыл мектеп оқушыларының дене дамуы төмендігі; в) жоспарлау құжаттарындағы оқушылардың дене әлеуметтік өсуіне кедергі жасайтын кейбір жағдайлар:
Оқушылардың дене дайындығы мен дене даму дәрежесін арттырудыңәдістемелік жолдарының мазмұны мыналар болып табылады:
а) өзін-өзі қаржыландыру, 2003-2006 ауыл жылына байланысты жоғары орындардан қаражаттаныруды сұрап, жасөспірімдер мен балаларға спорт мектептерін ашу, өз күшімен алаңдар салу;
б) экологиялық жағдайларға қарсы тұру (ашық, таза ауада, далаларда сабақөткізу; өзен, көлдер жағасында сабақ жүргізу);
в) ауыл оқушыларының дене дайындығының деңгейін көтеру үшінқимыл- қозғалысты ұлттық ойындар, спорттықүйірмелерге қатысып,
спортпен шұғылдану, т.т;
г)оқушылардың дене даму деңгейін көтеру жолдарын іздеу.
Ең бастысы, әр мұғалім жоспарлауды дұрыс іске асыра білуі керек, егер дұрыс іске аспаған жағдайда ол дене қасиеттерінің бірізділікпен дамуына керіәсерін тигізеді.
Зерттеу нәтижесіне сүйене келе мынадай қорытынды жасауға болады:
Ауыл мектерінде дене тәрбиесіүрдісін жетілдіру үшін қазіргі кезенде үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шараларға сүйене отырып (ауыл жылы, мемлекеттік бағдарлама т.б.), әлеуметтік-экономикалық факторды (қаржыландыру мәселесі), сондай-ақ дене шынықтыру пәні мұғалімдер дәстүрлерін, жергілікті жағдайларды ескеретін дене жаттығуларды, жарыстарды ұйымдастыру керек. Онсыз игермеу болмайтыны сөзсіз.
1.2. Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліпқараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттык ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт: қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» еңбегі М. Гуннердің толықтырылып, өңделген кітабы.
XX ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі балалар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген.
Орыс миссионері А. Васильев «Игры сартовских детей» мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты анықтап зерттеген. Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жаткан дәстүрлі «Чимчук тушты бошимга» ойыны. Ташкентттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» мақаласында өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілінің белгілі уакытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтыңұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегіөзекті мәселе болмағанына қарамастан, сол тоталитаризм кезеңінде дәстүрліұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәпекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев т.б. есімдерді атауға болады. Әсіресе, М. Тәпекеевтіңқазақтыңұлттық және дәстүрлі ойындарын
зерттеген деректерініңөзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектеріҚазақстандағы спорт пендене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейкесті мәселесінің негізінқалаған. М. Тәпекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды - «Казахские национальные виды спорта и игры». Бұл зерттеуінде ізденушіқазақтың тоғыз құмалақ ойынының ереже-тәртіптерін таразылап, халық ойынынын қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттыққозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деректеріне сүйене отырып ғылыми сараланған пікірлер айтады.
Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелі мәні» жинағында ұтлттық спорт түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті тіршілігіндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтыңұлттық спорт ойын түрлері» еңбегінде ат спортына қатысты бәйгеден бастап, жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне сапостологиялық талдау жасалады.
Бала өмірінде ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы мен мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қоғамдағы қажеттілік біртұтасты адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.
Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекетке жол ашушы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша, «шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір алғысына ілесіпкете барады: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді.»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барасындағы спорттық жаттығулар мен ойынның қажеттілігі мен зәрулігіне ғалымдар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н. Поддысова, Н.Михайленко, Д.Хухлаева және тағы басқалар ерекше назар аударған.
Д. Хухлаеваның пікірі бойынша, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қарекеттің символы болып табылады.
М.Конторович, Л.Михайлованың авторлығымен бірге жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойынын ұсынған. Олардың ішінде: қояндар (6-7 жастарға); аңшы мен ит және қояндар (8 жастағылар үшін); торғай мен мысық (9-10 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан («Физическое воспитание в детском саду») кітабында балабақшаныңәр тобында жас ерекшелігіне қарай өзгеретін қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, тағы да басқа мәселелер қарастырылған. Мысалы: Қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзітежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланыңқабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен әлсіз жайбасар балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялықөзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектіңқұндылығын жоғарылатады.
Информация о работе Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойынның орны