Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 22:09, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған.
Кіріспе.................................................................................................3-4
Негізгі бөлім.......................................................................................5-10
І тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері......................................................5-7
1.2 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі.............................7-10
ІІ тарау
2.1 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы......................11-15
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру....................................................................................11-13
2.3 Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері...................................................................................13-15
Практикалық бөлім..............................................................................16-23
Қосымша...........................................................................................24-26
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................27
«Соқыртеке» ойыны.
Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбык беріп, ортаға шығарады. Ол:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ
Қайда кеттің қалқа жан
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп, - деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала тұрған ойнаушылар қашып жүріп:
Соқыр-соқырақ,
Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын
Саған бір ем табайын, - деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай л\ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады. «Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердіңөрісін мөлшерлеп сызып қояды
«Белбеу тастау» ойыны.
Ойын кең алаңды жазық жерде ойналады. Ойынға қатынасамын деушілерге шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар сан жағынан да, күш-қуаты жағынан да біркелкі екі топқа бөлінеді. Сонан соң, екі топ бір-бірінен белгілі бір қашықтықта, бір-біріне қарама-қарсы сап құрып тұрысады. Екі топтың ортасынан кішірек дөңгелек шеңбер сызылады да, сол шеңбердің ортасына белбеу немесе белге байлайтын баска бір материал тасталады. Әр топка өз басқарушылары тағайындалады. Ойынды бірінші болып жүргізуге кезек алған топтың бастығы кенеттен бір ойыншының атын атайды. Ал екінші топтың басшысы оған жауап ретінде барлық жағынан мүмкіншілігі тең келеді-ау деген қарсы топтағы бір ойыншының атын тез атап үлгеруі керек. Аттары аталған екі ойыншы шеңбердің ортасында жатқан белбеуге қарай тура жүгіреді.Кім бұрын жетіп, белбеуді алып, оны қарсыласына тигізіп үлгерсе, белбеу тиген ойынш ы ойыннан шығады. Жеңген ойыншы өз орнына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Бұл ойынның екінші түрі «Орамал жасырмақ» деп аталады.
«Атшылар жарысы» ойыны
Ойын алаңда, спорт залында өткізіле береді. Ойынға қатынасушылардан тең екі топқа бөлінеді де, әрбір топ ішінара және екі топқа бөлінеді. (Сонда барлығы төрт бөліктен тұрады). Қай топтың «аттар», ал қай топтың «Салт аттылар» болатынын жеребе арқылы шешеді. Алаңнан немесе залдан ара қашықтықты 20 метр қатар екі сызық сызылады. «Салт аттылар» «аттарына» мініп сол сызықтың бойымен қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша «Салт аттылар» екінші сызыққа жетіп орын ауыстырады да, қайта жүгіріп бірінші сызықтан өтеді. «Салт атты» бұл кезде үнемі өз «атының» арқасынан қағып қойып отырады, ал «ат» үнемі алға ұмтылады. Ойын қызып, жалғаса түседі. Қай жақ жылдам екінші бұрын жетіп келсе, солар жеңіске жеткен болып есептеледі. Ойын жастарды жинақылыққа, ұйымшылдық, коллективтік әрекет жасай білуге үйретеді, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастырады, дене күшін сомдап, төзімділікке үйретеді.
«Аударыспақ» ойыны
Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі - аударыспақ (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтың категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтың категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты- қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттық сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең, келетін салмақты категорияны көбейту дұрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасады. Ертеде кез-келген тілек білдіруші өз еркімен қатыса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа оытырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рөлді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне суйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.
«Тартыс» ойыны
Ойын көгалды алаңда, спорт залда ойналады. Спорт залда өтетін болса, еденге кілем төселеді. Ойынға 4-30 адам қатынасады. Ойынға тек ер балалар қатынаса алады. Ойыншылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, екі-екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір-біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін-бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір-бірімен орын ауыстырады. Ойын жастардың дене, білек күшін сомдауға, төзімдікке үйретеді.
«Теңге алу» ойыны
Ертеден келе жатқан ойындардың бірі - Теңге алу. Теңге алу да ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атанып, жүлде алады. Ойыншылар атқа кезек мініп немесе бірнеше атпен (әркім өз атымен) кеп ойынға қатынаса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оның орнына тағы да тиын салынады. Ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға болмайды. Көрсеткіш барлық сыныптарда 45-50 метрге дейін жоғарылады. Оқу жылының соңында экспериментті сынып оқушылары «Дене тәрбиесі» пәні бойынша бағдарлама материалдарын бақылау сыныптарына қарағанда толық меңгеріп шықты.
Сонымен бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің сабақ жоспарын дұрыс құрып, ұлттық ойындарды сабақ барысында тиімді пайдаланса және сабақты арнайы білімі бар маман жүргізсе оқу бағдарламасындағы материалдар толық меңгеріліп, оқушылардың денесі дұрыс дамып, жетілгені айқындалды.
Дене тәрбиесі сабағында ойындар неғұрлым көп өтілген сайын бұлшық ет топтарынын да оған қатысу мүмкіндігі мол болатындығы белгілі. Ат ойынының көп болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін де дамыта түседі. Демек, оқушылардың дене бітімінің, тұлғасының қалыптасуы ұлттық ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп қатысты. Жалпы бастауыш сынып оқушылары 4 жыл мерзімде 70-80-ге жуық ойын түрлерін меңгеруі тиіс. Міне, осы ойындарды толық меңгергенде ғана оқушылардың дене қабілеттері мен денесінің жалпы дамып-жетілуінің ғана емес, ерік-жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп септігін тигізетініне ешқандай күмәніміз жоқ.
Қосымша
Эстафеталык ойындар
Сынып: 4-сынып
Тақырыптары: 1.Доппен нысананы көздеп лақтыруға машықтану.
2. Эстафеталық ойындар
Сабақтың мақсаты: Нысананы доп лақтырып көздеуді оқушыға дәлдеп соғуға үйрету. Ойын арқылы ептілікке, жылдамдыққа, алдына қойған мақсатына жету үшін күш-қайратын аямай жұмсауға үйрету.
Сабақ өтетін орын: спорт зал.
Спорт жабдығы: нысана (мишень), резина доптар, баскетбол доптары, жалауша, ысқырық.
Дайындық бөлімі: (10-15 минут)
тоқтап, таяқшаны пайдаланып төмендегі жалпы дамыту жаттығуларын орындау:
-Екі қолмен таяқты көлденең ұстап тұрып, «1-2» дегенде оң (сол) аяқты артқа соза таяқты жоғары көтеріп шалқаю, «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу (әр аяқпен 4-5 рет қайталау).
-Сол қалыпта тұрып, «1-2» дегенде таяқты жоғары көтеріп, кеудені оңға (солға) бұру (әр жаққа 4-6 реттен иілу);
-Аяқты алшақ қойып тұрып, таяқты жоғары көтеріп тұрып, «1-2» дегенде
кеудені оң (сол) жаққа ию (әр жаққа 8-10 реттен иілу);
-Аяқты алшақ қойып тұрып, «1-2» дегенде көлденең ұстаған таяқты жоғары көтеріп, оң (сол) аяқты алға түзу көтеріп ұстап, таяқшаны төмен түсіріп аяққа тигізу, «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу (әр аяқпен «6-8» рет қайталау);
-Тік тұрып, «1-2» дегенде таяқты аяқтың астынан артқа қарай өткізіп жоғары көтеріп «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу («6-8» рет қайталау);
-Таяқты оң (сол) жағына қойып тұрып, екі жаққа кезекпен қос аяқтап секіру (4- 10 реттен қайталап орындау);
Негізгі бөлім: 25-30 мин.
Оқушылар санау арқылы екі командаға бөлініп, бір-біріне созғанда қолдары жетпейтіндей қашықтықта тізбектеліп тұрады. Әр команданың бірінші тұрған ойыншысына баскетбол добы беріледі. Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін, допты тез жоғары көтеріп, денесін бұрмай, шалқайып, артында тұрған оқушыға береді. Одан келесі бала алады. Осылай ең соңында тұрған балаға жеткен кезде, ол: «Теріс бұрыл! Сап түзе!» - деп бұйрық береді. Ойын осылай ойналып соңына жеткен кезде тоқтатылып, жеңіске жеткен команда анықталады.
Қорытынды бөлім. (4-5 минут).
Әдебиеттер тізімі:
1. Ботағариев Т. «Дене:тәрбиесі мәселелері). Қазақстан мектебі №9 2004 ж. 45-47 бб.
ойындар мәселесі» Педагогика, 1987 ж. 1926.
Информация о работе Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойынның орны