Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойынның орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 22:09, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тэрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................3-4
Негізгі бөлім.......................................................................................5-10
І тарау
1.1 Дене тәрбиесі мәселелері......................................................5-7
1.2 Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі.............................7-10
ІІ тарау
2.1 Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы......................11-15
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру....................................................................................11-13
2.3 Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері...................................................................................13-15
Практикалық бөлім..............................................................................16-23
Қосымша...........................................................................................24-26
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................27

Файлы: 1 файл

kurs_4530.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау

2.1. Дене  тәрбиесіндегіқозғалмалы ойындардың маңызы

Дене шынықтыру пәнінің белгілі бір теоритиктері П.Ф.Лесгафт жәнеВ.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасы бекіп, ағзаның қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауында қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық-қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс саналы түрде балаға жеткізіп, қайталатуды бірнеше күн әдетке айналдырғанда бала ағзасындағы зат алмасу, барлық органдар мен дене құрылымындағы жалғасып жатқан нерв жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Негізінен, баланың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар ауада немесе далада ойнайтын ойындар. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіне деген қажеттілік артады. Осы ойындардың арқасында баланың көңіл-күйі эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді. Қозғалмалы ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына, немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.

Балалардың жоғарғы тыныс жолдары тар, олардың шарышты қабаттары лимфа және қан тамырларына өте бай болғандықтан қолайсыз жағдайларда ісініп тынысы жедел тарылтады. Қабырғалардың тегіс орналасуына байланысты тыныс жеңіл және жиі алынады (емшектегі балаларда минутына 35-40 тыныс қимылы, 7 жастағы балаларда минутына 26-27 тыныс қимылы жүреді). Одан басқа балаларда дем алу мускулатурасы әлсіз. Өкпе ткані өте нәзік себебі функционалды тұрғыдан ол әлі жетілген жоқ. Баланың кеудекуысындағы қозғалыс шектеулі. Олардың тыныс алу жүйесіндегі осындай ерекшеліктіұсына отырып, сәбилерге мұрын арқылы ауа жұтуды үйрету керек. Мұрынның ішкі жағы шырышты қабатпен қапталған қалың қан тамырларымен жабылған.

 

2.2. Бастауыш  сынып оқушыларыныңқимыл-қозғалысын ұйымдастыру

 

4сынып бастауыш  оқушыларыныңқимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделіқозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 10 жасқа дейін қалыптастып, әрі қарай шыңдалуының негізгі фундаменті қызметін атқарып, өмірде қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетудің алғы шарты қалыптасады. Бастауыш сынып балаларының қимыл-қозғалыс әрекетін ұлттық ойындар арқылы қалыптастыруда ағзаның жалпы дамуын тездететін қозғалмал жүру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау, еңбектеу, секіру, лақтыру элемнттерін меңгеру қажет. Баланың қозғалыс дағдысын дамытумен қатар дене шынықтыру жаттығу түрлерімен айналысуды жетілдіреміз. Себебі ұлттық ойын барысында еңбектеу, секіру, лақтыру, жүру, жүгіруді орындау үшін денесі шынығып, дамығаны дұрыс.

Жаттығуларды біртұтас, дара, ойынмен қолданысқаенгіземіз. Баланыңкүші дамыған сайын, секірудегі өлшемі ұзарып, затты лақтыру алыстайды. Ұлттық элементтер негізінде ойналған ойынның күнделікті тұрақты өмірге енуі баланың тез шаршамай шыдамды еңбекке үйренуін және ұзақ қашықтыққа жүріп, жүгіруіне төзімділік көрсетуге шыңдайды.

Ойын барысында  балалар әртүрліқимыл жасайды. Тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды. Бірақ олардыңеркін қимылының даму дәрежесі әлі төмен. Олар ұйымдасқан түрде бірінің қолын бірі ұстап, бір бағытта жүре алмайды. 1,5-2-дегі балалардың қимылды көп қажет ететіндігін ескеріп бұл үшін арнайы жағдай ұйымдастыра отырып, мынаны есте сақтау керек: қимыл-қозғалыс белсенділігі назар аудартқыштың қалыптасуына ойыншықтармен біраз ойнауына бөгет жасамау керек. Балалардыңқозғалу талабын қанағаттандыра отырып, олардыңіс-әрекетіне қимыл-қозғалыс жаттығуларын енгізуде тұрақты дағдыға айналдырумен қатар денешынықтырудың элементтерін күннен-күнге күрделендіре береміз.

7-8 жастағы балаларға қимыл-қозғалыс ойындарын дамытуда тұрып, отырып, жатып орындайтын жалпы шынықтыру жаттығуларының маңызы зор. Ойындармен қимыл-қозғалыс эрекеттерінің баланың дамуына мынадай прогрессивті көмегі бар. Үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағытталуда, тәуелсіз дербестіктің қарапайым формаларыныңқалыптасуы балалар арасында жасалатын жаңа қатынас жалғыз ойнаудан, топ болып бірлесіп ойнау әрекетінен өту қалыптасады.

7-8 жастағы балалардың негізгіқозғалыс-қимылдары ойын арқылы шыңдалады. Онда негізгіқимылдар жетілдіреді, жүректілік, ұстамдылық, шыдамдылық секлдіқасиеттер қалыптасады. Қозғалыс-қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыспен іс-әрекеттіңүйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Басқа жағдайда ойыннан тыс жерде мүмкін ол мұндай нәтижелерге жете алмас та еді. Ойынды әртүрлі жаттығу түрлерімен алмастырып отыру – барлық қимылды біркелкі дамытудың маңызды шарты. Бұл жастағы балаларға арнап далада ойнайтын ұлттық ойындар: асықпен ойнайтын «Ханталапай», «Көкпар», «Айгөлек»т.б.

Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - олардың денсаулығын сақтау, нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

 

2.3. Қозғалмалы  ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Мектепте сабак  таңертеңгілік гимнастика өткізуден басталады, ол сауықтыру ғана емес, тәрбиелік мақсатты да көздейді. Мектепте сабақалдындағы гимнастика оқушыларды тәртіпке үйретеді, оқу күнін ұйымдасқан түрде бастауға көмектеседі, ал гимнастикадан кейінгі сергек көңіл күй оқушылардың жұмыс қабілетін арттырып қана қоймай, сабақ сапасын да жақсартады.

Сабаққа дейін күнделікті дене жаттығуларын өткізу көмегімен оқушылар ағзаның функционалдық мүмкіндіктері жоғарылайды. Сабаққа дейінгі гимнастиканың маңызы өте зор: дене жаттығуларын орындау арқылы оқушылардың көңіл күйі жақсарады, алдағы болатын сабаққа деген ынтасын арттыруға көмектеседі.

Сабаққа дейінгі гимнастиканы мектеп алаңында өткізген дұрыс. Ауа райы қолайсыз болса ғана мектеп ішінде әр сынып өзіне екітілген тұрақты, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін жерде шұғылданады. Жаттығулар кәдімгі мектеп киімімен орындалады. Оқу жылы басында сабаққадейінгі гимнастиканы мұғалім өзі жүргізеді. Одан әрі жаттығу жүргізілуі 3-4 оқушыларына тапсыруға болады. Алайда мұғалімніңсабаққақатысуы қажет.

Сабаққа дейінгі гимнастиканыңұзақтығы 8-10 минут, апталық көлемі шамамен бір сағаттан астам уақытты құрайды. Ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс: ағзаға жан-жақты әсер ету. Оқушыларды шаршатпау және қоздырмау, дене бітімін жақсарту. Оқушыларға жақсы таныс және оңай орындалатын 5-6 кешенді жаттығулардан тұруы тиіс. Негізінен, құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары өткізіледі. Бірінші – керілу, содан соңәр түрлі бұлшық ет топтарына жаттығулар орындалады. Жүктемесі көп жаттығулар (жүгіру, секіру т.б.) кешенді жаттығулар арасында жүргізіледі.Ойын жаттығулары мен күрделі емес эстафетеларды пайдалануға да болады.

Гимнастиканы  оқушылар бірден сабаққакірісетін баяу жаттығулармен аяктағаны дұрыс. Жаттығулар құрамы айына бір рет өзгертіліп тұруы кажет.Дене жаттығуларын орындағанда мұғалімге аяқ-қол, кеуденің бастапқы қалпының дұрыстығын қадағалау қажет жәнеоқушылардың тынысты ұзақуақыт ұстап тұрмауын қадағалаған абзал, ол біркелкі болуы тиіс және дем шығару емес, дем алуға ерекше көңіл бөлген дұрыс.

Мұғалімнің  жаттығу көрсетуі нақты анық және қысқа болуы тиіс. Жаттығулар орындау  балаларды шаршатпауы керек. Статикалык қалыпты ұзақ уақыт ұстағанда оқушыларда бұлшық еттіңқалжырауы мүмкін, сондықтан бір жаттығудан екіншісіне ауысып отыру керек.

Шағын кешенді ауыл мектептерінде жаттығулар өткізгенде мұғалімге жаттығулар орындауды қайталау санын іріктеу қажет. Егер оқушылардың дене күшінің дайындығы шамамен тең денгейде болса, онда мұғалім бірыңғай мөлшер ұсынады, яғни барлық балалар үшін қайталау саны бірдей болады.

Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығу түрлері бағдарлама талаптарына сәйкес әзірленеді.

Барлық гимнастикалықжаттығулар түрлерін мұғалім оқушылардың дене дайындығына, олардың сандық күш құрамына қарай өзгеріп, толықтырылып, тіпті әр түрлі ойын элементтерін енгізіп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық бөлім

 

Қазақтың ұлттық ойындарын спорт түрлерінде қолданғанда  дене тәрбиесіне тигізетін әсерлері

 

Көптеген ауылдық  мектептерде дене тәрбиесі сабағын арнайы мамандығы жоқ мұғалімдер жүргізетіндіктен, оқушылар жеткілікті білім мен дағдыны қажетінше меңгере алмайды. Осыған байланысты біз мұғалімнің арнайы дайындығын, оқушылардың дене жетілу, дене дайындық және даму деңгейлерін тексердім. Қарағаш орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларын эксперимент тобы деп алдым. Оқушылардың жас мөлшері 9-10 жас. Эксперимент бір айга созылды. Зерттеу жұмысы келесі әдістерге сүйене отырып жүргізілді, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан оқулықтарды талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама жургізу, математикалық және логикалық талдау, тұжырымдау әдістері қолданылды.

Барлық сабақтар мектеп алаңында ашық ауада өткізіледі. Тәжірибеде климат жағдайы ескеріледі. Жаттығулар оқушылар ағзасының функциялық кызметіне жақсы ықпал жасауына жағдай жасалды. Ұсынылған қозғалыс түрлерінде жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің реакциясы тексерілді. Тамыр соғу жиілігінің бастапқы деректері тыныштық кезде бұл топта да елеулі өзгеріс байқалмады. Бірақ, оқу жылының соңында экспериментті сыныпта функциялық сынама деректері бойынша тамыр соғу жиілігінің ұлғайғаны және неғұрлым орнына тез келетіні анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының дене даму деңгейі және 4-тоқсанда келесі көрсеткіштер анықталды: дене ұзындығы, салмақ, өкпенің тіршілік сыйымдылығы және аяқ-қол динамометриясы. Нәтижесінде барлық көрсеткіштер бойынша эксперимент 4 сынып оқушыларының дене даму деңгейі бақылау сыныптарына қарағанда едәуір жоғары екенін көрсетті.

Оқу жылы көлемінде  бастауыш сынып оқушыларының дене дайындығы мен дене қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ұлттық ойындарды келемшде бастауыш сынып оқушыларынын дене дайындығы мен дене кабшеттерш дамыту максатында коптеген ұлттық ойындарды пайдаландым. Ұлттық ойындарды дене қабілеттеріне байланысты саралаудан өткіздік. Бұл топта да оқушылардың дене дайындық көрсеткіштері барлық тоқсанда белгілі тестер бойынша талданды. Менің мұндай саралау экспериментті сыныптың дене дайындық көрсеткіштері бақылау сыныптарынан жоғары болғанын байқатты. 

Мен оқушылардың  дене қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Қара бөрік», «Айгөлек», «Теңге алу», «Атшылар», «Ақ серек - көк серек», «Жігіт қуу», «Жалау алу», «Допты түсірмеу», «Қасқыр мен ешкі», «Соқыр теке», «Төпетей тастамақ», «Орамал тастау», «Аларман», «Белбеу тастау», «Лақтыр ұста», «Жүзік алу», «Арқадағы таяқ», «Кісі көтеру», «Қындық-сандық», «Тартыс», «Шамаң келсе тартып ал», «Жүрелей секіру», «Тырау, тырау тырналар», «Тау менікі», «Әуе таяк,», «Жаяу көкпар», «Атшылар жарысы», «Төрт аяктап жарысу», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ойындарды қолдандық.                                                         Мысалға, «Айгөлек» ойыны.

Ойнаушылар  екі топқа бөлінеді. Олардың сандары  бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10-15 метрдей  жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір кыз бен жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, қуысына қысып тұрады да, екі ойын басынан: - Сен қай қолдағы тасты қалайсың?- деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын», дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

-Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Екпіні желдей өршіген

Шепті бұзар  ер керек.

Екінші топ:

-Айгөлек-ау, айгөлек, 

Айдың жүзі дөңгелек

Күші мығым, қуатты,

Екпіні желдей өршіген

Саған қандай ер керек?-дейді.

Алдыңғы топ:

-Айгөлек-ау, айгөлек, 

Айдың жүзі дөңгелек

Күші мығым, қуатты,

Екпіні желдей өршіген

Бізге пәлен  ер керек,- деп бір ойнаушының атын атайды. Ол тобынан шығып, бір-екі  адым ілгері басып:

-Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Сайысқанда  саспайтын,

Самала күнге  бастайтын,

Пәлен деген  ер шыққан,

Топ бұзуға мен  шыққам,- деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпекші болады. Ол екпінді, күшті болса, топты  жарып өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетектеп, өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып өте алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп ойын созыла береді. Ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы

да ойын ережесін сақтауға тиіс.

«Орамал тастау» ойыны.

Жастардың сүйіп  ойнайтын ойындарыньщ бір – «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «газ», дейді, болмаса «ла» дейд1. Сонда «қағаз», «қала», т.б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «ас-дақ», «са-қа», «са-бын», «са-қал», «са-рын» т.б. сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап өнер керсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір- біріне лақтыра отырып, ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын жастардың ойындағысын, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.

Информация о работе Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойынның орны