Оларды орындау ойыншылардын тиісті ынталы белгіленген ережелер шеңберіндегі қимылдарын талап етеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2014 в 09:14, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Қозғалмалы ойындардың ерекшеліктері ойын ішінде айқын көрінетін қозғалыстардың рөлі болып табылады (жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тастау, доп беру және қағып алу, қарсылық көрсету және т.б.).
Бұл қозғалыс имылдары оның сюжетімен дәлелденеді (тақырыбы, идеясы). Олар ойын мақсатына жету жолында қойылған әртүрлі қиындықтар, тосқауылдарды алуға бағытталған. Қозғалмалы ойындардың өзі қарапайым) және спортты ойындар болып бөлінеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................
2
І-ТАРАУ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ...............................................................................................

3
1.1 Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері..............
3
1.2 Жоғары сынып оқушылары дене дамуының ерекшеліктері......
3
1.3 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері....................................
5
ІІ-ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ 11 СЫНЫПТАР ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................................


6
2.1 Мектептегі 11 сынып оқушыларымен өткізілетін қозғалмалы ойындардың мақсаттары мен міндеттері..............................................

6
2.2 Мектептегі жоғары сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған қозғалмалы-спорттық ойындар..............................................

8
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
16
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................
17

Файлы: 1 файл

11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫҢ.docx

— 58.67 Кб (Скачать файл)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   




МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

КІРІСПЕ...................................................................................................

2

І-ТАРАУ  ЖОҒАРЫ  СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ...............................................................................................

 

3

1.1 Жоғары сынып оқушылары  дене тәрбиесінің міндеттері..............

3

1.2  Жоғары сынып оқушылары    дене дамуының ерекшеліктері......

3

1.3 Дене тәрбиесі  әдістемесінің  ерекшеліктері....................................

5

ІІ-ТАРАУ  МЕКТЕПТЕГІ  11 СЫНЫПТАР  ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА  ҚОЗҒАЛМАЛЫ  ОЙЫНДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................................

 

 

6

2.1 Мектептегі  11 сынып  оқушыларымен өткізілетін  қозғалмалы  ойындардың  мақсаттары мен міндеттері..............................................

 

6

2.2 Мектептегі  жоғары  сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған қозғалмалы-спорттық ойындар..............................................

 

8

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................

16

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................

17


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Қозғалмалы  ойындардың  ерекшеліктері  ойын  ішінде  айқын  көрінетін қозғалыстардың рөлі болып табылады  (жүгіру,  секіру,  лақтыру,  лақтырып тастау, доп беру және қағып алу, қарсылық көрсету және т.б.).

Бұл қозғалыс имылдары оның  сюжетімен  дәлелденеді  (тақырыбы,  идеясы).  Олар  ойын  мақсатына  жету жолында қойылған әртүрлі қиындықтар, тосқауылдарды алуға бағытталған. Қозғалмалы  ойындардың  өзі  қарапайым)  және  спортты  ойындар  болып бөлінеді. 

Қозғалмалы  ойындардың  өзі  (қарапайым)  ойыншылардың  өзі  ерікті  түрде белгілеген  шартты  түрдегі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  саналы  ынталы  қызметі болып табылады. Мақсатқа жету ойыншылардың өз шығармашылығы мен ынтасына байланысты ойыншылардың белсенді қозғалыс әрекет етуін талап етеді (мәреге тез жүгіріп жету, нысанаға жылдамырақ  лақтыру, «қарсыласын» тез және ептілікпен қуып жету және одан  қашып құтылу және т.б). 

Қозғалыс  әрекеттері  ойын  ережелерімен  белгіленеді,  оларды  орындау ойыншылардын  тиісті  ынталы  белгіленген  ережелер  шеңберіндегі  қимылдарын талап етеді.

         Ережелер ойындағы тосқауылдар  мен қиындықтардың мақсатқа жету  жолындағы  сипатын  анықтайды.  Ойынның  өзінің  де  күрделілігі  ережелердің күрделілігі мен санына байланысты. 

         Зерттеудің мақсаты. Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттерін анықтау

          Зерттеудің міңдеттері.

- Жоғары сынып оқушыларының арасындағы қозғалмалы ойындарын ұйымдастыру әдістемелерін анықтау

Зерттеудің әдістері. Курстық жұмысты жазу барысында дене тәрбиесі және спорт  салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалды.

   Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, мақсаты мен міндеттерінен, әдістерінен, тараудан, кестеден,  қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

І-ТАРАУ  ЖОҒАРЫ  СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

 

1.1 Жоғары сынып  оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері

 

Жоғары сынып оқушылары  қатарына 10-11 сыныптарда оқитын 16-17 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денені мақсатты түрде  жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене  тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық  және сыртқы орта  әсерлерін  денсаулықты  нығайтуға қолдану  іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық  мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары  денсаулық деңгейінің, жан-жақты  дене дайындығының қазіргі қоғамға  да, өзі үшін де қажет екенін  саналарында қалыптастыру;

- негізгі базалық спорт  түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай  үйрену,  жетілдіру, жоғары қимыл  ептілігіне дейін меңгеру;

- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез  қалпына келе алу қабілеттілігін  т.б. қасиет,  қабілеттерді ары  қарай дамыту;

- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың  заңдылықтары  туралы, дене тәрбиесі  жаттығуларының  келешек өмірлеріндегі еңбек  етулеріне, әскер қатарында болатын  кездеріндегі, ата-ана қызметтерін  орындайтын кездеріндегі маңызы  туралы, білім негіздерін қалыптастыру;

- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген  спорт  түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу  әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;

- өнегелік,  көпшілдік, өмірге  дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай  білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық,  ұстамдылық,  сабырлылық қасиеттерін дамыту;

- тұлға ретінде психикалық  және өзіндік қасиеттерін ары  қарай дамытуға көмектесу,  психикалық  өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.

     

 

1.2  Жоғары сынып  оқушылары    дене дамуының  ерекшеліктері

 

Жоғары  сынып жасындағы оқушылардың денесінің  өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының  мүшелері мен  жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды.  Жыныстық  жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің  кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе  бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі  қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал  тері астындағы  май ткані 10% аз болады.  Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.

Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері  20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ  сүйегінің  өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады,  бойжеткендерде сәл ерте  қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады. Жамбас  белдеуінің сүйектері: ортан жілік  18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының  сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа  дейін байқалады. Табан  күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ  киімді киюге болмайды. Себебі ондай  аяқ киімдер табан күмбезінің  дұрыс қалыптаспауына байланысты  аяқты тез  шаршатады. Балалар  мен  жастардың аяқ  киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан  күмбезі жақсы болып,  табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.

Сүйек  аппаратының  бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен  төзімділігін дамытуға тиімді  уақыт.

Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық  белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің  ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және  тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.

Жігіттердің жүректерінің  көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға  үлкен, жүрек  соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу  күші  күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда  терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың  өкпелерінің  ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.

15-17 жас кездерінде оқушылардың  сыртқы ортаны  танулары толық  қалыптасады. Ойлау  қызметтері жоғары  деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс  құрылымын түсіну қабілеттілігі  жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық  қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты  тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.

Жоғары сынып оқушыларының алға қойған  мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп  жасындағы оқушыларға қарағанда  дене қасиеттерінің  даму пайыздары азырақ болады. (1-кесте).

 

1-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене   қасиеттерінің өсу

қарқыны (%)

        Дене  қуаты 

        Қасиеттері

Жылдық орташа дамуы

Жалпы дамуы

     жігіттер

     қыздар

     жігіттер

      қыздар

  Жылдамдық

     1,5

      0,2

   3,1

       0,5

   Күш

     14,0

     9,0

   28,0

      18,0

  Жалпы төзімділік

      2,1

     0,7

   6,4

       2,1

 Жылдамдық төзімділігі

      2,1

     -0,6

   6,3

      -1,8

 Күш төзімділігі

     8,5

    -2,0

   26,7

      -6,0


 

               

 

  1.3 Дене тәрбиесі  әдістемесінің ерекшеліктері

 

Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары  қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту  амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.

Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен  қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының  функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу  жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде  аз уақыт алады.

Жоғары мектеп  жасындағы оқушыларға  сабақ  бергенде ең  алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш  төзімділігіне,  аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі  қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына  назар аударса дұрыс болады.

Жоғары сынып жасындағы оқушылармен  өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.

Осы жас кезеңінде  олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін  көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар  беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына  көмектесеміз.

Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және  меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.

 

 

ІІ-ТАРАУ  МЕКТЕПТЕГІ  11 СЫНЫПТАР  ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА  ҚОЗҒАЛМАЛЫ  ОЙЫНДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Мектептегі  11 сынып оқушыларымен өткізілетін  қозғалмалы ойындардың  мақсаттары мен міндеттері

 

 

      Жоғары сыныптардағы  қозғалмалы ойындар негізінен  жалпы дене даярлықтарын жоғарылату, сонымен бірге жасөспірімдердің  арнайы спорттық даярлықтары  үшін қолданылады.     

15-17 жастық кезеңде (Х-ХІ  сыныптар) ағзаның өсуі және дамуы  жалғасуда екенін есте ұстаған  жөн. Қаңқаның сүйектену үрдісі, бұлшық ет күшінің өсуі және  ішкі ағзалардың дамуы әлі  аяқталмаған. Жүйке және жүрек-қан  тамырлар жүйесі қызметінде кейбір  ауытқулар, жоғары қозушылық байқалады. 15-17 жастағы жасөспірімдер мен  қыздар ағзасының шыдамдылығы  ересектерге қарағанда төмен.     

Информация о работе Оларды орындау ойыншылардын тиісті ынталы белгіленген ережелер шеңберіндегі қимылдарын талап етеді