Оларды орындау ойыншылардын тиісті ынталы белгіленген ережелер шеңберіндегі қимылдарын талап етеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2014 в 09:14, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Қозғалмалы ойындардың ерекшеліктері ойын ішінде айқын көрінетін қозғалыстардың рөлі болып табылады (жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тастау, доп беру және қағып алу, қарсылық көрсету және т.б.).
Бұл қозғалыс имылдары оның сюжетімен дәлелденеді (тақырыбы, идеясы). Олар ойын мақсатына жету жолында қойылған әртүрлі қиындықтар, тосқауылдарды алуға бағытталған. Қозғалмалы ойындардың өзі қарапайым) және спортты ойындар болып бөлінеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................
2
І-ТАРАУ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ...............................................................................................

3
1.1 Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері..............
3
1.2 Жоғары сынып оқушылары дене дамуының ерекшеліктері......
3
1.3 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері....................................
5
ІІ-ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ 11 СЫНЫПТАР ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................................


6
2.1 Мектептегі 11 сынып оқушыларымен өткізілетін қозғалмалы ойындардың мақсаттары мен міндеттері..............................................

6
2.2 Мектептегі жоғары сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған қозғалмалы-спорттық ойындар..............................................

8
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
16
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................
17

Файлы: 1 файл

11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫҢ.docx

— 58.67 Кб (Скачать файл)

 Жасөспірім ұлдар денесінің  салмағы бұлшық ет массасының  ұлғаюы арқасында қосылады; салмаққа  қатынасы бойынша бұлшық ет  күштерінің дамуындағы кейін  қалу оларда байқалмайды. Жасөспірім  қыздардың бұлшықет жүйелері  ұлдарға қарағанда баяу дамиды (атап айтқанда, иық белдеуі мускулатурасы  әлсіз). Қыздар денесінің салмағы  кеуде ұзындығы, жамбас белдеуінің  дамуы есебінен еселенеді.     

15-17 жастағы қыздар аяғы  мен кеуде ұзындықтар қатынасын  салыстырмалы бағалаудың көрсетуінше  кеуде ұзындығы үлкейген сайын  аяқтары ұлдарға қарағанда қысқа, сондықтан да олардың қадам  жасаулары да қысқа. Ал дене  салмағы мен өкпелердің өмірлік  сыйымдылық салыстыруларының берілгендері  бұл көрсеткіштердің қыздарда  төмен екендігін көрсетеді.     

 Жоғары сынып оқушыларында  абстрактілі ойлауға және өз  әрекеті мен қоршаған орта  әрекететін талдауға қабілеттіліктері  айқын өседі. Көптеген бозбалар  мен бойжеткендерде спорттың  белгілі бір түрі бойынша сабақтарға  қызығушылығы толығымен қалыптасады, сондықтан оларды спорттың таңдалған  түрінде жетілуге мүмкіндік беретін  қозғалмалы ойындар тартады.     

 Олар үшін қиындылығы  бойынша маңызды, тәсілдер мен  әрекеттерді орындауға құрылған  қатысушылардың өзара қарым-қатынасы  бойынша күрделенген қозғалмалы  ойындар толығымен қол жетерлік  және қызықты.     

 Дұрыс өткізлетін қозғалмалы  ойындарды жүйелі ұйымдастыру  айналысушылардың қозғалыс қабілеттерін  жетілдіруге және дене даму  динамикасына оң әсер етеді.     

 Бұл жастағылардың  сүйек-бұлшық ет аппаратының дамуы  әлі аяқталмағанын басты назарға  ала отырып, ойындарда ұзақ бір  жақты күш салуға жол берілмеуі  тиіс. Сонымен бірге боз балалар  мен бойжеткендер жүйке және  жүрек-қан тамырлар жүйесіне зиян  келтіретін жүгіруі, секіру және  т.с.с бар ойындардағы жоғарылатылған  жүктеме қарама-қарсы көрсетілген. Алайда жалпы дене дамуын жоғарылату  және қозғалыс дағдыларын жетілдіру  мақсатында жеткілікті ұзақ уақыт  бойы қатысушылардың көп қайталанатын  белсенді қозғалыстары бар ойындар  өткізуге болады. Күш, жылдамдық, қозғалыс  координациясы және шыдамдылық  көрсетуді талап ететін ойын  әрекеттеріндегі қыздардың дене  мүмкіндіктері ұлдарға қарағанда  төмен болатындығын ескерген  жөн.     

 Жетекші жоғары сынып  оқушыларының бойында қозғалмалы  ойын сабақтарын шынайы іс  ретінде қабылдайтындай қатынастарды  тәрбиелеуі тиіс. Белгілі бір  ойын сабаққа мақсатты бағыттылы  түрде енгізілетінін және оқу-машықтандыру  мәніне ие екендігін түсіндіріп  өткен жөн. Ойын тапсырмаларын  саналы орындай отырып, оқушылар  қозғалмалы ойындарды үлкен қызығушылық  пен үлгілі тәртіппен орындайды. Белгілі бір техникалық тәсілді, тактикалық әрекетті сәтсіз орындау  жағдайында айналысушыларға қайталап  жасауға мүмкіндік беру керек, осылайша жағымды нәтижеге қол  жеткізудің тұрақты, бірбеткей машықтануға  үйрету қажет.     

 Жастарды әскери-патиоттыққа  тәрбиелеу, оны ҚР Қарулы Күштердегі  қызметке дайындау- обьективті қажеттілік .     

 Жастарды патриоттық  және интернационалды тәрбиелеу  сыныптағы идеологиялық жұмыстың  негізгі бағыттарының бірі.     

 Жыл сайын әскерге  жақсы толықтырулар келеді. Жас  жауынгерлер қысқа мерзім ішінде  мамандықты және барлық әскери  қызметті жетістікпен меңгереді, жауынгерлік уставтар талаптарын  адал орындайды, бөлімшенің қоғамдық  өміріне белсене қатысады.     

 Олардың өміріндегі  қол жеткізілген жетістері оқу  орындарында жастармен өткізілетін  әскери-патриоттық тәрбие бойынша  мақсаты бағытталған жұмыспен  түсіндіріледі.     

 Қиылды ойын енгізілген мектептер, арнайы орта оқу мекемелері бозбалалар мен бойжеткендердің жүректері мен ақыл-ойларына жағымды әсер ететіндіктерін сезеді.     

 Қимыл ойыны бір  ойналатын, жеке немесе құрама  командаларға арналған элизодтық  іс-шара емес, жүйелі қорғаныс-көпшіліктік  және спорттық ойындардың көпшілік  формасы.

Ол жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оны морольды және денесін шынықтырады, әскери қызметке жақсы даярлыққа, дене тәрбиесі бойынша білім мен дағдыларды мықты нығайтуға ықпал етеді.

       2.2  Мектептегі  жоғары  сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған қозғалмалы-спорттық ойындар

 

 

      Әрбір жаңа оқу жылының  басында қыркүйек айында барлық  орта мектептер мен орта арнайы  оқу орындарында, КТМ-де келесі  жұмыстар жүргізіледі.

1-курс тобы, әрбір 9-сыныпта  өткізілетін ашық жастар жиналысында  оқушылардың «Ұлан» ойынына түсуі  туралы сұрақ шешіледі. Жиналыс  батальон штаб мүшелерімен және  сынып жетекшілерінің қатысуымен  өткізіледі.     

 Ойынға қатысу туралы  сұрақты балалардың өздері шешулері  тиіс. Әрбір ұландыққы төмендегі  міндеттер жүктеледі: 

              

  

Жоғары қарқындылықта

 

 «Жүйрік үштіктер»

        Дайындық. Ойыншылар үштен шеңбер бойымен  бір-бірінің артынан орналасады. Алдыңғы үштіктер қолдарынан ұсталып,ішкі шеңберлер құрайды. Екінші және үшінші нөмірлер қолдарыан ұсталып,үлкен сыртқы шеңбер құрайды.

          Бейнелеу   Ойын жүргізушінің белгісімен, ішкі шеңбердің ойыншылары оңға қарай жүгірсе,сыртқы шеңбердің ойыншылары-солға. Екінші белгіден кейін,ойыншылар қолдарын жіберіп,өз үштіктеріне оралады. Әр кезде шеңберлер басқа жаққа қарай ауысады.

      Ереже:1)ең тез жиналған  үштіктің ойыншылары,жеңіс ұпайын алады

2)ойын4-5 минут өткізіледі. Ең көп ұпай санын жинаған  үштік, жеңіске жетеді.

 

     «Жаңа орынға»

        Дайындық. Ойыншылар 2-3 топқа бөлініп,бір-бірден бірінің артында тізбекке орналасады. Оларға 15-20 м қашықтықта бір сызық сызылады.

      Бейнелеу    Ойын жүргізушінің белгісімен,әр тізбектің бірінші және екінші нөмірлі ойыншылары бір-бірін қолдарынан ұстап,сызықтын артқы жағына қарай жүгіреді. Бірінші нөмірлер сызықтын артқы жағында қалады,ал екінші нөмірлер орындарына жүгіріп,үшінші нөмірдің қолынан ұстап,сызыққа қарай қайта жүгіреді.Енді екінші нөмірлер сызықтың артқы жағында қалып қояды,ал үшінші нөмірлер орындарына қарай төртінші нөмірмен жүгіру үшін қайта оралады,т.с.с. Жаңа орынға бірінші болып ауысқан топ жеңіске жетеді,яғни сызықтың артқы жағына бірінші жеткендер.

       Ереже:1)ойын,ойын жүргізушінің белгісімен басталады

2)ойыншылар міндетті түрде  бір-бірін қолдарынан ұстау керек

 

       

«Секіргішпен эстафета»

        Дайындық. Әр топтың ойыншылары,аттанар сызықтары ортақ бір тізбекке орналасады. Әр топқа қарама-қарсы бұрылыс тұрысы қойылады.

         Бейнелеу    Ойын жүргізушінің белгісімен,топтың бағыттаушысы секіргіштен секіріп,алға қарай жүгіреді. Бұрылысқа жеткесін секіргішті бір қолына алады да,оны көлденең аяқ астында өткізіп,орына секіріп оралады. Орынға жеткесін секіргішті келесі ойыншыға береді де,өзі тізбектің соңында тұрады.

Ереже. Ойынды дәл және тез аяқтаған топ,жеңіске жетеді.

 

         «Ең жүйріктер»

             Дайындық. Екі топтың ойыншылары рет-ретімен саналып,өз нөмірлерін есте сақтау керек.  Олар ортақ шеңберге орналасады(ортаға алғы жақтарымен). Шеңбердің ортасында-доп.

              Бейнелеу    Ойынды жүргізуші кез-келген нөмірді атағанда,бұл нөмірлі ойыншыларсыртынан,әр түрлі жақтарға жүгіреді. Өз орындарына жеткесін, допты алу үшін,доп жатқан жерге жүгіреді. Осыны бірінші жасаған ойыншы,өз тобына жеңіс ұпайын әкеледі. Ойын 2-3 минут жалғасады. Ең көп ұпай санын жинаған топ,жеңіске жетеді. Ойналар алдында,ойыншыларға шенберге қай жаққа қарай жүгіру керек екендігін еске салу жөн.

         Ереже. Ойын,ойын жүргізушінің нөмір атауымен басталады.

 

 

 «Обруч және  секіргішпен қарама-қарсы эстафета»

         Дайындық. Топтар қарама-қарсы эстафета үшін орналасады. Бірінші   топтың бағыттаушысында-секірг

          Бейнелеу     Оқытушының белгісі бойынша ойыншы дөңгелектен секіре отырып алға жылжиды.  Қолында дөңгелегі бар ойыншы қарсы тізбектегі қозғалу сызығынан өткенде, секіргіш жіппен тұрған ойыншы жіптен секіру арқылы алға жылжиды. Тапсырманы орындап болған соң әрбір ойыншы құралдарды тізбектегі келесі ойыншыға береді. Тізбектегі орын ауысып болмайынша солай жалғаса береді.

      Ереже: Ойын оқытушы  белгісімен  басталады.

 

 

    «Допты  ауыстыру кезекті эстафетасы»

      Дайындық . Ойыншылардың ойынға тұруы кезекті эстафетаға дайындық сияқты. Тізбектің бағыттаушыларының доптары:

Біреулерінде – үрленген, екіншілерінде – баскетболға арналған.

         Бейнелеу      Оқушының белгісі бойынша алға жүгіріп шығады да, доптарымен ауысып, қайтадан орындарына барады. өз  тізбектен жүгіріп өтіп, допты келесі ойыншыға береді. өздері  тізбектің соңына келіп тұрады. Допты алған ойыншы алдындағы ойыншының жасағанын қайталайды. Тапсырманы алдымен орындап болған топ жеңеді. Ойыншылар допты кезкелген дистанция нүктесінде ауысады, бірақ ауысу міндетті түрде өту керек.

      Ереже: Допты лақтыруға рұқсат жоқ. Допты қолдан-қолға беру керек.

 

    «Дөңгелекпен жүгіру».

       Дайындық. Ойыншылар төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Жалпы старт сызығының артында бір-бірден тізбекке тұрады. Әрбір тізбек арасы 16м және қайталама табандылықпен қояды.

Тізбектегі әрбір бағыттаушыда гимнастикалық дөңгелек болады.                                                         Бейнелеу   Жетекшінің белгісі бойынша ол алға жүгіріп шығады да, қайта оралады.

Старт сызығында тұрған келесі ойыншыға дөңгелекті ктгізіп, екеуі бірге жүгіреді. Содан кейін дәл осындай тәртіппен үшінші және төртінші ойыншы қосылады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңімпаз болады.

      Ереже: Ойынды үш рет қайталайды, әрбір ұмтылыста бағыттаушы өзгеріп отырады.

 

 

      «Жауынқұрт эстафетасы»

        Дайындық. Әр топтың ойыншылары екі топқа бөлінеді және алаңның қарама-қарсы сызығының артына кезекті эстафетаға тұрғандай тізіліп тұрады. Әрбір топтың алғашқы топтағы ойыншылары құрт күйіне енеді. Ойыншы сол жақ иығына қояды, ал оң қолымен бүгулі тұрған оң аяғын көтеріп ұстайды.

      Бейнелеу    Оқытушы белгісі бойынша бр аяқпен секіру арқылы алға жылжиды. Сонымен қатар олар теңселмей, бірқалыптылы сақтаулары керек. Соңында келе жатқан ойыншы қарсы сызықтан өткен кезде ойынды келесі  ойыншылар жалғастырады. Олар дәл алдындағыдай алға жылжиды.

      Ереже: Құрт кейпін сақтап старт сызығына тез жеткен топ жеңіске жетеді.

 

 

        «Жалаушылар үшін күрес»

         Дайындық. Алаң екі бірдей бөлікке бөлінеді. 2м аралықта бірдей сызық брдей көрсетіледі. Алаң ені бойынша 10 қалашық (жалаушылар) қойылады.

Ойыншылар бірдей екі топқа бөлінеді. Еркін түрде алаңға жайғасып, өз қалашықтарына жақын тұрады.

         Бейнелеу     Оқытушы белгісі бойынша ойыншылар өз қарсыластары жағына қалашықтарды тартып алу үшін жүгіреді. Қалашықтарды тартып алған ойыншы оны өз жағына көшіріп алып кетуге тырысады. Қарсыластарды өз алаңы жағында ойыншыны бөгейді. Бөгелеген ойыншы сонда қалады да қалшық, өз тобына қайтарылады.

     

 

  «ЖАЛАУ»

           Дайындық Әрбір дөңгелекке 1 жалау, 1 таяқша қойылады. Ойыншылар 3 топқа бөлініп, «П» әрпі түрінде үш қабырғаға шеренге бойынша тұрады. Топтың бірінші нөмірлері стартқа тұрады.

           Бейнелеу     Оқытушының белгісімен  ойыншылар старт сызығынан алға жүгіреді, бөгет сызығынан алға жүгіреді,жалауларын жоғары көтеріп, қайта дөңгелек ішіне қойыптопқа қайта дөңгелек ішіне оралады.    

       Ереже: Ойын оқытушының белгісімен басталад

 

Орташа қарқындылықта

 

      «БОМБАРДИРЛЕР»

           Дайындық Ойыншылар жеңбер жасай айнала тұрады.

                  Бейнелеу  . Допты бір-біріне көкке лақтыру арқылы береді. Допты қабылдау кезінде қателік жіберген және дұрыс бағытқа жібермеген ойыншы шеңбердің ортасына келіп отырады. Допты шеңбер бойынша жүргізіп жатқан ойыншылардың бірі, қатты ұру арқылы отырғанға соғады. Ойыншылардан келген доптың иесі ойынға қайта енеді. Егер де ойыншы допты тигізе алмаса, отырғандардың қатарына өзі де келіп қосылады.

          Ереже Ойыншыларды «ату» отырғандардың бірі допты қолымен қағып алғанға шейін жалғасады, ал шеңбер ортасына серіктесінің қолына допты лақтырған ойыншы келіп отырады.

 

 

      «КҮН МЕН ТҮН» 

          Дайындық  Алаң ортасында оған көлденең бір метр арақашықтықта екі параллелді сызық түсіріледі, ал олардан 10-12 м параллелді түрде екі жағынан «үйшік» сызығы сызылады. Ойыншылар бірдей екі топқа бөлінеді, олар өзінің ортақ сызығына қатарласып келіп, өзінің «үйлеріне » қарама қарсы бет бұрады. (яғни, арқа түйістіріп тұрады) Ойыншылады жақтауы бойынша да орналастыруға да болады. Жеребие бойынша бір топ – «КҮН», екінші – «ТҮН»

          Бейнелеу  Басқарушы ортақ сызықтың ортасына келіп, аяқ астынан «КҮН» деп дауыстайды. Осы кезде «ТҮН» тобының ойыншылары өзінің «үйлеріне» жүгіреді, ал «КҮН» тобының ойыншылары олады қуып жетуі тиіс. Әрбір ұсталған ойыншы үшін «КҮН» тобына ұтыс балы қосылады. Соден кейін ойыншылар қайтадан ортаға келіп арқа түйістіріп тұрады. Басқарушы ойынды қызықты әрі аяқастынан қылу үшін, қатаң тәртіппен емес, қалауынша қандай да бір топты атауы керек. Осылайша басқарушы бір немесе басқа топты атай отыра, ұтыс баллдарын санап ортақ есепті жариялайды. Ойынды ең көп бал жиған ойыншылар жеңеді.

Ойынды күрделендіру мақсатында: белгі берер алдында басқарушы әртүрлі қимылдарды топқа қайталатады. Мысалы: қолдарын жоғары көтеру, түсіру, отырғызу және т.б содан кейін аяқ астынан «КҮН» немесе «ТҮН» деп айғайлау керек. 

         Ереже 1) Басқарушы «КҮН» немесе «ТҮН» деп дауыстамағанынша ешкімге «үйіне» жүгіруге рұқсат жоқ;

    2) Қуу және ұстау  тек сызыққа шейін ғана рұқсат  етіледі;

Информация о работе Оларды орындау ойыншылардын тиісті ынталы белгіленген ережелер шеңберіндегі қимылдарын талап етеді