Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2014 в 09:14, курсовая работа
Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Қозғалмалы ойындардың ерекшеліктері ойын ішінде айқын көрінетін қозғалыстардың рөлі болып табылады (жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тастау, доп беру және қағып алу, қарсылық көрсету және т.б.).
Бұл қозғалыс имылдары оның сюжетімен дәлелденеді (тақырыбы, идеясы). Олар ойын мақсатына жету жолында қойылған әртүрлі қиындықтар, тосқауылдарды алуға бағытталған. Қозғалмалы ойындардың өзі қарапайым) және спортты ойындар болып бөлінеді.
КІРІСПЕ...................................................................................................
2
І-ТАРАУ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ...............................................................................................
3
1.1 Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері..............
3
1.2 Жоғары сынып оқушылары дене дамуының ерекшеліктері......
3
1.3 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері....................................
5
ІІ-ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ 11 СЫНЫПТАР ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................................
6
2.1 Мектептегі 11 сынып оқушыларымен өткізілетін қозғалмалы ойындардың мақсаттары мен міндеттері..............................................
6
2.2 Мектептегі жоғары сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған қозғалмалы-спорттық ойындар..............................................
8
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
16
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................
17
3) Ұсталған ойыншылар
ойынға басқалармен теңесе
«ОЙЫН БАСТАУШЫҒА ДОПТЫ БЕРМЕУ»
Дайындық Ойында бастап жүргізуші ойынның басында алаңның ортасында болады, ал ьқалғандары өзі қалаған аймақта оған жақын орналасқан.
Бейнелеу Ойыншылар бір-біріне допты ойын бастаушының қолы тимес үшін көкке лақтырады. Бастаушы алаңда айнала допты ұстау үшін жүгіреді. Егерде ойыншылардың лақтырған добын ойын бастаушы қағып алса, онда оның орнына, лақтырған доптың иесі келіп ауысады. Ойын бастаушы ойыншының орнына келіп басқалармен теңесе ойынға кіріседі. Ойын барысында (5-8мин) бір де бір рет бастаушымен ауыспаса сол ойыншы жеңімпаз деп саналады.
Ереже 1) Еденнен тигеннен соң, допты көкке лақтыру керек;
2) Доп тиген ойыншы,
қолын көтеріп «Мен
3) Кез-келген ойыншы,
бастаушы болған басқа
«АҢШЫЛАР МЕН ҮЙРЕКТЕР»
Дайындық Ойыншылар екі топқа бөлінеді – «Аңшылар» және «Үйректер». Аңшылар шеңбер сызық бойының сыртында немесе арнайы сызылған сызық бойында екіге бөлініп айнала тұрады. «Үйректер» шеңбер ішінде орналасады, ал «аңшылар» шеңбер сыртындағы өз орындарында тұрады.
Бейнелеу «Аңшылар» щеңберге кірмей, шеңбер ішіндегі «үйректерді» «ату» үшін доппен тигізуге тырысады. «Үйректер» боптан қашады. Доп тиген «үйрек» ойыннан шығып кетеді. Шеңбер ішінде бір де бір «үйрек» қалмаса (немесен 2-3 қалса) ойыншылар орындарымен және рөлдерімен ауысып ойын әрі қарай жалғасады. Ойынды қай топ қарсылас топтың «үйректерін» тез уақытта атып үлгерсе жеңімпаз деп саналады.
Ереже 1) «Аңшыларға» сызықтан шығып кетуге болмайды.
2) Денесінің қандай
да бір жеріне доп тисе, сол
«үйрек» «ұрылды» деп
3) Егер де доп шеңбер ортасында қалса, шеңбер ішіндегі кез-келген ойыншы, оны «Аңшыларға» беруі керек.
4)атылған құстар топтар ауыспағанша ойынға қатыспайды
«Шеңберде екі-екіден шайқасу»
Дайындық. Жерде диаметрі екі метр бірнеше шеңбер сызылады. Ойыншылар құрамында төрт-алты адам бар топтарға бөлінеді де, шеңбердің шетінен бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа бөлінеді.
Бейнелеу Оқытушы ортаға(шеңберге) әр топтан бір ойыншыны шақырады. Олар бір яғын көтеріп,бір қолымен тізесінен ұстайды, ал екінші қолын арқасының артқы жағында ұстайды. Осындай тұрыста шайқасушылар(жүргізушінің белгісімен) бір аяқта секіріп,бір-бірін иығымен және денемен шеңберден тысқа қарай итереді немесе қарсыластың екінші аяғын түсіру үшін барын жасайды. Женген ойыншы өз тобына ұпай әкеледі. Ортаға шыққан екінші жұп дәл алдынғылар сияқты шайқасады. Ойын ойыншылардың бәрі ортаға шықпайынша жалғасады. Ұпайлары басым түскен топ жеңіске етеді.
Ереже:1) екінші аяғын түсірген немесе шеңберден аттап өтен ойыншы жеңіледі.
2)егер ойын барысында
екі ойыншы бірдей шеңберден
аттап өтсе,жеңіс ешімге
3) Ойыншылар ойынды тек
оқытушының белгісінен ғана
4)екінші аяғын түсірген немесе арқаның артқы жағыннан қолын алған және т.б істеген ойыншы жеңілген деп саналады.
«Шеңбер бойымен тарту»
Дайындық. Алаңда бірі екіншісінің ішінде орналасқан екі шеңбер сызылады.Ойыншылар құрамында саны бірдей екі топқа бөлінеді: бір топ шеңбердің ішінде,екінші топ сыртында орналасады.Ойыншылар бір-біріне бет-бетімен тұрады.
Бейнелеу Шеңбердің сыртынан тұрған ойыншыларға қарсыласын сыртқа қарай,ал ішіндегілер керсінше оларды ішке қарай тарту керек. Ойын 1-2 минуттан шағын ғана шайқастар түрінде өтеді. Ортасына немесе ішке қарай тартылып кеткен ойыншылар ойыннан шығады.
Ереже.1)қарсыласын тек қолынан немесе белбеуден ұстап тұрып тартуға болады.
2)4-6 шайқастан кейін ойыншылар саны басым түскен топ,жеңіске жетеді.
«Допқа жүгіру»
Дайындық. Ойыншылар құрамында 8-10 адам бар топтарға бөлінеді де, тізбекке тұрады. Қолында добы бар оқытушы рет-ретімен саналған екі топтың арасында тұрады.
Бейнелеу Оқытушы допты алға қарай лақтыра отырып, кезкелген бір нөмірді атайды,мысалы: «жеті». Осы нөмірлі екі топтың ойыншылары допқа жүгіреді. Допты бірінші иеленген ойыншы өз тобына ұпай әкеледі. 10 ұпаймен алға шыққан топ жеңіске жетеді.
Нұсқалар: ойынды допты жерге соққысымен лақтыруға, гимнастикалық отырғыштарға отырып, және уақытқа(ұпайлары басым түскен топ жеңіске жетеді) өлшеп өткізуге болады.
Ереже: топ ойыншыларына орындарын ауыстыруға болмайды.
«Допты аяқ астында өткізу»
Дайындық. Бірнеше топтың ойыншылары бірбіріне паралеллді, тізбектерге түзейді. Тізбектегі ойыншылар бір-бірінен бір жарым қадам аралығында орналасады. Тізбектің алдыңғы ойыншыларына доптан беріледі.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен алдыңғы ойыншы допты, артқы жағындағы аяқтарын жан-жаққа қойған ойыншыларының аяқ астынан жібереді. Қолына добы түскен соңғы ойыншы тізбектің оң жағымен жүгіріп өтіп, алға тұра қалады да, доп қайтадан аяқ астымен бір-біріне беріле бастайды. Ойын, басында алда тұрған ойыншы орынға тұрмағанша жалғасады. Орынға тұрғасын,допты жоғары қарай көтеріп,топтары мәреске жеткендігін көрсетеді. Ойынды бірінші аяқтаған топ ұпайға иелнеді де,жеңімпаз атанады.
Ереже.1)допты тек өзінің көршіне ғана беруге болады.
2)доп айналып басқа жаққа дөңгеленіп кетсе,доптың алдында тұрған ойыншы оны әкеліп,ойынды тоқтаған жерден жалғастырады.
3)соңғы ойыншылар алға
тұрған сайын,бүкіл тізбек
4)ұпайлары басым түскен топ жеңіске жетеді.
«Шаршы бойындағы жүгіріс»
Дайындық.Төрт гимнастикалық отырғыштан шаршы құралады. Әрқайсысына бір-бірден ойыншы тұрады. Екеуі бір топтын,екінші екеуі екінші топтын өкілдері(қарсыластар бірлеп бір-бірінен кейін орналасқан).
Бейнелеу Оқытушының белгіснен кейін ойыншылар сағат тілшісіне қарама-қарсы,отырғышты айнала отырып, қарсыласын қуып жүре бастайды. Қарсыласқа бірінші жеткен ойыншы,тобына ұпай әкеледі. Келесі топ ойынды дәл осылай жалғастырады. Ұпай сандары басым түскен топ жеңіске жетеді.
Ереже:ойын оқытушының белгісінен кейін ғана басталады.
«Шенбер бойымен доптарды қуу»
Дайндық. Араларына жайылған қол сиятындай
етіп, бір-екіге саналған ойыншылар шеңбер
бойымен орналасады. Бірінші нөмірлер-бір
топ,екіншілері-екінші.Бір-
Бейнелеу Белгіден кейін капитандар допты бере бастайды,біреуі оң,екіншісі сол жаққа қарай,яғни бірінен кейін. Доп капитанға жетпейінше лақтырылады. Добын өз шенберден бірінші өткізген топ жеңіске жетеді. Допты алғасын,капитандар қолдарын жоғары қарай көтереді.Ойынды бірнеше рет өткізуге болады.
Ереже:1)допты тек өзіне жақын тұрған топтас көршіне беруге немесе лақтыруға болады. Бір ойыншыны аттап қалдырса,айыптық ұпай беріледі.
2)егер екі топтың доптары
бір-біріне соғылса,онда екі
3) жеңіске, допты шеңбер
бойымен бірінші өткізген және
айыптық ұпайлары жоқ топ
«ЕКІ ШЕҢБЕР АЙНАЛЫМЫ»
Дайындық Ойыншылар екі шеңбер түзіп тұрады: бірі- ішкі, екіншісі – сыртқы. Екі шеңбер бір-біріне қарама қарсы айналып қозғалады.
Бейнелеу . Белгі бойынша бәрі тоқтайды, ішкі шеңбердің ойышыларының бәрі, сыртқы шеңбердің ойыншылары отыра қалғанша оларды қолымен ұстауға тырысып бағады. Ұсталғандар ішкі шеңберге келіп тұрады да, ойын ары қарай жалғасады.
Ереже. Ойын ішкі шеңберде 5-6 ойыншы қалған кезде өз мәресіне жетеді.
«БІЗДІ ЕШКІМ ЕСТІМЕЙДІ ЖӘНЕ КӨРМЕЙДІ»
Дайындық Ойыншылардың бірі – бастап жүруші, жерге байланған көзбен отырады. Ал қалған ойыншылар одан 15-20 қадам жерде орналасады.
Бейнелеу Басқарушы ұсынған ойыншы бастап жүргізетін ойыншыға ақырындап жақындайды. Бастап жүруші аяқ дыбысынан немесе шудан оның қай тұстан келе жатқанын айтуы керек. Егерде бір мезетте ойын бастап жүруші бағытты дұрыс тапса, онда ойыншы оны ауыстырады, ал таппаса онда ойын әрі қарай жалғаса береді.
Ереже Ойыншылардың қайсысы бастап жүрушіге өте жақындап келіп, оның иығына қолын тигізсе жеңген болып саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды.
Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну).
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды.
Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді. Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.
Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы – қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі.
Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда – ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді.
Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).
Ойынның формасы оның мазмұны мен шарттылығына байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.