Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

          Арнайы  мерзімдер жалпыға ортақ ережеден  бөлек ретінде бекітіледі және  заңда тура нұсқаулық болған  кезде ғана әрекет етеді.

          Мына  тағайындаулар бойынша мерзімді  шектеу аса маңызды болып табылады:

           - азаматтық  құқықтың іске асу мерзімі;

           - міндеттемелердің  орындалуы;

           - азаматтық  құқықтың қорғалу мерзімі.

           Азаматтық  құқықтың іске асу мерзімі  дегенде түсінетініміз ол –  міндетті тұлғадан өз құқығын  іске асыру бойынша нақты бір  әрекет жасауды талап ететін  немесе  құқыққа ие субъекттің  өзіне тиесілі құқықты іске  асыра алатын мерзімі. Олар заңмен  немесе басқа да нормативті  актілермен бекітіледі, бірақ сонымен  қатар  келісіммен де қарастырыла  алады. Азаматтық құқықты іске  асыру мерзімдері  сонымен қатар  былай да бөлінуі мүмкін:

           - азаматтық  құқықтың  қызмет ету мерзімі;

           - тоқтатушы  мерзімдер;

           - наразылық  мерзімдері;

           - кепілдеме  мерзімдері;

           - тауардың  қызметке жарамдылық мерзімі, қызмет  ету мерзімі,  сатылу мерзімі  және  сақталу мерзімі, тағы да  басқалары.

Азаматтық құқықтың қызмет ету мерзімі бұл – құқықтың уақыт бойынша қызмет мерзімі. Олардың маңызы тұлғаға өзінің құқығын іске асыру үшін уақытты қамтамасыз етуде болады.

          Тоқтатушы  мерзiмдер – азаматтық құқықты  жүзеге асырудың мерзiмдерiнiң  ерекше  категориясы. Уәкiл тұлғада  өзінің құқығын  iске асыру  үшiн белгiлi бiр уақыт бар, оның iске асырылмауы немесе лайықсыз  жүзеге асырылуы салдарынан тоқтатылуы  мүмкін болады.  Мысал – қарыздар  адамның мұрагерлерiне талаптарын  қою үшін несие берушіге берiлетiн 6  айлық мерзiм.

           Наразылық  мерзiмi – мiндеттi тұлғаға құқықты болған субъекттiң наразылық білдіруін көрсету үшiн берілетін мерзiм. Осы ереже заң шығарушымен соттық iстердiң санын қысқарту және iс жүргiзу шығындарын кiшiрейту және қалпына келтiру және азаматтық құқығын қалпына келтіруді жылдамдату үшiн жасалған. Заң құқық бұзушыны жазбаша түрде наразылықтың қарастырылуының нәтижесі туралы  арыз берушіге хабар беруге міндеттейді.

          Кепілдеме  мерзім дегенде түсінетініміз  – уақыт бөлшегі, ол кезде құқықты  болған субъект бұзушылықтар  табылған жағдайда қарыздар тұлғаға  бұл туралы ескертуi қажет, ал  ол өз кезегiнде бұзушылықты  жоюға тиісті.

          Кепiлдеме  мерзiмдер субъективті азаматтық  құқықты iске асырудың маңызды  заңға сүйенген кепiлдiгiн білдіреді. Заңның мағынасы бойынша, кепiлдеме  мерзiмдер сатып алушыны өнімнің  жасырын кемшіліктерінен қорағу  үшін бекітіледі, ол кемшіліктер  әдеттегі қабылдау кезінде көрінбейді, білінбейді, бірақ өнімді сақтау, қолдану барысында көрінеді.

Егер сатып алу-сату келісімшартында басқа түрі қарастырылмаса, кепілдеме мерзім  тауарды сатып алушыға беру кезеңінен басталады (АК 471 бабы). Тауардың пайдаға асу мерзiмi дегеніміз бұл – тауардың сол мерзімі өткен соң,  қолдануға жарамсыз  болып есептелетiн мерзiмi. Мерзiмi өткен, пайдаға асу мерзiмi  өтіп кеткен  тауарды сатуға болмайды. Сатушы сатып алушыға   тауарды қолдану мерзімі өтпеген күйінде беруге міндетті.

Егер осы тауардың қолдану  мерзiмінiң өтуi бойынша ол тауар  адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп-қатерлі болса, жасап шығарушы ұзақ қолданатын тауарларға орнатуға мiндеттi болатын пайдаға асу мерзiмiмен тауардың қызмет ету мерзiмi пайдаға асу мерзімімен ұқсас болуы қажет.  Тауардың  қызмет ету мерзiмi оның тұтынушысына сатылу күнiнен саналады, ал егер бұл мүмкiн емес болса, онда жасалу күнінен бастап саналады. Жасап шығарушы  тауар иесіне  бұйымның қызмет мерзiмi ағымында қолдануының мүмкiндiгiн  қамтамасыз етуге мiндеттi.     

          Мiндеттердi атқару мерзiмдерi азаматтық құқықты  жүзеге асырудың мерзiмдерiмен  тығыз байланысты. Бiр тұлғаның  құқықты жүзеге асыру  мерзiмі  басқа тұлғаның мiндеттерiнiң атқару  мерзiмi болып табылады.  Мiндеттердi атқару мерзiмi заңмен,  басқа құқықтық  актілермен немесе iскер айналымның  салттарымен ескерiле алады. Мiндеттердi мерзімінде орындау  мiндеттемелердi тиiстi орындау  қағидасының шарттарының  бiреуi болып табылады.  

Мiндеттердi атқару мерзiмдерi жалпы  және жеке болып  жiктеледi. Жалпы мерзiмге жататындар – мiндеттемелердi  орындаудың барлық мерзiмі. Мәмiлеге қатысушылар жалпы мерзім ішінде мiндеттемелердi орындау үшiн жеке мерзім бекітуге құқылы. Мысалы, нақтылы мерзiм ішінде атқарылатын жұмыстардың кезеңдiк  тапсырылуы–қабылдануы. Сонымен  бiрге   маңызды  болып табылатын – азаматтық  құқықты қорғау мерзiмдерi, яғни тұлға өз бұзылған құқығының ықтиярсыз жүзеге асыруының құзырлы органдарынан талап етуге құқықылы мерзiмдерi. Мұндай мерзiмдерге заңды талап мерзiмдерi жатады.

 

  1. Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері және объектілері ұғымы, мазмұны және олардың түрлері.

115-бап. Азаматтық құқық  объектiлерiнiң түрлерi 
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.  
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады. 
Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен. 
 
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi 
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады. 
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.  
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi. 
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды. 
Азаматтық құқық субъектілері

Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтық құқықтарға ие болып, мойындарына міндеттер жүктеу қабілетінің заңмен баянды етілуі. Шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т.б. жағдаяттарға қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады (АК, 13-бап).

Азаматтардың тең құқылығы өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени салаларының барлығында да қамтамасыз етілген. Республикадағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың заңмен кезделген құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілген.

Азаматтық құкық қабілеттілігі туған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі тумаған баланың, болашақ азаматтың құқығын қорғау жағдайы да көзделген. Мәселен, АК-тің 527-бабына сәйкес мұра алуда қайтыс болған адам заң бойынша өлгеннен кейін өмірге келген балаға да басқа мұрагерлермен бірдей тең үлес тиесіл.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқық алып, оны жүзеге асыруы, өзі үшін азаматтық міндеттер құрып, оларды орындауы. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңызды шарты оның өз әрекеттерінің немесе әрекетсіздігінің занды салдарын түсінуі. Бұл жағдай белгілі бір жасқа келуіне және денсаулығының қажетті жағдайда болуына байланысты.

Азаматтык әрекет кабілеттілігі кәмелеттік жасқа толық толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келгеннен кейін пайда болады. Алайда, мұндай әрекет қабілеттілігі ерте туатын жағдайларға жеңілдік жасалады. Мәселен, заң бойынша некеге 18-жасқа толғаннан кейін тұруға рұқсат беріледі (АК, 17-бап).

Жан ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан адам өз әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) мағынасын түсінбесе немесе әрекетіне ие бола алмаса, сот ондай кәмелетке толған азаматты әрекет қабілетінен толықтай немесе жартылай айрылған деп мойындайды. Ондай жағдайда оны қамқорға алуды белгілейді. Аурудың атынан мәмілені қорғаншысы жасайды.

Кәмелетке жетпегендердің әрекет қабілеті туралы мәселе саралау  жолымен шешіледі. 14 пен 18 жас  аралығындағы  кәмелетке толмағандар ішінара әрекет қабілеті жоқ деп есептеледі. Олар ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімімен мәмілелер жасайды. Сонымен бірге заң олардың нақты әрекеттерге қатысты істерінің құқықтық қабілетін едәуір кеңейткен. Жұмыс істеп жүргендер немесе 18 жасқа дейінгі студенттер өз табыстарының немесе стипендияларының көлемінде тауарлар сатып ала алады. 

Егерде олар ұдайы арақ ішсе немесе есірткіге құмартса, сөйтіп, өзін және отбасын ауыр материалдық жағдайға душар ететін болса, мүдделі адамдардың немесе қоғамдық ұйымдардың  құзырнамасы негізінде АК-тің 27-бабы бойынша азаматтардың спиртті ішімдіктерді және есірткі заттарын қолдануын тоқтату үшін сот азаматтардың қабілетінің мүмкіндігін шектеуі ықтимал.

14 жасқа дейінгі балалардың  әрекет қабілеті толық емес  деп танылады. 14 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар үшін  мәмілені олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе  қорғаншылары жасайды. Мұндай балалар өз жасына лайықты  өздері орындаған ұсақ-тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (23-бап). Мысалы, ондай мәмілелерге кеңсе құралдары, оқулықтар және т.б. арзан сомадағы тауарлар бойынша  ғана жасалуы мүмкін. Бұл кәмелетке толмағандар несие мекемелеріне салымдар салып, оларды қалауынша жұмсауға құқылы.

14 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандар келтірген зияны 
үшін олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары зиян олардың кінәсынан болмағанын дәлелдей алмаса, жауап береді (446-бап). Болмаса, 14 жасқа дейінгі кәмелетке   толмаған зиян келтірген кезенде оқу орнының, тәрбие немесе  емдеу мекемесінің қадағалауында тұруы жөніндегі мәселе шешіледі. Мұндай жағдайда зиян олардың кінәсынан болмағанын 
дәлелдей алмаса, мүліктік жауапкершілік оқу орнына, тәрбие 
немесе емдеу мекемесіне жүктеледі.         

 

Азаматтық құқықтық қатынастың туындауы, өзгеруі және тоқтауы.          

 Азаматтық заңдылықтағы құқықтық  нормалар  өздігінен азаматтық  құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды.  Ол үшін құқықтық нормаларда  қарастырылған жағдайлар тууы  қажет, олар азаматтық заңды фактілер  деп аталады. Сондықтан заңды  фактілер құқықтық норма мен  азаматтық құқықтық қатынас арасындағы  байланыстырушы звено ретінде  қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз  бір де бір азаматтық құқықтық  қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді  және тоқтатылмайды.

         Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде  түсінетініміз – қандай да  бір жағдай, онымен нормативтік  актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың  тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.

         Заңды фактілер  азаматтық құқықтық қатынастың  негізінде жатқандықтан және  оны орнатып, өзгертіп немесе  тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық  құқықтық қорғаудың негіздемесі  деп атайды.

          Азаматтық  заңдылықта сан алуан түрлі  заңды фактілер азаматтық құқықтық  қатынастардың негіздемесі ретінде  қарастырылған. Бұл заңды фактілердің  жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында  көрсетілген.

         Заңды фактілер  ағымы сипатына байланысты азаматтық  құқықта оқиға және әрекет  деп бөлінеді. Оқиғаға жататын  әрекеттер, адамның еркінен тыс  болатын әрекеттер. Мысалы,  дүлей  апат, адамның тууы мен өлуі, қандай  да бір уақыттың өтуі және  т.б. Ал  әрекет  адамның еркіне  байланысты болады.  Мысалы,  келісімшартқа  отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма  жазу, мұрагерлікті қабылдау және  т.б.         

 Барлық әрекеттер мен оқиғалар  азаматтық-құқықтық салдарларды 

тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады.

          Азаматтық  құқық адамдардың қоғамдық қатынасын  реттейді, олардың осы әрекетінен  осы қатынастар қалыптасады, яғни  заңды фактілердің негізгі массасын  азаматтық құқықта адамдардың  әрекеттері құрайды.

          Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан   заңсыз  әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.          

  Ал заңды әрекеттер азаматтық  заңнаманың талаптарына сәйкес  келеді.  Азаматтық құқық экономикалық  айналымның дұрыс дамуын  жанамалау  ететіндіктен,  заңды фактілердің  көпшілігі азаматтық құқықта  заңды әрекеттер құрайды.  Бірақ  заңды  әрекеттің азаматтық құқықтағы  заңды мағынасы, маңызы  біркелкі  емес.           

 Өзінің заңды мәніне қарай  барлық  заңды  әрекеттер  заңды  істер  және заңды  актілер  болып бөлінеді.    Заңды   істер дегеніміз – азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын  нақты  бір заңды  әрекеттер.            

Заңды  актілер бұл – сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен  жасалынатын жағдайда ғана тудыратын  заңды  әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де  жатқызылады.           

Әкімшілік актілер әрқашанда  сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі  әкімшілік құқықтық  қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің  азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.

           Әкімшілік  актілерден ерекшелігі келісімдер  тек қана азаматтық-құқықтық салдарды  шақыру мақсатында жасалады. ҚР  АК 147 бабына сәйкес азаматтар  мен заңды тұлғалардың азаматтық  құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған  әрекеті келісім болып саналады.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі