Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

2. Бағалы  қағаздарға акциялар, облигациялар  және бағалы қағаздардың осы  Кодекспен және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актiлерiмен айқындалған  өзге де түрлерi жатады.

3. Бағалы  қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

1) құжатты  және құжатсыз;

2) эмиссиялық  және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы  және ордерлiк бағалы қағаздар  болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

4. Осы Кодекспен  және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актiлерiмен бағалы  қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр  нысанда шығару мүмкiндiгiне жол  берiлмеуi мүмкiн. 

 Бағалы  қағазға құқықтың танылуы. 130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды растау

1. Бағалы  қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға  құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы  қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына  сақтауға берiлген жағдайда, оның  есебiн жүргiзу мақсатында осы  кәсiби қатысушы ашқан шоттан  алынған үзiндi көшiрме оған берiлген  лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң  осы бағалы қағазды осылай  сақтауға құқығын растау болып  табылады. Құжатты бағалы қағаз  бен аталған шоттан берiлген  үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық  болған кезде үзiндi көшiрмеге  басымдық берiледi.

2. Бағалы  қағаздар рыногының өзiне берiлген  лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен  жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы  қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында  ашылған шоттан үзiндi көшiрме  құжатсыз бағалы қағазға құқықты  растау болып табылады.

3. Бағалы  қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының  бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге  арналған шоттарды ашу және  жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай  шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң  мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын  талаптар Қазақстан Республикасының  заңдарымен айқындалады. 

Бағалы қағазға құқықтың ауысуы. 132-бап. Бағалы қағаз бойынша құқықтар беру

1. Ұсынушыға  бағалы қағазбен куәландырылған  құқықты басқа адамға беру  үшiн бағалы қағазды сол адамға  тапсыру жеткiлiктi.

2. Атаулы  бағалы қағазбен куәландырылған  құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету  үшiн белгiленген тәртiп бойынша  берiледi. Бағалы қағаз бойынша  құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.

2-1. Эмиссиялық  бағалы қағаздар бойынша құқықтар  беру және солар бойынша құқықтарды  растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының  заң актiлерiмен айқындалады.

3. Ордерлiк  бағалы қағаз бойынша құқықтар  бұл қағазға берiлген жазу - индоссамент  арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы  қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлік ипотекасы  туралы Қазақстан Республикасының  заң актілерінде белгіленген  жағдайларды қоспағанда, құқықтың  болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге  асырылуы үшiн де жауапты болады.

Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.

  Бағалы  қағаз түрлері. Акция. 139-бап. Акция

1. Акция - акционерлiк  қоғам шығаратын және акционерлiк  қоғамды басқаруға қатысуға, ол  бойынша дивиденд және акционерлiк  қоғам таратылған жағдайда оның  мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.

2. Акциялар  тек атаулы эмиссиялық бағалы  қағаздар ретiнде шығарылады.

3. Акциялардың  түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

Акцияларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.

4. Акционерлiк  қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында  құрылған коммерциялық емес ұйымдар  өз акциялары бойынша дивидендтер  төлеудi жүзеге асырмайды.

5. Қазақстан  Республикасының заң актiлерiнде  өзiнiң әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен  акционерлiк қоғамның мүддесiн  бұзған акционерден акцияларды  сот шешiмi бойынша сатып алу  мүмкiндiгi көзделуі мүмкiн.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.

 Облигация. 136-бап. Облигация

1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару  шарттарына сәйкес облигацияны  шығарған тұлғадан ол бойынша  сыйақы алу және оның айналыс  мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның  ақшалай немесе өзге де мүлiктiк  балама түрдегi нақты құнын алу  құқығын куәландыратын бағалы  қағаз.

2. Облигациялар  тек атаулы эмиссиялық бағалы  қағаздар ретiнде шығарылады.

3. Қазақстан  Республикасының Үкiметi, Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық  ұйымдар облигациялар шығаруға  құқылы.

4. Облигациялардың  түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен  белгiленедi.

 

9)Азаматтардың құқық 13-бап. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi

1. Азаматтық  құқыққа ие болып, мiндет атқару  қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп  танылады.

2. Азаматтың  құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден  басталып қайтыс болған соң  тоқтатылады. 

 

14-бап. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны

Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.

 және әрекет қабілеттілігі 17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi

1. Азаматтың  өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға  ие болуға және оны жүзеге  асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер  жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке  толғанда, яғни он сегiз жасқа  толғаннан кейiн толық көлемiнде  пайда болады.

2. Заң құжаттарында  он сегiз жасқа жеткенге дейiн  некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат  некеге тұрған кезден бастап  толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне  ие болады.

3. Егер заң  құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.

.  Әрекет  қабілеттілігі шекетелген және  әрекет қабілеттілігі шектелген  тұлғалардың құқықтарын жүзеге  асыруы. 18-бап. Құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiнен айыруға және оларды шектеуге жол бермеу

1. Заң құжаттарында  көзделген реттер мен тәртiп  бойынша болмаса, ешкiмнiң де құқық  қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн  шектеуге болмайды.

2. Азаматтардың  құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет  қабiлеттiлiгiн шектеудiң заң құжаттарында  белгiленген шарттары мен тәртiбiнiң  немесе олардың кәсiпкерлiк не  өзге де қызметпен айналысу  құқығының сақталмауы тиiстi шектеудi белгiлеген мемлекеттiк немесе  өзге де органның құжатын жарамсыз  деп тануға әкелiп соқтырады.

3. Азаматтың  құқық қабiлеттiлiгiнен немесе  әрекет қабiлеттiлiгiнен толық  немесе iшiнара бас тартуы және  құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет  қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған  басқа да мәмiлелер жарамсыз  болады, бұған мұндай мәмiлелерге  заң құжаттарында рұқсат берiлген  реттер қосылмайды.

 

14 жасқа  дейінгілердің және 14-18 жас арасындағылардың  әрекет қабілеттілігі. 22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi

1. Он төрт  жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының  немесе қорғаншыларының келiсiмiмен  жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны  заңдарда кәмелетке толмағандар  жасайтын мәмiле үшiн белгiленген  нысанға сай келуге тиiс.

2. Он төрт  жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң  табысына, стипендиясына, өзге де  кiрiстерiне және өздерi жасаған  интеллектуалдық меншiк құқығы  объектiлерiне өз бетiнше билiк  етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ  мәмiлелер жасасуға құқылы.

3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық  және қамқоршылық органы кәмелетке  толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне  және өзi жасаған интеллектуалдық  меншiк құқығы объектiлерiне өз  бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы  мүмкiн.

4. Он төрт  жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың  ережелерiне сәйкес өздерi жасаған  мәмiлелер бойынша дербес жауапты  болады және өздерiнiң әрекеттерiнен  келтiрiлген зиян үшiн осы Кодекстiң  ережелерi бойынша жауап бередi.

 

Кәмелетке толмағандардың толық әрекет қабілетті деп жариялануы (эмансипация). 22-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке

қабілетті деп жариялау (эмансипация)

1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.

2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының екеуінің де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының келісімімен қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.

 

10)Азаматтардың аты, тұрғылықты жері және құқықтық мекен жайы. 16-бап. Азаматтың тұрғылықты жері және заңды мекенжайы

1. Азамат  тұрақты немесе көбiнесе тұратын  елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.

2. Он төрт  жасқа толмаған адамдардың немесе  қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты  жерi олардың ата-анасының, асырып  алушыларының немесе қорғаншыларының  тұрғылықты жерi болып танылады.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады.

Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып танылады.

Азаматтарды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

 

Азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану және оның мүмкінің қорғалуы. 28-бап. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану

1. Егер азаматтың  тұрғылықты жерiнде ол туралы  бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша  сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп  тануы мүмкiн.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі