Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 19:31, реферат
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады.
II дуниежүзілік соғыс
КСРО шаруашылығына өте көп
зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард
сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың
КСРО халық шаруашылығына
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда
қабылданған төртінші
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте
ауыл шаруашылығында орын
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші
бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан
аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының
шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы
түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы
дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара
малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары
өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі
қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп,
шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын
өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды.
1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай,
халық азық-түлік тапшылығының зардабын
шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника
ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді.
Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық
етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге
өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың
еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған
байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал
саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте
ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей,
жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан
бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм»
кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты
жалғастырылды. Колхозшылардың
еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа
дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің
еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын
жақсарту шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне,
соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік
көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс
болғандарға және уақытша еңбекке жарамай
қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға
жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар
лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып,
ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі
бірінші бесжылдық жылдарында халықтың
әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын
үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен
азық-түлік товарларын керек етушілігі
толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың
сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді.
Медицина мекемелері санының өсуіне (39%)
қарамастан, халыққа медициналық қызмет
көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
2.
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында
(1953-1964 жж.).
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың
ортасы Қеңес елінің
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте
Н.С.Хрущев КОКП Орталық
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда
болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің
бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің
бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл
кенес қоғамын сталинизмнен
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Республиканың индустриялық дамуы.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы
өнім өндіруден Қазақстан КСРО-
1960 жылы қазақ
КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км.
болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ
теміржол басқармасы құрылып, республикадағы
барлық теміржол осы
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған
басқару Территиориялық
2. Салалық халық шаруашылық министрлік
Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап
аумақтық принциптер негізінде
экономикаға басшылық ету ісін
қайта құру ойдағыдай
Сәтсіздіктер күйгеліктік
туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға
негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік
шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер
көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен
байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда
халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында
реформа жасалды: партия орындары өндірістік
белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік
және ауылшаруашылық партия үйымдары
болып бөлінді.
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару
аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық
жоспардың орындалуындағы іркілістерді
туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы)
бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған
жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан
басына шаққанда өнім өндіруден дамыған
капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде
қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.