Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 19:31, реферат
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады.
Ауыл шаруашылығы
1953 жылғы қыркүйекте
болып өткен КОКП-ның ОК
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда
болып өткен Қазақстан
1954 жылғы қантар-наурыз
– КОКП ОК-нің Пленумы «
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары
Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді.
(Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі
артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан
одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында
Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды
астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп
ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына
әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер,
құрылыстар, мәдени объектілер салынды.
Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан
астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету
біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге
байланысты жайылымдар мен жем-
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.
Мал шаруашылығының азаюына байланысты
ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт
Қазақстан астығы уақытында жиналмай
қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы
жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар
ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962
жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика
тұрғындарының үштен бірінен де аз болды.
Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана
болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының
өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық
қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады.
Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде
көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып
қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің
құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері
аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында
қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын
теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері,
мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ
тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ
тілінің қолдану аясы тарылды. Осының
барлығы қазақ халқының бір бөлігінің
өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың
ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп
жоғала берді.
Ж.А. Тәшенев республиканың Жоғарғы Кеңесіне басшылық еткен тұста Мәскеуден «Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданын Өзбекстанға беру жөнінде ұсыныс енгізіңдер» деген нұсқау келеді. Осы мәселе бойынша тәшеневтің төрағалық етуімен арнаулы комиссия Мәскеудің бұл ұсынысын мақұлдамайды. Комиссия мәселені қарастыра келе, «Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді тиімсіз санаймыз» деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Л. И. Брежневке жіберіледі. Абырой болғанда Л. И. Брежнев Ж.А. Тәшенев төрағалық еткен комиссияның қорытындысына қарсы келмейді. Қайта қолдау білдіріп, «Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін» деген қаулы қабылдайды.
«1960 жылы қыстың қаттылығына жем-шөп жетіспей, елімізде малдар қырыла бастайды. Үкімет тізгінін енді қолына алған Ж.А. Тәшенев бар жауапкершілікті өз мойнына алып, мемлекеттік бөлінбес қордағы астықты аудан, облыстарға таратып береді. Бұл сол кезде Мәскеудің рұқсатынсыз Республика Премьер-Министрінің бассыздық әрекеті саналатын. Жұттың беті қайтып, көктем шыға осы ісі үшін жауапқа тартпақ болып, үкімет басшысын Кремль көсемдері шақыртады. Ленинград тұрғындары аштан қырылып жатқанда, С. М. Киров «мемлекеттік бөлінбес қорды» жұмысшыларға карточкамен таратқан. Осы үшін оның басы кеткен. КСРО тарихында содан кейін «мемлекеттік бөлінбес қорды» таратқан Ж.А. Тәшенев екен. Министрлер Кеңесінің Президиум залына кірген бетте Хрущевтің қасында отырған бірінші орынбасары Ф. П. Козлов:
— Одақтық қордағы астықты неге таратасың,
Тәшенев? Рұқсатты кім
берді саған? — деп үстелді тоқпақтап,
дүрсе қоя берді. Ж.А. Тәшенев те қайтпай,
мінберге жетіп барып, Қазақ КСР-і Одақтың
ішіндегі өз құқығы бар ел екендігін, өз байлығын қалай жұмсауды
сол елдің үкіметі шешетіндігін дәлелдеп
тойтарыс береді. Кеңес елі басшысының
сенімді көмекшілерінің біріне қарсы
одақтас республика өкілінің мұндай сөз айтуының
өзі ерлік болатын.
Осы оқиғаның куәсі болған Белоруссияның Мәскеудегі тұрақты өкілі Қазақ КСР-інің Мәскеудегі тұрақты өкілі И. Шәріповтің қолын алып тұрып: «Мынадай отты Премьерді бұрын-соңды көрмеп едім. Өзі жас екен. Бұл жігіт не аспанға шығады, не көп ұзамай орнынан түседі» деген екен. Дәл осы күні «Мәскеу» қонақүйінде КСРО-ның құрамындағы одақтас республикалардың осындай қызметкерлері арасында осы жиынға қатысқан тағы біреуі: «Кеңес өкіметі құрылғалы бірінші рет мынандай үлкен жиында өз республикасының дербестігін айтқан сөз естілді. Енді көп ұзамай КСРО тарайды!» — деп, басқалардан сүйінші сұрағандай айтыпты.
Қазақ халқының жарқын болашағы үшін жанын аямай еңбек еткен Жұмабек Ахметұлын сол кездегі Кеңес Одағының құрамындағы одақтас республикалардың басшылары, жоғары лауазымды қызметкерлерінің көпшілігі білетін, құрметтейтін. Ж.А. Тәшенев басқа да ұлт республикалары басшыларынан қолдау тауып, олардан жеделхаттар, хаттар алып тұрған.
КСРО басшысы Н. С. Хрущев «Тың өлкесін» Қазақстан құрамынан алып Ресей Федерациясына беру туралы ұсынысты республиканың басшы қызметкерлері негізінен қолдағанын айтып, осы мәселе жайлы Ж.А. Тәшеневтен пікірін сұрайды. Жұмабек Ахметұлы бұл мәселенің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қарсы екенін батыл айтады. Егер Қазақстан басшылығының, халқының қарсылығына қарамай қазақтың жерін бөлшектейтін болса, өзінің халықаралық заңды мекемелерге дейін шағым беретінін мәлімдейді. Осындай табанды қарсылыққа кездескен Н. С. Хрущев Қазақстан басшылығы мен оның халқының пікірімен санасуға мәжбүр болып, алғашқы ойынан қайтады. Бұл сталиндік зұлматтан кейін еңсесі түскен халықтың ұлттық рухын оятқан ерлік оқиға болды.