Авторлар Ж.А. Тәшеневтің қызметінен қашан,
қай жерде босатылғаны туралы нақты дерек
береді. Ел арасында «Хрущев Тәшеневті
Целиноградқа келген сапарында, жоқ, Мәскеуде
Кремльге шақыртып, қызметінен алыпты»
деген алып-қашпа сөздер кездесетін. Кітап
авторлары мұрағат деректеріне сүйене
отырып, Мәскеу басшылығы Ж.А. Тәшеневті
қазақстандықтардың қолымен Алматы қаласында
қызметінен босатқанын дәлелдейді.
Танымал тұлға туралы мінсіз, еш қатесіз
кітап жазу өте қиын іс. Тұлғаға қатысты
барлық деректерді бір қолға жинап алып
зерделеу мүмкін емес. Авторлар кітаптың
қорытындысында былай деп әділін көрсетеді:
«Қазақтың асыл азаматы туралы алдағы уақытта
ғалымдар тарапынан терең зерттеуді қажет
ететін мәселелер баршылық. Мысалы, қаржының
тапшылығына байланысты біз тақырыпқа қатысты
Мәскеу мұрағаттарындағы құжаттарға (соның
ішінде, әлі-де құпиялық мерзімнің толық
аяқталмауы да бар) қол жеткізе алмадық.
Сондықтан оқырман қауымға бұл еңбекті
„тәшеневтану“ саласындағы алғашқы еңбектердің
бірі ретінде ұсынамыз».
Шынында да, Ж.А. Тәшеневтің республика
басшылығындағы қызметінде кейбір білім,
ғылым, мәдениет саласындағы оқиғаларға,
оған қатысқан адамдарға қатысты берген
бағасына, іс-әрекетіне қатысты мәселелерді
анықтай түсу қажеттілігі байқалады.
Авторлар: «КСРО басшылығымен тайталаса жүріп,
қазақ жері мен халқы үшін жасаған Ж.А. Тәшеневтің
еңбегіне қазақ халқы мәңгілік қарыздар.
Басқа ерліктерін былай қойғанда, егер
сол кезде 5 облыс Ресей Федерациясына
өтіп кеткенде, Қазақстан кемінде өз жерінің
1/5 айырылар еді. Болашақта тәуелсіз еліміздің
бас қаласы болатын Целиноград қаласы
жат қолында қалар еді. Міне, сондықтан,
халық жүрегінде сақталған абзал жанның
жарқын бейнесін, есімін, ерлігін жаңғыртып
отыру — бүгінгі ұрпақтың парызы», — деп
түйіндейді.
Авторлардың кітапты жазуда таза ғылыми
стильге бой ұрмай, қалың оқырман да қызығып оқитындай
етіп жазуға ұмтылғандары байқалады.
Ия, тарихты тұлғалар жасайды. «Тұлғасыз
тарих болмайды» деген белгілі шындық
бар. Біз-де қос автордың бұл ұжымдық еңбегін
отандық тұлғатану саласына қосылған зерделі
еңбек деп қабылдаймыз.
"Мәңгілік ел"
- Халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи
журналы, Жабай Қалиев, Мемлекет тарихы институты деректану,
тарихнама және Отан тарихы бөлімінің бастығы,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Қазақстанның саяси
басқару жүйесiне әйелдердiң қатысуы (1946
- 1990 жылдар)
Социализм кезеңiнде еңбекшi бұқараның
мемлекеттiк және қоғамдық iстердi басқаруға белсендi
қатысуы кеңес қоғамының саяси дамуының
басты бағыты деп есептелiндi. Әйелдердiң
қоғамдық — саяси қызметiне кеңiнен тартылуы
социализмнiң экономикалық, әлеуметтiк,
рухани саладағы нақты жеңiстерiмен қамтамасыз
етiледi делiндi. Материалдық өндiрiс қоғамдық
қатынастарды жетiлдiруде, негiзгi өндiргiш
күш және жаңа өмiрдiң жасампазы ретiнде
белгiлi роль атқарады, сондықтан қоғамдық
өндiрiсте әйелдердiң қатысуымен оның тұлға ретiнде
қалыптастырып рухани интеллектуалдық
өсуiне ықпал етедi, мемлекеттiң барлық
iстерiне қатысты екенiн сездiредi. Елдiң
Конституциясында кеңес адамдарының әлеуметтiк
белсендiлiгiнiң объективтiк жағдайы мен
кепiлi заң түрiнде бекiтiлдi. Сөз, баспасөз бостандығы,
митинг, көше шерулерi, демонстрацияға қатысу
сияқты саяси құқықтармен қатар мемлекеттiк және қоғамдық
iстердi басқаруға қатысуға құқық берiлдi.
Еркектер мен әйелдердiң қоғамдық — саяси және мәдени
қызметiнде тең құқықтары бар деп көрсетiлдi.
Бiз қарастырып отырған кезеңдегi
кеңес адамдарының, оның iшiнде әйелдердiң
де қоғамдық саяси белсендiлiгiнiң ең жоғарғы көрiнiсi —
Кеңес Одағы Коммунистiк партиясына мүше болу
деп қаралды. Оның қатарында Кеңес елi бойынша
4,5 млн., ал Қазақстан бойынша 1990 жылы 251260
әйел болды. Әйелдердi партия қатарына
қабылдауда қалыптасқан партиялық разнарядкаға қарамастан
көптеген әйелдер партия iсiнiң адалдығына
жан тәнiмен сенiп, партия қатарына қабылдануға ерекше
ықылас танытты. Партияға қабылданған әйелдер
саны үздiксiз өсiп отырды. 1960 жылдан 1990
жылға дейiн 17,6 пайыздан 29,8 пайызға өстi
(1 — кестенi қараңыз) [1].
Кесте 1 — 1946 — 1990 жылдары Қазақстан
Коммунистiк партиясы қатарында болған әйелдер:
Жылдар |
Абс. |
% |
1946
1950
1955
1960
1965
1966
1970
1971
1976
1981
1986
1990 |
40616
43333
44582
55915
78650
84841
102853
109614
143951
181816
227713
251260 |
27,3
19,2
19,0
17,6
17,5
17,6
18,5
19,0
21,9
24,9
28,1
29,8 |
Партия ұйымдарының әкiмшiлiк
қызметтерiн бақылау жөнiндегi комиссиялары жұмыстарына
әйелдердiң қатысуының үлкен маңызы болды.
Ұйымдастырушылық және саяси жұмыстың осы
құралын пайдалану адамдардың тапсырған iске
жауапкершiлiгiн арттырып, шаруашылық мәселелерiн
шешуге ықпал етiп қана қоймай, еңбек ұйымдарында
қолайлы адамгершiлiк психологиялық ахуал
қалыптастырды. Көптеген әйелдер жауапты
партия қызметкерлерi болып есептелдi,
Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық
Комитетiне, Орталық тексеру комиссиясы
мүшелiгiне, облыстық, қалалық, аудандық
партия комитеттерiнiң секретарлығына
сайланды. (2 — кестенi қараңыз) [2].
Кесте 2 — Қазақстан Коммунистiк
партиясы номенклатура қызметкерлерi
құрамындағы әйелдер саны:
КП Орталық Комитетiнiң номенклатура
қызметкерлерi |
1952 ж. 1 қаңтар |
1955 ж. 1қаңтар |
1960 ж. 1қаңтар |
Еркектер |
3980 – 87,5% |
3627 – 92,3% |
2911 – 94,8% |
әйелдер |
567 – 12,3% |
302 – 7,7% |
159 – 5,2% |
Оның iшiнде:
қазақ әйелi |
191 – 33,5% |
69 – 22,2% |
55 – 34,6% |
Облыстық партия комитеттерiнiң
номенклатура қызметкерлерi |
1952 ж. 1 қаңтар |
1955 ж.1 қаңтар |
1960 ж. 1 қаңтар |
Еркектер |
13578 – 86,2% |
14251 – 90,7% |
11465 –92,2% |
әйелдер |
2171 – 13,8% |
1456 – 9,3% |
972 – 7,8% |
Оның iшiнде:
қазақ әйелдерi |
596 – 27,4% |
284 – 19,5% |
211 – 21,7% |
Қалалық және аудандық партия
комитеттерiнiң номенклатура қызметкерлерi |
1952 ж.1 қаңтар |
1955 ж.1 қаңтар |
1960 ж.1 қаңтар |
Еркектер |
37227 – 86,3% |
66946 – 88,3% |
52883 –90,1% |
әйелдер |
8934 – 13,5% |
8895 – 11,7% |
5817 – 9,9% |
Оның iшiнде:
қазақ әйелдерi |
2585 – 28,9% |
1883 – 21,1% |
1191 – 20,5% |
Облыстық, қалалық және аудандық
партия ұйымдары хатшыларының құрамында
әйелдер саны үздіксіз өсіп отырды. Мысалы,
1955 жылы 78 әйел осы қызметте жұмыс істесе,
1960 жылы 88-ге, 1976 жылы 193-ке, 1981 жылы 204-ке,
1989 жылы 252-ге жетті [1, с.219; 2, 2-3 пп.] 3-таблицаны
қараңыз.
Кесте 3 - Қазақстан Коммунистiк
партиясы облыстық, қалалық және аудандық
ұйымдары хатшыларының құрамы:
Жылдар |
Барлық хатшылар |
Оның ішінде әйелдер |
1952
1955
1960
1971
1976
1981
1986
1989
1990 |
766
1029
737
704
858
1002
1002
893
905 |
243
78
88
141
193
204
311
252
243 |
Қазақстан Коммунистiк
партиясы Орталық комитетi, жергiлiктi партия
комитеттерi партия өмiрiне әйелдердi белсендi
қатыстыруға үнемi көңiл бөлiп отырды. Қазақстан
Коммунистiк партиясы Орталық комитетi
құрамында Партия ұйымдары біз қарастырып
отырған кезеңде әйелдердің қоғамдық белсенділігін
арттыру олардың идеялық деңгейін көтеру
мақсатында саяси тәрбие жұмыстарының
жалпы және арнаулы формаларын қарастырды.
Әйелдер арасында барлық партия ұйымдары
үшін ортақ идеялық тәрбие берудің құралдарын
саяси білім беру, бұқаралық-саяси шаралар,
лекциялық насихат, саяси хабарлама т.б.
қолданды. Сонымен бірге осы кезеңде партия
ұйымдары жұмыстарының маңызды бөлігіоның
қатарын алдыңғы қатарлы жұмыскерлер есебінен
толықтыру, өсіру, оларды халық депутаттығына,
сайланбалы кәсіподақ және комсомол жұмыстарына
басшы қызметтерге көтеру болды. Біз қарастырып
отырған кезеңде Коммунистік партия таратылғанға дейін
партия ұйымдарының алдында тұрған міндет —
саяси жұмысты өндірістік сипаттағы нақты міндеттермен
ұштастыру болып табылды. Партия ұйымдары
кәсіпорындарда тікелей осы міндеттерді
шешумен айналысты. Алдыңғы қатарлы өндіріс
озаттары республикалық, облыстық, қалалық,
аудандық партия комитеттерінің құрамына,
партия съездеріне делегат болып сайланды.
Қалалық, аудандық партия ұйымдарына мүше болу
формалды болды, яғни кеңестік кезеңде атақты жұмысшы және колхозшы
әйелдердің белгілі бір орган құрамында
болуы қажетті нәрсе болғанына қарамастан
ол кезеңде бұл әйелдердің белсенділігін
арттыруда айтарлықтай әсер етті.
Қазақстан Коммунистiк
партиясы Орталық комитетi, жергiлiктi партия
комитеттерi партия өмiрiне әйелдердi белсендi
қатыстыруға үнемi көңiл бөлiп отырды. Қазақстан
Коммунистiк партиясы Орталық комитетi
құрамында 1971 жылы ХХIII съезде сайланған әйелдер
Орталық Комитет мүшелерiнiң 10 пайызы,
Орталық комитет мүшелiгiне кандидаттар
6 пайыз, ревизия комиссиясы мүшелерi 6
пайыз болды) [3]. Коммунист әйелдер белсендiлiгiнiң
неғұрлым жоғарғы көрсеткiшi — партияның
жоғарғы органы — съезд жұмысына қатысуы
болды. Өткен съездер делегаттарының жалпы
санында әйелдер ширегiн құрады. Қазақстан
Коммунистiк партиясы ХIҮ съезiне делегат
болған 418 әйел съезд делегаттарының жалпы
санының 27 пайызын құрады) [4]. Бұл әйелдердiң
қоғамдық және саяси белсендiлiгiнiң өскендiгiн
көрсеттi.
Әйелдердiң қоғамдық
саяси белсендiлiгiнiң жарқын көрiнiсi қоғамның
саяси негiзi болған халық депутаттары
кеңестерi қызметiне қатысуы едi. Кеңестер
арқылы халық мемлекеттiк билiктi жүзеге
асырады деп есептелдi. Әрине кеңестер жұмысында
көптегент формалдылық орын алды. Соған қарамастан
сайланған депутаттар, оның iшiнде әйелдер
Заң жобаларын дайындау мен қабылдауға қатысты,
тұрақты комиссияларда жұмыс жасады, сайлау
округтарында халықпен жұмыс жүргiздi. КСРО
Жоғарғы кеңесiнiң 1979 жылғы сайлауында 1745471
сайлау комиссиялары жүмыс атқарып, оның
құрамына I661406 өкiл еңбек ұжымдарынан,
қоғамдық ұйымдардан, халықтың барлық
әлеуметтiк тобынан ендi. Комиссия мүшелерiнiң
жартысына жуығын (48 пайыз) әйелдер құрады
[5].
Қазақстанда республиканың
ең жоғарғы мемлекеттiк билiгi — Жоғарғы Кеңеске
сайланған әйелдердiң саны сайлаудан сайлауға дейiн
өсiп, не болмаса бір дәрежеде тұрақты болып
отырғаны байқалды. 1947 жылы жалпы депутат
құрамының 78-і — әйел, яғни ол жалпы депутат
құрамының 26 пайызы болса, 1951 ж. сәйкес
149 (37 пайыз); 1955 ж. — 122 (28,7 пайыз); 1959 ж. — 146
(32,4 пайыз); 1963 ж. — 158 (33,4 пайыз); 1967 ж. — 158
(33,5 пайыз); 1971 ж. — 170 (35,2 пайыз); 1975 ж. — 174
(35,5 пайыз) /30/) [6]; 1985 ж. — 183 (35,9 пайыз) болды
[7].
1959 жылы жергiлiктi
кеңестерге 28556 [8], ал 1971 жылы 50 мың депутат
әйел сайланған [9]. 1959 жылы сайланған жергiлiктi
кеңестердiң депутаттарының оны — аудандық
атқару комитеттерiнiң төрайымдары, 284
әйел, аудандық, селолық, поселкелiк кеңестер
атқару комитеттерiнiң төрайымдары болды.
Семей қалалық Совет
атқару комитетiн Зоя Сергеевна Лосева,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ащыкөл ауылдық
советiн Зәуре Баймулдаева басқарады,
олар республика Жоғарғы Кеңесi депутаттары.
Қызылорда облысы,
Шиелi ауданында Кердерi ауылдық советiнiң
төрайымы Шара Бәйiмбетованы ел жақсы бiледi.
Осы ауылдық совет депутаттары жергiлiктi
халықпен бiрiге отырып, сайлаушылардың
тапсырмасын орындауда жақсы табыстарға қол жеткiздi.
1960 жылы осында медпункт, әйелдер босанатын
үй, 57 тұрғын үй (олардың 10-ы малшыларға арналған)
салынды [10].
Республикада 1973 жылы
ауылдық, селолық, поселкелiк, аудандық,
қалалық және облыстық кеңестерге сайлауда
әйелдер барлық депутаттардың 46,7 пайызын
құрды, бұл көрсеткiш 1961 жылы — 32 пайыз болған едi,
ал 1984 жылы жергiлiктi кеңестер сайлауында
әйелдер барлық депутаттардың 50 пайызын
құрды [11]. 1969 жылы жергiлiктi кеңестер сайлауында
106600 депутаттың 46167 — әйелдер болған. 1975
жылы жергiлiктi кеңестерде 59341 әйел депутат жұмыс
жасаған, ол халық депутаттарының жалпы
санының 48,1 пайызын құрды. 1970 жылғы. сайлау
бойынша КСРО Жоғарғы Кеңесіне Қазақстан
республикасынан барлығы 71 депутат сайланды,
оның 22 — i әйелдер, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң
Одақтар Кеңесiне барлығы 39 адам, оның 11-i
әйел, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Ұлттар Кеңесiне
32 адам, оның iшiнде он бiр әйел сайланды
[12]. 1990 жылғы сайлауда барлығы 358 депутат
сайланды, оның 26-ы әйел болды, ол барлық
депутаттардың 8 пайызы ғана болды [13].
1987 жылы жастар, әйелдер, жұмысшылар өкiлдерiнiң
белгiлi квотасын алып тастағаннан кейiн
билiк органдарында әйелдер еркектермен
тең күрестi. КСРО Жоғарғы кеңесiнiң соңғы құрамындағы депутаттар
арасында әйелдер 15,7 пайыз, Россия парламентi
депутаттары арасында — 6 пайызға жуық
[14]. Бiрақ санының аздығына қарамастан
әйел депутаттар тобы билiк органдарының,
әсiресе әлеуметтiк, экологиялық проблемаларын,
азаматтық келiсiм мәселелерiн және әйелдер
жағдайы, отбасы мәселелерiн шешуде қомақты үлес
қосты.
Тарих және қазiргi заманның
көрсетiп отырғанындай бiздiң отандас әйелдерiмiз
өздерiнiң бейiмдiлiк, бiлiктiлiк жағынан
Ұлыбритания, Норвегия, Исландия Бангладеш,
Жапония т.б. елдер әйелдерiнен еш кем емес,
бұл елдерде әйелдер билiк органдарында
үкiметтi, саяси партияларды табысты басқаруда және басқарып
келген. Ал Исландияда парламентте әйелдер
фракциясы өз позициясын берiк ұстауда.
Саясатта Қазақстан әйелдерi арасынан
Индира Ганди, Маргарет Тэтчер, Мадлен
Олбрайт, Беназир Бхутто, Тансу Чиллер
сынды халықаралық деңгейде танымал саясаткер
өкінішке орай жоқ. Ал халықаралық әйелдер
форумдары мен қозғалыстарының жұмыстарын
белсене атқарып, әлем әйелдерiне танымал
болған қазақ әйелінің біз қарастырып
отырған кезде болғанын мұрағат құжаттарынан
таптық [15]. Балжан Бөлтірікова Қазақстан
тарихындағы алғашқы сыртқы істер министрі
болған әйел және БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысына
тұңғыш қатысқан қазақ әйелі. Республиканың
сыртқы істерінің алғашқы наркомы болып
тағайындалған ірі мемлекет қайраткері
Төлеген Тәжібаевтан кейінгі Қазақстан
тарихында БҰҰ Бас Ассамблеясының екі
сессиясы (1966 жылы ХХІ және 1971 жылы ХХҮ)
жұмысына қатысқан республиканың екінші,
әйелдерден тұңғыш өкілі [16]. 47 жыл еңбек
өтілінің 20 жылын министрлік қызметте,
6 жылын Министрлер Кеңесі Төрағасының
орынбасарлығында болып өткерген. 35 жылын
өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім беруге
арнаған жалпыға ортақ орта білімді енгізудің
шешуші кезеңіне байланысты және мектептердің
жаңа оқыту жүйесіне көшуі жолында белсенді
әрекет етті. Ол 1970 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика
ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының
жанында педагогика саласында зерттеулерді
үйлестіру кеңесін құруға ат салысты, инициаторы
болды.
Егер-де біз Балжан Бөлтірікованың
өмірбаянын тізіп жазар болсақ, онда энциклопедиялық
анықтама болар еді. Қазақ қыз-келіншектерінің
арасында тоталитарлық кеңес үкіметі кезеңінің
тек қана республика көлемінде ғана емес,
КСРО және талай шетелдік мәжілістерге
қатысқан қазақтың тұңғыш қызының еңбегі
зор. 22 жасынан партия мүшесі болған Б.
Бөлтірікова қоғам қайраткерлігі дәрежесіне
дейін көтерілді. 1941–1949 жылдары Алматы
қаласындағы қазақ орта мектебінің директоры
болған Балжан 1949–1955 жылдары республиканың
бастауыш және орта мектеп қызметкерлері
кәсіподағының Орталық Комитетінің төрайымы,
1955–1966 жылдары қазақтың әлеуметтік қамсыздандыру
министрі, 1965–1971 жылдары Қазақстан Министрлер
Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан
сыртқы істер министрі, 1971–1974 жылдары
Қазақстан Оқу министрі, 7 рет қатарынан
сайланған Қазақстан Жоғарғы кеңесі депутаты,
СОКП ХХІІІ съезі делегаты. Ал 1965–1970 жылдары
КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
тұрақты комиссиясының мүшесі, 1975–1980 жылдары
кәсіптік-техникалық білім беру комитеті
төрағасының орынбасары, ал 1981 жылдан Одақ
көлеміндегі дербес зейнетке шықты. Англияның
Кембридж қаласында шыққан «Кто есть кто»,
Мәскеуден шыққан «Дипломатический словарь»
атты сөздіктерде, Қазақстан энциклопедясында
т.б. кітаптарда Б. Бөлтірікованың саяси
қайраткерлік өмірбаяндары баяндалып,
Еңбек Қызыл Ту орденімен т.б. медальдармен
марапатталған [17]. Әйелдердің жауапты
қызмет атқаруына қоғамдағы адамдардың
сенімсіздік көзқараспен қарауы әдетке
айналған. Сондықтан да өз ортаңда нақты орныңды алу
үшін күресу қажет. Сонымен қатар жалпы
басшылықта ер кісілер болғандықтан бір-екі
әйел басшылар әрқашан қай істе-де өз іскерлігін
көрсетуі қажет. Б. Бөлтірікова еңбеккер
әйел, ана және сүйікті әйел ретінде күйеуі
Ескендір Қожабаевпен (көрнекті ғалым,
еңбегі сіңген заңгер, оның өсуіне жәрдемдесіп,
қолдап отырған) 53 жыл отасқан. Олардың
балалары да түрлі салада тыңғылықты еңбек
етеді. Анасы 18 құрсақ көтергенімен, солардың
ішінен қалған 5 ұл-қыздың кенжесі, әрі
жалғыз болғандықтан, әкесі әркез еркелетіп
ұстаған. 7 рет Жоғарғы кеңеске депутат
болған жылдарда өзі сайлаған жергілікті
жердің мұң-мұқтажын ескеріп, мектеп, бала-бақша,
мәдениет үйлерін, кітапхана т.б. осы сияқты халықтың
күнделікті тұрмысына қажетті мекемелер
салу, көп балалы отбасыларына көмектесу,
шағыммен келген адамдар өтінішін орындау
сияқты көптеген проблемалардың шешілуіне
ұйтқы болған. Мысалы, Торғайда депутат
болып сайланған аудан орталығында 1 мектеп,
бала бақша, 400 орындық кинотеатр салуға көмектескен.
Сонымен қатар ауданның дәрігер мамандығына
тапшылығын ескеріп, 10 шақты баланы тікелей
мединститутқа түсуге жәрдем жасаған. Тізе
берсе, халық мұқтажын ескеруге өз үлесін
қосуға талпынған. Сол кездегі ісіміз бен
тәрбиеміз қазіргі басшылар ісімен салыстыру
тіпті-де мүмкін емес. Әр нәрсе өз заманында
ғой. 20 жыл министрлік қызметте 6 жыл Министрлер
Кеңесі Төрағасының орынбасарлығында
болып, күніне 4 сағат қана ұйықтайтынмын,
қалған уақыт тек жұмысқа арналған, — дейді Б.
Бөлтірікова өз естелігінде [18] 2 рет БҰҰ
Бас Ассамблеясында КСРО мемлекетінен
А. А. Громыко басқарған делегация құрамында
болып, үлкен саяси мәселелерді шешуге
араласқан. Жапонияда өткен әлемде атом
қаруын болдырмау үшін атты бейбітшілік
миссиясына 2 рет, Каирде өткен Азия және Африка
елдерінің конференциясына қатысты. Одан
кейін Сирияда, Солтүстік Кореяда, Чехословакияда
болған. Осы іс-сапарлардың бәрінде де Кеңес Одағы атынан,
Қазақ мемлекетінің өкілі ретінде қатысты.
Өзіне-өзі қатаң талап қоятындығы, үлкен
ізденгіштігі зор көмек болды. Осы талаптарды
өзінің 2 ұл, 2 қызына да қойып, олар азамат,
отбасының иелері, өздері-деата-аналар
болды. Жалпы бүгінгі өз замандастарының
басшылықта жүрген сіңлілерінің ішінде
Ә. Беспаева, К. Өмірбаева, З. Қадырова,
А. Жағанова, М. Ахметова сынды қыз-келіншектердің
жан-жақты дайындығы, қоғамның қай саласында
да іскерліктері қуантады. Басшылық орындарға әйелдерді
қатыстыру қажет. Жалпы өмірдің тұтқасы —
әйелдер. Жауапты қызметтегі әйелдердің
тауқыметі зор. Дей тұрғанмен-де әйелдердің
іскерлігі ауқымды. Осылайша, Балжан Бөлтірікова
(дипломатиялық қызметтегі белсенді еңбегі
үшін 1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденін алған)
алғаш орден алған тұңғыш дипломат, республика
сыртқы істер министрі болған тұңғыш әйел,
ірі көрнекті мемлекет қайраткері болды.