Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 19:31, реферат
Описание работы
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады.
Ғалымдар мен саясаткерлер
әйелдердiң жағдайы, президент әйелдер жөнiнде,
жаңа әйел бiрлестiктерi жайлы белсендi
дискуссиялар жүргiзуде. Мұнда олар егер
елiмiз әлемдiк өркениет арнасында болғысы
келсе әйелдерге саясатқа енуiне жол беруге
тиiс, партия мен қозғалыстар қызметiне,
қоғамды басқару саласына енуiне даңғыл жол
болуы тиiс деп есептейдi. Ал әйелдi үйге
оралту керек, әйтпесе семья құруға, бала
тәрбиесi нашарлайды дегенді алға тартушылар
да жоқ емес. Біздің ойымызша, осылардың
әрқайсының өз шындығы бар. Бiрақ жәй сөз айтысынан
өзгерер ештеңе болмас, өйткенi әйел өз тағдырын
өзi таңдайды. Бiрақ мемлекеттен тәуелдi
болатын нәрсе: әйел өз тағдырын өзi таңдауда
болған кедергiлер арқылы өте ме әлде қоғамның
қолдауына сүйене ме деген мәселе еріксіз
алға шығады. Тарихи прогресс қоғамның
демократиялануы барлық азаматтардың
басқаруға белсене үлес қосуы, саясатқа қатысудың
жаңа түрлерінің пайда болуы, азаматтардың
саясаттың субъектiсi, жасампазы ретiнде
ролiнiң жоғарылауын талап етеді. Шынында
қоғам саясаттан, басқарудан өз азаматтарының
жартысын — әйелдердi тыс қоя ала ма? Бұрын
Кеңестер Одағында олар халықтың 52,7 пайызын,
еркектер 47,3 пайызын құрады. Қазақстан
халқының жартысын — әйелдер құрайды.
БҰҰ есебi бойынша жалпы әлемдiк жұмыс уақытының
2/3 пайдалану әйелдер үлесiне тиетiнiн көрсеткен.
Әлемдегi әрбiр үшiншi семьяны әйелдер асырап
отыр. Бұдан шығатын қорытынды екеу: 1.
Кез келген өкiмет, егер шын мәнiнде қоғам,
халық мүддесiн ойласа, әйелдердi қамқорламай
тұра алмайды. 2. «Әйел кiмнiң жағында?» деген
сұраққа кез келген қоғамдық қозғалыс,
партия, ұйымдардың жағдайы тәуелдi. Көптеген
саясаткерлер мұны түсiнедi, олардың сайлау
алдындағы бағдарламалары мен уәделерi және мемлекеттiң
семьяға көмек шаралары осыны көрсетедi.
Көптеген партиялар
мен қозғалыстардың бағдарламалық құжаттарында
әйелдер жағдайын жақсарту идеялары, ана,
отбасы, еңбеккер әйелдер жағдайы туралы
идеялар ұсынылған. Басшы қайраткерлер
мәлiмдемелерi мен сөздерiнде әйелдердi
халық шаруашылығы мен мәдениетте басқару жұмыстарына
көтеру, олардың қоғамдық-саяси белсендiлiгiн
дамыту мiндеттерi туралы айтылады.
Қоғамның саяси өмiрiне
қатысу-деңгейiнiң өзгеруiне қарап әйелдердiң
әлеуметтiк статусы мен сана — сезiмiндегi
өзгерiстердiң тереңдiгi туралы пайымдауға болады.
Бұл жағынан қоғамдағы кез келген әлеуметтiк
топтың нақты статусының негiзгi көрсеткiшi
(өлшемi) болып табылады.
Қазақстан әйелдерiнiң
саяси өмiрге қатысуы әлемдiк үрдiс арнасында
соңғы жылдары, өкінішке орай, қысқарып
барады. Кеңес өкіметі кезеңінде дауыс
беру құқығын алған әйелдердi саяси өмiрге
тарту коммунистiк идеологияның негiзгi
принциптерiне айналғанымен, бұл іс кең
өріс ала алмады. Ал Қазақстан Республикасы
тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн әйелдердiң
саясат саласына ұмтылуы айтарлықтай
күшейгені байқалады. Әйелдер биліктiң
жергiлiктi органдары жұмысына араласуда,
қалалардың мэрi, Президенттiң кеңесшiлерi,
Парламент депутаттары, жергiлiктi өкiлдiк
органдардың депутаттары бола бастады.
Алайда бұрын заң шығарушы
органдарда әйелдер үлесiне белгiлi бiр
орын сақталған болса, идеологиядағы кейiнгi
өзгерiстерге байланысты бұл практика тоқтатылып,
әйел депутаттар саны 5 пайызға дейiн төмендедi,
бұл Батыс Европа елдерiнен төмен. Мысалы,
90 — жылдарда парламентарийлер арасында
әйелдердiң үлесi Швейцарияда — 38 пайыз,
Норвегияда — 34,4 пайыз, Германияда — 19,3
пайыз болды. Британ парламентiнiң 1377 жылдан бүгiнге
дейiн көп ғасырлық тарихында 154 еркек адам
спикер болып келсе, 62 жастағы Элизабет
Бутройд палата спикерi қызметiне әйелдер
арасынан тұңғыш рет сайланды.
Саяси процесте әйелдердiң
нақты ойластырылған бағытының болмауы
өте үлкен кемшiлiк. Егер әйелдердiң көзқарастары
нақты белгiленiп, саясатта ескерiлмесе,
әйелдердiң мұқтажына жете көңiл бөлу мүмкiн
емес, ескерiлмейдi-де. Қоғамды реформалау
барысында бұл үшiн заң шығару механизмi
бекiтiлуi керек. Әйелдердiң қоғамдық —
саяси белсендiлiгiнің төмендегi параметрлер
бойынша бөлiп көрсетуге болады деп ойлаймыз:
§ қоғамдық-саяси қозғалыстар
мен саяси партияларға қатысуы;
§ дауыс беруге қатысуы;
§ заң шығару органындағы өкiлдiлiгi;
§ әйелдердiң гуманитарлық
мұқтаждары;
§ мемлекеттiк қызметтегi
әйелдер жұмысы.
§
Мемлекеттiк билiктiң биiк шыңдарын алу
талпыныстарына қарамастан әйелдер негiзiнен
төменгi ұйымдарда, бұқаралық қозғалыстарда
едәуiр үлкен белсендiлiк көрсетiп отыр.
Қазақстанда сексенiншi жылдары бүкiл әлемдегi
сияқты әйелдер әсiресе соғысқа қарсы қозғалысқа белсене
араласты.
Қоғамдық пiкiрде және ғылыми
талдауда күнi бүгiнге дейiн әйелдер тұрақты консервативтi
электорат ретiнде қабылданып, олар саяси
шешiмдер қабылдаудан алыс жүредi деген
пiкiр орныққан. Саясат әлi-де болса еркектердiң
үлесiнде қалып отыр, әйелдiң статусын
көп жағдайда семья белгiлейдi. Егер әйел
жынысынан қандайда болмасын бiр өкiлi
билiк басына келе қалса — ал бұл үшiн әйелге
өзiн қоршаған саясаткер еркектерден асып
түсетiн қыруар қасиеттердi игеруi керек —
әйел саяси мiнез — құлықтың «еркектер»
стандартына толық сәйкес басқаруға мәжбүр,
кей жағдайда тiптi еркектерден-де қатал
болып кетедi.
Соған қарамастан бүгiнде
әйелдердiң электоралдық мiнез құлқында
бiрқатар өзгерiс байқауға болады. Солардың
бiрi — әйелдер үшiн жұмыстың перспективтi
тәсiлдерiнiң бiрi — әйелдердiң мемлекет
аралық деңгейде белсендiлiгiнiң ұйымдастырылуы
болып табылады. Европа қауымдастығы елдерiнiң
тәжiрибесi көрсеткенiндей әйелдер өз елдерi
парламенттерiнен гөрi Европа парламентiнде
үлкен табыстарға жеткен. Әсiлi дәстүрлерден
гөрi жаңа институттар тез игерiлетiн болса
керек. Европа парламентi депутаттары
арасында Европа қауымдастығы елдерiнiң
әйелдерi сексенiншi жылдардың басында
депутаттардың жалпы санының 16 пайызын
құрады, ал сол кезде олар ұлттың парламенттерiнде
7 пайызы ғана болған едi. 90 — жылдар басында
билiк құрамында әйелдер 12 пайыз болды
[19].
1997 жылдың басында
Қазақстан парламенті депутаттарының
арасында әйелдер саны 10,7 пайызға жуық,
оның iшiнде сенатта — 6,5 пайыз, мәжiлiсте —
13,4 пайыз болды, республикалық атқарушы
органдардың бiрiншi басшыларының арасында
бiр әйел болса, ал облыс әкiмдерiнiң арасында
бiрде — бiр әйел болған жоқ [20].
Қоғамдағы саяси және экономикалық
түбiрлi өзгерiстер мемлекеттiк қызметтегi
әйелдердiң құқықтары мен нақты мүмкiндiктерi
ара қатынастарын өзгертедi. Қазақстан
әйелдерi халықаралық эксперттердiң бағалауы
бойынша тарихи қалыптасқан объективтi
жағдайларға байланысты еңбек саласында
неғұрлым тұрақты қалыптасқан кәсiби дағдыларға ие.
Әйел кадрларының интеллектуалдық әлеуетінен
айрылып қалмау үшiн әйелдердiң мемлекеттiк
органдар мен қоғамдық ұйымдар жұмысы
қызметiне нақты қатысуы үшiн еңбек рыногындағы тең
құқықтарын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар
жасаудың комплекстi шаралары қажет. Мемлекеттi
басқаруда әйелдер келешегі жоқ ел өркениеттi
демократиялық қоғам ретiнде өсуден қалады.
Өмiрдiң өзi мемлекеттiк қызметке әйел карьерасын
жоспарлаудың бағдарламасын құрып, оны
жоғары мемлекеттiк қызметтерде әйелдер
өкiлдiгi торабынан кеңейтудiң практикалық
маңыздылығына бағыттаудың қажеттiгiн
көрсетiп отыр. Қазақстан Республикасы
Президентiнiң «Қазақстан Республикасында
әйелдер жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк
саясаттың тұжырымдамасы» мақұлданған [21].
Тұжырымдама әйелдерге қатысты мемлекеттiк
саясаттың жалпы стратегиясы мен басым
бағыттарын айқындайды, тең құқықтар мен
бостандықтар принципiн iске асыру және әйелдер
мен еркектер үшiн мүмкiндiктер туғызу
мақсатын көздейдi.
Мемлекет iстерiне әйелдердiң
тең құқықта араласуы iсiн демократиялық
қауым ұзақ әрi орнықты бейбiтшiлiктi қамтамасыз
ету үшiн тұрақты экономикалық дамуда,
ұлтаралық наразылықты болдырмаудың, елдер
арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты қалыптастыруда
бiрқатар әлеуметтiк, нәсiлдiк, этникалық
т.б. проблемалардың өткiрлiгiн жұмсартуда
прогресс үшiн қажеттi шарт ретiнде қарастырады.
Қазақстан Республикасының
тәуелсiз дамуы кезеңiнде мемлекеттiң басшы
орындарында, сонымен бiрге жаңа саяси
партияларда, қозғалыстарда, майдандарда,
ассоцияцияларда, қайырымдылық т.б. қоғамдарында
жаңа саяси элита құрған активист әйелдер
келдi. Олар — Н. Каюпова, Ш. Беркiмбаева,
З. Федотова, Р. Кенжетаева, А. Арыстанбекова,
А. Жағанова, В. Сиврюкова, Н. Савостина,
Т. Квятковская, Н. Коржова, А. Самакова,
Ж. Ертiлесова, Р. Сарсенбаева және тағы басқалар
[22]. Алайда демократия және бәсекелестiк
жағдайында әйелдерге саяси карьера жасау,
саяси лидер болу қиын. Бұл қоғамдық санада
лидер ретiнде еркектер мен әйелдердi бағалаудың
критерийiндегi терең ассиметрияның болуынан
(сәйкессiздiгiнiң қалыптасуынан) болып
отыр.
Әйелдер мен еркектердiң
нақты тең құқылығына жету мүмкiндiгiне
кедергi келтiрушi факторлардың бiрiншi
тобы — экономикалық. Ол әйелдердiң еңбек
рыногындағы жағдайына, олардың кәсiби
қызметiмен шұғылдануындағы табыстарының
деңгейiне байланысты. Табыс-деңгейiндегi
айырма әйелдердiң толық экономикалық
тәуелсiздiктi алуына кедергi келтiретiн
жағдайлардың бiрi, еркектермен электоралдық
күресте тең бәсекелесу мүмкiндiгiне кедергi
келтiредi. Өйткенi республикалық деңгейде
ғана емес, тiптi оқшау бiр жердегi сайлау
науқанының өзi үлкен қаржы шығындауды
қажет етедi. Бұл әйелдердiң потенциалдық
мүмкiндiктерiн электорат тарапынан бағаламауға немесе
төмендетуге және өзiнiң өзiн бағалауын
төмендетуге әкеледi, саяси иерархия баспалдағымен
көтерiлуiн қиындатады.
Екiншi топ — әйелдердiң
жеткiлiксiз саяси белсендiлiгi және шешiмдер
қабылдау процесiне қатысуының төмен дәрежесi.
Оған себеп болған жыныстардың отбасылық
нақты теңқұқықтығы проблемаларының шешiлмеуi,
орындалмауы, жүзеге аспауы. Ол әйелдердiң
саяси қызметке араласуы үшiн уақытының
да күшiнiң де жетпеуiне әкеледi. Үлкен саясатқа араласу,
билiктiң жоғарғы қабаттарына жылжу барысы
интеллектуалдық, шығармашылық және дене
күшiн толығымен берiлуiн, соған арнауын
талап етедi. Отбасылық мiндеттер мен қызмет
мүддесiн әдемi үйлестiру әйелдерге оның
«қосжүктемелi» еңбегiне байланысты өте қиынға соғады
(яғни үй шаруашылығындағы және қоғамдық
өндiрiстегi жұмыс уақытының ұзақтығына
байланысты өте қиынға соғады.
Үшiншi топ — бұрыннан
қалыптасқан және қазiр-де қалыптасқан,
орын алып келе жатқан жаппай қоғамдық
сананың стереотипi. Әйелдер саясаттың
субъектiсi емес, объектiсi ретiнде қабылданады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Коммунистическая партия Казахстана:
организационно-политическое развитие.
Справочник. Алма-Ата, 1990, с. 149
2. Орталық мемлекеттік мұрағат (ОММ). 2249 —
қор, 1-тіз., 26-іс, 2–3 парақтар
3. Компартия Казахстана за 50 лет. Алма-Ата,
1972, с. 357
4. ХIV съезд Компартии Казахстана. Стенографический
отчет. Алма-Ата, 1976
5. Казахстанская правда, 16 января 1987, с.
2
6. Опыт КПСС в решении женского вопроса.
Москва: Мысль, 1981, с. 206
7. Государственные учреждения КазССР.
Справочник. Высшие органы государственной
власти и государственного управления
КазССР (1937–1977). Алма-Ата, 1985, сс. 18, 20, 23,
26, 30, 34, 37, 41
8. Қазақстан Республикасының Президенттік
мұрағаты (ҚР ПМ), 708-қор, 34-тiзбе, 1669- iс, 247-парақ
9. Ниязбеков С. Казахская Советская Социалистическая
Республика. М., 1972. С. 69.
10. ҚР ПМ,708-қор, 34-тiзбе, 1669- iс, 50-парақ
11. Казахстанская правда.16 января 1987 г.
12. Казахстан за 50 лет. Сборник статей. Алма-Ата,
1971, с. 20
13. Алтынбекова Г., Каланова Ш. Давайте
подруги, обсудим… //Мысль, 1999, № 5, с. 22
14. Кондакова Н. И. Женщины в современной
общественно-политической жизни //Женщины
в общественных объединениях. Москва:1992,
с.13
15. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 1–87 — істер
16. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 23-іс, 45-парақ
17. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 37-іс, 1–2 парақ
18. Иманбаева Ұ. Министр болған Б. Бөлтірікова
//Азия. № 2, 1992, 5–7 беттер
19. Женщины в общественных объединениях.
Москва: Луч, 1992, с.6
20. Канапьянова Р. М. Женщина на государственной
службе: современная политика и перспективы.
Москва, 1996, с.60.
21. Казахстанская правда. 6 марта 1997 г.
22. Саясаткер қыздар //Ана тiлi. 8 наурыз
2001 жыл, 3-бет
Бибазар Жүзтаева,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетінің
оқытушысы
1946-1964 жылдардағы
Қазақстан
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан
кейін еліміэдің экономикалық жағдайы
өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар
мен селолардың тек қирандылары ғана жатты.
Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып
кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар
мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар,
шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар
және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи
деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста
30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп
адам ресурстарының тапшыл-ығына алып
келді. Осынау қиындықтарға қарамастан
қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын
қалпына келтіру керек болды. Қазақстан
халқы халық шаруашылығын қайта қалпына
келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған
қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек
жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар
мен мамандар Ленинград пен Сталинградта,
Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда,
Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының
басқа да аудандарында аянбай еңбек етті.
Ал Қазақстанда ел
экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу
шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті
дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат
өндіру, цемент, қара және түсті металл
өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және
тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға
қойылды. Өйткені Қазақстанда
ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда
болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды.
Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты
қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік
кешенінің ірі ошағына айналды.
Қазақ жерінде әскери
ендірістің, Семейдеп атом полигонының,
басқа да әскери нысандардың құрылымдық
жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту,
Теміртау металлургиялық зауыттарының
жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен
қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін
берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім
шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде
- Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар
іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа
дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті.
Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының
бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары
Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент,
Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730
өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске
кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65
кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді.
Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы
«Б» тобының артта қалуын білдіретін еді.
Байланыс саласында
Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары
салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы
барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген
«Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында
автомат-ты телефон станциясы іске қосылды.
1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен
салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді.