Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:17, реферат

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3-8
І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
...................................................................................................................................9
1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30
1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40
ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған
мақалалары...............................................................................................41
2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60
2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78
Қорытынды..........................................................................................................79-80
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Файлы: 1 файл

1899_Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері.doc

— 386.00 Кб (Скачать файл)

я дұшпанынан жылы жауап ести алмай сөзі ескерусіз қалып тұрса керек»-десе жер туралы: «Екінші бұқараға жағымды сөзі жер үлестіру болса, уәдесін орындау большевиктердің қолынан келмесе керек, бұл іс айтқанымен болала салатын іс емес. Бұл бірүлкен іс»,-деп жазды. Қожанов.С. Большевиктер Бірлік туы,1917№16.

«Қазақ» газетінің басты ерекшелігі сонда, ол алдымен большевизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді, сол күрестің барысында тарихи деректерді дүниеге келтірді. Бұл ретте мына пікірге баса назар аударғымыз келеді. Егер большевизмнің халық аралық сипатқа ие болғандығын, демек оған қарсы «Қазақ» сол күрестің, әлемнің прогрессивті бөлігінің  большевизм індетіне қарсы күресінің алдыңғы шебінде  болды деп айта аламыз. Орыс большевиктерінің, өздерінің сандырақ идеяларын іс жүзіне асыру мақсатымен, көшеге шыққан 1917 жылдың 3-4 июльдегі Петроградтағы бүліншілігі туралы айтқан Қыр баласының  (Ә.Бөкейхан) «Мемлекет халі» деген мақаласы басылған, «Қазақтың» 237 санынан бастап газет бетінде большевиктер туралы «Олардың көсемі, серкесі, - жазушы Ульянов, жұртқа мәшһүр аты «Ленин» туралы жазыла бастады. Өзінің соңғы 1918 жылы шыққан сандарында, «Қазақ» большевиктерге, олардың жергілікті ұлттан шыққан жақтастарына қарсы белсенді күрес жүргізді. Олардың айуандық іс-әрекеттерін, екі жүзділіктерін әшкереледі, түпкі ниеттері мен уақытша жеңіске жету себептерін ашып көрсетті. «Аттан Алаш азаматтары!» -деп ұран тастап, большевиктерге қарсы жалпы халықтық күресті ұйымдастыруға тырысты. «Аттан Алаш азаматы!» -деген ұран мақалада: «Ау, алаш! Сен кім? – Сен жауынгер түріктің орнын басып қалған үлкен ұлысың. Бабаларың ат үстінде жүріп, қылышпен өздерін дүниенің жартысына ие қылған, Стамбулды алған, Карпат тауларының қалың қамалын бұзған. Ер түріктің ер жүректі ұлдары, сілкін, аттұрманыңды даярлап атқа мін, жауға аттан! Жауың кім? Жауың большевик.. Ортақ жау –большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны, денесінде бабалары түріктің титтей де қаны болған алаш азаматына парыз»- деп, жазылған.«Қазақ» газетін шығарушылар бастаған қазақ жауынгерлерінің әртүрлі майдандарда большевиктермен  жүргізген бетпе-бет соғыстары «Қазақ» бетінде бейнеленді.

Міржақып Дулатов өзінің «Қайтсек жұрт боламыз» деген мақаласында қазақтардың өзін өзі қорғай алатын әскері болған жағдайда ғана жұрт бола алатұғынын дәлелдесе, «Торғай облысының қазағынан милиция алу тәртібі » деген мақаласында Алаш Орда бөліміне милиция алу туралы  тәртібін айтқан. Біріншісінде, «Большевик деген бір пәле шығып.. Россия секілді зор мемлекет асты үстіне келіп ойран болғанда» біз қайтсек жұрт боламыз деген сұрауға, «Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ, жауап біреу-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз» деп деп жауап береді.Екіншісінде, сол әскерді құрудың 18 пункттен тұратын нақты тәртібін көрсетеді66.[№5,76б.]. Мадияр. Қайтсек жұрт боламыз Қазақ. №264, 1918, 10сентябрь Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж.Бұл жолдар қазақ зиялыларының, Алаш Орда көсемдерінің саналы түрде, өз ұлтына бас болып, большевиктерге қарсы күреске жан-жақты дайындықпен шыққандығын көрсетті. Көптеген мақалаларда сол күрестің барысы баяндалды. Мысалы, «Жолаушылар» атты мақалада: «Әлихан Бөкейхан Семей облысында өз еліне қызмет етіп жүр»-дей келе: «Жетісу облысында большевиктер атты –казак қалаларын бірін қоймай қиратқан. Қатын, бала-шағаны қырған, сондықтан сол бейшараларды большевик қолынан құтқару үшін біздің қазақ әскері тты-казак әскеріне қосылып Жетісуға қарай жолға шықты», деп хабарлаған.

Ал, «Алаш құрбандары» деген мақалада большевиктердің қолынан алғашқылардың бірі болып, қаза тапқан Алаш боздақтары Семейлік 22 жасар Қази Нұрмағанбетұлы мен Ақтөбедегі І Бөрте болысында айуандықпен өлтірілген, 28 жасар оралдық Нұғман Сарыбөпеұлы туралы айтылған. Мақалада Қазының қазасына көп адам жиналып, «...құран оқылып болғаннан кейін, Шәкәрім ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі:» .. Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне көзім жетті. Алпыс жасқа келгенімде мұндай ұлт үшін құрбан болатын азаматтты көремін деген жоқ еді. Көрдім, енді бүгін өлсем де арманым жоқ.., дегендігі, Міржақып Дулатовтың өлең оқып Райымжан, Жанғали қажы, Мұстақым және Жүсіпбектердің сөз сөйлегендігі туралы айтылған. Одан әрі мақалада большевиктердің «Алаш туын көтеріп, ел жігітін бастайтын, соғыс ғылымын оқыған бірнеше жыл соғыста болып тәжірибе көріп ысылған офицер Нұғман Сарыбөпеұлын «қылыштың астына алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын шауып, көзін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп»- өлтіргені туралы жазылған. Бұл ретте «Тағы құрбан» деген мақаланың деректік маңызы үлкен. Онда, Міржақып Дулатов, сол жылдың тамыз айының басында, Жетісу облысындағы Ұржар деген қаланың қасында большевиктермен соғысып, Алаш Орда һәм құрылтай ағзасы өмірі мен қызметін, ұлтына сіңірген еңбегін жан-жақты баяндайды. Мақалада: «.. большевиктер елге ойран салып, қазақ қырғызды қырғынға ұшыратуға кіріскен еді. Ұлтшыл ер, Отыншы бұл қорлыққа шыдай алмай, жолдастарымен бірігіп, жігіт жинап, елді қорғау жолына кірісті. Өткен июль басында мынадай хат келді: «Елдің басына мынадай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмайтын, өлсем-тірілсем де бірге көремін» деп.Марқұм айтқанын қылды, елді пәлегетастап, өзі бас амандап кетекн жоқ. Алаш жолында құрбан болды!» делінген67. [№18,121б.].  Ғалым Ахмедов өзінің 1996 жылы шыққан «Алаш Алаш болғанда»атты еңбегінде Қази Нұрмағанбетұлын ақтар атып өлтірді деуі. Ол бұрын мұғалім болған жас офицерді ақтардың солдаттарының атқанын айта келе: «Алашты» жамандаған кісілердің «олар ақтармен одақтас болды» дегенді «одақтастарының» түрі әлгідей. Шындығында «Алаш» пен ақтардың арасы жақсы болмаған, тек амалсыздан ғана «сен жақсы, мен жақсымын» жүрген. «Алаштың» көздеген мақсаты ағынан да, қызылынан да аулақ, өз алдына бөлініп шығу ғой»,- дейді68. [№24,20б.]. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің 1998 жылдың басында жарияланған «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» атты еңбегінде, бүгінгі күннің биігінен қарай отырып, большевиктер билік құрған 74 жылдың қорытындысын ой елегінен өткізе келе оларға мынадай баға берген: «Большевиктік іс-әрекет қандай даңғаза идеологиялық ұрандарды желеу еткенімен, олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сұрқия нысанда жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп, «ұлттық шет аймақтарға » қатысты қатаң бағыт ұстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жұрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан да қатаң басылып тасталып отырды». Алданған орыс солдаттары мен жұмысшы шаруаларының зеңбірегіне сүйенген большевиктердің қазақ даласында кеңес өкіметін күштеп орнатуы салдарынан, 1918 жылдың 16 қыркүйегіндегі, 265 санынан кейін «Қазақ» газеті өзінің шығуын тоқтатты. Елде Кеңес үкіметінің, большевиктер диктатурасының орнауы «Қазақ» газетінің де, Алаш ардагерлерінің де, мұндай ата салтына, ұлт дәстүріне сай ерлік істерінің бұрынғыдай жыр-дастандарға арқау болып, ауыздан-ауызға тарап, атадан балаға жетіп ұлт, ұрпақ мақтанышына айналуына кедергі болды. Елін сүйген ерлерді өз халқына жау етіп, елін сатқан ездері ер етіп көрсеткен күндер басталды.

Сонымен, қорыта айтсақ, газеттің 1913 жылдың басынан бастап шыға бастауы оны, өзінің еркінен тыс, әлемдік соғыс қарсаңындағы соңғы бейбіт жылғы қазақтардың саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінің  дерегіне айналды. Сол жылғы апталық бетінде жарияланған материалдарға талдау жасау оның деректік ерекшеліктері болғандығын көрсетеді.

Біріншіден, газетте басылған мақалалар ел өмірінің барлық жағын дерлік қамтыған. Сондықтан біз олардан ұлтымыздың аласапыран алдындағы бейбіт өміріне, күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты өздерін қызықтыратын мағлұматтар ала алады.

Екіншіден, газетте жарияланған мақалалардың басым бөлігін, ел жағдайының терең белгілері, халқымыздың ойларын озық, қаламдары жүйрік азаматтары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы және М.Дулатұлы үшеуінің жазғандығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

1.Алаш қозғалысының кезеңдеуін қазіргі таңда Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революциядан бастап 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларымен 1991 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттігін алғанға дейінгі кезең тарихы.

2.Алаш партиясы мен Алаш зиялыларының тарихтағы орнын қайта сипаттау, зерттеу барысында олардың есімі тарихта обьективті түрде бағаланған. Соның салдарынан тарих ғылымының кеңестік 1953 жылы КОКП ХХ сьезі олардың есімдерін ақтау ісі жүргізіліп, ғалымдар олар туралы ғылыми зерттеулер жазылды

3.Қазақстан тарих ғылымында түрліше методолгиялық жүйелермен принциптерін қолдау мақсатында ұлттық тарихты жандандыру идеялары тарихшылардың еңбектеріне енгізілген.

4.Алаш зиялылардың тарита қалған қызметі, саясаты іс-әрекеттері Кеңестік және қазіргі заман тарихнамада түрліше тұжырымдалып, сипатталған. Ал, ҚР тарихшылары өздері оларды бағалау барысында тиянақты ой бермеген. Оның негізгі себептерінің Алаш лидерлерінің мүшелерін қос өкімет,Совет өкіметі, ақ гвардияшылдармен қарым-қатынастары толық нақты деректер берілмеген.

5.Қазақстан Республикасының тарихшы ғалымдар Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихын біржақты қызметі арқылы ғана бағалап отыр. Және де Кеңестік дәуіріндегі идеологиялық саясатпен себеп-салдарын түсіндіруге мақсат қойған.

6. Алаш немесе Алашорда қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған Алаш партиясы болды.

7.ХХ ғасырдың басымен 30 жылдарға дейінгі баспасөз материалдарында Алаш лидерлерінің, зиялылардың  партияға мүшелерінің берілген мінездемесі тарих ғылымында тарихилылық принцип бойынша обьективті болып есептелінеді. Ұлттық жандандандыру барысында Кеңестік идеологияда оларды бұқара арасында халық жауы деп жариялаған. Қазіргі таңда ұлттық идеяның құрбандары ретінде бағалаған.

8. жалпы ұлттық саяси ұйымды құру үшін ХІХ  және ХХ ғасырлар тоғысында қалыптасқан ұлттық демократиялық қазақ интелегенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермеков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 12 жыл 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті.

9.Шетелдік тарихнамада ХХ ғасырдың басы мен 50жылдары болған саяси оқиғаларда обьективті бағалауға тырысқан, ұлттық идеяны іске асыруда алғашқы идеологтары мен практиктері деп бағалаған.

10. ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат-міндеттерді: ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел тендігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру т.с.с.қойды. Бұл істің басы-қасында ат төбеліндей аз ғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді.

11.Алаш партиясының лидерлер мен мүшелері «Қазақ», «Айқап» баспасөз материалдарында Алаш партиясының бағдарламалық саясатын іске асыруда түрлі тактикалық іс-әрекеттерін қолданған. 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер және сілтемелер тізімі

1. Жұртбай Т. Алаш идеясы және Ораз Жандосов. //Саясат. 1999. №10,  [№1,85б.]; [№1,87б.].

2. Нүрпейісов К.Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек. 1995. 256б. [№2,153б.]; [№2,27б.].

3. Актюбинский обл.гос. архив д-681 опись-1 дело-4.[№3,1-7б.].

4. Сайлаубай Е. Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары. //Абай. 1999. №36,  [№4,44-47б.]; [№4,6-9б.]; [№4,45б.]

5. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2005. Т-2.496б.[№5,187б.]; [№5,295-297б.]; [№5,149б.]; [№5,158б.]; [№5,96б.]; [№5,76б.]

6. http:// www. Egemen.kz\? act. Ж.Самрат. «Қазақтың мемлекеттік думаға сайлануы», http://www. iie freent kz\ gazag tarih 8html Қойгелдиев М. «Тарих ғылымы Мемлекеттік Думада қызмет еткен қазақ зиялыларының еңбегін талдап, терең зерделеуі керек». [№6б.]

7. Қойгелдиев М. Алашты бұғаудан қашан босатамыз?. // Арай. 1990. № 8. [№7,6-9б.]; [№7,7б.]

 8. Байтурсынов А. Революция и киргизы. //Жизнь национальностей. 1919. 3августа, №29.

9.С.Сейфуллин. Қазақ интелегенциясы. // Жизнь национальностей. 1920.25қараша, №10.

10. Бочагов А.К. У истиков. Воспоминания. Алма-Ата. 1971.

11. сост. Н.Мартыненко, Алаш-Орды сб. документов, Кзыл-Орда. 1929.

12.Браинин С., Шафиро Ш. Очерки  по истории Алаш Орды. Алма-ата: 1935.

13. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы: Жалын. 1992. [№13,106-181б.]

14.Олкотт М.Б. Казахи. Стэнфордский  университет.1987.

15. Қойгелдиев М.К. Алаш қозғалысы. Алматы: Санат. 1995.303б, [№15,28-29б.]; [№15,141б.]

16.Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры. Алматы: Жалын. 2004. 400б. [№16,110б.]

17.Өзбекұлы С.Арыстары алаштың: тарихи очерктер. Алматы: Жеті жарғы. 1998. 192б. [№17,24б.]; [№17,29б.]; [№17,87б.]

18. Г.Дулатова, С.Иманбаева. М.Дулатұлы. Алматы: Мектеп. 2003. 255б. [№18,44-49б.]; [№18,65б.]; [№18,29-30б.]; [№18,41-42б.]; [№18,46б.]; [№18,121б.]

 19. Бисенова Ғ. Бірінші орыс революциясы тұсындағы қазақ азаттық қозғалысы. Автореферат. Алматы: Ғылым. 2002. 32б.[№19,4б.]

20. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комптетінің архиві, іс — 06610, іс-том 3 52-парақ.

21.Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы: Өлке. 2003,224б. [№21,14б.]; [№21,174б.]

22. Нәсенов Б,А.Исин. 1905 жылғы Қарқаралы петициясына және патшаға жіберілген телеграммаға қол қойған қайраткерлер. \\Абай   2006. №3. [№22,26-29б.]

23. Ахмедов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. Естеліктер мен тарихи деректер. Алматы: Жібек жолы. 2005. Т-2. 280б.[№23,204-211б]; [№24,20б] 

24. Нысанбаев Ә. Қазақ газеті. Алматы: Қазақ. 1998.560б. [№24,150б.]; [№24,234б.]; [№281б.]; [№24,115б.]

25. Нүрпейісов К. Он алтыншы жыл және Алаш қозғалысы. // Ақиқат. 1996. №6. маусым [.25,45б.] 

26. Телебаев Ғ. Алаш партиясы- Қазақстандағы алғашқы либералдық партия. //Егемен Қазақстан. 2001.7-желтоқсан. [№26,3б.]

27.Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан. 1994. [№27,271б.]

28.Свободная речь. 1918.[№28,162б.]

29.Назарбаев Н.Ә.Қазақтың бүкіл тарихы –бірігу тарих, тұтастану тарихы.

// Егемен Қазақстан. 1998,18 наурыз.[№29,5б.]

  30.Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты». Алматы: Қазақ университеті. 1992. [30,17-20б.]

31.Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев «Тарих тағлымы не дейді?» Алматы: Ана тілі. 1993.208б.[№31,108б.]

32.Шоқай М. Таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағы Алматы: Қайнар,2007,352б. [№32,222б.]; [№32,232б.]

33.Сыздықова Р.«Ахмет Байтұрсынұлы» Алматы: Білім. 1990,52б. [№33,52б.]

34.Ашкеева Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары.Автореферат. Алматы: 2004.30б.[№34,7б.]

35. «Ақаңа келгенде Ақтөбе тым-тырыс». //Жас Алаш №15,21ақпан 2008ж.[.35,4б.]

36.Нүрпейісов К. «Жетісулық Алаш қайраткерлері». //Қазақ тарихы 2006,№2,[.36,59б.]

37. Г.Сәдірқызы «Алаш рухы асқақтады»  http: www iie freent kz\ gazag tarih 8html

38. Нүрпейісов К.Алаштың күрескер ұлы. //Саясат. 1998.№1, [№38,79б]

39.Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы, Қазақстан-Атамұра 1993 160б.

 [№39,128-130б.]

40. Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар. Т-2. 1999.520б. [№40,389б.]; [№40,407б.]

41. Құлмаханова. Қойгелдиев М. «Тынышбаев М және қырғыз трагедиясы» //Қазақ тарихы №5, [№41,85-89б.]

Информация о работе Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері