Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:17, реферат

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3-8
І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
...................................................................................................................................9
1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30
1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40
ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған
мақалалары...............................................................................................41
2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60
2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78
Қорытынды..........................................................................................................79-80
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Файлы: 1 файл

1899_Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері.doc

— 386.00 Кб (Скачать файл)

«Қазақ» газеті, белгілі бір дәрежеде сол кездегі ұлт азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді. 1905-1907 жылдардағы қазақтарды да қамтыған саяси толқуларға басшылық жасап белсенділік көрсеткен келешек газет шығарушылар патша жандермериясы тарапынан саяси қуғын сүргінге ұшырад. «Алаш» көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі Семей түрмесіне жабылды. Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Тек, сондай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана, 1910 жылдан бастап, олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды. «Қазақ» газетінің пайда болуы және оның қайта шығуы туралы Тіней оразайдың Мұртазасының Файзолласы  «Газеттің 80 жылдығына арнап баяғы 265 санынан 266 санын шығаруға ниет етіп отырмыз.Жалпы бұлай етуге Оразай әулетінің моральдық хұқы бар деп білеміз. өйткені «Қазақ» газетін шығару идеясы Ахмет Оразаев аулына Міржақып Дулатов барғанда осы екі кісі тарапынан идеяның мақұл тапқанын  және Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы беріп, құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де, Орынбор губернаторлығының құжаттары да дәлелдеп отыр.»

«Қазақ» газетін үзбей шығарып тұру үшін қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз еместігіне сенген А.Байтұрсынов пен М.Дулатов, 1913 жылдың соңына қарай «Азамат» серіктігін құрмақ болғандығы туралы,аталған газеттің 42-санында «Алаш азаматттрына» деген мақалада жарияланды. 1914 жылдың басынан бастап «Қазақ» газетін

 бастырушы міндетін атқарған  «Азамат» серіктігінің іс әрекеттері  туралы мәліметтер апталық бетінде жариялана бастады. Ол туралы «Айқап» журналы Орынборда шығатын «Қазақ » газетасының басқарушысы М.Оразаев бастырушылықтан шығып, орнына  «Азамат» есімді серіктік жасады. Бұл серіктік 2-ші декабрьде ашылды. Бастап ашушылар Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Мұнан былай «Қазақ» газетін сол «Азамат» серіктігі бастырып тұрмақшы Бұл «Азамат» серіктігіне азаматтықпен қосыламын деген Алаш азаматтары болса салатын жарнамасының ең азы 100 теңге. Аталған серіктіктің бас мақсаты Алаш азаматтарының серіктескен пұлыменен ең әуелі «Қазақ» газетінің аяғынан нық бастырып жүргізіп тұрмақ. Онан соң істің ұлғаюы ақшаның көбеюіне қарап қазаққа пайдалы қазақша кітаптар бастырмақ. Бұл ерлік істің ілгері басуын тілейміз» -деп жазды. «Азамат» серіктігі. Айқап, 1913,№12,448б. 1915 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақ» газетінің апттасына екі рет шыға бастағаны белгілі. Газетті аптасына екі рет шығару үшін ресми орындарының, газеттің бағдарламасын бекіткен арнайы куәлігі қажет болған. Сондықтан «Қазақ» газетінің шығарушысы және редакторы, «Азамат» серіктігінің билеушісі А.Байтұрсынов 1914 жылдың 8 желтоқсанында Орынбор генерал губернаторының атына арыз жазған. Көп ұзамай А.Байтұрсыновқа қайта бекітілген бағдарлама  бойынша «Қазақ» газетін аптасына екі рет толық көлемде шығаруға рұқсат етілген №7021 куәлік тапсырылған Жаңа бекітілген бағдарлама алғашқы бағдарламамен толық сай келеді.

1914 жылдың басында «Қазақ» газетінің  алғашқы жылы таралу географиясы  мен таралымы саны туралы Басқарма, «Орынбор.9 январь» деген редакциялық мақалада: «Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласының 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандарының есебі мынау:

Таралым аумағы

Таралым саны

1

Торғай облысы

694

2

Семей облысы

612

3

Ақмола

584

4

Сырдария

327

5

 Орал

301

6

Жетісу

157

7

Ішкі ордалық

136

8

 Ферғана

30

9

 Самарқан

8

10

 Закаспий

5


Бәрі 3007», деп жазды.

1913 жылы газет бетінде жарияланған  материалдардың «жер мәселесі», «Оқу жайы», «Жер аудару», «Білім  жарысы», «Қазақ һәм дума», «Сайлау», «Земство не нәрсе», «Шаруа жайы» т.б. атлған мақалалардағы көтерген мәселелердің шешілу жолдарын халыққа ұсынуы соның дәлелі. Осылай шыға бастаған бірінші, яғни 1913 жылдың өзінде –ақ газет ұлт өмірінің барлық жағын қамти білген. Ү.Суханбердина өзінің «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» деп аталатын мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде газеттің жарияланған мақалалары мен хат-хабарларын тақырыптарына  және мазмұныына қарай: «Россиядағы имперализм дәуіріндегі Қазақстан», «Самодержавиенің аграрлық саясты және қоны аудару қозғалысы», «Қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы», «Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы», «Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті мен әдебиеті» т.б. деп, барлығы 20 топқа бөліп көрсеткен.

«Қазақ» газетінің бірінші күнен бастап ерекше көңіл бөліп, өз бетінде үздіксіз көтерген мәселелердің бірі оқу ағарту, білім беру, жалпы халықтың рухани өмірі туралы мәселесі болды. 1913 жылы ғана апталықта оқу ағарту ісі бойынша 30 астам арнаулы мақалалар басылған. Оқу жайы «Тілшілер сөзінде», «Ішкі хабарларда» айтылып тұрған. Ақмола, Петропавл, Қостанай,Қарқаралы, баянауыл, қотанқарағай, Шымкент, Қапалда оқу ағарту ісі, мектеп медресе салу жұмыстары туралы мағлұматтар сол хабарларда басылған. Осындай хабарлардың бірінде: «Қапал уезінде Тұрысбеков Мамановтардың мектебінде осы күні 130 дан артық қазақ баласы оқиды екен. Оқытушы бесеу.. маманов, Тұрысбековтер келісіп өз ауылында қыздар оқитын мектеп салмақшы болыпты. Ақсу деген жерде тағы да қазақтарға үлгі аларлық іс», деп жазған. «Оқу кітабы хақында»62 Азамат Алашұғлы Айқап журналының 1911ж. санынының  №7. Міржақып қазақ жұртында бастаушы мектеп жоқ екенін айтады. Соның үшін Уфадағы Ғалия Медресесіндегі шәкірттеі «Әлифбә» тәртіп етіп қирағат кітабын шығару үшін өзінің мойынына алғанын айтады. Міржақып ағамыз кітапты мазмұнды шығару үшін көптеген материалдар жинап, орыс педагогтарының оқу кітабымен хрестоматияларын Ы. Алтынарсарин мен Александровтың қазақша материалдарын  өзінің мұғалімдік тәжірбинсіне қоса отырып жазуға кіріскенін көреміз. «Қирағат» кітабын әлифбәдан соң 3 жылда оқитын қылып 3 бөлімге бөлдім де әлгі материалдардан үш дәфтергі бір бөліміне лайық сөздерді таратып жаза бастадым деп жазды. Бірақ бұл еңбегі ақталмай  елдегі жағдай кедергі болып ісін бітірмей тастады62. [№18,41-42б.].

Ү.Суханбердинаның аталған мазмұндалған библиографиялық көрсеткішіне енген, 1913 жылы газетте жарияланған 215 мақалааның 44-ін Ә.Бөкейхан, 32-ін М.Дулатов, 23-ін а.Байтұрсынұлы жазған. Зерттеуші Ө.Әбдіманов газет алдына қойған бұл мақсаттарды шартты түрде: саяси-әлеуметтік мәселелер, шаруашылық-экономикалық мәселелер және мәдени-ағартушылық мәселелер деп үш желіге бөле отырып: «Газетттің осы мәселеге қатысты жарық көрген мақалаларын негізінен үш публицист жазып және дайындап отырғаны талассыз шындық. Олар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов. Қай-қайсысы да кез-келген тақырыпқа жаза алар хас шеберлер болғанымен де Ә.Бөкейхан көбінесе саяси экономикалық, Ахмет-мәден-ағартушылық, Міржақып әдебиет пен өнер мәселелеріне көбірек барғаны «Қазақ» беттерін ақтарғанда көзге айқын түседі. «Қазақтағы»көптеген бас мақалаларды А.Байтұрсынов жазған және бас жазушы ретінде қандай да бір мәселе болмасын өзіндік пікірін, өзіндік көз –қарасын білдіріп, газеттің бағыт-бағдарын айқындап отырған. Оның кейінірек «батысшылдық» тобының идеологы атануы себепші болған көбіне –көп осы «Қазақтың» мақалалары арқылы танылуы болса керекті»,-дейді. 

1913 жылы ғана жер туралы айтылған. Жерге қатысты мақалалардың көбін  ғасыр басындағы осы мәселенің  ел таныған маманы Ә.Бөкейхан жазған. Дегенмен, мәселенің өте маңыздылығына, өткір қойылуына байланысты А.Байтұрсынұлы сол жылғы газетке «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Жер жалдау жайында», «Көшпелі һәм отырықшы норма» сияқты мақалалар жазды. Жер мәселесі М.Дулатұлы «Земство не нәрсе» атты мақалалар сериясында да айтылған. «Айқап» журналының 1911жылғы №11 саннында Азамат Алашұғлы бүркеншік атымен міржақып Дулатұлының «Жер мәселелесі»63 атты мақалада: қазақ жеріне мұжықтар орналастыруына байланысты қазақтарға бұрынғыдай көшіп жүру керек пе он бес десятинадан ер басына жер кестіріп, қала болу керек пе? Деген сұрақ төңірегінде зиялылар мен ноғайлар газет журнал арқылы мақалалар беріп, жақсы жерге орналастыруды пайдалы көрді. Атақты қазақ адвокаты бақытжан Қаратаев мырза өзіне ерген ағайындарымен тиісті жерін кестіріп алып, қала болды. Қала болу мәселесі бүкіл қазақ жерін қамтып, қала болудың пайдалы жақтарын оқыған азаматтар газет журнал бетттерінде мақалалар беріп халық сынынан өткізу керек деп жазды63.[№18,44-46б.].

  Газет шыға бастаған бірінші жылы қазақ зиялылыарыныың арасында қызу талас тудырған бас қосып, сьез өткізу мәселесі туралы да үшеуі бірдей арнайы мақалалар жазған. Аса маңызды  мақаланы «Алаш азаматтарына» 1913 31 декабрь. Екеуі бірігіп жазғандығын көрккеміз.Аталған авторлардың 1913 жылы газеттің бір нөміріне екі мақаладан жариялаған кездері жиі кездеседі. Ал, кейде, олардың бір нөмірде 3-4 мақаладан жариялаған уақыттары болған. Мысалы, апталықтың 7 санында М.Дулатұлының «Құлдар достығы» деген мақаласының жалғасы, «Адриянополь» деген мақаласы және «Қазақтың тарихының» жалғасы жарияланса, 9 нөмірінде: «Қазақ ақыны», «Ғабдолла Тоқаев», «Жер аудару» және «Қазақтың тарихы » атты төрт бірдей мақаласы басылған. Кезінде Абайды ойландырған, ақын жанын күйзелткен мәселелердің көбі «Қазақ» газетінің де өзекті мәселелеріне айналды. Абай сынына ұшыраған қазақ қоғамынан орын алған келеңсіз көріністер апталық беттерде сыналды. Сайлау төңірегіндегі дау мен жан-жал қазақ даласында Абайдан соң да тоқтау тапқан жоқ. Сондықтан өз кезегінде «Қазақ» газеті де оған қарсы күресуге мәжбүр болды. Оның беттерінде сайлауға арналған бірнеше мақалалар жарияланды. Соның бірінде Әлейхан Бөкейхан: «Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай жанталасып әбігер болады. Әке баладан, аға ініден, туған-туысқаннан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өсітіп жұрт бүлініп іздегендегісі не?  Болыстық,  билік, ауылнайлық, елубасылық» -деп сайлаудың қазақ халқына әкелер бар «пайдасын» айтады. Абай мен Ә.Бөкейхан сайлауға байланысты қазақтар арасында қалыптасқан жалпы қоғамдық құбылыс туралы айтса, мұрағат құжаттары бізге жеңіл жолмен мал табамын деп жүріп қылмысқа барған көптеген болыс, би, ауылнайлардың нақты есімдерін жеткізіп отыр. Мысалы, Верный уезінің Көлді болысы Жабықбаев 1915 жылы Желдібаевтан 61 сом 70 тиын табыс салығын салып оны алғаны туралы ресми қағаз бермей өзі пайдаланып кеткені үшін қылмысқа тартылған. Кіші Алматы болысының 1-ші ауылының старшыны Қабылдай Асыров 1915 жылы 17 наурызда пара алғаны үшін жазаланған. Қысқаш Садыр болысының бұрынғы ауылнайы Сейдін Әбділдин қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасағаны үшін, сол жылдың 11 маусымында сотқа тартылған64. [№44,249б.].

1999 жылы шыққан «Қазақ халқының  атамұраларында», «Айқап» бетіндегі  «материалдар мен хат-хабарлардың»  библиографиялық көрсеткіштерінің толықтырылып екінші рет басылуына байланысты Ү.Субханбердина: «1960,1963 жылдары «Айқап»журналы мен «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Қазақстан» газетінің бетінде басылған материалдарының мазмұндалған библиогрфиясы басылып шыққан болатын. Бірақ өкінішке орай, ол көрсеткіштерде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. жазған ең құнды материалдары қысқартылып берілген еді», -дейді. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан демократиялық жағдайда Қазақстанның әртүрлі аймақтарында шығып тұрған қазақ тіліндегі газеттеердің бәрі де қазан төңкерісінен кейін большевиктер туралы мақалалар жаза бастады. «Қазақ» газеті бастағанұлттық демократиялық бағытттағы басылымдар алдымен большевиктер тарапынан жалпы мемлекетке төнген қауіп туралы жазса көп ұзамай тікелей қазақтарға төнген қатер туралы айтып, халықты оларға қарсы күреске шақыра бастады. 1917 жылдың 1918 жылдың барысында қазақ тіліндегі негізгі тақырыбы большевизмге қарсы күресі тарихы.Бұл ретте сол жылдары Алаш зиялылары бас қосқан екі орталықта –Ташкент пен Орынбор қалаларында шығып тұрған «Бірлік туы» газеті «Қазақтың» орны ерекше. Егер біріншісі қасиетті Түркістан жерінде өз үстемдіктерін орнатқан большевиктер туралы айтса, екіншісі ел таныған Алаш көсемдерінің Дала өлкесінде большевизмге қарсы жүргізген бітіспес күресі туралы айтқан.

Большевиктердің бүліншілік і-әрекеттерімен, 1917-ші жылан жылының күзінен бастап бетпе-бет кездесе бастаған ташкенттегі қазақ зиялылары, олар туралы «Бірлік туы» газетінің 8 қарашасынндағы 14 санынан бастап тұрақты жаза бастады. «Ташкентте болған оқиғалар салдарынан газетіміздің бұл нөмірі өз уақытынан кешігіп шықты. Оқушыларымыз айыпқа бұйырмағай» -деп қараша айының басындағы большевиктердің ұйымдастыруымен болған Ташкенттегі қан төгіс салдарынан газеттің кешігіп шыққан себебін айтудың басталған 14 санында «Екі талай күндер» және «Мемлекет халі»65 деген екі үлкен мақала басылған. Бұл мақалаларда Ресейде қазан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан саяси жағдай туралы большевиктердің өкімет билігі үшін жан таласа жүргізіп отырған күресінің мемлекет үшін, жалпы ел үшін аса қауіпті авантюристік іс екендігі туралы айтылған.Мысалы, бірінші мақалада «Россияның көп шаһарларында большевиктер Уақытша үкіметке қарсы бүлік шығарып, мемлекеттің өз халқы бірін бірі қырып жатыр» делінсе екінші мақалада «Большевиктер Петрогратты жеңіп алған бұрынғы үкімет орнына жаңа хүкімет жасаған.. бұл хүкімет Халық комиссарларының Советі деп атап, һәр министрлікті басқаруға бір-бір комиссар құрылған.. Советтің төбе төрағасы Улянов деп оқырмандарды Кеңес үкіметінің құрлымымен таныстыра келе: «Петрогратта басталған большевиктер төбелесі Россияның басқа шаһарларында болды. Көп жерлерде солдаттар мен қара жұмыскерлер хүкіметке қарсы бүлік шығарып, көп қандар төгілді» -деп жаңа үкіметтің қол жеткізген алғашқы табыстарын халыққа жеткізді.»65[№5,96б.]. Мемлекет халі// Бірлік туы,№14 1917,8 ноябрь. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж. «Бірлік туы» газетінде «Түркістан автономиясы» деген мақалада: «Соңғы кезде бүтін Россияны астаң кестең қылған  большевик пулеметінің салқыны Түркістанға да жетті. Түркістанның я тұрмысына я табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда күшпен жүргізбекші болып орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару жарақ жұмсап зорлықпен  өкімет жүргізе бастады»-деп, жергілікті халқына жаткеңес өкіметін большевиктердің Түркіәстанда да қарудың күшімен орната бастағандығын айтады. Ал, «қазіргі күй» деген мақалада большевиктердің Түркістан топырағында алғашқы нақты қадамдары туралы: «Большевиктердің хүкімет басына мінгенне бері қарай істеп жатқан істері халықты үркітіп отыр. Олар әділдік, туралықты бір жаққа тастап, зорлық-зомбылық жолына бет алды.» Түркістан зиялылары газет беттерінде большевиктердің берген уәдесінің  орындалмағандығын нақты түсіндіреді. Мысалы, сол жылдары қоғамдық саяси өмірге белсенді араласа бастаған түркістандық Алаш жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов, «Большевиктер» деген мақаласында, бітім туралы: «Әзірге бар халге қарап айтсақ россияның большевик хүкіметі соғыс тоқтатылып бітім сөйлеспекпіз деген  жарлығымен бұқараның көңілін аулағаны болмаса һеш патшалықтардың я досы,

Информация о работе Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері