Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:17, реферат

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3-8
І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
...................................................................................................................................9
1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30
1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40
ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған
мақалалары...............................................................................................41
2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60
2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78
Қорытынды..........................................................................................................79-80
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Файлы: 1 файл

1899_Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері.doc

— 386.00 Кб (Скачать файл)

Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған.

Большевиктер партиясы мсн Кеңес өкіметі ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса. Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын тандап алды. Сондықтан олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырды. Ә.Бөкейханов31 қазақ автономиясы құрыла сала, "Қазақ" газеті арқылы зиялы кауымға былай деп жар салды! ... Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт, қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!"27. [№27,271б]. Ал екінші жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-территориялық мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ә.Бөкейханов кейінірек (1919 ж. 11 ақпанда) былай деп мәлімдеген: ''Съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархиямен болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады. Сол кезде Ресейде орьн алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы - большевизммен күрес тұрды". Әлихан Бөкейхановтың тікелей жарлықтарында Алаш әскери  жасақтауға қатты көңіл бөлінді. Алаш әскері жасаын 30 атты милицияны алуды және оның материалдық жабдықталуы сол болыстықтарға тікелей тиесілі екендігі көрсетілді.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің соғыс жағдайына бет алуына қарай Алашорда әскерін жасақтау ісі қазақ өлкесінің әр аймағында әр түрлі уақытта жүзеге асырылды.

"Свободная речь" газетінің 1918 ж. 162, 164, 165 сандарындағы хабарламалары Алашорда атты әскерін ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов пен Х.Тоқтамьшевтың басшылық қызметін жақсы қырынан көрсеткен28.[28,5б]

Сонымен, 1918 ж. қаңтар-маусым айлар аралығында Семейдегі Алашорда әскерінің шағын жасағынаи Алаш атты әскер полкін құру деңгейіне жету қиын-қыстау заманға қарамастан іске асырылды. Алаш атты әскер полкінің Уақытша Сібір үкіметі қолдауымен жасақталуы Алашорда әскері тарихының ерекше кезеңін бастайды. Семейде Алаш атты әскерінің тез арада құрылуын, біріншіден, осы аймақта Ресейдегі азамат соғысыныа жаңа майданы ашылуымен байланыстырсақ, екіншіден, әскер құру арқылы Алашорда одақтастарын өзімен санасуға икемдеуге тырысты. Қолайлы саяси жағдай іздеген Алашорда үкіметі іске кіріседі. Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейхановтың Семей уездік Земство басқармасының төрағасы А.Қозыбағаровқа жіберген қатынас құжатында (N2. 25 маусым. 1918 ж.). Алашорда әскеріне уездің әр болысынан 30 адамнан алу және оларды Семейге жедел жеткізу жөнінде қадап айтылған.

Алашорда әскерінің әскери-командалық құрылымының негізін орыс офицерлері құрғаны белгілі. Өйткені, ол кезде ұлттық әскери маман  кадрлар бірен-саран ғана еді. Орыс офицерлерінің үйретуімен қазақ |жігіттеріттері әскери өмір тәртібіне, кәсіби шеберлікке шыныға түсті. Ұлттық әскери мамандардың жетіспеуі себепті Алашорда әскерін мамандармен толықтыру орыс офицерлерін қызметке шақырумен жүргізілген. Алашорда әскері мен Уаытша Сібір үкіметі армиясының арақатынасы 1918 ж. 29-30 шілде жөне 2-3 тамыз кезінде өткен екі жақты кездесуде шешілді. Онда Алашорда үкімет өкілдері Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Тоқтамышев және Уақытша Сібір үкіметі мүшелері бірлескен комиссия құрып, өзара саяси, әскери және экономикалық қарым-қатынастар ретінде қаралды. Бұл шешім 1918 ж. маусым айынан басталған Алашорда әскері мен Сібір, армиясының өзара тығыз байланыстарын заңдастырып берді.

1918 жылы маусым айында Орталық  Алашорда комитеті атынан бірнеше қаулылар қабылданды. Қаулылар Алаш автономиясының негізінде енгізу, Алашорданың әскери және саяси кеңесін құрьп жетілдіру, Алашорданың облыстық және уездік комитет орнықтыруды бекемдеді. Бұл комитеттердің қызмет аясы демократиялық бостандықтар, жерге иелік ету, мемлекеттік салық, қазақ соты мен тергеу комиссиялары жөнінде болды. Яғни, мемлекетгік істер кең ауқымдағы жүйенің түзілу мәселесіне нұсқаулар

берді. Осы құжаттарға Ә.Бөкейханов Алашорда төрағасы ретінде, мүшелері ретінде М.Тынышпаев, Х.Ғаббасовтар қойған.

Сөйтіп, Алашорда Алаш комитеттерімен Семейдегі облыстық қазақ комитеті және оның уездік, болыстық бөлімшелері түгелдей саяси күшср ретінде бірігіп әрекет етуте көшетіндігі мәлімделеді. Ендігі жердс қазақ өлкесінің нақты билігін қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет болды. Яғни, Уакытша Сібір үкіметімен саяси қарым-қатынасты күшейтті. 1918 жылы  маусымда Алашорда үкіметі өз арасынан Ә.Ермековты Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасауға жібереді. Шілде айында Алашорда өкілдерінің бір тобы Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметіне келіп, автономия мәселесін анықтауға кіріскен. Онда мәдени, жергілікті автономия мәселесін шешу керек болды.

'"Мемлекет билеу түрі" мәселесінде II бүкілқазақтық съезд өкілдерінің  екі пікірде болғандығы байқалады. Оған "Қазақ" газетіндегі "Учредительноее собрание һәм оның істейтін ісі", деген дерек Богачов А. және С.Зиманов  пен К.Нүрпейісовтың  Алаш һәм Алашорда. пікірлері дәлел. Солай бола тұрса да, съезд "Қазақ облыстары ұлттық-территориялық автономия алуға тиіс" деген шешімге келді29.[№10,9б.]

"Съезд құрамына 6 облыс қазақтары  енетін Алаш автономиясы жарияланып, ал оны ресми жариялау кейінге  қалдырылды. Оның себебін М.Дулатов "...арамыздағы анасы басқа жұрттармен  сөйлеспей жариялап жіберсек, көршілерімізбен  арамыз қандай болып кетпесіне көзіміз жетпеді. Бұл сақтық орынды екеніне жұрттың көзі енді жетіп отыр", -деп түсіндіреді30. [№18,65б.] Әскер түрі атты әскер болатындықтан, тұсында атты қазағы бар Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында түрлі деңгейде жұмыстар жүрігізілді. Алашорда үкіметінің алғашқы кезде казачествомен тығыз байланыс орнатып, ортақ жау большевизмге қарсы күрсесте бір бағытта болғандығын Ә.Бөкейхановтың Орынбордағы С.Қадырбаевқа жолдаған "қару-жарақ, әскер шығьнын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас деген жедел хаты және атаман Дутовтың Алашорда үкіметін құттықтап Ә.Бөкейхановқа жолдаған жедел хаты дәлелдейді31.[№24,281б]

Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры — қазына жинау ісі болды. "Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы — ақшаны қазір

қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру" идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді.

Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфа директориясына сенім артып, біртутас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды.

Уфа мемлекеттік мәжілісінен (8 қыркүйек, 1918 ж.) автономияға ұмтылған халықтардың бәрі де үмітті еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Уакытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 ж. 4 қарашадағы жарлығы бойьшша Алашорда үкіметі таратылып, оның орнына қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалык мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайывдалды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты.

Алашорда үкіметі 2-ші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сөйкес 1918 жылы 11-24 маусымында заңдық күші бар 8 пунктен тұратын қаулы-қарарлар қабылдады. Соған орай Колчак үкіметінің Ішкі істер министрі А.Гатгенбергер Ә.Бөкейхановқа бірнеше рет жеделхаттар жолдап, "Алашорда" шығарған жарлықтарды, жасаған зандарды ала келіңіз,"- дейді. Ә. Бөкейханов қазақ большевиктеріне қарсы нақты күрес жүргізуді назардан тыс қалдырмады. Оның С.Қадырбаевқа жолдаған "қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз" деген жедел хатынан Алашорда үкіметініц ісі қатаң тәртіпке негізделгені байқалады. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда Семей меи Орал облыстарында басымырақ болды. Солармен күресу мақсатында 1918 жылдың 8 маусымында "большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге "военно-полевой сот" ашу жөніңде, одан кейін 1918 ж. 31 шілдесінде "ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын кұру жөнінде қаулы қабылдайды32. Сарыарқа. 1919.№67.[№5,295-297б.]

Қазақ қоғамындағы мұндай жіктеліс заңды құбылыс. Ұлт өкілдерінің бұл әрекетін қазақ автономиясына жету жолындағы тандауынан деп түсініп, объективті бағалауъмыз керек. Екіншіден, олар автономия ісінде қазаққа қажет ұлт тұтастығьна нұқсан келтірді. М.Дулатовтың сөзімен айтқанда, "Орынбордағы съездің қаулысы жұртқа мәлім. Бірақ бұл қаулы орындалмады. Бұған екі түрлі себеп болды: 1) орыс һәм қазақтан шықкан  большевиктердің кесірі, 2) елдің салақтығы Алашорданың аяғынан тік тұрып кетуіне осындай жағдайлар кедергі жасады.

Алашорданың төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 ж. 29 шілдедегі белгілі "циркулярында" "жорықтарда" Семей, Ақмола, Торғай облыстарыңда  ұйымдастырылған ақтардың отрядтары болғанын айтады, бірақ онда  шайқастар, өлгендер мен жаралылар жөнініде мәліметтер жок. Алашорда  отрядтары әскери бөлімшелері жеңіліске ұшырап қашкан отрядтар мен  большевиктерді, Кеңес депутаттары мүшелерін ұстаумен айналысты. Мұны  үлкен "жорық" деп атауға болмайды.

20-ж.ж. Қазақстанда большевиктик  ұлттық саясаттың негізіндс шешуді  мақсат еткен территориялық мәселе  маңызды болды.

Мұсылман ұлтшылдары мен реформаторларының сол қанаты ынтымақтасу саясатын дұрыс қабылдады. Оның өкілдері коммунистік партияға кіріп, жаңа кеңестік әкімшіліктің алғашқы жергіліхті ядросын құрды. Бірақ ақырына дейін олардың ешқайсысы ортодоксалды коммунист болған жоқ, себебі олар өздерінің шыққан тегі мен дүниетанымдық позициясы жағьнан әрқайсысы бұл ынтымақты тәуелсіз мемлекеттіліктіі құратын әлеуметтік-мәдени топтасуға алдын-ала дайындық деп қарады. Қазақстанның Кеңестік мемлекеттілігінің алғашқы түрін құруға Алашорданың идеялық әсері басты фактор болды. Өлкенің болашақтағы статустық құрылымы жөнінде Ә.Бөкейхановтың реалистік позициясы мен М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың "тәуелсіз және автономиялық қазақ мемлекетін құру" туралы радикалды жобасы бойынша ішкі ауыз бірліктің болмауына қарамастан, қазақ автономиясының құрылуын Алашорда партиясының саяси платформасы негізінде бұл мәселені шешудің нәтижесі деп санау қажет33. Қазақ. 1917. 15 қазан. №244. 149б.[№5,149б.]

Қазақ ұлтшылдарының көзқарасын көптеген жадидшілер бөлісті, сондықтан жаңа өкімет оны ескермей қалған жоқ. Саяси бағыты келіспеседе, алғашқы кезеңде соның мүддесіне жағына білу қабілеттілігін көрсетті. Ол кезде большевиктер либералды модельге ене білді. Осы уақыт шеңберінде ешқандай психологиялық қайшылық байқалмады. "Мұсылман лидерлері өздерінің ұлттық мәдениетіне шынайы берілген, отаршылықка ашық түрде қарсы тұра білетін шынайы коммунист ретінде көрсете білді. Олар пантюркистер болды. Бұл терминдер арасында қайшылық болмады. Интернационализмді шынайы көрсеткен өздерінің большевик жолдастарына сенді.

Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы келіссөздерге қатысты құжаттардан байқайтьнымыз, ол Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі тарапынан ресми мойындауын талап етуі болды. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің қайраткерлері саяси мәселеде Алаш автономиясын мойындауды бірінші орынға қойды, Алашорданың позициясын көрсете білді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде            жарияланған мақалалары

2.1. Алаш зиялыларының  қызметі мен соңғы тағдыр жолдары.

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзілік тарихи және саяси үрдісте орны айқындалып жатқан кезде ХХ ғасыр бас кезіндегі саяси процес лидерлерінің қазақ халқының бостандығы жолында күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеуді қажет етіп отыр. Өйткені ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлерінің саяси қызметі, әлеуметтік саяси көз қарастары, жетекшілік рөлі жүйелі әрі саралана зерттелмеуде. Президентіміз 1997 жылды «Татулық пен еске алу» жылы деп жариялауы ХХ ғасырдағы тарихымызды тың тұрғыдан қарастыруға жүріп өткен жолымызға жаңаша баға беруге мүмкіңндік жасады,ал 1998 жылы Ел басының жарлығымен халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп жарияланып «жинақталып тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да, санадан әрі сырыла қойылмаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсем», деп көрсетті34. [№29,5б.].

1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас  тұрғысынан М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған35.[№16,110б.] М.Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты.»36.[№30,17-20б.] Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің «Тарих тағлымы не дейді?»,С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер.» монагрфиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды37.[31,108б] М.Шоқай, М.Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М.Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағы және Ә.Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық  қазіргі кезде баспадан шыққан. А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады38.[№33,52б] Е.Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Ашкееваның  Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары атты авторефераты ХХғасырдың басындағы саяси процестердің басында болған лидерлердің саяси қызметіне, шығармаларына талдау жасай келе ұлттық лидерлердің саяси-әлеуметтік көз-қарасын көрсеткен39.[№34,30б].

Информация о работе Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері