Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:17, реферат

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3-8
І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
...................................................................................................................................9
1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30
1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40
ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған
мақалалары...............................................................................................41
2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60
2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78
Қорытынды..........................................................................................................79-80
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Файлы: 1 файл

1899_Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері.doc

— 386.00 Кб (Скачать файл)

Енді сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе көш басында Ахмет Байтұрсынұлы бар бұрынғы Алаш қозғалысының жетекшілерін, белсенді мүшелері мен жақтастарын «Кеңес өкіметіне жау», «буржуазияшыл ұлтшылдар», «Террорлық әрекеттерді дайындаушылар» деген айыптар тағып, 1928 жылдан бастап түрмелерге жапты, 1930 және 1932 жылы екі сот процесінің үкімімен олар ұзақ мерзімдерге концлагерьлерге айдалды, басқа өлкелерге жер аударылды. Одан елге оралғандар 1937-1938 жылдары «үлкен террордың» құрбандары болды. Ахмет Байтұрсынұлы да алғашында ОГПУ, кейін НКВД жендеттерінің құрығына ілігіп, 1929 жылы тұтқындалып, 1930 жылы он жыл мерзімге концлагерьге кесіліп, ол жаза Солтүстік өлкеге (Архаигельск облысына) жер аударылуға өзгертілді. Одан 1934 жылы қазан айында елге оралған Ахаң үш жыл өткен соң 1937 жылы сегізінші қазан күні қайта ұсталды «халық жауы» деген жалған жазамен ату жазасына кесілді.

Кеңестік шығыстағы түркі халықтарының қатарындағы ең озық ойлы қазақ зиялыларына, халқымыздың ақыл-ойының қаймағына келген сүргін зауал аса ауыр да қайғылы болды. «Әділет» қоғамы халыққа қазақ зиялыларының шындық ақиқатын ашып беруде зор істер атқаруда. С.Жандосовтың атына жіберілген құжат (түпнұсқа) КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессияның үкімі бойынша аталған азаматтардың тізімі табылды. Азалы сыр шертетін қаралы тізімді  жүйелей келгенде аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны анықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған45.[№39,128-130б.]. Шамамен 1914-жылдан бастап Мұсылман фракциясының қызметіне тартыла бастап, ал 1916-жылдан оның хатшысы міндеті атқарған Мұстафа Шоқай, белгілі дәрежеде, бүкіл ресейлік ұлт азаттық, мұсылмандық қозғалыстың эпицентрінен бір-ақ шықты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Дума жанындағы фракция жұмысына 1916-жылғы Түркістандағы қайғылы оқиғаларға байланысты Дума және үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама дайындау барысында белсенді түрде қатысты. Баяндама дайындау А.Ф.Керенскийге жүктелген болатын. Қажет материалдар жинап қайту мақсатында А.Ф.Керенский 1916-жылдың күзіне қарай Ташкентке келіп қайтады. Онымен бірге келген Дума депутаттарының арасында М.Шоқайұлы да болды. Сол жылдың соңына қарай жоғарғы билік орындарының назарына ұсынылған бұл өткір баяндаманы дайындауда М.Шоқайұлының да үлесі бар-тын. Ақпан төңкерісін М.Шоқай Петербургте қарсы алды. М.Шоқай басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет билігі тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады. 1917-жылдың сәуірінде бір жеті бойы Ташкентте өткен өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлайды. Бұл факті оған түркістандық зиялылар тарапынан корсетілген ең жоғарғы сенімнің көрінісі болатын.

Бұл қызметке қоса М.Шоқай осы жылы Ташкенде Сырдария губерниялық басқармасының бөлім бастығы, Түркістан Комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі және баска қызметтерді атқарады46.[№32,222б.] Осы жылдың 26-қарашасында Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі "Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістанды Ресей Федеративтік Республикасымен ынтымағы бір территориялық автономия" деп жариялап, Түркістан Уақытша Кеңесі үкіметін құрды. М.Шокай әуелде бұл үкімст құрамына Сыртқы істер министрі есебіндс еніп, екі жеті өткен соң оның төрағасы болып сайланды.

Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шокай мен оның серіктері бүл мақсатты іске асырудың қаншалыкты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді.

Ал осы 1917-жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді? 1917-жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болды. Оқиғалар ағымы бүл екі автономияның да ғұмырын ұзақ еткен жоқ. Құрамындағы халықтардың өзін-өзі басқару құқығын мансұқ еткен түрлі саяси топтардың өзара арпалыс күресі жағдайында мәселенің басқаша шешілуін күту қисынсыз еді. Бірақ бізге мәлім басы ашық жағдай сол, М.Шокайұлы өмірінің соңғы сәтіне шейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болды. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтті.

Сонымен, Ресей империясы көлеміндегі азаматтық карсылықтың шиеленісуі барысында М.Шоқайұлы алдымен 1920-жылы Маңғыстау арқылы Грузия асады да, соңынан, яғни 1921-жылдын ақпанында Ыстамбулға аттанады.

Өз отанында қалған Алаш зиялыларына тиеселі басқа үлес жоқ-тын. Мұны Мұстафа Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде, азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Бірақ Мұстафа Шоқай басқа отандастары сиякты Ыстамбулда ұзақ кідірместен ресейлік саяси эмиграцияның астанасы Парижге тартты. Оған Түркістандағы большевиктік диктатурамен күресу үшін европалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді. Керенскийдің "Дни" және Милюковтың "Последние новости" газеттеріне қызметке тұрғанда оның осы мақсаттарды көздегені анық47. [№32,232б.]. Бірақ Мұстафаның тұтас және еркін Түркістан идеясы большевиктерге қалай ұнамаса, париждік орыс демократиясына солай ұнай қойған жоқ-тын. Сондықнан да ол көп ұзамай-ақ (1923) орыс баспасөзімен байланысын үзіп, Керенский жөнс Милюковтардан іргесін алыс сала бастайды. Мұстафа Шоқайдың Парижге келудегі түпкі мақсаты, әрине, отаны Түркістанның азаттығы үшін күреске атсалысу еді.

 Түркістандағы кеңестік билікті  сынауды өзінің тікелей ұйымдастыруьмен 1927-жылдан бастап Ыстамбулда шыға  бастаған, белгілі қайраткер және ғалым Заки Валиди редакторлық етуші "Жаңа Түркістан" журналы атқаруға тиіс еді. Кейіннен бұл басылымды 1929-1939-жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған "Жас Түркістан" журналы ауыстырды. Оған өзі бас редакторлық жасады. Журналдың алдына қойған міндетін түсіндіруге арналған "Біздің жол" атты кіріспе сөзінде М.Шоқай "егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде күшін әлсіретпей "Яш Түркістан" беттеріңде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті жене аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік.

М.Шоқайдың "Кеңестер билігіндегі Түркістан" атты еңбегі мәселемен тек сырттай ғана таныс батыстық интеллигенттің еңбегі емес, Түркістанда атқарылып жатқан істердің түп-төркінінен, терең астарынан, мұндағы түрлі мүдделер қақтығысынан жан-жақты хабардар, мәселенің тарихын жақсы білетін осы өлкеден шыққан зерттеушініц талдауы болатын.Міне, сондықтан да жаңа күш ала бастаған тоталитарлық режим мен Сталинге Мұстафа Шоқайдың сыны өте жайсыз тиді, олар бүл сын батыста және Кеңестер Одағының өзінде социалистік құрылыс туралы өздеріне тиімсіз пікір туғызуы мүмкін деген қауіпте болды.

Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы оның аргументтілігінде, пайдаланған фактілерінің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М.Шоқай негізінен түркістандық орыс және қазақ тіліндегі басылымдардан алып отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1928-жыддары шығып түрған ресми басылым "Ақ жол" газеті болатын.

М.Шоқай өзінің сынын Қазан төңкерісін Түркістан халықтарының "үлкен қуанышпен" қабылдағандығы туралы кеңестік тарихнамадағы пікірдің тарихи шындыққа сәйкестігін анықтаудан бастайды. Ол Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының да Қазан төңкерісіне ешқандай да қатысы болмағандығын, большевиктердің өз бағдарламасын түсіңдіру мақсатында қазақ жұрты арасында үгіт-насихат жұмысын тек саяси билікке келген соң ғана бастағанын, ал олардың сөзі мен ісі арасындағы алшақтық кеңес билігінің алғашқы күндерінен-ақ байқалғандығын нақты фактілік негізде талдайды.

М.Шоқай Отанға қызмет жасаудың жолдары көп деп түсінген. Мария Шоқай естелігінде мынадай пікірді айтады: "Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940-жылы соғыс тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден , құтылуын армандайтын. "Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және баска өлке халықтары туралы тамаша кітаптар, жазумен шүғылданар едім", - дейтін Мұстафа Шоқай. Бұл ретте ең беделді дерек - М.Шоқайұлының жары Мария Шоқайдың естелігі48.[40,389б.] Міне, осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының "Виктория" ауруханасында 1941-жылы 27-желтоқсанда өмірден қайтқан жары , Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқандығы туралы  мынадай деп жазады: "Шыны қабырғаның ар жағында,  ағаш табыттың ішінде Мұстафа үстінде жібек пижамасы бар жатыр екен. Бетін ақ салфеткамен жауып қойыпты, қолдары қарнының тұсында айкасқан, ұйықтап жатканға ұқсайды, жүзі жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткен секілді. Қарсы қабырғаға табыттың қақпағын сүйеп қойыпты. Мен Парижден кұран мен сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне құранды қойдық, тақия мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына кигіздік"49.[40,407б.]

Сонымен, "Мұстафа Шоқай кім?" деген сауалға қайта,оралайық. Мұстафа Шоқай - өз заманында Түркістанда, орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған ұлы қайраткер. Оның омір жолы Ұлы Отаны - Түркістан - үшін от кешкен Ұлы Азаматтың жолы болатын.

М.Тынышбаев туралы революцияға дейін Орынборда шығьп тұрған А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газеті былай деп жазды: «Мұхаметжан Тынышбаев — IІ Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа тазажол мен қашаннан қызмет етіп жұрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25-июнь жарлығы тақырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр. Былтыр Түркістан уалаятында Куропаткин генерал-губернатор больп тұрған кезде, Жетісудағы бүліншіліктің не себепті болғандығьн, мәселенің бәрі Жетісу қырғыз-қазағьнда емес, жергілікті хакімдердің жауыздығънан болғаңдығын Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан. Түркістан уалаятындағы қазақ, қырғыздардың жерін Жетісу Переселен мекемесінің зиянды саясаты бойынша мұжыққа алынғандығын, жергілікті халықтардың тау мен тасқа қамальп қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен қырғыз аса таршылықта қалатындығьн дәлелдеп доклад жазған Мұхаметжан»50.[№41,.85-89б.]

М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша комиссары қызметінде жүріп те бауырлас қазақ және қырғыз елдері алдындағы өзінің перзенттік борышынан бас тартқан емес, қайта оны нақты істерімен дәлелдеп берді. Жаңа қызметке бекітіле салысымен (1917 ж. көкектің соңы) ол қырғыз-қазак ауылдарын аралап, жергілікті ауыр жағдаймен танысып, нақты істерге көшеді. Осы сапарында бай-манапттардың, келімсектер мен солдаттардың зорлығына қарсы біраз шараларды іске асыра отырьп, ол Верныйға келген бет-те Петроградтағы 11 мекемеге, атап айтқанда, азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетінің төрағасы Шепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына және беделді газет редакцияла-рына жергілікті жағдайды баяндай отырып, нақты көмек көрсетуді өтінген те-леграммалар жолдайды. Телеграммада: «Ел ішіндегі жағдай өте ауыр. Бірінші июньде уездік комитеттердің және комиссарлардың өкілдерімен бірге Кытай-дан қайтып оралған Түптегі қырғыздзрды аралап қайттық. Олардың ауыр тұрмысы біздің жанымызға қатты батты. Елдің үстіне ілген киімдері әбден тозған, балалар өте аз, басым көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бойжеткен қыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, оларды Қытай Түркістанында нанға айырбастаған көрінеді. Киіз үй дегенміз — таяққа қыстырылған ескі киздің қиыңдылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған көрінеді... Ең қорқыныштысы кырғыздардың жаппай аштықтан қырыла бастауы...»— деп көрсетіліп, елге ауыр тиіп тұрған жағдайдың бірі заңсыздық, отаршылдық  пиғылдағы қазқ-орыстар мен солдаттардың онсыз да әлсіз халыкқа зорлық, қиянат жасап отырғандығы баяндалады.

1917 жылы иілде айында Орынбор  қаласында бірінші Жалпы қазақ, съезі өтеді. Съезде Жетісу облысындағы  жағдай жеке мәселе ретінде  арнайы қаралып, сьезд біріншіден  соғыс және Ішкі істер министрлігіне  жедел телеграм-ма жолдап «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып, жаншьп жатқан мұжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттардың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты зорлықтан қорғауларын талап етеді; екіншіден, «Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызга Алаш баласы  жәрдем беруін» өтінеді «Қазақ», 1917, № 238. Бұл шараны іске асыруда да М. Тынышбаевтың шешуші роль атқарғандығы даусыз51.[№24,115б.]

Уақытша үкімет комиссарлары Шкапский мен Тыньшбаевтың жігерлі талабының нәтижесінде көп ұзамай Жетісу облысында астьққа монополия енгізілді. Оны іске асыру уездік азық-түлік комитеттеріне жүктеліп, ал оларға көмек ретінде 12 адамнан тұрған уездік Реквизиция комитеттері құрылады.

Көңіл аударуға лайық тағы бір факті — М. Тынышбаевтың тікелей араласуымен Қытайдан оралған қырғыз бен қазақтар үшін шекаралық уездерде халықты тегін тамақтандыратын асхана-пункттердің ашылуы еді. Бұл асханаларды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп тұру уезд комиссарларьна тапсырылады. Мәселен, 1917 жылғы 27 қазаңда Тоқмақта өткен селолық жиналыстың протоколында босқындар үшін бірнеше тамақтандыру пункттерін ашу, осы пункттер үшін 500—600 пұт күріш, орыс шаруаларынан астық сатьп алу туралы шешім қабылдағандығы баяндалады52 [№42]. Әрине, М. Тьнышбаев қазақ және қырғьіз босқындарының тұрмыс жағ-дайына байланысты өзі ойлаған істерінің бәрін іске асыра алмаған еді. Оған уақыттың тарлығы және басқа объективті себептер кедергі жасады. Ол Уақытша үкіметтің комиссары қызметін бар болғаны 7-ақ ай атқарды.

Жекелеген әдеби еңбектерді дайындау белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіліп, ұйым мүшелеріне өзара бөлініп беріледі. «Алқа» атты астыртын әдеби үйірменің өмір сүруі әдеби еңбектерді белгілі бір тәртіп бойынша бөлісіп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М., және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов X., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты53.[№43,19б.] «Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түсті... Әуелі Аймауытов, содан кейін Кемеңгеров келіп қосылып, біздің ісімізді жүргізіп отырды. Өзіміздің ықпалымызды баспасөз арқылы кеңінен тарату үшін біз барлық күшіміз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйірмесінің пайда болуы да соның нәтижесі. Бұл істі тікелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшін келіп тұрды, мен оларға өзімнің нұсқауларымды бердім» (Х.Досмұхамедов, № 2370 - іс, 1 т., 221 - парақ).

Информация о работе Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері