АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 22:58, дипломная работа

Описание работы

иплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2-8
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53
Қорытынды...........................................................................................................54-57



Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61

Файлы: 1 файл

Дип.-АҚШ-тың-қазіргі-саясаттағы-ролі-соңғы-10-жыл.doc

— 508.00 Кб (Скачать файл)

Дүниежүзілік  сауда орталығын паш еткен Аль-Каида мүшелерін жою себімен АҚПТ 2001 жылдың қазақ айынан бастап Ауғаныстанға қарсы әскери қимылдарын бастады. Терроризммен айыпталған бұл терористік ұйым АҚШ-ты жаңа қадамға итермеледі. Орта Азияда Өзбекстан мен Қырғызстан бұған колдау көрсетті және АҚШ-тың амбициялық мақсаттарын іс жүзіне асыруда көмектесті. Ортағасырлық деңгейде дамып келе жатқан Ауғаныстан елі ежелден империялардың бақталастық орталығына айналғаны сөзсіз. Сондықтан бұл аймақта өз позицияларын мығымдастырып, Каспий аймағыда нақты орнығу мақсатында АҚШ Орталық Азия мемлекеттерін осы соғысқа тарты. Соғыс бар-жоғы бірнеше ай жалғасты және бейбіт халықтың қаңғырып, босып кетуіне себеп болды. Соғыс қорытындысы Ирактағы соғыс қимылдарына үласты. Ауғаныстанда Талиб; үкіметі жойылды, Хамид Карзаи басқаратын жаңа басқаратын жаңа басқару жүйесі орнатылды. Дегенменде күні бүгінге дейін Ауғаныстандағы мемлекеттік құрылыс әлі де өзгеріске ұшыраған жоқ.

Ауғаныстандағы  соғыс аяқталған соң ел үшін жаңа конститутцияның жобасын дайындау мәселесі қарқынды түрде жүргізілді. Конституциондық құрылыс дауысқа салынып, парламентке сайлау өтті. Экономикалық өзгеріс жоспарлары дайындалды. Алайда бұл жаңалықтар әлі де Ауғаныстан экономикасын өзгертетіндей қадам жасамады. Қауіпті жағдайлар Ауғаныстан елін баулап жатыр. АҚШ көзбояушылық жасап Ауғаныстанға көмек көрсетуді жоспарлағанымен оның нәтижесі күні бүгінге дейін өз сарапшыларын күтуде.

НАТО күштері  Ауғаныстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілікті өз қолына алды. Кейбір мемлекеттер американ әскерлеріне қолдау көрсетіп, әскери контингентін жолдады. Көптеген американ әскерлері елге бостандықпен демократиялық құрылысты орнатамыз деген ұранмен соғыс қимылдарын жалғастыруда. Алайда оның астарын мағынасы АҚШ-тың аймақтағы стратегиялық мақсаттарымен тікелей байланысты. АҚШ-тың бұл бағыттағы негізгі саясатын П-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капитуляциялық жылдарға ұқсас болып келеді. Себебі соғыс жылдарынан кейін Трумэн үкіметі ГФР-ден екі есе экономикалық шығындарын қайтарып алған болатын [55].

АҚШ-тың Ауғаныстан соғысында, одан соң Ирак соғысындағы іс-әрекеттеріне байланысты Ресейдің ұстанымы да маңызды болып келеді. Ресей Ауғаныстан соғысында АҚШ-қа қолдау көрсетті, ол біріншіден Өзбекстанда АҚШ әскерлерінің шоғырлануына қарсы болмады, ал екіншіден Ресей Президенті Путиннің де өзіндік стратегиялық мақсаттары болды. Өзбекстан мен АҚШ арасындағы келіспеушіліктің туындауы мүмкін. Себебі соңғы жылдары И.Каримов үкіметі өз елінде терроризммен күресіп жатырмын деген ұранды дүниеге жариялап, елдегі халықтың жағдайын мүлдем нашарлатып жіберді. Өзбек халқы көрші мемлекеттерден ақша табамын деген үмітпен жер аударуда. Ал соңғы Әндіжан көтерілісі Өзбекстандағы саяси жағдайдың мүлдем шиеленісті екендігін дәлелдей түсті. Сондықтанда келешекте Ресей мен АҚШ арасындағы саяси келіспеушілік осы елге байланысты тұжырым жасауға болады. Сондай-ақ мұнай мен газ тасымалдау мәселесінде де екі ел арасындағы дағдарыстың туындауына серпінін тигізеді.

1998 жылы Ауғаныстан  арқылы мұнай құбырын жүргізу жоспары қарастырылған болатын. Сол жобада Unocal американ компаниясы атсалысқан болатын. Компания Талибан үкіметімен келіссөздер жүргізіп Орта Азия мұнайын Ауғаныстан арқылы тасымалдауын қарастырған болатын. Бұл келісімдер Кения және Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріне жарылыстардың болып өтуіне байланысты тоқтатылған еді. Жаңа жоба Ауғаныстан соғысы аяқталған соң қайта қолға алынуда. Алайда бұл жолы АҚШ Ресеймен санасуға міндетті болады және Ресей үшін жобадағы қаржы мәселесі өте маңызды болып саналады. Сол үшін АҚШ өз позицияларын жан-жақты қарастырып, ауғаныстандағы жағдайды дағдарысқа ұшыратқан болатын. Бір жақтан АҚШ Президенті ДЖ. Буштың Грузияға шеккен сапары да жайдан-жай оқиға емес. Бұл сапардағы АҚШ-тың мақсаты Кавказ елінде ықпалдастық торапқа ендіру болып табылады [56].

Ал Ауғаныстан Талибан режимнің құлатылуы бейбіт халыққа үлкен зардабын тигізді. Керісінше бұл соғыс елдегі жағдайды одан сайын шиеленістірді. Ауғаныстан үшін батыстың әзірлеген үкімет басқару жүйесі, түрлі тарихы болған тораптарды біріктірді. Сондықтан келешекте пештун ұлтшылдары мен Пәкістан топтары және Талибан қалдықтары арасында Ауғаныстанда жаңа ішкі саяси қыртысқа әкеліп тіреуі абзал. Қазіргі танның өзінде-ақ ауғаныстандағы АҚШ қарсы көрсетіп жатқан қарсылықтары осының дәлелі болып келеді. 14-16 мааыр 2005 жылы теледидар материалдарына қарағанда Ауғаныстан, АҚШ әскерлерінің мұсылмандардың киелі кітабы Құран-Кәрімді мадақтауына байланысты наразылықты көрсетті. Шын мәнінде үңілетін болсақ АҚШ мұсылман елдерінің, соның ішінде Ауғаныстанның ішкі саяси өміріне арласып, елдің наразылығын тұтындырып алды. Бұл саяси ағым мұсылман әлемі мен АҚШ арасындағы жаңа соғысқа итермелеуі мүмкін [57].

2002 жылдың наурыз-сәуір  айларында АҚШ өзіне қолдау  білдірген 46 көпжақты декларациялар БҰҰ, НАТО, ОАГ, АНЗЮС тарапынан да болды.

АҚШ-тың орталық  басқаруындағы жауапкершілік аймағына 17 мемлекет 16500-ден астам әскери қызметкеріч жіберді. 136 мемлекеттүрлі формада әскерикөмектерін ұсынды. 142 мемд екет террористерді қолдайды деп күдіктенген ұйымдардың активтерін қолда ұстау туралы жарлықтар мен заңдар шығарды. 190 мемлекет мұндай шараны жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді. 11 қыркүйектен бастап 60-тан астам елден «Әл-Каиданың» 1000-ға жуық агенттері түтқындалды [58].

Антитерроистік  коалицияның әскери тактикасын сынап келгенде, Ағаныстандағы опперациялық жүзеге асыру барысында террористер базасына ракета бомбамен аса дәлдікпен аққылар беруге ден қойды. Бұл жерде американдықтардың негізгі тактикасын созылмалы да індеткен соғыс науқанына үрынбау болатын. Бұл ретте, барлық мақсат мейлінше мұқият ойластырылған аз мерзімді шарт қимыл опперациясына негізделген.

НАТО-ның әскери күші антитеррористтік коалицияның  жауынгерлік өзегі болды. Кезінде 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористер  шабуылы тұтастай альянсқа әскери шауыл ретінде бағаланған болатын. АҚІП басшылық еткен антитеррористік коалиция күштерінің Ауғаныстандағы әскери акциясы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімінде БҰҰ Жарғысына сай келетін шара ретінде бағаланды. Бұл құжаттың 51-бабына сәйкес, егер БҰҰ-ның мүшесіне қарулы шабуыл жасалатын болса, әрбір мемлекеттің жеке немесе ұжымдық қорғаныс жасауына құқығы бар.

2001 жылдың  қыркүйегі мен желтоқсан айы  аралығында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның антитеррор істік саясатындағы кейбір бағыттарды нақтылай түскен тағы да екі шешім қабылдады. Осыған орай 2001 жылдың 28 қыркүйегінде БҰҰ террористік актілерді жүзеге асыруға бағытталған қаржы көздеріне немесе осындай қадамдарға дем беретін кез-келген қызмет түрлеріне тосқауыл қоюға мемлекеттерді мүмкіндігінше шара қолдануға міндетті. Бұл шешімнің жүзеге асуын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бақылап отыру үшін арнайы контртеррористік комитет құрылды [59].

Ауғаныстан елінінң есірткі мен апиынды дайындайтын орталық ретінде танылғанын да ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі таңда Ауған өндірушілерінің апиын қоймаларында антитеррористік соғыстың салдарынан сатылмай қалған есірткілерінің орасан зор юры жинақталған. Мысалыға айтар болсақ, БҰҰ-ның сарапшыларының мәліметтері бойынша 2002 жылы да бұрыңғы 1999 жылдағыдай мол өнім алынып, 3,5-тен 4,6 мың тоонаға дейін апиын шикізаты жиналған. Бұл аз болғандай соңғы үш-төрт жылдың ішінде негізгі қордан сатылған апиынды есептемегеннің өзінде оң мың тоннасы халықаралық антитеррористік опперация барысында қанша іздестіргенімен, із-түзсіз табылмай кетті [60].

АҚШ-тың Иракқа соғыс ашудың бір себебі де мұнай көздерімен тікелей байланысты. Расында да энергетикалық қорының молдығынан да /ең алдымен Каспий бассейні/ Еуразиялық аймақ ірі инвестициялардың тартуда және бұл, әрине әлемдік баспасөздің назарын аударатын жағдай. Иракта тұтанған соғыс оты жаһандық дағдарыстарды шеше жөніндегі пікірді түсінікті түбірімен өзгертті. Бұл тұста коғамдық пікірді қалыптастырушы, ғаламдық саясаттың жасалуына үлес қосушы БАҚ-ның ықпалын айтпасқа болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда «Ақпарат кісінің қолында болса, әлемді сол билейді» деген түсінік бар емес пе? Біздің меңзеп отырғанымыз Еуразиялық медиа-форум жол тартқан бір жылдың көлемінде жер бетінде талай танымсыз жәйттар болғандықтан адамзатқа қиын-қатерсіз өмір сүру мүмкін болмай қалды. Ал, Ирактағы соғыс соның ішіндегі ең ірісі. Жалпы казір БАҚ тарапынан көтеріліп жатқан бейберекет деректердің бәріне сенуге болмайды. Олардың арасында небір қортық пиғылдар, құрделі жоспарлар, түрлі ағымдардың жүргені өтірік емес. Ал АҚШ өз қолында ең ірі медиа холдингтерді шоғырландырып, дүниежүзілік саяси ағымдарды өзінің калауынша бағыттауда. АҚШ-тың Ауғаныстан мен Иракқа соғыс жариялауы жайдан-жай оқиға емес. Оның амбициялық мақсаттарын бірнеше себептермен анықтауға болады. Оның басты себебі Ирактың бай табиғи корлары, ал Ауғаныстан Орталық Азиядағы саясатты жүргізуге ең тиімді орталықтарының бірі. Рас, Ирак халқы алтынға малынып отыратын жұрт болудың орнына жүтап отыруы көпшілікті таң қалдыруы мүмкін. Батыс сәуегейлері Америка жер жүзіндегі мәселені мұны С.Хусейіннің ымыраға келмейтін қатегіздігінен, айналасындағыларды бір тарының уызына сыйғызып отырған тирандығынан көреді. Пынында да осы мәселеге тамырынан толғай тартып, тереңірек үңілу қажет [61].

Ирак халқы  он жылдан астам уақыт бойы БҰҰ-ның №1441-ші резолюциясынан зардап шекті. Оны да тізеге салып қабылдатқан АҚШ [62]. Осы мерзім ішінде Ирак өз қазынасынан сыртқа сата алмай, сырттан азық-түлік, дәрі-дәрмек ала алмай әбден соры қайнады. Ал алда-жылда жаны ашып, көмек бергісі келген елдердің қимылдарын бәрін АҚШ бақылап отырды. Миллиардтаған доллар шығындап, алпауыт елдер ғарышқа бекерден-бекер үшып жатқан жоқ. Әрбір ғарыштың ұшуы сол жақтағы қауіпті елдерге қаратылған бейнекамераларды ауыстырып, оны жерге әкелеп, арнайы зертханаларда қапысыз тексеріп, егер Иракқа қай ел көмектескен болса, Америка сол бойда сол елмен соғысуға барады. Осыдан кейін қай елдің осыған дәті барады?

Мемлекеттік құрылымы мен геосаясатта маңызды орын алатын экономикалық факторға байланысты Сунь-Цзы «Егер сендемың жеңіл, мың ауыр арба, жүз мың әскер болса және егер азықты мың шақырымға апару қажет болса, онда ішкі және сыртқы шығын күніне мың алтынды құрайды. Соғыс кезінде мемлекет азықты алысқа таситындықтан кедейленеді. Азықты мемлекет қажет болғанда халық ткедейленеді. Әскерге жақын орналасқандар қымбат сатады: ал олар қымбат сатқан соң, халықтың қаржысы азаяды; қаржысы азайған міндеткерліктерді атқару қиьтн.»-деп экономикалық фактор мен басқару арасындағы байланысты, эконом ікалық қуатын арттыру үшін Сунь-Цзы, соғысты жүргізу тәртібі бойынша, ең жақсысы-жаудың мемлекетін талқандамай сақтап, қалу керектігін жазады. Осы сөздер тікелей АҚШ-қа арналып жазылған секілді.

АҚШ пен Ирак арасындағы қашықтық мыңдаған шақырымды құрайды. Осыған байланысты әскер мен қару-жарақты тасымалдау өз алдына қыруар қаржыны талап етсе, олардың күнделікті ішкі және сыртқы шығынының аз болмайтыны анық. Кейбір мәліметтерге сұйенсек АҚШ-Иарк соғысының шығыны 100 млрд. АҚШ долларынқұрайды. Сондықтан АҚШ-қа соғыс шығындарын өтеу үшін Ирактың мұнай өндіру саласындағы инфроқұрылымын сақтап қалу мен оны бақылауға алу өте маңызды. Сонымен қатар «The New York Times» газетінің тілшелері осы мәселені АҚШ-тың Иракқа қатысты соғысының басты мақсаттары мен жоспарларының маңызды құрамдасына жатқызады. Бұл жағдайдан біз жаудың мемлекетін талқандамай, сақтап қалу арқылы, оның экономикалық қуатын сақтап қалу арқылы жеңген мемлекеттің барлығын, экономикалық қуатын арттыруға болатынын байқаймыз [63].

Бұл мәселені ой елегіне өткізіп БҰҰ-ның да әбіржіген бейшара ұсқынын көріп, бүкіл ақниетті адамзат баласы жерге қарағанын атап өткен жөн. Барлығын ақша билейтін капиталистік дүниеде ештеңеге таң қалуға болмайды. Өйткені БҰҰ-ның бүкіл бюджетінің 30 пайызын АҚШ төлеп отыр. Ақыры осы абыройлы халықаралық ұйым кімге қой дерін білмей, ін ауыздағы торғайдай қыбыжықтағанын сезіну кім -кімге болса да ауыр соқты. Бір қарағанда БҰҰ АҚШ сияқты шалдауыр немересіне үнемі көмектесіп келген, барлық жылы жұмсағын соның аузына тосқан. Әбден кемеліне келіп, көбеңсіген АҚШ енді қажетің жоқ аямай бастан бір тепкен секілді. Қазіргі таңда дүниенің дауылы ауыз сарапшылары БҰҮ екіге жарылып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты құрамында Ресей, Қытай, Үндістан т.б. елдер топтасқан одақ құрылуы мүмкін екендігін мойындап отырғаны анық. Солтүстік атлант блогының өзінде де алауыздық байқалғандай [64].

«Қырғи-қабақ  соғыс» саябырсытып, жиһан халқы  бір тынышталып қалған қалған болатын. Енді Айқас даласында жалғыз жеңімпаздай жеке дара қалған АҚШ күллі адамзатқа қауіп төндіре бастады. Осы жанкешті әрі ымырасыз әрекеттердің түп тегіне тереңірек үнілген адам бұның барлығы байлық үшін екеніне байқайды. Әлемде бір жағдай Иркта атомдық бомбаның бар екеніне немесе жоқ екеніне Дж. Буштың көзі жету еді. Ал екінші бір жағдай ол Ирактағы мұнай қорын өзіне алу болды. АҚШ президенті өзінің күштілігін көрсеткісі келді.

Қазіргі әлемдік  экономикалық тәртіп бүкіл адамзат тарихында болып көрмеген тонау мен қанаудың тосын жүйесін ұсынып отыр. Халықтар күннен күнге уәделер мен мәлімдемелерге сенімсіздікпен қарауда. Халықаралық қаржы мекемелерінің беделі нөлдік деңгейін төлетіп құлдырап кетті. Бүгінгі әлемдік экономикалық жүйені заңды казию деп айтуға болады. Осы экономикалық жүйе әлемдегі түрғындардың 75% пайызының арта қалуына септігін тигізіп отыр. Дүниежүзіндегі 1,2 млрд. адам кедейліктің ең төменгі шегінде өмір сүруде [65].

Жоғарыда атап өтілген  АҚШ-тың соғыс шығынын БАҚ расстап, оның соғысқа деген жоспар шығынын 384 млрд. долларды жұмсамақ болғанында атап өткен. Бұл қыруар қаржыны АҚШ кедейленген мемлекеттерге бере ме деген сұрақ туындайды?

Соғыс барысында  Ирактың Президенті С.Хусейіннің ар намысын жібермей, өзінің елін жерін қорғап қалу үшін бар ынтасымен аянбай күресті. Ол 28 сәуір 1937жылы Тикрит аумағындағы аль-Авджа ауылында дүниеге келді. Білім алған соң Саддам Хусейін жалпыарабтық «Баас» партиясының мүшесі болды. Саяси карьерасын осы партиядан бастап, Саддам Хусейін бірнеше жылдан кейін Иранға соғыс ашады. Соғыстанжеңіліске ұшырап, ол Ирактағы жеке басқа табынушылық саясатты қатты ұстана бастайды. Саддамның бұл ұстанымы Батыс елдері мен АҚШ-тың наразылығын арттыра тұсірді.

Сондықтан АҚШ-тың Ирактағы басты мақсаттарын атап өткен  жөн:

1. Таяу Шығыстағы басты мәселеге айналған ол Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс. АҚШ басқарып отыратын дүниежүзілік қауымдастық бұл мәселеге тосқауыл қоя алмады, оны тоқтауға да тырыспады, керісінше халық арасындағы араздықты пайдаланып АҚШ-тың басты мақсаты елді ұзақтан басқарып отыру отыру және «мен шешушімін» деген ұранды жамылып, елдегі амбициялық мақсаттарын іске асырып отыр. Сондықтан бұл жерде Саддам Хусейіннің  де осы жағдайды пайдаланғанын атап өткен жөн секілді. Саддам Изарилге қарсы мұсылман елдерін қолдап, өзіне одақтас мемлекет іздестірді және сол мақсатқа қол жеткізді. Бұл мемлекеттер арасында Иракқа қолдау көрсеткендерін атап өтетін болсақ ол Сирия, Мысыр және Иордания. Сондықтан Изарильге қарсы соғыс ұстанымында болған Ирактың саясатын АҚШ-қа қарсы күшейді деп сипаттауға болады. Ал АҚШ-тың басты мақсаты Иракқа көмек көмек еткен елдерге тосқауыл қою болып табылады. Осы сәттен Таяу Шығыстағы жағдай күрт нашарлады.

Информация о работе АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі