Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 22:58, дипломная работа
иплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.
Кіріспе.......................................................................................................................2-8
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53
Қорытынды...........................................................................................................54-57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61
АҚШ-тың Израилге тәуелсіздік алу жолындағы күреске көмектеспегінін ұмытпауымыз жөн. Дегенменде соғыстан кейінгі жылдары, әсіресе Эйзенхауэр басқару жылдарында АҚШ Израилге қарулы көмек көрсету саясатын нақты ұстана бастады.
«Қырғи-қабақ» соғысы жылдарында АҚШ әр уақыт Таяу Шығыстағы КСРО әсерін әлсіретуге әлек болған-ды. Сондықтанда Эйзенхауэр үкіметінің Суэц дағдарысын араласуы да жәйдан-жәй оқиға емес еді[83].
Демократ-президенттері Джәнеон мен Кеннидидің Таяу Шығыстағы саясаты жылылау болған тәрізді. Себебі АҚШ тағы сайлауда басым көпшілікті құрастырған еврейлердің дауысы маңызды болған тәрізді. АҚШ-тағы еврейлердің басым бөлігі демократиялық бағытты ұстанған болатын және конгрестегі көпшіл шешімнің Израильге пайдасын ойластырып отыратын.
1967 жылғы алты
күндік соғыс АҚШ-Израиль
Египет президенті Насер Израилдің пайда болуын Еуропа мен АҚШ-тың агрессиялық саясаты ретінде қарастыру қажет дер білді. Алайда қараша 1967 жылы БҰҰ-ның қауіпсіздік комитеті жаңа резолюцияны қабылдады. Ол бойынша «жер бейбітшілігі үшін» деген идея көтерілген болатын. Яғни Израиль алты күндік соғыс қорытындысы бойынша жаулап алған жерлерді қайтарып береді, ал арабтар Израиль мемлекетін мойындайды. Деген ұғыммен қабылданған декларация болатын.
«Оккупацияға ұшыраған жер» тақырыбы бүгінге дейін шешілмеген мәселелер қатарына енеді. Бұл мәселені Никсоннан бастап Кенниди басқару жылдарына дейін АҚШ біркелкі шешуге тырысқан болатын. Алайда АҚШ үкіметінің бұл ұстанымды пайдалануын екі елге бейбіт өмір сайлауменен сипаттауға болмайды, себебі Израиль-Палестина қақтығыстарының аяқталуы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ұстанымдарына қайшы келеді және қару-жарақты сату рыногына айрылады. Сондықтанда күні бүгінге дейін АҚШ осы бағыттан бас тартқан жоқ.
Араб елдерімен Израиль арасындағы байланыстарының арасына жылу серпінді жаюды АҚШ президенті Картер кезеңінде ғана біркелкі шешіле бастаған-ды. Оның кезінде Кэмп-Девид келісімі жасалған еді. Ол бойынша Израиль Египетке Синай аралдарын қайтарып берді және тарихта алғаш рет Араб елі мен Израиль арасында келісім жасады. Алайда 1980 жылғы сайлау қарсаңында Израиль-АҚШ арақатынасына «көз тиген» тәрізді, картер кандидатурасына басым көпшіл еврейлер дауысын бермеді. Олар Рональд Рейган кандидатурасын қолдаған болатын[85].
Рональд Рейган басқару жылдарында Израилдің соғыс саясаты сынға ұшырады. Себебі Израилдің Иракқа деген ауа үстіндегі ядролық электростанция бомбандировкасы АҚШ үкіметінің қарсылығын тудырды. Бұл мәселе БҰҰ-ның кезектегі жиналысында қатты сынға алынған еді және АҚШ-Израиль арасындағы байланыстарға кері әсерін тигізді.
Сегіз жылдық жылдарында Р.Рейган үкіметі әрқашанда Израилді БҰҰ жиналыстарында қолдайтын. Сол жылдардағы елшілік қызметін басқарған Джин Кирк Патрик жан тәнімен Израилді БҰҰ-ның кезектегі жиналыстарында қолдайтын.
Президент-республикандық Дж.Буш пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер Израиль-Палестина ара-қатынастарын жақсарту мақсатында Картер саясатын жалғастырды және Палестинаға «оккупациялық жерлерді» қайтару саясатын бастаған болатын. Буш пен Бейкер Израиль үкіметіне КСРО-дан жер аударғандарға тұрғын үй бағдарламасында қолдау көрсететіні жөнінде мәлімдемелер жасаған. Сондықтан Буш Израилден «жерге бейбітшілк» формуланы ұстануды талап етті. Дегенменде бұл саяси ағым іс-жүзіне аспады[86].
Израиль мен Палестина арасындағы жағдайды бәсеңдету үшін Дж.Буш үкіметінің орнына келген Клинтон жалғастырды. Ол Шимон Перес үкіметін Палестина үкіметінің құрылуына шақырды. Тарихты алғаш рет бір ойлайтын-социалистер /АҚШ-та олар өздерін либералдар деп атайды/ Изариль шекарасында «Палестина автономиясын жақтаушылар» террористік ұйымның пайда болуына әсер етті.
ҚОРЫТЫНДЫ
АҚШ империализмінің өткен тарихы мен қазіргі тандағы барлық саясаты оның негізінде күш көрсету, ең алдымен әскери күш көрсету теориясы мен практикасы жатқанын дәлелдейді. Сондықтан күш көрсету, оны жинақтау, тікелей және жанамалап қолдану, қоқан-лоққы жасаумен ол күшті көрсету, әскери күшке иек арту АҚШ сыртқы саясатының шешуші және соңғы құралы болып келеді. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Вашингтонның үздіксіз ұстанып отырған бағыты осындай. Бұған барлық саясаттанушылар мен тарихшылар және соцологтар келісетініне күмән жоқ.
Американ күш көрсету саясатының «бейбіт» жақтарынан әскери-стратегиялық есептердің, мүдделері мен мақсаттардың басымдылығы көбінесе тек дағдарысты ғана емес, сонымен қатар «дағдылы» халықаралық жағдайдарда да көрінеді. Бұл әтсе де Вашингтон барлық жерде, әрқашан және барлық жағдайда өзінің әскери қуатын ашықтан-ашық іске қосады деген сөз емес. Бірақ: -Біріншіден, оның сыртқы саяси акцияларының кез-келгені дерлік дипломатиялық, экономикалық, идеялық-насихаттық және басқа да «бейбіт» құралдарының көмегімен ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар қару беру мен жанталас қаруланудан бастап, әдеттегі қарулы күштерді-флотты, авиация мен әскерді жергілікті жерде көрсетумен және американ саясатшылары мен стратегтерінің есептері бойынша, АҚШ-тың қалған дүниеге қажетті ықпал жасауын қамтамасыз ететін өздерінің жаппай стратегиялық потенциалының көкейкесімен аяқталатын белгілі бір түрде осы міндетті түрде нығайтылып отырады.
-Екіншіден,
АҚШ-тың өзінің немесе
Нақ американ әскери күшінің басымдылығына авантюристік иек артуды негізге алған дүниежүзілік көшбасшылық және үстемдік саясатты жүргізуге өзін құқылымын деп есептейді. Оны соңғы он жыл көлемінде жасаған кіріптар соғыстарынан байқауға болады. Американ империалистері, айналып келгенде тағы да ең алдымен өздерінің әскери қуатына арқа сүйенеді және халықаралық саясатта өзіне жағдай берілуіне күш салуда және өзі қалағанының бәрін, ал қалғандары АҚШ үшін қолайлы нәрсені ғана істей алатын, іс жүзінде «екі ұдайстандар», «іс -әрекет ережесін» талап етуден тайынбай отыр.
Американ қуатының теориясы мен практикасы-Вашингтонның жаһандағы көптеген доктриналары мен іс-әрекетінің, Подстам келісімдерінің ОСВ-екі шартына дейінгі және БҰҰ-ны Американ мемлекеттері ұйымына дейінгі халықаралық шарттарға, заңдар мен ұйымдарға, тіпті оның өзі қатысқандарына да менсінбей қарауының негізі көзі болып келеді.
Әскери куатқа әлдеқашаннан бері иек артудан бас тартқысы келмей, Вашингтон кару-жараққа бақылау, оларды шектеу және қысқарту туралы, ұлттык саясаттың қарулы ретінде күш қолданудан бас тарту туралы кез-келген дерлік келсімді жасасудан немесе орындаудан жалтарып отыр. Әскери күшті өзінің беделінің қүдіреттілігі мен ықпалының негізі деп санап, американ империалистері тоқтаусыз, барған сайын қымбатқа түсіп, қауіпті болып отырған, қазір кез-келген сәтте қандай бақылаудан болса да шығып кету қатері бар жанталаса қарулануды «жаппай қырып-жоятын қарудың барған сайын жаңа түрлері мен жүйелерін жасауды өрістете түсті; Ал басқа елдерге айып тағып отыр.
Ең алдымен бұрыңғы КСРО-ның қорғаныс қуаты арқылы американ күшіне қарсыласу мен қарама-қарсы тұрушылықтың өсуінің, ол күштен саяси, психологиялық және экономикалық «қайтарымының» құлдырауының бұл тарпас фактісіне кездескен АҚШ-тың билеуші топтары күшті жеделдетіп арттыру үшін ғылыми-техникалық прцесстің соңғы жетістіктерінен бастап, өзінің әр түрлі одақтастарының ең алдымен НАТО-дағы одақтастарының күштерін тауып, оған қосу іздестіріп жанталасуда. Олар сондай-ақ қазірдің өзінде жинақталған орасан зор әскери күшін пайдаланудың қандай болсада жаңа «ұтымды» неғүрлым арзан және АҚШ-тың өзі үшін қауіпті неғүрлым аз-әдістерін табуға жанталас ұмтылуда. «жарияланған соғыстар» жүргізіп, «шектеулі ядролық» және басқада соғыстар әзірлеуде.
Американ бұрыңғы басымдылығын көксеп, тарихи прогреске, адамзаттың социализммен бейбітшілкке ұмтылуына көнгісі келмей, күшейген «күш құрып жанталасып» болды. Ендігі сәт өзі ойластырып тапқан терроризм ағымымен күресуде. Сол бағытты ұстана отырып Америка әр аймақта өз әскери базаларын құрып қоқан-лоққысын көрсетуде. Ал американ империалистері болса күш көрсету саясатының догмаларына жармасып айрылмай отыр, қазіргі халықаралық қатын істарды «күшею жолындағы және ең куаттының ітір қалу жолындағы» күреске айналдырғысы келеді. Бір жағынан ел тағдырын шешіп беретін төреші рөлін ойнаса, екінші жағынан дамыған және дамушы елдер арасындағы саяси және экономикалық өзара катынастарды бейбіт қатар өмір сүру, тең құқықты, өзара тиімділік және кауіпсіздік принциптерінде қайта құруға да қарсы шығады.
Қазіргі таңда АҚШ үкіметінің басты мақсаты жаһандағы көшбасшылык жағдайын ұстап қалудың жолдарын іздестіріп, «үшінші дәрежелі» елдерге жаңа отаршылдық позициялары мен американ монополияларының мүдделері құтқарудың мәселелерін қарастыруда. АҚШ-тың үстемдік етуші топтары шектеус із жанталаса қарулануды монополиялардың үстеме пайдасының көзі және қалған мемлекеттерге ықпал етудің «көзір картасы» деп санайды. Олар жанталаса қарулануға, бір жағынан, американ экономикасының, ғылыми мен техникасының " дем берушісі", екінші жағынан, өз қарсыластарын «қалжыратудың» құралы ретінде үміт артады.
АҚШ империализмінің саяси, экономикалық және идеологиялық кысымына қарсы қимылдай отырып, әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемлекеттердің арасындағы қатынастардың бейбіт қатар өмір сүру шеңберінен шығып кетпеуіне ұмтылып, ұлт-азаттығы, бейбітшілік пен прогрессс күштері оның тарапынан туып отырған соғыс қатерін бір сәтке де естен шығармайды.
Мынаны ескеру қажет: АҚШ-тың ең либерал реализмге бейім немесе амалсыздан бейім болған, күштің «бейбіт» элементтерін кеңінен қолданған, оны шектеу және т.б. туралы әр түрлі келісімдерге келген президенттері мен үкіметтерінің өзі де сонымен қатар АҚШ-тың әскери потенциалын арттыруға, өздерінің қарсыластарынан әскери басымдыққа жетуге, ол басымдықты «ұтымды» пайдаланудың белгілі бір әдістерін табуға және т.б. ұмтылуын үнемі жалғастыра берген болатын.
Вашингтон орталық барлау басқармасының жартылай әскери опперацияларынан бастап, Пентагонның «жергілікті» соғыстарымен аяқталатын кезекті әскери күш қолдануының әрқайсысы басқа мемлекеттер мен халықтардың көпшілігі тарапынан аса қуатты қарсылық, ал кейде АҚШ-тың өзінде елеулі ішкі оппозиция туғызып отырды. Басым көпшілік жағдайдарда АҚШ әскери дуатының "түғырыққа тірелген жағдайға" тап болуы көлемді немесе ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге толық немесе едәуір дәрежеде дәрменсіз болып шығып отырғаны кезейсоқ емес.
Вашингтон халықаралық позиялары мен экономикасының шынайы ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақтылығының едәуір нұқсан шегуі американ империализмінің ішкі және сыртқы қайшылықтарының тереңдей түсуі, соңғы жылдары ол душар болған көптеген дағдарыстардың шиеленісуі, дүниежүізілік капиталистік өндірісте АҚШ үлесінің құлдырауы жәнеғ керісінше, оның мемлекеттік борышының, жұмыссыздықтың, ақшаның құнсыздануының және т.б. жәйттарының Вашингтонның өзінің ғаламдық терроризмге қарсы саясатының басты және шешуші құралы ретінде көбінесе әскери күшке жүгінуінің әбден айқын салдары болды.
Солай бола тұрса да Вашингтонның бірде-бір әкішілігі күш көрсету, әсіресе әскери-күш көрсету саясатының барған сайын пәрменділігі азайып, АҚШ-тың өзі үшін қауіпті болып тұрғаны мойындамаған емес және мойындауға американ имериализмі мәнінің өзі, әскери-өнеркәсіптік комплекстің ұлттық шеңберден тыс корпарациялардың билеп-төстеушілері, сондай-ақ басқада мейлінше агрессиялық және реакциялық топтардың кедергі жасауда.
Американ қоғамы мен саясатында агрессиялық-реакциялық сипат теңденция қаншалықты күшті болса да, елге қандай соғыс құмар авантиюристік топтар басшылық етіп отырса да олар қандай әскери күшті құрып, пайлануға тырысса да, олардың қоғам дамуының объективті заңдылықтарына кедергі жасай алмағанын және жасай алмайтыйын, адамзаттың баянды бейбітшілікке, прогресс пен әлеуметтік әділдік шыңдарына ұмтылған қозғалысын тоқтата алмайтынын тарихи тәжірибе мен қазіргі заман дәлелдеп отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.